Қолданыстағы ред. 15.03.2002 (Редакция 12110_295541.kaz)

Қызылорда облысында 2003-2007 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама тұжырымдамасы туралы от 15.03.2002 г. № 183 (Қызылорда облысында 2003-2007 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама тұжырымдамасы туралы)

0

Қызылорда облысында 2003-2007 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарын iске асыру, халықтың тұрмыс деңгейiн, жұмыспен қамтылуын жақсарту және кедейшiлiктi төмендету мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қызылорда облысында 2003-2007 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама тұжырымдамасы мақұлдансын және облыстық мәслихат сессиясына бекiтуге ұсынылсын (қоса берiлдi).

2

2. Облыстық экономика басқармасы 2002 жылдың екiншi тоқсанында БҰҰ Даму Бағдарламасымен және басқа мүдделi облыстық ұйымдармен бiрлесiп Қызылорда облысында 2003-2007 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарламаны әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтуге енгiзсiн.

3. БҰҰ Даму бағдарламасы

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсiн.
Қызылорда облысының әкiмi
БҰҰ Даму бағдарламасы
Қызылорда облысында 2003-2007 жылдарға арналған кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама Тұжырымдамасы
Қызылорда қаласы, 2002 ж.
Қызылорда облысында 2003-2007 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама Тұжырымдамасының ҚҰРЫЛЫМЫ
Кiрiспе. Кедейшiлiкпен күрестiң тұжырымдамалық негiздерi

1

1. Қызылорда облысындағы кедейшiлiктiң қазiргi деңгейiне талдау.

1.1

1.1. қолданылып жүрген бағдарламаларға талдау.

1.2

1.2. Кедейшiлiк деңгейiн айқындау және өлшеу.

1.2.1

1.2.1. Кедейшiлiк факторлары.

1.2.2

1.2.2. Кедейшiлiк деңгейiн өлшеу және кедейшiлiк бейiнi.

1.3

1.3. Экономика дамуының деңгейi және жұмыспен қамту.

1.3.1

1.3.1. Экономика дамуының деңгейi.

1.3.2

1.3.2. Еңбек ақы.

1.3.3

1.3.3. Халықты жұмыспен қамту және жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясаты.

1.3.4

1.3.4. Жұмыспен қамту проблемасын шешудегi шағын бизнес ролi.

1.4

1.4. Халықтың осал тобын әлеуметтiк қорғау жүйесi.

1.5

1.5. Халықтың денсаулығы.

1.6

1.6. Халықтың бiлiмi.

1.7

1.7. Кедейшiлiктiң демографиялық және күшi-қон аспектi.

1.7.1

1.7.1. Кедейшiлiктiң тендерлiк аспектi.

1.7.2

1.7.2. Кедейшiлiктiң жас аспектi.

1.7.3

1.7.3. Кедейшiлiктiң күшi-қон аспектi.

1.7.4

1.7.4. Қоғамның маргиналдi тобы және кедейшiлiк.

1.8

1.8. Кедейшiлiктiң экологиялық аспектi. Кедейшiлiктiң инфрақұрылымдық
аспектi.

1.9

1.9. Кедейшiлiктiң инфрақұрылымдық аспектi.

1.10

1.10. Кедейшiлiктiң инфрақұрылымдық аспектi.

1.10.1

1.10.1. Халықты тұрғын үймен және коммуналдық қызметпен қамтамасыз
ету.

1.10.2

1.10.2. Халықты сумен қамтамасыз ету.

1.10.3

1.10.3. Халықты жолмен, көлiкпен, байланыс қызметiмен қамтамасыз ету.

1.11

1.11. Облыс халқының кедейшiлiк деңгейiн төмендетуде қоғамдық
институттардың ролi.

1.11.1

1.11.1. Мемлекеттiк органдар ролi.

1.11.2

1.11.2. Мемлекеттiк емес ұйымдар мен жеке сектор ролi.

2

2. Кедейшiлiкпен күрес бағдарламасының мақсаты мiндеттерi және
басымдықтары.

2.1

2.1. Мақсаты және мiндеттерi.

2.2

2.2. Басымдықтары.

3

3. Кедейшiлiкпен күрес бағдарламасын iске асырудың негiзгi бағыттары
мен тетiктерi (механизмдерi).

3.1

3.1. Кедейшiлiк деңгейiн бағамдау тетiктерiн жетiлдiру.

3.1.1

3.1.1. Экономикалық өсу және кедейшiлiктi төмендету.

3.1.2

3.1.2. Шағын бизнестi дамыту.

3.1.3

3.1.3. Жұмыспен қамтудың өсуi.

3.2

3.2. Әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру.

3.3

3.3. Әлеуметтiк- демографиялық шаралар.

3.3.1

3.3.1. Халықтың денсаулығы.

3.3.2

3.3.2. Халықтың бiлiмi.

3.3.3

3.3.3. Демографиялық және көшi-қон аспектi.

3.4

3.4. Экологиялық факторлар әсерiн төмендету.

3.5

3.5. Сумен қамтамасыз ету және инфрақұрылым дамуы.

3.6

3.6. Аймақтық саясат.

3.7. 2003-2007 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама

3.7. Қоғамдық институттар қызметiн жақсарту.
2003-2007 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi аймақтық
бағдарлама
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
КIРIСПЕ
Кедейшiлiкпен күрестiң тұжырымдамалық негiздерi.
Осы Тұжырымдама "Кедейшiлiк деңгейiн тиiмдi төмендету үшiн ұлттық әлеуметтi арттыру" жобасы бойынша БҰҰ Даму Бағдарламасы ұсынған техникалық көмек шеңберiнде әзiрлендi.
Кедейшiлiк барлық елдерде бар табыс теңсiздiгi салдары болып табылады.
Дамыған елдер үшiн бұл тұтыну стандарты басым болатын қоғамда халықтың төмен табысты тобы тұтынуының сәйкессiздiгiмен айқындалатын көбiнесе салыстырмалы кедейшiлiк. өтпелi экономикадағы елдер үшiн халықтың табысы ең төменгi өмiр сүру деңгейiнен аз болатын абсолюттi кедейшiлiк негiзгi проблема болып табылады.
Кедейшiлiктiң екi маңызды факторлары белгiленедi:
- әлеуметтiк- демографиялық (отбасында кереңаулық үлес деңгейi, қартайғандар мен мүгедектер үлесi);
- экономикалық ( жұмыспен қамту деңгейi және еңбек ақы мөлшерi).
90-шы жылдардан бастап бұл факторлар өзгердi. Жоспарлы экономика кезеңiнде үй шаруашылықтарының жан басына шаққандағы төменгi табысы негiзiнен әлеуметтiк-демографиялық фактормен ("дәстүрлi кедейшiлiк") айқындалды, өйткенi төменгi еңбек ақы өмiр сүру минимумынан 1,5 есе артық болатын. өтпелi кезеңде экономикалық фактор маңыздырақ болды, жұмыссыздар мен жұмыс iстейтiн отбасы мүшелерiнiң еңбек ақысы төмен отбастарынан құралған "Жаңа кедейлер" үлесi күрт өстi.
Осындай базалық факторлармен қатар кедейшiлiк бiлiм беру және денсаулық сақтау сияқты маңызды әлеуметтiк игiлiкке қол жеткiзуге теңдiк болмауы арқылы, негiзгi өмiрлiк игiлiктердi- ауыз суды, тұрғын үйдi- тұтынуды шектеу арқылы, экологиялық қолайсыз табиғи ортада өмiр сүру арқылы пайда болады. Кедейшiлiктi айқындаудың барынша кеңiрек тәсiлi оны қысқартуға бағытталған өзара байланысты және сондықтанда барынша тиiмдi шаралар кешенiн әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстанның барлық облыстары үшiн өткен онжылдық кедейшiлiк масштабын кеңейтуге жағдай жасайтын жалпы әлеуметтiк-экономикалық процестермен сипатталады:
- еңбекке қабiлеттi жастағы жұмыспен қамтылмаған халық санының өсуi;
- қалыптасқан еңбек ақы төлеу жүйесiнен өмiр сүру минимумынан төмен жалақы алатын қызметкерлер санының күрт көбеюi;
- кедейлердiң тегiн қызмет көрсетулерге қол жеткiзуiне шектеу:
- әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң кедейлердiң әлеуметтiк трансферттерге қол жеткiзуiн шектейтiн нарықтық қатынастарды қалыптастыруда пайда болған проблемаларға барабар еместiгi;
- аса кедейшiлiк ошақтарын қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн аймақаралық және аймақiшiлiк әлеуметтiк-экономикалық теңсiздiктiң жоғары деңгейi.
Бұл процестерге қарсы iс-әрекет үшiн кедейшiлiкпен күрестiң мемлекеттiк стратегиясы барлық деңгейдегi билiктiң iс-қимылын үйлестiрудi қарастыруы керек. Кедейшiлiкпен күрестiң аймақтық тұжырымдамалары мен бағдарламаларының орнын кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi жалпы стратегияның үш басымдық бағыттарынан шығарып айқындау қажет:
* Заңнамалық базаны реформалау, экономикалық саясатты, оның iшiнде аймақтық саясатты әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кедейшiлiк масштабының одан әрi кеңеюiн тоқтату және алдын алу. Бұл Үкiметтiң республикалық мемлекеттiк органдарының құзыры, бiрақ қабылданған шешiмдердiң әсерi аймақтық және жергiлiктi деңгейде барынша айқын болады.
* Халықтың экономикалық белсендi бөлiгi өзiн және өз отбасын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi табыс табуға мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасау. Бұл бағытты iске асыру Үкiметтiң орталық (еңбекақы төлеудiң заңнамалық нормаларын реттеу, бюджеттiк салада жалақы төлеудi көтеру жөнiндегi шаралар), аймақтық және жергiлiктi органдарының (еңбек шарттарын орындауға бақылау жасау, жұмыспен қамтудың өсуiне көмектесу және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру) бiрлесiп күш салуын қажет етедi.
* Халықтың әлеуметтiк осал тобын қолдаудың (қартайған, мүгедектер, жоғары кереңаулық үлесi бар отбастары, қоныс аударушылар отбастары және т.б.) және олардың тегiн немесе демеуқаржылық әлеуметтiк қызметтерге тең құқылықты қол жеткiзуiне кепiлдiктiң тиiмдi жүйесiн құру. Бұл бағытта институционалдық шеңберлер (заңнамалық, нормативтiк) құру және қаржы ресурстарын қайта бөлу мемлекеттiк органдар құзыры болып табылады, бiрақ iске асырудың негiзгi ауыртпалығы Үкiметтiң аймақтық және жергiлiктi органдарына түседi.
Үкiмет деңгейлерi бойынша құзырдың осындай бөлiнуi кедейшiлiкпен күрестiң аймақтық тұжырымдамалары мен бағдарламаларының төмендегi бағыттарға бейiмделуiн қажет етедi:
* Басымдық бағыттарды айқындау-аймақта кедейшiлiк өсуiне жағдай жасайтын маңызды проблемалар мен факторларды табу және өз ресурстарын осы бағыттарда шоғырландыру, аудандар мен қоныстар деңгейiнде басымдықтарды бөлу;
* "Жаңа кедейшiлiкпен" күрес - жұмыс орындарын құруға және аймақта инвестициялық климатты жақсартуға жәрдемдесу;
* "Дәстүрлi кедейшiлiкпен" күрес - қолда бар қаржы ресурстары базасында халықтың аз қамтылған бөлiгiне атаулы әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң тиiмдi жұмысын ұйымдастыру;
* Проблемаларды (ең алдымен инфрақұрылымдық және ресурстық проблемалар) шешу үшiн аймақтық қаржыландыру жеткiлiксiз бағыттарда мемлекеттiк Үкiметтiң орталық органдарымен бiрлескен iс-қимыл жасауға келiсу.

