Об утверждении Региональной программы по борьбе с коррупцией в Акмолинской области на 2003-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағына, облыс әкімдігінің 2003 жылғы 9 тамыздағы № а-9/241 қаулысына сәйкес және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1-03-13/1350 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарлама бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. МАЗМҰНЫ
Облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 22.10
№ 3С-1-11 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА
МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Аймақтық бағдарламаның төлқұжаты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасының қазіргі жағдайын талдау
Тармақ 4
4. Аймақтық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Аймақтық бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Тармақша 2
2) Сыбайлас жемқорлықтың қайнар көзі «жасырын экономикаға» қарсы тұру
Тармақша 3
3) Мемлекеттік экономикалық саясаттың ашық жүргізілу тетіктерін қамтамасыз ету
Тармақша 4
4) Құқық қорғау органдары мен сот жүйесін нығайту
Тармақша 5
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау
Тармақша 6
6) Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері
Тармақ 6
6. Аймақтық бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақша 1
1) Саяси нәтижелер
Тармақша 2
2) Экономикалық нәтижелер
Тармақша 3
3) Әлеуметтік нәтижелер
Тармақ 7
7. Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарламаның төлқұжаты
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығымен бекітілген 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнідегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 Қаулысымен бекітілген «2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары».
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жүмыстар бөлімі, облыс әкімінің жанындағы Тәртіптік кеңес.
2003-2005 жылдар
Бағдарлама қаржыландыруды қажет етпейді.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын Қазақстан Республикасы Президентінің «2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнідегі мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнідегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қаулысын жүзеге асыруға бағытталған.
Тарау 3. 3. Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасының қазіргі жағдайын талдау
3. Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасының қазіргі жағдайын талдау
Ақмола облысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзу жағдайы төмендегідей, 2003 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары жасаған 53 сыбайлас жемқорлық қылмыс және 57 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық тіркелді. 2002 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыс 50 жағдайға кеміді немесе 48,5%, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық 7 жағдайға немесе 10,9 % азайды.
Тіркелген 53 қылмыстың 10-ы Ерейментау ауданында, Көкшетау қаласында - 6, Бұланды ауданында - 6, Сандықтау ауданында - 4, Степногорск қаласында, Ақкөл, Жарқайың, Қорғалжын, Зеренді аудандарында - үш-үштен, Аршалы, Есіл, Ерейментау аудандарында екі-екіден, Атбасар, Астрахан, Еңбекшілдер, Шортанды, Щучье және Целиноград аудандарында бір-бірден, облыстық құрылымдарда төртеуі орын алды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс қүрамының көпшілігін алдап-арбау құрайды, 16 жағдай немесе 30,1%, лауазымдық құзыретін асыра пайдалану - 10 (20,7 %), парақорлық - 9 (16,9%), қызмет бабын өз пайдасы үшін қолдану және сеніп тапсырылған біреудің мүліктерін иелену - 8 (15%), заңсыз кәсіпкерлік жұмыспен айналысу - 1 (1,8%).
2003 жылдың өткен кезеңінде 57 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, соның ішінде Есіл ауданында - 9, Көкшетау қаласында - 7, Еңбекшілдер ауданында - 6, Сандықтау ауданында - 6, Степногорск қаласында - 5, Астрахан ауданында - 5, Ақкөл, Щучье аудандарында - 4, Егіндікөл, Ерейментау аудандарында - 3, Зеренді, Жарқайың аудандарында - 2, Жақсы ауданында - 1.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақша 1
1) Аймақтық бағдарламаның басты мақсаттары:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірыңғай тиімді мемлекеттік саясат жүргізу;
сыбайлас жемқорлықтың, оның мемлекет пен жеке адам өмір сүру салаларындағы көрініс табу деңгейін төмендету;
қоғамның мемлекет пен оның институттарына сенімін нығайту;
Тармақша 2
2) Мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі басты міндеттерді шешу қажет:
мемлекеттік органдардың экономикаға тура араласуын қысқарту, әсіресе оның рұқсат беру функцияларына байланысты;
сыбайлас жемқорлықтың қайнар көзі - «жасырын экономикаға» қарсы тұру жөніндегі іс-шаралардың пәрменді жүргізілуін қамтамасыз ету;
бұқаралық акпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау мен жүзеге асырудағы рөлін арттыру;
мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына бұқара халықтың өкілдерін кеңінен қатыстырып отыруды қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. Аймақтық бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
5. Аймақтық бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған ұйымдастыру және практикалық шаралары мен ішкі ведомстволық жоспарларын дайындау.
Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру.
Мемлекеттік қызметкерлер тәртібінің этикалық нормаларын қалыптастыру, тапсырылған жұмыс учаскесі үшін жеке жауапкершілігін нығайту саясатын жалғастыру.
Мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесінде кадрлар резервімен кадрлар ротациясын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Құқық қорғау органдарын кадрлармен қамтамасыз ету процедурлараның жариялылығын қамтамасыз ету.
Мемлекет қызметкерлерінің кірісі туралы деклорацияларының дұрыстығын тексеру тетіктерін жетілдіру.
Мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттарды орындауға қатысу мүмкіндіктерін бермеу мақсаттарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты кәсіпкерлік субъектілер туралы көрсеткіштер базасын құру.
Тармақша 2
2) Сыбайлас жемқорлықтың қайнар көзі - «жасырын экономикаға» қарсы тұру
Отандық тауарлардың ішкі нарықтағы бәсекелестік мүмкіндіктерін нығайту.
Ел экономикасының өндірістік салаларына инвестицияларды ынталандыру, отандық капиталды бірінші кезекте.
Бюджеттік саланы нығайту. Тапшылығын кысқарту, бюджеттік тәртіпті нығайту және бюджеттің жариялылығын қамтамасыз ету. Барлық деңгейлерде нақты және жүзеге асырылатын бюджеттерге көшуді қамтамасыз ету.
Қолма-қол ақша айналысын қысқарту үшін жағдайлар жасау, соның ішінде тауар, ақша қатынастарында есеп айырысудың электрондық технологияларын кеңінен қолдануды ынталандыру жолымен.
Заңсыз жиналған капиталды «жууға» мүмкіндік беретін тетіктер мен жағдайларды жою.
Қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырудың заңсыз тетіктерін анықтау және заңды түрде шектеу.
Концессиялық келісімдерді, мемлекеттік меншік нысандарын басқаруға тапсыру туралы келісімдерді, мемлекеттік қаржыны пайдалану туралы келісімдерді дайындау мен пайдалануға тексеріс және бақылау жүргізу. Мемлекеттік қаржы мен мүліктердің ескерілуі мен тізімнен шығарылуына бақылауды қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Мемлекеттік экономикалық саясат тетіктерінің жариялылығын қамтамасыз ету
Мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процедураларын дұрыс құқықтық регламентациялау және оларды қоғамға кеңінен жариялау. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары осы процедуралардың орындалуына жеке жауап беріп отыруын белгілеу.
Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу жүйесін жетілдіру.
Мемлекеттік қаржыларды қодану, сонымен қатар мемлекеттік кепілдік пен несие алу механизмдердің жариялылығын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында монополияны азайту және бәсекелестік жағдай жасау.
Табиғи монополия субъектілерінің қаржылық жұмыс нәтижелері туралы жылдық есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыруды әдетке айналдыру.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келмейтін келісімдерді жариялы түрде бұзуды, рұқсаттарды қайтарып алуды және актілер тіркеуден бас тартуды жұмыс тәжірибесіне енгізу.
Облыстың кредиттік мүмкіндігі жоқ және қаржылай дәрменсіз кәсіпорындарының кадастрын құру.
Мемлекеттік органдардың нормативтік-құкықтық және әкімшілік ақпараттарына қалың жұртшылықтың қол жеткізіуін қамтамасыз ету, соның ішінде информациялық технологиялар мүмкіндігін қолдану арқылы.
Тармақша 4
4) Құқық қорғау органдарын нығайту
Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін нығайту, заман талабына сай ақпараттық технологиялар енгізу.
Кадрларды таңдау, дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқық бұзушылықты ашу, тергеу және алдын алу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар дайындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көкейтесті проблемаларына ғылыми- практикалық зерттеу жүргізу.
Тармақша 5
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік күрес саясатын насихаттау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру барысын қоғамға әрдайым жариялап отыру.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс көріністеріне қоғамның наразылық қатынасын қалыптастыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қолданылып жүрген заңнаманың ережелерін түсіндіру.