i

I. Қызылорда облысындағы кедейшiлiктiң қазiргi деңгейiне талдау

1.1

1.1. Қолданылып жүрген бағдарламаларға талдау
Қазақстан дамуының негiзгi мақсаты, мiндеттерi мен басымдықтары Президенттiң "Қазақстан - 2030" стратегиясында айқындалған және оларды жүзеге асыру индикативтiк сипаттағы ұзақ мерзiмдiк, орта мерзiмдiк және ағымдағы бағдарламалар мен жоспарларды әзiрлеу мен iске асыру жүйесiн талап етедi.
Қызылорда облысында облыс әкiмiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасы, 2001-2005 жылдарға арналған әлеуметтiк- экономикалық дамудың индикативтiк жоспары, сондай-ақ, 2000 жылы әзiрленген және облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 10 сәуiрдегi № 192 шешiмiмен бекiтiлген Жұмыссыздық пен кедейшiлiкке қарсы күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама iске асырылуда. Бұл Бағдарламада кедейшiлiкпен күрес негiзiнен халықтың әлеуметтiк - осал бөлiгiнiң табыс деңгейiн көтеру және жұмыссыздықты қысқарту жөнiндегi қызметпен, жаңа жұмыс орындарын құру жолымен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен үйлестiрiлген.
Бағдарлама атқарушы органдардың жұмыспен қамтуды дамыту және кедейшiлiктi қысқарту проблемаларына кiрiсуiнiң алғашқы әрекетi болды. Кедей халықтың ерекше және жеткiлiктi көп жаңа бөлiгiнiң, әсiресе ауылдық жерлерде және экологиялық апат аймақтарында пайда болуы айрықша назар аударуды талап еттi. Кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама қабылдануымен кедейшiлiк проблемасы бiрiншi рет экономикалық өсу жағдайларында жоғалып кететiн өтпелi кезеңнiң қысқа мерзiмдiк проблемасы ғана емес, ұзақ мерзiмдi құрылымдық проблема болып танылды.
Кедейшiлiк пен жұмыссыздықты жеңу жөнiндегi қолданылып жүрген Бағдарламадағы iс-шаралар халықтың аз қамтылған бөлiгiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған, бiрақ, бiлiм, денсаулық сақтау қызметтерiне қол жеткiзу, халықты мәдениет игiлiктерiмен, оның iшiнде сапалы ауыз сумен, тендерлiк аспектiмен және т.б. қамтамасыз ету сияқты кедейшiлiк аспектiлерi қамтылмай қалған. Бұл бағыттар бойынша әлеуметтiк мәселелердi шешуге және халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға бағытталған жекелеген мақсатты бағдарламалар iске асырылуда:
- 2000-2002 жылдарға арналған кедейшiлiк пен жұмыссыздықты жеңу жөнiндегi бағдарлама;
- Ауылдық елдi мекендердi қолдау "Ауыл келбетi" бағдарламасы;
- Қызылорда облысында 2000-2002 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы;
- 2000-2002 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама;
- 2000-2002 жылдарға арналған облыстық "Тазалық" бағдарламасы;
- 2000-2002 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы;
- 2000-2002 жылдарға арналған мәдениеттi дамыту жөнiндегi "Сыр мәдениетi- жаңа ғасырда" облыстық бағдарламасы;
- 2000-2002 жылдарға арналған облыстық оралмандарды қолдау жөнiндегi бағдарлама;
- 2001-2005 жылдарға арналған облыстық туризмдi дамыту бағдарламасы;
- 2001-2005 жылдарға арналған облыстық дене тәрбиесi мен спортты дамыту бағдарламасы.
Мысалы, өмiр сүру жағдайлары бойынша халықтың үштен екiсiн кедейлерге жатқызуға болатын ауылдық елдi мекендердi қолдау жөнiндегi "Ауыл келбетi" бағдарламасы әрбiр аудандағы барлық елдi мекендер бойынша экономикалық және статистикалық көрсеткiштерiн талдау және проблемалар шеңберiн анықтау негiзiнде әзiрлендi.
Ол ауыз сумен және аяқ сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын қалпына келтiру және жөндеу, әлеуметтiк - мәдени маңыздағы объектiлердi қалпына келтiру және материалдық-техникалық базасын нығайту, экология проблемалары мен ауылдық елдi мекендердi абаттандыру мәселелерiн шешуге бағытталған. Бұл бағдарламадағы iс-шаралар барлық бағыттар бойынша нақты сипат алған, қаржыландыру көлемi айқындалған.
Одан басқа, экономикалық мәселелердi шешуге, инвестиция тартуға және экология проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламалар iске асырылуда:
- 2000-2002 жылдарға арналған Қызылорда облысының аймақтық инвестициялар бағдарламасы;
- 2000-2002 жылдарға арналған ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуының аймақтық бағдарламасы;
- Өнеркәсiптiң өңдеушi саласында импорт алмастыру бағдарламасы;
- Тұрып қалған өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарын сауықтыру бағдарламасы;
- Облыста экологиялық жағдайды тұрақтандыру жобаларын инвестициялау бағдарламасы.
Облыс бойынша барлығы 30-ға жуық осындай бағдарламалар бар.
Одан басқа, облыс аумағында халықтың белгiлi топтарына - жастарға, әйелдерге, оралмандарға бағытталған кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзiрлеп, iске асыратын халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметiн жүзеге асыруда.
Дегенмен, кедейшiлiк проблемасын шешуге бағытталған салалық аймақтық бағдарламалардағы iс-шаралар жинақталмаған және облыс халқының аз қамтылған бөлiгiне арналған қолданылып жүрген Бағдарламада қамтылмаған. Кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi жаңа әрi тиiмдi аймақтық стратегия әзiрлеу қажеттiлiгi әлеуметтiк индикаторлардың төмен мәнiнiң сақталуына, кедейшiлiк деңгейiнiң жоғарылығына, халықтың табыс деңгейi бойынша бөлiну процесiнiң күшеюiне байланысты. Басталған экономикалық өсу жағдайларында халықтың аз қамтылған бөлiгi үшiн өскелең түсiмдерге қол жеткiзуi маңызды проблема болып отыр.
2003-2007 жылдарғы кезеңге арналған кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi орта мерзiмдiк аймақтық бағдарламаның жаңа тұжырымдамасы "Кедейшiлiк деңгейiн тиiмдi төмендету үшiн ұлттық әлеуеттi өсiру" жобасы бойынша БҰҰ Даму бағдарламасы ұсынған техникалық көмектi iске асыру шеңберiнде пилоттық негiзде таңдалған Қызылорда облысы үшiн әзiрлендi.
Кедейшiлiкпен күрестiң халықаралық тәжiрибесi кедейшiлiк көпөлшемдi әлеуметтiк құбылыс және оны шешу кешендi тәсiлдер негiзiнде мүмкiн болып табылатынын көрсетедi. Сондықтан, 2003-2007 жылдарға арналған кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi бағдарламада алғашқы рет кедейшiлiктiң барлық аспектiлерiн оның көпфакторлылығын есептей отырып қамту әрекетi қабылданды.

1.2

1.2. Кедейшiлiк деңгейiн айқындау және өлшеу

1.2.1

1.2.1. Кедейшiлiк факторлары
Қазақстанның 2000 жылғы ұлттық есебiнде берiлген адам дамуының индексi бойынша облыс елiмiздiң 15 облысынан 12-шi орын алады. Облыстың адам дамуы индексi көрсеткiшi (0,718) республиканың орташа көрсеткiшiнен (0,755) едәуiр қалып қойды және Қырғызстан, Иран сияқты елдер деңгейiнде тұр. Адам әлеуетi дамуының төмен деңгейi кедейшiлiк проблемасының өткiрлiгiмен тығыз байланысты.
Қызылорда облысында Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда кедейшiлiк факторларының өзiндiк ерекшелiгi бар:
* Шеткерi экономикалық-географиялық жағдайы, елiмiздiң негiзгi экономикалық орталықтарынан қашықтығы, халық орналасуының нашарлығы және инфрақұрылым дамуының төмен деңгейi;
* Ауыл шаруашылығы үшiн табиғи ресурстармен, әсiресе егiстiк жермен, таза ауыз суға қол жеткiзудi және жеке қосалқы шаруашылықта өздiгiнен еңбекке қамтуды өсiрудi қиындататын су ресурстарымен нашар қамтамасыз етiлуi.
* Экономикалық базаның нашар дамуы, iрi өнеркәсiп өндiрiстiң жоқтығы, республикалық көрсеткiштермен салыстырғанда экономика салаларындағы өте күштi экономикалық құлдырау.
* Демографиялық өтудiң аяқталмауы, бала туудың көтерiлуi және оның салдары ретiнде көпбалалы отбасы үлесiнiң көбеюi мен кедейшiлiк проблемасын тереңдететiн кереңаулық үлесiнiң артуы.
* Кенттенудiң төменгi нақты деңгейi, қала орталықтары желiсiнiң нашар дамуы, шалғайдағы аудандар тұрғындары үшiн денсаулық сақтау мен бiлiм берудiң сапалы қызметтерiне нашар қол жеткiзу, халықтың төмен ұтқырлығы және дәстүрлi институционалдық орта жағдайларында реформаларға әлеуметтiк бейiмдеудiң көтерiңкi қиындығы;
* Халық денсаулығының өткiр нашарлауымен кедейшiлiк проблемасының тереңдеуiне әкелетiн Арал өңiрiндегi экологиялық апат аудандарының болуы. Жоғарыда аталған проблемалардың үйлесуi мультипликатор әсерiн жасайды, тоқырау сипатын алатын кедейшiлiктi күшейтедi. Кедейшiлiк факторларының көптiгi басымдықтарды таңдауды және бұл құбылыспен күрестi қиындатады, қаржы ресурстарына қажеттiлiктi көбейтедi.
1 - Қалалық елдi мекен мәртебесi Қызылорда, Арал, Қазалы қалаларында бар. Бiрақ, Жосалы, Жалағаш, Шиелi, Жаңақорған сияқты қалалық үлгiдегi қыстақ халқының өмiр сүру деңгейiнiң ауыл тұрғындарынан айырмашылығы жоқ. Сондықтан, облыстың үштен екi халқын осыдан шығатын барлық салдарымен ауылдық тұрғындарға жатқызуға болады.

1.2.2

1.2.2. Кедейшiлiк деңгейiн өлшеу және кедейшiлiк бейiнi
Кедейшiлiк деңгейiн өлшеу әртүрлi тәсiлдермен және ақпараттың әртүрлi көздерiн тартумен жүргiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгi 2001 жылдан бастап үй шаруашылығы бюджеттерiн iрiктеп зерттеу мәлiметтерi негiзiнде кедейшiлiк деңгейiн халықтың аймақтық күн көрiс минимумынан төмен ақшаға шағылған жан басына шаққандағы тұтыну көлемi бар үлесi ретiнде есептей бастады. Есептеудiң бұл әдiсi бойынша Қызылорда облысындағы кедей халықтың үлесi 2001 жылдың I тоқсанында Қазақстанның барлық облыстары арасында ең жоғары - 60,3% болды немесе 360 мың адам (республика бойынша орташа - 34,2%). Бiрақ аймақтық таңдаудың елеусiз көлемi (облыстағы 360 сұралған үй шаруашылығы) алынған нәтижелердiң дұрыстығын төмендеттi.
Әлеуметтiк қорғау органдары кедейлерге (аз қамтамасыз етiлгендерге) жан басына шаққандағы табысы аймақтық күн көрiс минимумының 40%-ын құрайтын кедейшiлiк шегiнен төмен халықты жатқызады. Бұл әдiстi қолдану кедейлер үлесiн едәуiр төмендетедi, Қызылорда облысында ол 2000 жылы халықтың 29,0%-ын, 2001 жылы 27,2%-ын құрайды. Табыс туралы мәлiметтер облыс тұрғындарының үйiн аралау және әрбiр отбасына әлеуметтiк төлқұжат толтыру жолымен алынған. Осы мәлiметтер негiзiнде кедейлерге 164,8 мың адам жатқызылған (2002 ж. 1 ақпанына). Зерттеулердiң бұқаралық сипаты табыс туралы жиналған ақпарат сапасына оң әсер етедi, дегенмен, мәлiметтердiң дұрыстығы, ең алдымен қала халқы бойынша жоғары болмайды, өйткенi сауалнама әдiсiмен халықтың көлеңкелi табысын анықтау мүмкiн емес. Бiрақ, көлеңкелi экономиканың қазiргi масштабында халық табысының дұрыс есебiнiң шешiлмеген проблемалары ТМД-ның барлық елдерiне бiрдей ерекшелiк. Облыста табыс тапшылығы (табыстың кедейшiлiк шегiне дейiнге жетiспейтiн үлесi) өте үлкен. Жан басына шаққандағы табыс 5531 теңге болғанда, кедейшiлiк шегi 1578 теңгеде аз қамтамасыз етiлгендердiң жан басына шаққанда табысы 843 теңгенi құрайды.
2 - Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiктiң 2001 жылғы I-тоқсандағы мәлiметi.
Аз қамтамасыз етiлген халықтың 80%-дан астамының (отбастарының 81%-ы) кедейшiлiк шегiнiң жартысынан төмен табысы бар, өте кедейшiлiк жағдайда.
Кедейшiлiктiң елеулi тереңдiгiне қарамастан, аз қамтамасыз етiлген отбастарына кедейшiлiк шегiн жеңуге мүмкiндiк беретiн табыстың қажеттi қосымша көлемi облыс халқы табысы барлық көлемiнiң 4,9%-ын құрайды, ал төлеуге 1321,8 млн. теңге қажет етiледi. Бұл есеп Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң халықтың жан басына шаққандағы табысы туралы мәлiметтерi негiзiнде жасалды. Дегенмен, жан басына шаққандағы табыстар мен шығыстар туралы осы мәлiметтер бiршама күдiк туғызады: облыс жалпы қосылған күн (жалпы аймақтық өнiм) бойынша Қазақстанда кедейлерге жатады, ал үй шаруашылығы бюджеттерiн iрiктеп зерттеу әдiсi бойынша есептелген жан басына шаққандағы ақшалай табыс орта республикалық көрсеткiштен 8-20%-ға артады. Демек, көлеңкелi экономикада өндiрiлген өнiм мен қызмет елеулi түрде есептелмеуi орын алады немесе облыс үшiн үй шаруашылығы бюджеттерiн iрiктеп зерттеу қолайлы емес.
Кедейшiлiк бейiнiн тек кедей халық құрылымы бойынша қадағалауға болады, өйткенi отбасы түрлерi бойынша табыс есебi жүргiзiлмейдi.
Кедейлердiң негiзгi категориясын балалар (баласы бар отбастары) құрайды. Облыстың барлық халқы iшiнде 18 жасқа дейiнгi балалардың үлесi 43,5%-ды, аз қамтамасыз етiлгендер iшiнде 51,2%-ды, ал кедейшiлiк шегiнiң жартысынан төмен табыстары бар өте кедейлер iшiнде 53,1%-ды құрайды. Сонымен қатар, балалар кедейшiлiгi проблемасы тек қана халықтың әлеуметтiк осал топтарының проблемасы болып табылмайды, облыста тек 7% балалы отбасы толық емес болып табылады, ал, барлық балалар арасында кедейлер үлесi 38%-ға жеткен.
Екiншi категория - жұмыссыздар. Әлеуметтiк қорғау органдары берген аз қамтамасыз етiлген халықтың арасындағы жұмыссыздар саны, жұмыспен қамту проблемалары жөнiнде үй шаруашылығын iрiктеп зерттеу барысында алынған жұмыссыздардың жалпы санынан артық, сондықтан тiкелей салыстыру мүмкiн емес. Бiрақ, мұндай сәйкессiздiк жұмыссыздардың аз қамтамасыз етiлгендер санына толық қосылғанын көрсетедi, әрi жұмыссыздар арасында кедейшiлiк тереңдiгi аз қамтамасыз етiлгендердiң барлық есептелген категориялары iшiнде ең көбi: жұмыссыздардың 83%-ының кедейшiлiк шегiнiң жартысынан төмен табысы бар, ал, жұмыссыздардың үштен екiсi дерлiк айына 300 теңгеден аз алады. Кедейшiлiк деңгейiн бағалаудың қазiргi жүйесiнде жұмыс iстейтiн халық аз қамтамасыз етiлгендердiң тек 9%-ын құрайды. Бiрақ сонымен қатар жұмыс iстейтiндердiң табыс тапшылығы өте үлкен - жұмыспен қамтылған 65% аз қамтамасыз етiлгендердiң жан басына шаққандағы табысы кедейшiлiк шегiнiң жартысынан төмен, бұл отбасында жоғары кереңаулық үлеспен байланысты. Мұндай отбастарын бөлiп алу үшiн үй аралау есебiнiң мәлiметтерiн бiрiктiру формаларын жетiлдiру талап етiледi: халықтың жеке топтарын, оның iшiнде жұмыс iстейтiн азаматтарды қарағаннан гөрi, әртүрлi отбастарының табыстарын қараған дұрысырақ.
Балалары бар толық емес отбастарының кедейшiлiк деңгейiн бағалау қазiргi әлеуметтiк карталар мәлiметтерiн бiрiктiру жүйесiнде мүмкiн емес, бiрақ мұндай отбастардың үлесi салыстырмалы түрде өте үлкен емес (1999 жылғы санақ мәлiметтерi бойынша 7% немесе 6,8 мың отбасы).
Облыста зейнеткерлердiң аз қамтамасыз етiлу проблемасы өткiр емес, олар кедей халықтың 4,3%-ын ғана құрайды (барлық халық санында зейнеткерлер үлесi 7%-дан сәл жоғары). Дегенмен, аз қамтамасыз етiлген зейнеткерлер арасында кедейшiлiк тереңдiгi едәуiр - 58%-ының кедейшiлiк шегiнiң жартысынан төмен табысы бар, мұны зейнетақы жүйелi түрде төленiп тұрғанда, бiрнеше ұрпақтары бар жоғары кереңаулық үлестегi көпбалалы отбастарында өмiр сүрумен ғана түсiндiруге болады.
Халықтың кедей топтарының құрылымын талдау кедейшiлiкпен күресте халықтың екi басымдық тобын бөлуге мүмкiндiк бередi: балалар (әсiресе көпбалалы отбастары) және жұмыссыздар. Бұл тұжырымдар кедейшiлiк факторларын талдаумен өзара байланысты (коррелацияланады) және әлеуметтiк-демографиялық және экономикалық факторлардың аз қамтамасыз етiлу деңгейiне тең мағыналы әсерiн растайды.

1.3

1.3. Экономика дамуының деңгейi және жұмыспен қамту

1.3.1

1.3.1. Экономика дамуының деңгейi
Қызылорда облысы жалпы қосылған құн көрсеткiшi бойынша Қазақстанның нашар дамыған оңтүстiк облыстары тобына кiредi. Облыстың жалпы қосылған құны республика бойынша орташа көрсеткiштiң тек қана 54%-ын құрайды (1999 жылы ППС бойынша орташа республикалық көрсеткiш 5249 АҚШ доллары болғанда, 2838 доллар болды). Облыста iрi ресурс өндiрушi және өңдеушi өндiрiстер жоқ, инфрақұрылым нашар дамыған, энергиямен қамтамасыз ету негiзiнен аймақтан сырт жерлерден жүзеге асырылады, бұл электр энергиясы мен жылу құнының қымбаттауына, өндiрiс шығындарының өсуiне және оның бәсеке қабiлетiнiң төмендеуiне әкеледi.
Жақын жылдарда өнеркәсiпте дамудың нақты перспективалары басталған мұнай-газ және кен ресурстарын, тұз өндiруде ғана бар (облыстағы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 93%-ы). Соңғы екi жылда өндiрушi салалардағы өндiрiс өсiмi 34-45%-ды құрады. Ресурстарды игеру арқасында экспорт көлемi күрт өстi: 2000 жылы 9,3 есе, 2001 жылы өсу 2,6 есе 4 болады, негiзгi экспорттық өнiм мұнай болып табылады. Дегенмен, өңдеушi салалардың одан әрi дамуы қаржыландырудың сыртқы көздерiне (республикалық, шетелдiк инвестициялар) тәуелдi болады және облыста бұл процестi ынталандыру үшiн тетiктер жоқ.
Ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу салаларында құлдырау жалғасуда, өндiрiс көлемi 2000 жылы алдыңғы жылдың 74%-ын ғана құрады. Дегенмен, 5 өнеркәсiп кәсiпорнын сауықтырып, 420-дан астам жұмыс орнын қалпына келтiруге қол жеттi.
Ауыл шаруашылығында дағдарыс жағдайы сақталуда. 2000 жылғы егiн шаруашылығындағы аздаған өнiм өсуi су ресурстары тапшылығынан тағы да құлдыраумен алмасты. Облыс суды көп пайдаланатын күрiш шаруашылығына (күрiштiң республикалық өндiрiсiнiң 84%-ы), картоп (37%), және бақша (21%) өндiрiсiне мамандандырылған, сондықтан сумен қамтамасыз ету проблемасын шешпей, егiн шаруашылығында тұрақты өсу мүмкiн емес. Мал шаруашылығы 90-шы жылдары мал басының 70%-ына дейiн жоғалтты, қаракөл шаруашылығы мамандандырылған сала ретiнде жоқ болды, сүт өндiрiсiнiң қысқаруы жалғасуда.
3 - Қазақстанда 2000 жылы адам дамуы туралы есеп, 65-66 беттер.
4 - Облыстық экономика басқармасының бағамдауы.
Мал шаруашылығының барлық өнiмi негiзiнен айналым қаражаты мен тұрақты өткiзу рыногы жоқ, несиеге қол жеткiзе алмайтын, жеке қосалқы және фермер шаруашылықтарында өндiрiледi. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң тiркелген көлемiнiң құндық тұлғалануы өнеркәсiп өндiрiсiнiң 13%-ын ғана құрайды, бұл ауыл шаруашылығы тауарлығының күрт төмендегенi және өнiмдi өткiзу көлеңкелi каналдар бойынша басым iске асырылатындығы туралы айтады. Облыс экономикасының негiзгi салаларында жұмыспен қамтудың тұрақты өсуi және халықтың жұмысы жоқ немесе төменгi жалақысы түрiндегi "жаңа кедейшiлiктiң" қысқаруы үшiн жағдайлар әзiрге жасалған жоқ.

1.3.2

1.3.2. Еңбек ақы
Жұмыспен қамтылған халықтан "жаңа кедейшiлiк" құрайтын бюджет саласында еңбекке ақы төлеудiң төменгi деңгейi негiзгi проблема болып табылады.
Бiлiм және денсаулық сақтауда жұмыспен қамтылғандардың орташа жалақысы облыс бойынша орташа жалақының 70%-ын құрайды, ал, бұл салаларда жалданбалы жұмыспен қамтылғандар санының 40%-ға жуығы жұмыс iстейдi. Ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмыскерлердiң жалақысы орташа облыстық көрсеткiштен екi есе төмен, бiрақ ауылдағы жаппай жұмыссыздық кезiнде жұмыс болуының өзi және қосалқы шаруашылық табыстары проблема өткiрлiгiн төмендетедi.
Дағдарыс кезеңiнде экономика салаларында (мысалы, мұнай өнеркәсiбiнде, қаржы секторында және құрылыста жалақы облыс бойынша орташа жалақыдан 2-4 есе жоғары), сондай-ақ, жұмыспен қамтылғандардың әртүрлi категориялары арасында еңбек ақы төлеу деңгейiндегi айырмашылық өсiп кеттi. Ал, еңбек ақы төлеудi реттеу мәселелерi макроэкономикалық саясатқа қатысты және Үкiметтiң республикалық органдары құзырына жатады.
Облыс деңгейiнде еңбек ақы төлеу мөлшерiне бақылау жәрдемақы беру жөнiндегi өтiнiштердi қараған кезде жүзеге асырылады. Өтiнiш бiлдiрушi ең төменгi еңбек ақыдан төмен жалақы туралы анықтама әкелген жағдайларда (бұл шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандарға түн нәрсе) ол көмек төлемi өтiнiшi қабылданбайды, өйткенi жұмыс берушi ең төменгi еңбек ақыдан төмен емес деңгейде еңбек ақы төлеу туралы заңды бұзған. Өкiнiшке орай, әлеуметтiк қорғау органдары осындай жанама амалдармен ғана еңбек ақы мөлшерiне әсер ете алады.