Аудандар мен қалаларды, басқармалар мен ведомстволарды өзара салыстырып отыруға мүмкіндік беретін сыбайластық деңгейі индекстерін әзірлеу, әрдайым қолдану және бұқаралық ақпарат кұралдарында пайдаланып отыру.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста болуы.
Бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы құқық қорғау органдарының беделі мен маңызын арттыру, кеңінен насихаттау арқылы халықтың заңды сыйлауын, заң бұзушыларға, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаушыларға немқұрайлы қарамауын тәрбиелеу.
Тармақша 6
6) Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері
Бағдарламаны жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспардың нақты тармақтарын жүзеге асыру кезінде үйлестіру және бірлесіп қимылдау үшін негізгі орындаушылар мен тең орындаушылар белгіленген мемлекеттік органдардың өкілдерінен жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
Іс-шаралардың дер кезінде және сапалы орындалуына кедергі болатын себептер туындаған жағдайда орындаушы облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің келісімі бойынша, облыс әкімдігіне оларды жүзеге асыру мерзімін өзгерту немесе орындамау туралы ұсыныстар енгізеді.
Бағдарламаның орындалуына бақылауды облыс әкімінің жанындағы Тәртіптік кеңес пен облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақша 1
1) Саяси нәтижелер:
үкіметке сенімді нығайту;
мемлекеттік саясатқа, басқару шешімдерін қабылдауға оң әсер етпейтін жекелеген корпоративтік мүдделердің әсерін төмендету;
нақты саяси бәсекелестікті күшейту, демократиялық институттардың нашарлауын төмендету.
Тармақша 2
2) Экономикалық нәтижелер:
«жасырын экономиканың» қызмет ету салаларын тарылту, салық түсімдерін көбейту, бюджеттік саланы нығайту;
нақты бәсекелестік механизмдерін іске қосу, қоғамда нарық идеясын нығайту;
жеке меншік иелерінің санын өсіру, әсіресе шағын және орта бизнесте;
кәсіпкерлер ортасында атқару үкіметінің «адал ойын ережелерін» белгілей және ұстана алатындығына сенімдерін нығайту.
Тармақша 3
3) Әлеуметтік нәтижелер:
Құқықты мемлекет пен қоғам өмірін реттейтін негізгі құрал ретінде қалпына келтіру, азаматтардың қылмыстан қорғалу сезімін нығайту;
Мүліктік теңсіздіктің өсу қарқынын кедейліктің өсу, халықтың люмпендік жағдайға түсуі қарқынын, әлеуметтік кақтығыстардың орын алуы мүмкіндіктерін азайту;
құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың сыбайластығын, ұйымдасқан қылмысты азайту;
әлеуметтік жағдайды жеңілдету, облыста әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайту.
Тарау 7. 7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Р/с
Іс-шаралар
Аяқтау
формасы
Орындалуына
жауаптылар
Орындалу мерзімі
1.
Мемлекеттік кепілдік бойынша қарыздар мен кредиттердің заңды түрде берілуіне тексерістер жүргізу
Ақпарат
Облыстық
прокуратура,
ҰҚКД, ҚПД
(келісімдері
бойынша)
Тоқсан
сайын
2.
Мемлекеттік органдарда сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайын тексеруді жүзеге асыру
Тексеру
актілері
Облыстық
прокуратура,
МҚІАБ
(келісімдері
бойьшша)
Тоқсан
сайын
3.
Тауарларды, бюджеттік ұйымдар мен мекемелерге қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алулар туралы келісімдер жасау кезінде заңның сақталуына тексерістер жүргізуді ұсыну
Ақпарат
Облыстық
прокуратура,
ҰҚКД, ҚПД
(келісімдері
бойынша),
қаржы
басқармасы
Тоқсан
сайын
4.
Құқық қорғау органдары Тәртіптік кеңес пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқармасына сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол бергендерге және қылмыстық істер тоқтатылғандарға қатысты тәртіптік шара қолдану мәселелерін шешу туралы ұсыныстар жасау
Ақпарат
Облыстық
прокуратура,
ҰҚКД, ҚПД,
МҚІАБ
(келісімдері
бойынша),
Тәртіптік кеңес
Әрқашан
5.