1.3.3

1.3.3. Халықты жұмыспен қамту және жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясаты
Қызылорда облысында жұмыспен қамту проблемасы екi фактормен айқындалады. Бiрiншiден, облыс үшiн осы кезге дейiн кеңестiк кезеңдегiдей еңбекке қабiлеттi халықтың көп болуына негiзгi себеп болған халықтың табиғи өсiмi мен төмен ұтқырлығы. Екiншi маңызды фактор экономикалық дағдарыс болды - кеңестiк кезеңде еңбекке орналастыру проблемасын шешу үшiн құрылған және тасып әкелiнген шикiзат негiзiнде жұмыс iстеген көптеген өнеркәсiп кәсiпорындары төмен тиiмдiлiкпен және өнiмге төлем қабiлеттi сұраныс болмағандықтан өмiр сүруiн тоқтатты (ЦКЗ, ФНМ, аяқ-киiм фабрикасы, тiгiн фабрикасы және басқалар). Облыста 10 кәсiпорын өндiрiстi толық,7-iшiнара тоқтатты. Нәтижесiнде 90-шы жылдары жұмыс орындарының саны едәуiр қысқарды, ал еңбекке қабiлеттi халық санының өсуi жалғасуда. Нарықтық экономика жағдайында бұл кәсiпорындардың қайта өркендеуi мүмкiн емес, ал жүргiзiлiп жатқан кәсiпорындарды қайта құрылымдау, шағын кәсiпкерлiктi дамыту және облыс басшылығы қабылдап жатқан бiрқатар басқа да шаралар жұмыспен қамту проблемасын жеңiлдете алмайды.
Облыс жұмыспен қамтудың дағдарыстық құрылымымен ерекшеленедi. Облыстың еңбек ресурстарының саны 317 мың адамды құрайды (халықтың 52,3%-ы), экономикалық белсендi халық едәуiр аз - 258 мың адам 5 (42,7%), оның iшiнде экономикада жұмыспен қамтылғандар халықтың үштен бiрiнен сәл артық (226 мың адам немесе 37%), бұл жұмыспен қамтылғандарға жоғары кереңаулық үлес жасайды.
5 - ҚР Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң 2001 жылғы 2 тоқсандағы зерттеу мәлiметтерi
Жұмыспен қамту формалары күрт өзгердi: жалдамалы жұмыспен қамтылғандар саны (110 мың адам) өздiгiнен жұмыспен қамтылғандар санынан (116 мың адам немесе жұмыспен қамтылған халықтың 51,5%-ы) аз, соңғылардың iшiнде 70%-ға жуығы жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандар. Шаруа (фермер) шаруашылықтарында жұмыспен қамту елеулi даму ала алмауда, ол 8,6 мың адамды ғана құрайды немесе еңбекке қабiлеттi ауыл халқының 7%-ы. Жұмыспен қамтудың салалық құрылымы бюджет саласы қызметкерлерiнiң едәуiр басымдығын көрсетедi: мемлекеттiк басқаруда, бiлiм беруде, денсаулық сақтауда және әлеуметтiк қызмет көрсетуде жалдамалы жұмыс iстейтiндердiң 42,6%-ы жұмыспен қамтылған (оның тек 6%-ы мемлекеттiк басқаруда), бұл өнеркәсiпте, құрылыста, көлiкте және ауыл шаруашылығында (өздiгiнен жұмыспен қамтылғандарсыз) жалпы жұмыспен қамтылғандарға тең.
Жұмыспен қамтудың мұндай құрылымы облыс экономикасының дағдарысы жағдайында болмай қалмайды және бұл облыстық және жергiлiктi бюджеттердiң шығыс бөлiгiн қалыптастырғанда есепке алынуы керек.
Жұмыссыздық деңгейiнiң бағамы ресми статистика мәлiметтерi бойынша (жұмыспен қамтуды iрiктеп зерттеудiң) жергiлiктi үкiмет органдары жүргiзген үй аралау мәлiметтерiнен едәуiр төмен. Аралап шығу нәтижелерi бойынша 2000 жылы аз қамтамасыз етiлген жұмыссыздар 53,4 мың адам деп саналады (экономикалық белсендi халықтың 20,8%-ы). Халықаралық еңбек ұйымының әдiстемесi бойынша жалпы жұмыссыздық 2000 жылы 37,6 мың адамды құрады (экономикалық белсендi халықтың 14,5-ы)6, 2001 жылдың шiлдесiне облыста жарты жылда өндiрiс пен жұмыс орындарының өсуi аса елеулi болмағанымен көрсеткiштер елеулi жақсарды (31,9 мың адам немесе 12,3%). Тiркелген жұмыссыздық 2000 жылы 6%-ға 7 жеттi, бұл ел бойынша орташа көрсеткiштен 60%-ға жоғары және Қазақстан аймақтары бойынша ең жоғарғы көрсеткiш.
6 - ҚР Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң басқа мәлiметтерi бойынша 17%.
7 - Облыстық есеп мәлiметтерi.
Бiрақ, тiркелген жұмыссыздық деңгейi ТМД-ның бiрде-бiр елiнде жұмыспен қамтудың нақты проблемасын көрсетпейдi, өйткенi бiрiншi кезекте мемлекеттiк органдардың жәрдемақы төлеу жөнiндегi қаржы мүмкiндiктерiмен айқындалады. Нәтижесiнде жұмыссыздардың азшылығы мемлекеттiк жұмыспен қамту органдарының қаржылай қолдауын алады.
Жастар жұмыссыздығы негiзгi проблема болып табылады - 2001 жылдың екiншi тоқсанында 24 жасқа дейiнгi жастардың 26,5%-ының жұмысы болмады. Екiншi проблема - жұмыссыздықтың ұзақ, тоқырау сипаты: халықаралық еңбек ұйымының әдiстемесi бойынша жұмыссыздардың 90%-ының 9 айдан аса жұмысы болмады.
Жалпы орта бiлiмi барлар арасында жұмыссыздар үлесi өте жоғары, кез келген кәсiби бiлiмi бар болғанда (бастауыштан жоғарыға дейiн) ол 1,5-2,5 есе төмендейдi. Әсiресе ауылда жұмыспен қамтудың объективтi көрiнiсiн айқындау қиын, өйткенi ауылдық жерде жұмыссыздар есебi жүргiзiлмейдi, қосалқы шаруашылығы бар болса, олар өздiгiнен жұмыспен қамтылғандарға жатқызылады. Облыс экономикасының дағдарыстан баяу шығуы жағдайында халықты еңбекке орналастыру проблемасы күрделi шешiлуде.
Еңбекке орналастыру органдарына 2000 жылы 56,9 мың адам өтiнiш берген, 5,0 мың адам ғана еңбекке орналасқан немесе өтiнiш бергендер санының 8,8%-ы. Дегенмен, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары еңбекке орналастырудың белсендi саясатын жүргiзуге тырысуда. Ай сайын кәсiпорындардағы бос орындар мен босаған жұмыс орындары туралы мәлiметтер жинаумен айналысады.
Облыстың жұмыспен қамту орталықтарына 1165 бос орын туралы ақпар түстi, оларға 1145 адам еңбекке орналасты. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi мәлiметтердiң ақпараттық базасы жасалды, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi өкiлдi органдар арасында ақпараттар алмасу ұйымдастырылды.
Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығында мамандар жұмыссыздарды жұмыс iздеу әдiсiне немесе өздiгiнен жұмыспен қамтуға оқытатын жұмыс iздеу клубы құрылған. Клуб жұмыссыздарға еңбек рыногында бағыт дағдысын алуға, бүгiнгi күннiң жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына бейiмделуге, жинақталған жағымсыз сезiмдерiн бәсеңдетуге және қолайлы жұмыс табуға мүмкiндiк бередi. Осындай клубтарды ашу облыстың барлық аудандарында жоспарлануда.
Кәсiби даярлау және қайта даярлау. Жұмыссыздардың еңбек рыногы жағдайына кәсiби бейiмделуiн жақсарту үшiн жұмыспен қамту қызметтерi олардың кәсiби оқуын және қайта даярлануын жүзеге асыруда. 2000 жылы кәсiби оқуға 1367 адам немесе еңбекке орналастыру мәселелерi жөнiнде өтiнiш бiлдiргендердiң 2,6%-ы жiберiлдi. Бюджет шығыны 10,2 млн. теңгенi құрады. 2001 жылы кедейшiлiк пен жұмыссыздықты жеңу жөнiндегi бағдарламаға сәйкес 1750 жұмыссыз кәсiби оқуға және қайта даярлауға жiберiлдi, оның 1100 адамы (62,7%-ы) аз қамтамасыз етiлген отбастарындағы жастарды құрады.
Ауылда тұратын жұмыссыз жастарды кәсiби даярлауға көп көңiл бөлiнуде. Бұрынғы тұрмыстық қызмет комбинаттары мен сауда базасында цехтар ашу үшiн 40-тан астам адам кiлем тоқу және ұлттық киiм тiгу кәсiбiне оқуда. Жан басына шаққанда орташа табысы кедейшiлiк шегiнен төмен отбастарынан оқитындарға барлық оқу кезеңi iшiнде материалдық көмек көрсетедi. Жұмыссыздардың кәсiби оқуына және қайта даярлауына жергiлiктi бюджеттен 3,65 млн. теңге қаржы төленген.
Облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы қалалық жұмыспен қамту орталығымен бiрлесiп "өз бизнесiңдi баста" тақырыбы бойынша бiр күндiк семинарды үнемi өткiзiп, онда жұмыссыздар мен оралмандарды оқытады. Оқу-курстық желiлердiң облыстық деректемелер жинақтамасы және оларда алатын кәсiптер тiзбесi жасалған. Облыстық бiлiм басқармасымен бiрлесiп жастар мен жұмыссыздарды кәсiби даярлаудың 2001-2002 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы әзiрлендi.
Қоғамдық жұмыстар. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу, әсiресе жұмыссыздықтың өсуi мен тұрақты жұмыс орындарының тапшылығы кезеңiнде, халықты жұмыспен қамту саласындағы белсендi саясат шараларының бiрi болып табылады. Ол жұмыс берушiлердiң қатысуымен мемлекеттiк құрылымдардың ұйымдық және қаржылай көмегi арқылы жұмыссыз азаматтар үшiн уақытша жұмыс орындарын ашуды көздейдi.
Қызылорда облысында 2001 жылы коммуналдық меншiк объектiлерiне қоғамдық жұмысқа 3000 адам жiберу қарастырылған болса, нақты жiберiлгенi 4843 адам, бұл жоспарланған көрсеткiштiң 161,4%-ын құрайды. Еңбекке орналастыру органдарына өтiнiш бiлдiрген жұмыссыздар санынан 9,8%-ы қоғамдық жұмыстарға тартылған. 2001 жылы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға жергiлiктi бюджет қаржысынан 47,0 млн. теңге бөлiнген. Бұл жұмыстарда еңбек ақы республика бойынша төменгi жалақы деңгейiнде белгiленген, ұзақтығы 3,2 ай құраған. Негiзiнен жұмыстар абаттандыру және көшелердi санитарлық тазалау, мектептер мен басқа да әлеуметтiк-мәдени маңыздағы объектiлердi жөндеу бойынша ұйымдастырылған.
Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы биылғы жылы да тұрақты дамуда. Алайда, жұмыспен қамту саласындағы белсендi саясат едәуiр бюджет шығындарын қажет етедi және халықты еңбекке орналастырудың негiзгi формасы бола алмайды. Қағида бойынша, қоғамдық жұмыстар ұзақ уақыт жұмыс iстемеген және мамандығы жоқ халықтың еңбек дағдыларын оңалту және қалпына келтiру үшiн барынша тиiмдi.

1.3.4

1.3.4. Жұмыспен қамту проблемасын шешудегi шағын бизнес ролi
Облыс экономикасының дәстүрлi салаларының тұралау жағдайларында шағын бизнестi дамыту кедейшiлiкпен күрестiң маңызды бағыты болып табылады. Облыста шағын кәсiпкерлiктi дамытуды және оның серпiндi әрi сапалы өсуiн қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдайлар жасауды жандандыру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Шағын бизнестi қолдау үшiн қаржы ресурстарының екi көзi пайдаланылады: а) бюджет пен банкi қаржылары арқылы несие беру, б) халықаралық ұйымдардың демеушiлiк көмегi мен гранттары.
Бюджет пен банкi қаржыларынан жеңiлдiк несие беру үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру мен өңдеу, шикiзатты өңдеу жөнiндегi шағын өндiрiстер, қызмет көрсету саласындағы шағын бизнес, халықтық қолөнердi дамыту басымдықтар болып табылады. Несие беру көлемi жыл сайын өсуде, 2000 жылы ол 684 млн. теңге құрады, әрi ауыл өндiрушiлерi несиенiң жартысына дейiн алады. Шағын бизнестi қолдаудың облыстық органдарының несие қоржыны 1,4 млрд. теңгеден асады, бiрақ, кәсiпкерлердiң ширегi ғана несиеге өтiмдi кепiл салуға қабiлеттi болғандықтан көлемнiң өсуi iркiлуде.
Шағын кәсiпкерлiкке инновациялық жобаларды ендiру, қаржылай, техникалық және консультативтiк көмек тарту халықаралық құрылымдар көмегiмен жүзеге асырылады. Облыста Евразия Қорының, ЮНЕСКО-ның, МАШАВ-тың, ЮСАИД-тың, БҰҰ Даму Бағдарламасының, Ғалами Экологиялық қордың, Халықаралық бизнестiң жоғарғы мектебiнiң, АҚШ Елшiлiгiнiң SABIT бағдарламасының және басқаларының өз жобалары бар. Израиль Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi бағдарламасымен жұмыстың негiзгi бағыттары ауыл шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу, түйе шаруашылығын дамыту, технологиялық жылыжайлар құру, туризмдi дамыту, жаңа технологияларды тарту, оқыту жөнiндегi израиль тәжiрибесiн ендiру болып табылады.
МАШАВ пен ЮСАИД-тың "Сырдария өзенi сағасында тұратын халықтың өмiр сүру жағдайларын жақсарту" бағдарламасы бойынша жұмыс жалғасуда. БҰҰ Даму Бағдарламасының жобалары шағын бизнеспен айналысушы әйелдердi қолдауға бағдарланған.
Облыста 2002 жылдың 1 қаңтарына 2137 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi-заңды тұлға тiркелген, оның 1785-i (83,5%-ы) жұмыс iстейдi. Жұмыс iстейтiн шағын кәсiпорындар саны 2001 жылмен салыстырғанда 10%-ға көбейген. Жеке кәсiпкерлiкпен 7877 адам айналысса, облыста 1546 шаруа қожалығы жұмыс iстейдi. Жеке кәсiпкерлер мен шаруа қожалықтарының саны 12%-ға өстi, шағын кәсiпкерлiктiң осындай динамикасы экономиканың осы саласының тұрақты дамығанын айтуға мүмкiндiк бередi.
Жұмыспен қамту саласында шағын кәсiпкерлiктiң ролi айрықша байқалады, мұнда 50,6 мың адам жұмыспен қамтылған, ол облыс бойынша барлық жұмыспен қамтылғандар санының 37,4%-ы. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандардың жартысына жуығы ауыл шаруашылығында, ширегiнен астамы саудада iстейдi.
Шағын бизнесте жұмыспен қамтудың өсу қарқыны экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда ең жоғары - 2001 жылы 110%, өндiрiс көлемiнiң өсуi 114% құрады. Дегенмен, шағын бизнес өнiмiнiң (жұмыстарының, қызмет көрсетулерiнiң) тiркелген көлемi үлкен емес - 9059 млн. теңге, бұл облыстың барлық өндiрiсiнiң 10,5%-ын құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың жоғары үлесi бола тұра, шағын бизнестiң экономикалық көрсеткiштерiнiң осынша төмендiгi, өндiрiлген өнiмнiң (қызмет көрсетулердiң) бiр бөлiгi есепке алынбайды деп тұжырымдауға болады, бұл сала негiзiнен көлеңкелi экономикада қалып отыр, ал жұмыс iстейтiндердiң табысы төмендетiледi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен (заңды тұлғалардан) бюджетке түсiмдер 894,7 млн. теңге құрады немесе облыс бюджетi кiрiсiнiң 8,2%-ы.
Шағын несиелендiру бағдарламалары. Облыста шағын бизнестi қолдау үшiн азаматтарға несие берудiң екi бағдарламасы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы аз қамтамасыз етiлген азаматтарды шағын несиелендiрудiң үкiметтiк бағдарламасы бойынша "Шағын несие" ҮЕҰ-ының облыстық филиалы арқылы 503 адам 15,0 млн. теңге сомасында БҰҰ-ының "Қазақстан әйелдерiнiң мәртебесi мен өрлеуi" бағдарламасы бойынша 1178 адам 217,6 мың АҚШ доллары сомасында шағын несие алды. Бұл бағдарлама базарларға сауда жасайтын және қызмет көрсетулермен айналысатын аз қамтамасыз етiлген әйелдердi қолдайды, оның тиiмдiлiгiн соңғы жылғы шағын несиенiң 100% қайтарылуы растайды. Жалпы шағын несиелендiру бағдарламалары блогi 2001 жылы 595 млн.теңге болған екiншi деңгейдегi банктердiң облыстық филиалдарының шағын кәсiпкерлiктi несиелендiруi негiзгiсi болып отырған шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың басқа да формаларын ойдағыдай толықтырады.

1.4

1.4. Халықтың әлеуметтiк - осал тобын әлеуметтiк қорғау жүйесi
Жұмыспен қамтудың өсуi мен еңбек ақының артуы экономикалық белсендi халықтың "жаңа" кедейшiлiгiн төмендетуге бағытталған. Халықтың әлеуметтiк - осал топтары үшiн (мүгедектер, көпбалалы отбастары және толық емес балалы отбастары, зейнеткерлер) "дәстүрлi" кедейшiлiк деңгейiн төмендетуде мемлекет тарапынан әлеуметтiк қорғау негiзгi роль атқару керек. Сонымен қатар, мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау ролi кедей аймақтарда өте маңызды, өйткенi барынша дамыған аймақтарда жеңiлдiктер мен жәрдемақылардың едәуiр көлемi кәсiпорындар қаржысынан төленiп, жұмыс орындарында бөлiнедi.
Отбасының бiр мүшесiнiң белгiленген кедейшiлiк шегiнен аспайтын және ресми құжаттармен расталған табысы болғанда еңбекке қабiлеттi жастағы отбасы мүшелерi жұмыс iстейтiн немесе белсендi жұмыс iздеумен айналысатын және 1 айдан астам емделуде жатқан мүгедектер, оқушылар, студенттер болып табылатын, мүгедектердi, 7 жасқа дейiнгi балаларды, 80 жастан асқан адамдарды күтумен айналысатын, жан басына шаққанда орташа айлық табысы кедейшiлiк деңгейiнен төмен адамдарға мемлекет ақшалай формада төлемдер түрiнде мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындайды.
Бюджеттiк зерттеулер мәлiметтерi бойынша Қызылорда облысының үй шаруашылығының жиынтық табысындағы зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтiк және тұрғын үй көмегi үлесi 32%-дың, оның iшiнде атаулы көмек 2,5%-ды құрайды. Облыстың ауылдық жерлерiнде әлеуметтiк төлемнiң барлық ақшалай табыстағы үлесi 41%-ға жеткен. Қазақстан бойынша орташа деңгеймен (27%) салыстырғанда облыс тұрғындары, әсiресе ауыл тұрғындары үшiн әлеуметтiк төлем ролi өте маңызды.
Әлеуметтiк жәрдемақылармен қамту жеткiлiктi көп, бiрақ мұны толық санауға болмайды: 175,2 мың аз қамтамасыз етiлгендерден 2001 жылы 84,8 мың адам (50%) әртүрлi жәрдемақы алды, оның iшiнде балалар жәрдемақысын 21 мың ана, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақыны 33 мың адам, тұрғын үй жәрдемақысын 8 мың адам алды. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар арасында тұрғын үй қорын абаттандырудың барынша жоғары деңгейi себептi пәтер ақысы едәуiр жоғары облыс орталығының тұрғындары басым болып отыр. 2002 жылдың 1 қаңтарынан атаулы көмектi табыстары кедейшiлiк шегiнен төмен халықтың бәрiне жергiлiктi бюджет қаржысынан беру жоспарлануда.
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының мәлiметтерi бойынша кедейлер саны 2002 жылдың 1 ақпанына 164,8 мың адамды құрайды.
Жәрдемақы алушылар категорияларының көптiгi тиiмдi әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бермедi, сондықтан 2002 жылы жәрдемақы түрлерiнiң саны едәуiр қысқарды, жан басына шаққанда орташа табысы кедейшiлiк шегiнен төмен отбастарына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, тұрғын үй жәрдемақылары және үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру түрiндегi жәрдемақылар негiзгi бiрыңғай әлеуметтiк көмек болды.
8 - 2000 жылы барлық деңгейдегi бюджеттердiң әлеуметтiк трансфертке шығысы 7,0 млрд. теңге құрады, бұл жан басына шаққанда ақшалай табыс 4,9 мың теңге болғанда, облыс халқының барлық табысының 14%-ын құрайды.
Облыс әлеуметтiк көмек көрсетудiң жаңа жүйесiне көштi. Барлық мүшелерiнiң табыстары туралы мәлiметтер жаңаланып отыратын әрбiр отбасының әлеуметтiк картасы әзiрлендi. Әлеуметтiк көмек көрсетуге қажеттi бюджет шығыстарының есептерi жүргiзiлдi. Әлеуметтiк қорғау басқармасының болжамы бойынша 2002 жылы әлеуметтiк төлем 3 есеге жақын өсуi керек (2001 жылғы 528 млн. теңгеден 1321,8 млн. теңгеге 9 дейiн), бұл облыстық бюджеттiң шығыс бөлiгiн едәуiр көбейтудi қажет етедi.
ҚР 2001 жылға 17 шiлдедегi № 246-II "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Z010246_ Заңының 6 бабының 1 пунктiне сәйкес Атаулы әлеуметтiк көмек алуға талаптанушы адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау ережесi әзiрлендi. Отбасының жиынтық табысына есептелетiн ауыл шаруашылығы өнiмiн өсiруден, мал және құс ұстау мен асыраудан алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табыс (саяжай учаскесiнен түсетiн табысты қоспағанда). Әрбiр отбасы бойынша арыз берушiнiң жеке қосалқы шаруашылығының бар екендiгi және мөлшерi туралы деректерi негiзiнде есептеледi.
Бiр соток жерден (бiр бастан) өндiрiлген өнiм құны өсiрiлген дақылдың орташа түсiмдiлiгiн (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) өнiмнiң 1 килограмының орташа бағасына көбейту жолымен анықталады.
Зерттеулер мәлiметтерi бойынша қосалқы шаруашылықтан тұтынатын өнiм құнының облыс ауыл халқының ақшалай табысындағы үлесi 19%-ғана құрайды (Қазақстанның ауыл тұрғындары үшiн орташа 30%). Облыс қала тұрғындарының табысындағы қосалқы шаруашылықтан тұтынатын өнiм құнының үлесi де күмән туғызады-небәрi 4% (Қазақстан қалалары бойынша орташа 11%), Қызылорда қаласынан басқа қала тұрғындарының жартысы шағын қалалар мен қыстақтарда жеке үйлерде тұрады және дамыған қосалқы шаруашылықтар бар.
9 - Облыстық экономика басқармасының мәлiметтерi бойынша 1321,8 млн. теңге.
Зейнеткерлердi әлеуметтiк қорғау облыс үшiн бiрiншi кезектегi проблема болып табылмайды. Зейнеткерлер саны көп емес (54 мың адам), зейнетақы төлеу республикалық бюджеттен жүзеге асырылады, зейнетақының орташа мөлшерi 2002 жылдың 1 қаңтарына 4783 теңгенi құрайды, бұл облыс халқының жан басына шаққандағы орташа табысына тең және кедейшiлiк шегiнен 3,6 есе жоғары.
Жалғыз басты аналарды қолдау да осындай отбастары санының төмендiгiнен маңызды әрi масштабты проблема деп қаралмайды. Жалпы толық емес отбастары барлық балалы отбастарының 7%-ын құрайды, оларда халықтың 4%-ы тұрады (жалғыз бастыларсыз).
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау маңыздырақ, өйткенi облыста 22167 мүгедек саналады (халықтың 3,6%-ы), оның iшiнде: ұлы Отан соғысы мүгедектерi - 494 және оларға теңестiрiлгендер - 396 адам, 1 және 2 топтағы мүгедектер - 12984 адам, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар - 2991 адам. Барлық мүгедектер зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алады. Мүгедектердiң жалпы сырқат бойынша алатын мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларының мөлшерi топтарына байланысты 2469-4938 теңге құрайды, бұл кедейшiлiк шегiнен 2,0-3,5 есе артады.
Дегенмен, мүгедектердi жұмыс орындарының тапшылығы жағдайында әлеуметтiк сауықтыру мен еңбекке орналастыру проблема болып қалуда. Жыл сайын мүгедектердi еңбекке орналастыру жөнiнде квота белгiленгенiмен, екi жыл iшiнде тек 16 мүгедек қана квота бойынша еңбекке орналасты. Саңыраулар мен зағиптар қоғамының жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарында 127 мүгедек қана жұмыс iстейдi, орташа жалақы 3,9 мың теңгеден 6 мың теңгеге дейiн құрайды.
Мүгедектерге көмек ұйымдастырудың барынша кешендi сипаты бар, онда әртүрлi қолдау формалары мен қаржы көздерi пайдаланылады. Жергiлiктi деңгейдегi мүгедектердiң әртүрлi категориялары қалалық автобус маршруттарында тегiн жүру жөнiнде жеңiлдiктердi пайдаланады, арба (коляска) және санаторий- курорттық емделуге жолдама алуы iшiнара қаржыланады. Мектепке бармайтын мүгедек балалар үйiнде оқу үшiн тоқсан сайын орташа 4730 теңгеге оқу құралдарымен қамтамасыз етiлген. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында 1299 жалғыз басты қариялар мен мүгедектер үйiнде қызмет көрсететiн 9 әлеуметтiк қорғау бөлiмi жұмыс iстейдi.
Мемлекеттiк қолдаумен қатар қоғамдық және демеушiлiк қолдау көрсетiледi.
Мидың сал ауруынан азап шеккен балалар үшiн "Шапағат" сауықтыру орталығы "Ақниет" балалар қоры мен "Харрикейн Құмкөл Мұнай" ААҚ-ның демеушiлiк көмегiмен өз қызметiн қалпына келтiрдi. Республикалық "Бибi ана" қоғамының облыстық филиалы асырауында балалары бар 300 мүгедек ананы бiрiктiредi.
Демеушiлер көмегiмен мүгедек балалар үшiн Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10-жылдығына арналған спартакиада, сондай-ақ, мүгедектердi материалдық және iзгiлiк қолдау жөнiнде басқа да iс-шаралар жүргiзiлдi. Мүгедектерге көмекке халықаралық ұйымдар да тартылады, БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы облыс мүгедектерiне 20 кресло - арба алынды.