Үкімет құрылымының қызметі, бюджеттің орындалуы, құқық қорғау органдарының жұмыстары туралы қоғамның ақпарат алып отыруын қамтамасыз ету бойынша заңға сәйкес шаралар әзірлеу
Басқармалар
мен
ведомстволардың
бұйрықтары
Мемлекеттік
органдар
2004 жылдың қаңтары на дейін
6.
Теледидар арқылы тұрақты жұмыс істейтін хабар ұйымдастыру, оған әңгімелесу үшін маңызды қылмыстық істерді тексеруге, олардың соттарда қаралуына, нақты мәселелерді талқылауға халықтың бақылауын қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейдегі шенеуніктерді шақырып отыру
Ақпарат
Ақпарат және
қоғамдық
келісім
басқармасы
(келісімі
бойынша), ОТРК
2003
жылдың
IV
тоқсаны
7.
Кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуға қарсы тиімді күрес жүргізу үшін барлық құқық қорғау органдары мен Үкімет органдарының, жеке және ішкі қауіпсіздік қызметі өкілдерінен құрылған үйлестіру органын құру
Бірлескен
бұйрық
Мемлекеттік
органдар
2003
жылдың
желтоқса
нына
дейін
8.
Құқық қорғау органдарының есепке алу, тіркеу тәртібі бойынша тексеру жүргізу
Ақпарат
Мемлекеттік
органдар
Әрдайым
9.
Дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мәліметтер мен материалдар алмасып отыру
Ақпараттар
Мемлекеттік органдар
Әрдайым
10.
Сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес заңнамасына қайшы келетін мемлекеттік тіркеуден өткізілмей қайтарьшған нормативтік-құқық- тық актілер бойынша сараптама жасау
Сараптамалық анықтама
Әділет
басқармасы
(келісімі
бойынша)
Анықталуына қарай
11.
Үйлестіру-әдістемелік кеңестерінің, аудандық үйлестіру-әдістемелік кеңестерінің жоспарларына, сонымен қатар құқықтық білім беру мектептерін оқу тақырыптық жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын оқытуды енгізу
Жоспарлар,
ақпараттар
Әділет
басқармасы
(келісімі
бойынша)
2003 жыл IV
тоқсаны
12.
Салық органдарындағы лауазымды қызметкерлердің құқық бұзуының алдын алу мәселелері бойынша салық төлеушілерді, құқық қорғау органдарын қатыстыра отырып «дөңгелек столдар» өткізу
Ақпараттар
Салық комитеті
(келісімі бойынша)
Тоқсан
сайын
13.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның бұзылуына жол бермеу мақсаттарында қызметкерлердің жеке істерін түгендеп отыру (акциялар немесе үлестері болса оларды сенімді басқаруға тапсырғандары туралы сенім хаттары, декларациялары және т.б. болуы)
Тексеріс
актілері
МҚІАБ
(келісімі
бойынша)
Тексеру жоспарына сәйкес
14.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға мүмкіндік беретін себептер мен шарттарды жою жөніндегі құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың ұсыныстарын дер кезінде қарау
Ақпараттар
Мемлекеттік
органдар
Әрдайым
15.
Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты айдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сипатындағы материалдарды жариялауды жалғастыру
Ақпараттар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісімі бойынша)
Әрдайым
16.
«Оқжетпес», «Апта - Неделя» ақпараттық сараптамалық бағдарламаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысын кеңінен жариялап отыру
Ақпараттар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісімі бойынша), ОТРК
Әрдайым
17.
Облыстық Тәртіптік кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып отыруын қамтамасыз ету
Ақпараттар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісімі бойынша), Тәртіптік кеңес
Ай сайын
18.
Бұқаралық ақпарат құралдарында құқық қорғау органдарының «сенім телефондарын» жэне олардың жұмысының нэтижелерін насихаттауды белсенділендіру
Ақпараттар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісімі бойынша)
Әрдайым
19.
Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына пікірталас ойындарын өткізу
Ақпараттар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісімі бойынша)
2004-2005
жылдары
сәуір
20.
БАҚ пен ОТРК ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалуы мен жүзеге асыру бойынша жұмыстарына мониторинг жүргізу
Ақпараттар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісімі бойынша)
2004
жылдың
тамызы
21.