1.5

1.5. Халықтың денсаулығы
Халық денсаулығының жағдайы облыс үшiн маңызды проблеманың бiрi болып табылады. Дағдарыстық экологиялық ахуал, таза ауыз судың көпжылдық тапшылығы,табыстардың күрт төмендеуiнен тамақтанудың теңгерiмсiздiгi халық денсаулығының едәуiр нашарлауына әкелдi. Сумен қамтамасыз ету проблемалары iшек инфекциясы мен вирусты гепатиттің жоғары сырқатын қоздырды, гепатит ауруының 20 мың жағдайының 80%-ы балаларға келедi.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлiметтерi бойынша екiқабат әйелдердiң 93%-ы анемиядан (қан аздық) азап шегедi, облыстағы әрбiр екiншi балада рахит пен қан аздық бiлiнген, 60%-ында дене дамуының тежелуi және иммунды жүйесiнiң әлсiреуi байқалған. Бұл балалардың 40-50%-ында назардың шоғырлануының қиындығы мен ақыл-ой жұмыс қабiлетiнiң төмендеуiне әкеледi. Нәтижесiнде балалар мен жастардың едәуiр бөлiгi оқу процесiнде қиындықты бастан кешiредi және лайықты ақы төленетiн жұмыс табуға мүмкiндiк беретiн даярлық алуға қабiлетсiз. Сонымен, кедейшiлiк жаңа ұрпақта үдемелi пайда болады.
Кедейшiлiк пен әлеуметтiк сәттiлiк индикаторы туберкулез ауруының өсуi болды (1993 жылғы деңгейден 2,5 есе), науқастану деңгейi 100 мың адамға 304-ке жеттi.
Экологиялық және су проблемаларының тез шешуi жоқ және үлкен шығынды қажет етедi, сондықтан орта мерзiмдiк перспективада халық денсаулығы жағдайын жақсартудың жалғыз тәсiлi тек қана қаржыландырудың барлық көздерiн - республикалық, облыстық бюджеттердi және басқа көздердi пайдаланып денсаулық сақтау шығындарын көбейту қажет. Мұндай өзара iс-қимылдың нәтижесi мемлекеттiк бюджеттен облыстық диагностикалық орталықты салу және қаржыландыру, ЮНИСЕФ-тiң анемиямен (қан аздықпен) күрес жөнiндегi бағдарламасы болды.
Жергiлiктi денсаулық сақтау органдарын ұйымдастыру мен қаржыландыру облыстық деңгейге жүктелген.
Облыс өз қаражаттары мен өкiлеттiктерi шеңберiнде қойылған мiндеттердi жүйелi шешуде:
- денсаулық сақтауды дамытуға бюджет қаржысының едәуiр бөлiгi бөлiнедi (2000 жылы 2803,2 млн.теңге немесе барлық бюджет шығысының 28%-ы);
- денсаулық сақтау мемлекеттiк мекемелерiнiң қалыптасқан желiсi сақталған (53 емхана, 50 фельдшер-акушер пунктi, 80 фельдшер пунктi, 49 аурухана), ауылдық жерде ең төменгi мемлекеттiк стандартқа сай 15 елдi мекенде медициналық қызмет көрсету қалпына келтiрiлген, бұл негiзiнен ауылдық денсаулық сақтау мекемелерiне қол жеткiзу проблемасын шешуге мүмкiндiк бердi;
- мемлекеттiк мекемелердегi медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнен тыс ақылы медициналық қызмет көрсету дамуда, мемлекеттiк емес емхана мен 4 аурухана жұмыс iстейдi, бұл мемлекеттiк мекемелерде ауыртпалықты азайтуға мүмкiндiк бередi және кедей халық үшiн медициналық қызмет көрсетуге қол жеткiзудi арттырады;
- дәрiгерлер мен орта медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз ету салыстыруға келедi немесе орта республикалық деңгейден артады (10 мың адамға тиiсiнше 27,5 және 90,4).
- Вакцина егу жөнiндегi жұмыс жүргiзiледi, мектеп және мектепке дейiнгi жастағы 95% бала негiзгi инфекцияларға қарсы тегiн егумен қамтылған, жылжымалы 39 егу бригадасы жұмыс iстейдi;
- 1998 жылдан Бүкiл әлемдiк денсаулық сақтау ұйымының туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi стратегиясы iске асырылуда. Бұл "кедейшiлiк ауруын" емдеу толық тегiн.
Бiрақ, барлық бұл шаралар денсаулық қорғаудың қазiргi деңгейiн қолдауға ғана қабiлеттi, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық факторлармен туындаған кешендi проблемаларды шешпейдi. Қаржыландыру көлемi елеулi өспесе халық денсаулығының жағдайы ұзақ уақыт бойы кедейшiлiктi өршiтетiн күрделi проблеманың бiрi болып қалады.

1.6

1.6. Халықтың бiлiмi
Бiлiм беру саласының жағдайы кедейшiлiк проблемасымен өзара тығыз байланысты, өйткенi бiлiм деңгейi мен кәсiби дағдының болуы адамдар табысының деңгейiне, оның әлеуметтiк ұтқырлығына әсер етедi.
Облыстық деңгейде бiлiм беру бюджет шығысының ең үлкен бабы болып табылады (29%), мектептер мен орта кәсiби оқу орындарының оқушылары облыс халқының 26,6%-ын құрайды. Бiлiм беру мекемелерi негiзiнен мұғалiм кадрлермен толық iрiктелген. 90-шы жылдардың ортасында басталған мектептер санын қысқарту процесi тоқтатылды, 2001 жылға олардың саны 290 болды, сондықтан аумақтық жол ашықтық проблемасы Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының шалғай бөлiмдерiнде тұратын шопандардың аздаған балалары үшiн ғана бар. Бұрын олар интернаттарда оқыған, бiрақ интернатта тұрғанына 20% төлем берудiң қажеттiлiгi балалардың кетуiне әкелдi. 20-дан да аз оқушысы бар шағын комплектiлi ауыл мектептерiнде бiлiм сапасы төмен болып қалуда, бұл ауылдық жерде тұратын мектеп бiтiрушiлердiң әлеуметтiк ұтқырлығын қиындатады.
Мемлекет тегiн орта бiлiм алуды жалпы және кәсiби мектептер мен колледждер арқылы қамтамасыз етедi. Кәсiби бiлiм желiсi облыстық барлық аудан орталықтарында сақталған, базалық кәсiби мамандық пен кәсiпкерлiк дағды алуға мүмкiндiк болу үшiн оларға аз қамтамасыз етiлген отбасы балаларын алуға артықшылық берiледi. Бұл соңынан еңбекке орналастыру үшiн өте маңызды, өйткенi жастардың жаппай жұмыссыздығына қарамастан, олардың кәсiбi барлар арасындағы деңгейi елеулi төмен. Одан басқа оқушылар тегiн ыстық тағаммен және стипендиямен қамтамасыз етiледi. Бiрақ, кәсiби мектептерге түскен оқушылардың бәрi бiрдей оқуды аяқтамайды. Мұндай "шығып қалу" бұрын да болған, бiрақ, нарықтық жағдайларда еңбек рыногында бәсекеге қабiлетсiз және жұмысын жоғалтқанда халықтың маргиналды тобына өтудiң жоғары қаупi бар әлеуметтiк ұтқырсыз жастар тобының өсуiне әкеледi. Бiрақ, нашақорлық пен жасөспiрiм жезөкшiлiгi проблемасы облыста өткiр болып отырғанын айту керек.
Аз қамтамасыз етiлген отбасы балаларын қолдау үшiн облыста дененi сауықтыру және тамақтануын жақсарту үшiн каникулда балаларды қабылдайтын мектептер жанындағы интернаттар желiсiн қалпына келтiру басталды. Бiрақ, әзiрге көп емес - аз қамтамасыз етiлген 45 мың баладан 1 мыңнан аз ғана бала интернаттарға қатынайды. Қолдаудың екiншi бағыты - "Жалпыға бiрдей мiндеттi оқу" бағдарламасы, мұның шеңберiнде мектептер мұқтаждарға оқулықтардың, киiм мен ыстық тағамның тегiн жиынтығын бөледi. Бiрақ, қаржыландырудың қазiргi көлемiнде (2001 жылы бұл мақсатқа 27 млн. теңге бөлiнген) бұл бағдарлама мектеп оқушыларының 29% үлесiн құрайтын аз қамтамасыз етiлген отбасы балаларын қамтуы мүмкiн емес.
Бiр жағынан, жоғары оқу орындары мен колледж оқушылары санының байқалған өсуi перспективада кедейшiлiктiң төмендеуiне жәрдемдесуi керек, өйткенi бiлiм жастардың еңбек рыногi қажеттiлiгiне бейiмделуiне көмектеседi. Бiрақ, облыста жұмыс орындарының өткiр тапшылығы соншалықты қалыптасты, жастар бiлiм алғаннан кейiн де ұзақ уақыт жұмыс таба алмайды. Одан басқа, даярлық жүргiзiлетiн көптеген мамандықтар бойынша рынокта сұраныс жоқ. Нәтижесiнде жастар жұмыссыздығы жұмыспен қамтудың ең өткiр проблемасы болып қалуда.

1.7

1.7. Кедейшiлiктiң демографиялық және күшi-қон аспектi

1.7.1

1.7.1. Кедейшiлiктiң тендерлiк аспектi
Қызылорда облысында ерлер мен әйелдердiң өмiр сүру ұзақтығының теңсiздiгi жалпы Қазақстан бойынша салыстырғанда, онша анық көрiнiс алмайды (тиiсiнше 8 және 12 жыл). Облыс деңгейiнде табыстар мен жалақының тендерлiк айырмашылығын статистика органдары бақыламайды, бiрақ, республика бойынша мәлiметтер бұл теңсiздiктi өлшеуге жалпы мүмкiндiк бередi: әйелдер табысы ерлер табысының 75%-ын құрайды. Жұмыспен қамтуда тендерлiк айырмашылықтар аздау көрiнiс тапқан: әйелдердiң жалпы жұмыссыздық деңгейi, ұзақ жұмыссыздық әйелдер үшiн сипаттырақ болса да, ерлерден елеусiз ғана жоғары (тиiсiнше 13,5% және 11,4%). Әйелдер сондай-ақ еңбек рыногында аз бәсекелес: олардың үлесi жалдамалы қызметкерлер арасында бiршама төмен, ал өздiгiнен жұмыспен қамтылғандар арасында жоғары. Экономикалық теңсiздiктiң зардаптары толық емес отбастарында барынша анық, бiрақ, облыста мұндай отбастары көп емес (8%). тендерлiк проблемалардың көптiгiне қарамастан, Қызылорда облысында кедейшiлiктi феминизациялау туралы айту әзiрге ертелеу, өйткенi бұл жалғыз басты кексе әйелдер мен балалары бар аналардан тұратын толық емес нуклеанарлық отбастарының үлкен үлесi бар қоғам үшiн тән.
"Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-қимылдың ұлттық жоспарын" орындау шеңберiнде облыста, бiрiншi кезекте, көпбалалы әйелдердiң, мүгедек әйелдердiң, жұмыссыз әйелдердiң мүддесiн қорғау көзделген. Облыста соңғы жылдары әлеуметтiк саланы дамыту, халықтың осал топтарына нақты көмек көрсету жөнiнде бiрқатар елеулi шаралар қабылданды.
Әйелдердiң саяси өрлеуiмен байланысты iс-шаралар барынша толық орындалуда. Мемлекеттiк қызмет органдарындағы жұмысқа кандидаттар конкурсында 2000 жылы 902 әйел қатысты немесе жалпы қатысқандар санының 52%-ы. Конкурстық iрiктеуден өткен 349 адамның 30%-ын әйелдер құрады.
БҰҰ-ның шағын бизнестi шағын несиелендiру жөнiндегi "Қазақстан әйелдерiнiң мәртебесi және экономикалық өрлеуi" бағдарламасы iске асырылуда. Кәсiпкер әйелдерге жәрдемдесу саласында (Iскер әйелдер қауымдастығы), сондай-ақ, аз қамтамасыз етiлген және әлеуметтiк осал отбасыларын қолдау жобаларында (әйелдердiң ақпараттық орталығы және басқалар) жұмыс iстейтiн облыстағы әйелдердiң үкiметтiк емес ұйымдарының ролi ерекше үлкен.

1.7.2

1.7.2. Кедейшiлiктiң жас аспектi
Салыстырмалы жоғары туып көбеюшiлiк пен көпбалалықтың сақталуы халықтың жас құрылымын бейнелейдi, онда 30 жасқа дейiнгi балалар (36%) мен жастар (28%) өте басым. Кедейшiлiктiң ең өткiр проблемалары отбастарындағы жоғары кереңаулық ауыртпалық себебiнен немесе еңбек рыногында жұмыс орындарының өткiр тапшылығынан осы жастағы топтар үшiн тән қасиет. Бұл проблемалар халықтың қазiргi жылына 1,4% табиғи өсуiнде жұмыс орындарына қажеттiлiк 20-25 жыл iшiнде өсетiн болатындықтан ұзақ мерзiмдi сипат алады. Кексе халық саны аз (7%) және кедейшiлiк шегiнен артатын зейнетақымен толық қамтамасыз етiлген.