«Бұқаралық ақпарат құралдарымен тәуелсіз ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі» тақырыбына «дөңгелек стол» өткізу
Ақпараттар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісімі бойынша)
2005 жыл ақпан
22.
Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының отырыстарында мемлекеттік қызметкерлердің ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын және мемлекет қызметкерлерінің қызметтік этикасы ережесін бұзу фактілерін қарастыру мәселелерінде рөлін арттыруды қамтамасыз ету
Ақпараттар
Мемлекеттік
органдардың
басшылары,
тәртіптік
комиссиялардың
төрағалары
Әрдайым
23.
Барлық мемлекеттік органдарда тұрақты жұмыс істейтін құқықтық білім беру мектептерін ұйымдастыру
Басқармалар мен ведомство
лардың бұйрықтары
Мемлекеттік
органдардың
басшылары
2003
жылдың
IV
тоқсаны
24.
ҰҚКД облыстық ҚСАО жіберген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бұзылуы фактілері жөніндегі ақпараттар бойынша жедел шаралар жүргізуді қамтамасыз ету
Ақпараттар
МҚІАБ (келісімі бойынша), Тәртіптік кеңес
Әрдайым
25.
Белгілі тауар нарқында басымдылық жағдайдағы нарық субъектілері мемлекеттік реестірінің жергілікті бөлімін қалыптастыру үшін тауар нарқына сараптама жүргізу
Нарық субъектілерінің жергілікті
реестрі
ҚР ТМРБҚЦ
(келісімі
бойынша)
Әрдайым
26.
Табиғи монополия субъектілерінің бұқаралық ақпарат құралдарында аудиторлық тексеріс нәтижелері туралы жылдық есептерін жариялап отыруына бақылауды қамтамасыз ету
Ақпараттар
Әрдайым
27.
Табиғи монополия субъектілерінің тендерлік негіздегі бағаларды қалыптастыру кезінде есепке алынатын материалдық-қаржылық ресурстарды және қызмет түрлерін сатып алуы кезінде монополияға қарсы заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі тарауы сақталуына бақылауды жүзеге асыру
Тексерістер
ҚР ТМРБҚД
(келісімі
бойынша)
Тоқсан
сайын
28.
Нарық субъектілерінің жарғылық қорындағы акцияларды (үлестер, пайлар) сатып алуы кезінде және басқа жағдайларда монополияға қарсы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру
Ақпараттар
ҚР ТМРБҚЦ
(келісімі
бойынша)
Әрдайым
29.
Кейбір лицензиялау, рұқсат беру жэне тіркеу процедураларын жеңілдету бойынша ұсыныстар енгізу
Облыс әкімі аппаратына ұсыныс
Мемлекеттік органдар
2003 жылғы 20 желтоқсанға дейін
30.
РМК филиалдарының жарғы- ларында мемлекеттік бақылау жэне қадағалау функциялары болуына құқықтық сараптама жүргізу
Акпараттар
ҚР ТМРБҚД
(келісімі
бойынша)
2004
жылғы
ақпанга
дейін
31.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу кезінде зақды жэне жеке түлгалардың мүддесін жақтаушы лауазымды тұлғаларды анықтау мен жолына тосқауыл қоюға бағытталған кешенді жедел- іздестіру шараларын жүзеге асыру
Тиісті іс-шаралар
ІІББ, ҚПД
(келісімдері
бойынша)
2003-2005
жылдар
маусым,
желтоқ
сан
32.
Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылау органдары тарапьшан заңсыз араласудан қорғауға бағытталған жедел- іздестіру жэне профилактикалық іс-шаралар жүргізу
Тиісті іс-шаралар
ІІББ, ҚПД
(келісімдері
бойьшша)
Тоқсан
сайын
ЕСКЕРТУ:
Қысқартылған атаулар:
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
ҰҚКД - Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департаменті
ҚПД - қаржы полициясының департаменті
МҚІАБ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқармасы
ОТРК - облыстық телерадио компаниясы
ҚР ТМРБҚД - ҚР Табиғи монополияны реттеу жэне бәсекелестікті қоргау жөніндегі агенттігінің департаменті
ІІББ - Ішкі Істер Бас Басқармасы