1.7.3

1.7.3. Кедейшiлiктiң күшi-қон аспектi
Облыста тұрғылықты халықтың Қазақстандағы ең үлкен үлесi бар (90%-дан астам). Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға жаппай келу процесi байқалуда, бұл әлеуметтiк шиеленiсушiлiктiң ұлғаюына әкелдi. 90-шы жылдардан бастап байырғы емес ұлт халықтарының жақын және алыс шетел елдерiне қоныс аударуы есебiнен күшi-қонның терiс сальдосы сақталуда. Халықтың кетуiнiң себептерi әлеуметтiк-экономикалық жағдайының нашарлауы мен жұмыссыздықтың тереңдеуiнен, экологиялық проблемалардың асқынуы болып табылады. Бiрақ, басқа облыстармен салыстырғанда күшi-қон кету коэффициенттерi үлкен емес (6 промилле) және күшi-қонның төмендеу тенденциясы бар.
Облыста жақын және алыс шетелдерден келген оралмандардың 483 отбасы (1889 адам) тұрады. Олар қажеттi мемлекеттiк көмекпен қамтылған (құжаттарын рәсiмдеу, азаматтық, тұрғын үй, жер учаскелерiн алу көмегi). Әлеуметтiк жағдайы бойынша оралмандар қоғамның кедей тобына жатады, олар бейiмделу процесiнде мемлекет көмегiмен кәсiпкерлiк қызметпен және фермерлiкпен айналысуға тырысады.

1.7.4

1.7.4. Қоғамның маргиналдi тобы және кедейшiлiк
Үйсiз жалғыз басты азаматтар проблемалары мен панасыздық проблемаларын шешу үшiн арнайы мемлекеттiк мекеме өз қызметiн жүзеге асырады. "Қайырымдылық" үйi жалғыз басты қариялар, жалғыз басты мүгедектер үшiн әлеуметтiк көмектi қамтамасыз етедi. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталығы құрылды.
Қаңғыбастықпен күрес мақсатында құжатсыз және тұрақты тұрағы жоқ азаматтарды ұстау үшiн қабылдау-бөлу ұйымы жұмыс iстейдi. Бұл мекемеге негiзiнен "әлеуметтiк түбiне бату" топтарының өкiлдерi түседi (қаңғыбастар, қайыршылар, кезбелер). Қабылдау бөлу мекемесiнде 754 адам тұрады, оның 287-сi құжатсыз және тұрақты тұрағы жоқ, 2 қартайған адам "Мейiрбандық" үйiне орналастырылады.

1.8

1.8. Кедейшiлiктiң экологиялық аспектi
Қоршаған орта мен кедейшiлiк арасында барынша орнықты байланыс сақталады. Облыс халқы өмiрiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайлары бұрынғы уақытта да Қазақстандағы ең нашары ретiнде сипатталған. Арал теңiзiнiң кебуiне және облыс аумағында Байқоңыр ғарыш айлағының пайдаланылуына байланысты экологиялық ахуалдың соңғы 15-20 жылда өте нашарлауы адамдардың жағдайы мен олардың өмiр сүру деңгейiн одан әрi күшейттi.
Аймақтың табиғи-экологиялық жағдайлары оның әлеуметтiк-экономикалық дамуына елеулi әсер етедi. Халқының үштен екiсi қыстақтар мен ауылдық жерде тұратын Қызылорда облысында 278 мың га суармалы жер ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң негiзi болып табылады. Жыл сайын топырақтың барлық жерде тұздануы мен жерасты сулары, жердiң құнарсыздануының жалғасуы салдарынан 10-15% суармалы жер айналымнан шығып қалады. Арал өңiрiнiң оңтүстiк бөлiгiндегi шүлейттену нәтижесiнде 20-25% жайылымдық жарамсыз күйге келдi.
Қазiргi уақытта 55% суармалы жер пайдаланылмайды, бұл ауылдық жердегi халықтың жұмыспен қамтылуының және табыстарының төмендеуiне әкелдi.
Арал теңiзiнiң құрғауы, оның алаңы 52%-ға қысқарды, ал тұздылығы 30-35%-ға көбейдi, сондай-ақ, жайылма көлдер санының 3 мыңнан 123-ке дейiн қысқаруы Арал және Қазалы аудандары тұрғындары үшiн бұрын негiзгi қызмет түрi болған балық аулау кәсiбiнiң, балық өсiрушiлiк пен балық аулаушылықта жұмыспен қамтудың қысқаруына әкелдi.
Орасан зор жатып қалған тұзбен шаңы бар бұрынғы теңiз табанының (70 шақырым) айтарлықтай жақын орналасуы оларды шекаралас аумақтар мен "Байқоңырдың" iске қосылған алаңына шығарудың тоқтаусыз процестерiне мүмкiндiк туғызады. Зымыран тасушыны шығару 5 күннен 8 күнге дейiн созылатын шаң дауылымен қоса жүредi, осы кезеңде атмосфера ауасында топырақ шаңы мен тұзды тастамалар 60-80 шектi мүмкiн нормаға жетедi. Арал өңiрiнде қалыптасқан апаттық санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жұқпалы аурулардың тым жоғары деңгейiмен, онкологиялық, аллергиялық аурулардың артуымен сипатталады, бұл демографиялық ахуалға аса қолайсыз бейнеленедi.
Ауыз судың тапшылығы мен нашар сапасы аймақтағы ең өткiр әлеуметтiк проблеманың бiрi болып табылады. Қызылорда облысында әрбiр ауыл тұрғыны күнiне орташа 15 литр ғана су алады (республика бойынша күнiне 125 литр). Ауыз су ешқандай санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейдi.
Гидрохимиялық көрсеткiштер нәтижесi көрсеткендей, өзеннiң төменгi ағысындағы нитрит азот сульфаттарының орташа жылдық шоғырлануы, мыс 2-2,5 ПДК-ге жетедi. Мұнымен қатар облыс тұрғындарының жартысынан көбi суды ешқандай тазалаусыз пайдаланады. Арал өңiрi халқының ширегi ғана су құбырлары суын тұтынады, қалғандары ашық су айдындарын пайдалануға мәжбүр. Нәтижесiнде өткiр экологиялық проблемалар табиғи ресурстардың халық үшiн қол жетуiн төмендетедi және кедейшiлiк масштабын ұлғайтуға, облыста әлеуметтiк шиеленiстiң өсуiне әкеледi.

1.9

1.9. Кедейшiлiктiң аймақтық ерекшелiктерi
Қызылорда облысы республиканың аумағы бойынша ең iрi және халқы аз орналасқан аймағына жатады. Облыстың аумақтық құрылымының ерекшелiгi жалғыз ғана iрi қаласы - Қызылорда мен шағын қалалар (Арал және Қазалы) мен қыстақтардың сирек желiсi болуы. Қала халқының үлесi 60%-ды құрайды, бiрақ, қала түрiндегi Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Шиелi, Жаңақорған қыстақтары өмiр сүрудi қамтамасыз ету деңгейi және еңбек қызметiнiң сипаты бойынша ауыл тұрғындарынан айырмасы жоқ. Бұдан шығарып, негiзiнен облыс халқының үштен екiсiн ауыл тұрғындарына жатқызуға болады. Облыс аудандары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы бойынша бiр деңгейде, табыстары, жұмыспен қамтуы, қызмет көрсетумен қамтамасыз етуi және басқа көрсеткiштерi бойынша айқын саралау жоқ.
Ауыл халқы табысының (орта жалақы қаладан 1,5 есе төмен), жұмыспен қамтамасыз етiлуiнiң, сапалы бiлiмге, денсаулық сақтау қызметiне қол жеткiзуiнiң деңгейi өте төмен, тұрғын үй жағдайлары нашар, коммуналдық қызмет негiзiнен жоқ. Барлық осы проблемалар ауыл қоныстарының бытыраңқылығынан, автомобиль жолдары мен телефон байланысының нашар жағдайымен шиеленiсуде. Ауыл балаларына дене дамуының артта қалушылық, қан аздығымен сырқаттану, асқа жарымау, жоғары нәрестелiк өлiм-жiтiм тән. Ауылдың өмiр сүруiнiң экономикалық негiздерi өте тұрақсыз. Қызылорда облысы табиғи-климат жағдайлары бойынша қауiптi егiн шаруашылығы аймағына жатады, су тапшылығынан негiзгi ауыл шаруашылығы дақылдары өндiрiсi мен мал басы қысқаруда. Ауыл шаруашылығындағы реформалар әзiрге күтiлген экономикалық өсудi бермедi. Дағдарыстан өздiгiнен шығуға қабiлетсiз шаруа қожалықтарының үлкен шашыраңқылығы байқалады. Ауыл шаруашылығын несиелендiру кепiлдiк мүлкiнiң өтiмсiздiгiнен күрделенуде, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер екiншi деңгейдегi банктер үшiн кепiл ретiнде тартымсыз.
Экономикасы дағдарысқа ұшыраған аудандар. Арал және Қазалы аудандары ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 мамырдағы № 561 P990561_ қаулысына сәйкес экономикасы тоқырауға ұшыраған аудандар тiзбесiне енген. Бұл аудандарда халықты әлеуметтiк қорғау, өмiр сүру деңгейi, кедейшiлiк пен жұмыссыздық проблемалары экологиялық жағдайдың асқынуының жалғасуымен тереңдеуде.
Бұл аудандар үшiн қоршаған орта жағдайын жақсарту, жергiлiктi ресурстарды пайдалану есебiнен экономиканы түбегейлi қайта жаңғырту, сондай- ақ, тұрғын халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын көтеру үшiн материалдық негiз жасау жөнiнде шұғыл шаралар қабылдау басымдықтары алға шығады. Әрбiр ауданда бiрiншi кезекте көмек көрсету мақсатында экономикасы тоқырауға айналған үш ауылдық округ айқындалған. Тоқырағандар iшiнде еңбекке қабiлеттi жастағы жастардың, халықтың кетуi салдарынан жұмыспен қамту проблемалары барынша өткiр тұрған бұрынғы мал шаруашылығы шаруашылықтары бар. 2001 жылға тоқыраған ауылдық округтердi қаржыландыруға 17,35 млн. теңге қаралған. Әрбiр елдi мекен бойынша практикалық көмек көрсету жөнiнде облыстық масштабтағы басшылар iшiнен жетекшiлер айқындалған. Әлеуметтiк маңыздағы объектiлердi қалпына келтiру,абаттандыру және ауыз сумен жабдықтау мәселелерiн шешу, автомобиль жолдарын, мектептердi, ауруханалар мен клубтарды жөндеу жөнiндегi шаралар қаралған.

1.10

1.10. Кедейшiлiктiң инфрақұрылымдық аспектi

1.10.1

1.10.1. Халықты тұрғын үймен және коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң жоғары бағалары халықтың, әсiресе аз қамтамасыз етiлгендердiң тұрмыс деңгейiнiң төмендеу себептерiнiң бiрi болды. Статистика органдарының мәлiметтерi бойынша халықтың ақшалай табысының 38%-ы қызмет ақысын төлеуге шығындалады, негiзгi бөлiгi тұрғын үй мен коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге кетедi. Бұл проблема әсiресе қалаларда өткiр: жақсы жабдықталған үйi бар қала тұрғындарының қызметке шығынының үлесi ауыл тұрғындарынан екi есеге жуық көп.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң жоғары тарифтерi мен бағалары негiзгi энергия ресурстарының аймақтан тыс жерлерден келуiне байланысты. Жылуға белгiленген тарифтер республика бойынша ең жоғары болып табылады, электр энергиясы тарифтерi халықтың жан басына шаққандағы табысы 2-3 есе жоғары Астана және Алматы қалаларының деңгейiнде тұр. Әзiрге облыста тұрғын-үй коммуналдық қызметпен жабдықтаушы бәсекелiк орта жасалған жоқ.
Халықты қолдаудың негiзгi тетiгi өтемақы болып қалуда. Бұрын бюджет халықтың коммуналдық қызметке шығындарының бөлiгiн ҚР-ның "Арал өңiрi туралы" заңы негiзiнде өтеген едi, бiрақ, қазiр оның iс-әрекетi тоқтатылған. Соңғы жылдары жергiлiктi бюджеттен жылуға 40% мөлшерiнде демеуқаржы енгiзiлген едi, жергiлiктi үкiмет тарифтi төмендету үшiн 236,2 млн. теңге бөген. Нақтысында халық жылытудың нақтылай құнының 48%-ындай ғана жылуға төлейдi, бiр отбасына өтем төлеу 15 мың теңгедей болады. Соңғы уақытқа дейiн өтемақы табыстарына қарамастан барлық отбастарына бөлiнген, бұл бюджетке түсетiн салмақты ұлғайтқан едi.
Екiншi тетiк-тұрғын үй жәрдемақысын төлеу, бұның барынша атаулы көрiнiсi бар. 1999-2000 жылдары бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 118,5 млн. теңге немесе кедейшiлiк шегiнен төмен табыстары бар халыққа көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң 48,5%-дан астамы бөлiнген.
Бiрақ, проблеманы түбегейлi шешу "Арысқұм иiнiнiң Оңтүстiк Торғай ойпатындағы мұнай-газ кенiштерiндегi табиғи және iлеспе газдарды кешендi пайдалану" жобасын iске асырғанда ғана мүмкiн. Алдын ала есептеулер бойынша энергияның газ көздерiне көшкенiнде электр энергиясының, жылу энергиясының, газдың және судың бағалары мен тарифтерi екi еседей қысқарады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша облыс Қазақстанда соңғы орынды алады (бiр адамға 13,7 шаршы метр жалпы алаң), сонымен қатар, халықтың көпшiлiгi төмен табыстары болғандықтан тұрғын үй сатып алуға немесе құрылысқа несие алуға мүмкiндiгi жоқ. Соңғы бiрнеше жылда облыста пайдалануға берiлген тұрғын үй көлемi қолда бар тұрғын үй қорының шамамен 0,5%-ын құрайды және жарамай қалған ескi және апаттық жағдайдағы тұрғын үй қорының орнын өзерге толтырады.
Тұрғын үй құрылысының осындай қарқынында тұрғын үй қорының ескiруi мен тозығы жетуi және ұзақ жылдар халықтың өте қолайсыз тұрғын үй жағдайларының сақталу қаупi шындық.
Қызылорда облысында, сондай-ақ, тұрғын үй қорын абаттандыру ең төменгi деңгейде. Орталық жылумен, су құбырымен және канализациямен қамтамасыз етiлген үйлерде тұратын үй шаруашылығының үлесi 23-26%-ды ғана құрайды (Қазақстан бойынша орташа 57-67%), ыстық сумен облыс үй шаруашылығының 5%-ға жуығы жабдықталған. Жалпы тұрғын үй проблемалары кедейшiлiктiң елеулi масштабы мен облыс тұрғындарының әлеуметтiк шек қоюдың сақталуына елеулi үлес қосады.

1.10.2

1.10.2. Халықты сумен, оның iшiнде таза ауыз сумен қамтамасыз ету
Ауыз сумен жабдықтау проблемалары тұрғын үй проблемасынан өткiрiрек. Арал өңiрi халқының ширек бөлiгi ғана су құбырларының суын тұтынады, көпшiлiгi ашық су айдындарын пайдалануға мәжбүр. Қызылорда облысында әрбiр ауыл тұрғыны күнiне орташа 15 литр су ғана алады (республика бойынша - күнiне 125 литр), көптеген қоныстарға оны ондаған шақырымнан тасиды.
Коммуналдық су құбырлары желiсi мен сутартқы құрылыстары тозған, халқы су құбырлары суымен 30-40% ғана қамтамасыз етiлген Жосалы және Жаңақорған қыстақтарындағы су құбырлары желiсiн қайта жаңғырту шешiлмеген проблема болып қалуда. Ауылдық су құбырлары желiсi иесiз жағдайда қалған, оларға техникалық қызмет жасау мен пайдалану проблемасы шешiлмеуде. Үздiксiз хлорлау көлемi тым төмендедi, бұл ауыз судың сапасына әрi тиiсiнше халық денсаулығына әсер етедi.
Бүгiнгi күнi Қызылорда қаласы Қазақстан Республикасында ағынды суларды биологиялық тазалау құрылысы жоқ жалғыз ғана облыс орталығы болып отыр. Облыстың солтүстiк бөлiгiндегi сумен жабдықтаудың байқалған жақсаруы Арал-Сарыбұлақ су құбырын iске қосуға байланысты, бiрақ ауыз судың жоғары құны (текше метрi 74 теңге, салыстыру үшiн Қызылорда қаласында текше метрi 20 теңге) Арал және Қазалы аудандарының көптеген тұрғындары үшiн қолайсыз болуда.
Су проблемаларын шешуге Қызылорда облысының 2001-2005 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары жобасына сәйкес облыс әкiмiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру шеңберiнде әзiрленген облыстық "Таза су" бағдарламасы бағытталған. Бiрақ, сумен жабдықтаудың ұзақ жылдар бойы жинақталған проблемаларының тереңдiгi Қазақстанның мемлекеттiк бюджетiнен едәуiр көп қаржыландыру көлемiн және халықаралық ұйымдар көмегiн қажет етедi.
Бақшалықтар мен жеке үй iргелiк шаруашылықтардың жер учаскелерi тиiстi аяқ сумен және суару жүйесiмен жиi қамтамасыз етiлмейдi, каналдарды тазалау едәуiр қаражатты қажет етедi. Сондықтан, жер учаскелерiнiң болуы барлық жағдайларда, әсiресе ауыл тұрғындары үшiн табыс алуға мүмкiндiк бермейдi.

1.10.3

1.10.3. Халықты жолмен, көлiкпен, байланыс қызметiмен қамтамасыз ету
Көлiк инфрақұрылымын дамыту халықтың ұтқырлығының өсуi үшiн жағдайлар жасайды және жұмыс iздеу мүмкiндiгiн кеңейтедi, сонымен кедейшiлiктi қысқартуға жәрдемдеседi. Одан басқа, аумақты инфрақұрылымдық жайластырудың инвесторлар үшiн әрқашан үлкен тартымдылығы бар.
Қиын табиғи-климат жағдайлары мен халық аз қоныстанғандықтан Қызылорда облысы көлiк инфрақұрылымының дамуы ең төменгi деңгейдегi облысқа жатады. Қатты жабуы бар автожолдармен қамтамасыз етiлуi елдегi ең төменгi аймақ-10 мың шаршы шақырымға 115 шақырым. Автомобиль жолдары басымдылық болып табылады, ол көптеген елдi мекендер үшiн жүк және жолаушы тасымалдауды жүзеге асыратын бiрден-бiр қатынас құралы.
Облыс аумағынан өтетiн және Орталық Азияны Ресей аудандарымен байланыстыратын жалғыз темiржол желiсi маңызды роль атқарады. Бiрақ, соған қарамастан елiмiз астанасымен тiкелей темiржол байланысы жоқ.
Телекоммуникация мен телехабар қызметiнiң қазiргi спектрiне халықтың көп бөлiгiнiң қолы жетпейдi. Байланыс қызметiмен қамтамасыз ету оның қымбаттылығына байланысты ауылдық жерде өте төмен, көбiнесе тек ауыл округi әкiмдерiнiң телефон байланысы бар, ал, фельдшер-акушер пункттерi сияқты объектiлерге телефон құрылмаған.
Жалпы көлiк инфрақұрылымы мен байланыс қызметi дамуының төмен деңгейi инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға және кедейшiлiк деңгейiн төмендетуге мүмкiндiк туғызбайды. Инфрақұрылым дамуы капиталды көп қажет етедi және орта мерзiмдiк кезеңде Қызылорданы ел астанасымен байланыстыратын республикалық маңыздағы жалғыз ғана автожол салу көзделген. Облыстық бюджет мүмкiндiктерi тек жергiлiктi жолдардың қалыпты жағдайын қолдауға мүмкiндiк бередi, республикалық маңыздағы жолдарды ұстау жөнiндегi шығындарды мемлекеттiк бюджет көтередi.

1.11

1.11. Кедейшiлiк деңгейiн төмендетуде қоғамдық институттардың ролi

1.11.1

1.11.1. Мемлекеттiк органдар ролi
Облыстық мемлекеттiк органдары өздерiнiң функциялары шеңберiнде тiкелей немесе жанамалай кедейшiлiк проблемасын шешетiн жергiлiктi атқарушы органдармен көрсетiлген. Қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта бизнес пен кәсiпкерлiктiң дамуы, ауылда халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, ұйымдарға жұмыс орындарының төменгi санын (квота) белгiлеу, шағын несиелендiру үшiн қолайлы жағдайлар жасалуда, денсаулық сақтау,бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру саласында мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде бюджет жоспарлануда, қоғамдық инфрақұрылымының жұмыс iстеуi қамтамасыз етiлуде, барынша осал еңбекке қабiлетсiз азаматтардың мақсатты категорияларын тiкелей әлеуметтiк қамсыздандыру жүзеге асырылуда.
Облыста кедейшiлiк пен жұмыссыздықты жеңу жөнiндегi бағдарлама әзiрленiп, iске асырылуда, халықты қоғамдық жұмыстарға тарту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар қабылданды. Мұндай бағдарламаларды олардың iске асырылуына жауапкершiлiк алатын барлық деңгейдегi әкiмдер жасады.
Қолда бар бюджеттiк қаржыландыру мүмкiндiктерi әлеуметтiк көмек көрсетудi шектейдi, ауыл әкiмдерiнде кедейшiлiк проблемасын шешу үшiн ресурстар жоқ, өйткенi, мұндай проблемалар ауыл, қыстақ деңгейiнде шоғырланса да, олардың өз бюджеттерi жоқ.
Жергiлiктi атқарушы органдар екiншi деңгейдегi банктермен бiрлесiп шағын бизнес жобаларын бюджеттiк жеңiл несиелендiрудi жүзеге асырады. Мысалы, шағын бизнестi дамытуға жергiлiктi бюджеттен 85,0 млн. теңге бөлiнген. Жергiлiктi бюджеттiң 2000 жылғы әлеуметтiк қамсыздандыруға шығысы 1005,2 млн. теңгенi, әлеуметтiк көмекке - 780,2 млн, теңгенi құрады.
Оның iшiнде:
Балалары бар отбастарына жәрдемақы- 367,1 млн. теңге,
Тұрғын үй жәрдемақылары - 101,4 млн. теңге,
Бала туғандағы бiржолғы жәрдемақы-11,0 млн. теңге,
Жерлеуге - 4,9 млн. теңге,
Жұмыссыздарға материалдық көмек- 43,7 млн. теңге,
Жұмыспен қамту бағдарламасына (қайта оқыту және қоғамдық жұмыстар) - 63,6 млн. теңге.
Республикалық бюджеттiң Қызылорда облысы бойынша зейнетақы төлеуге шығысы 3096 млн. теңге, жәрдемақы төлеуге - 2385 млн. теңге болды.

1.11.2

1.11.2. Үкiметтiк емес ұйымдар ролi және жеке сектор ролi
Осы кезде дейiн жергiлiктi атқарушы органдардың үкiметтiк емес ұйымдармен қарым-қатынасы аз болды. Облыстағы үкiметтiк емес ұйымдар саны 60-тан асты, экологиялық проблемалар масштабына байланысты олар экология саласында ең көбi және белсендiрек.
Облыста олар төмендегi бейнеде көрсетiледi:
Дәулетсiз азаматтарды қолдау қоры, "Шағын несие" Үкiметтiк емес ұйымы, Халықаралық үкiметтiк емес ұйымдар.
Демеушiлер.
Олардың iс-әрекетi жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, шағын несиелендiруге, қайырымдылыққа, халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын
Әлеуметтiк қорғауға, экологияны қорғауға және басқаларға бағытталған. 2000 жылы барлығы 96,0 мың дәулетсiз азаматқа 85,6 млн. теңге сомасына қайырымдылық көмегi көрсетiлген, оның iшiнде, Қызыл крест және Қызыл жарты ай 71,8 мың адамға 55,5 млн. теңге сомасында iзгiлiк көмектi азық-түлiк ретiнде таратты, ұйымдар, мекемелер,шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен фирмалар есептi кезеңде 24,2 мың дәулетсiз азаматтарға 29,8 млн. теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсеттi.
2039 азаматқа 4,3 млн. теңге сомасына қайырымдылық түстiгi ұйымдастырылды.

ii

II. Кедейшiлiкпен күрес бағдарламасының мақсаты, мiндеттерi және басымдықтары

2.1

2.1. Мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - облыс халқының кедейшiлiк деңгейiн халықтың еңбек әлеуетiн барынша толық пайдалануға, әлеуметтiк осал топтарды қолдауға және кедейшiлiктiң әлеуметтiк-демографиялық, экологиялық және инфрақұрылымдық факторларын азайтуға бағытталған шаралар кешенiн iске асыру, халықтың денсаулық сақтау және бiлiм қызметiне қол жеткiзуiн жақсарту, шешiмдердi қабылдау процесiне қоғамдық институттарды тарту жолымен төмендету.
Бағдарламаның мiндеттерi:

1

1. Қаржы және ұйымдық ресурстарды шоғырландыру және барынша тиiмдi пайдалану үшiн кедейшiлiкпен күрестiң басымдық бағыттарын айқындау.

2

2. Кедейшiлiк проблемаларын шешудiң кешендi ведомствоаралық тәсiлiн iске асыру.

3

3. Экономикалық, әлеуметтiк және демографиялық мүмкiндiктерi мен шектеулерiн ескере отырып халықтың еңбек әлеуетiн барынша толық пайдаланудың орта мерзiмдiк перспективаларын бағалау.

4

4. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн халық табыстарының деңгейiн барынша толық есептеу және аз қамтылған отбастарын бөлу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.

5

5. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң барынша тиiмдi әдiстерiн айқындау және оларды iске асыру үшiн қажеттi шаралар кешенiн ендiрудiң мүмкiндiктерi мен шарттарын талдау.

6

6. Облыстың қаржы мүмкiндiктерiн ескерiп және үкiметтiң республикалық органдары қаржыландыратын шараларды үйлестiрiп, кедейшiлiктiң терiс экологиялық және инфрақұрылымдық факторларының әсерiн төмендету үшiн қажеттi бiрiншi кезектегi шараларды бағалау және айыру.

7

7. Кедейшiлiкпен күрестiң iшкi аймақтық саясатын iске асыру үшiн басымдық бағыттарды айқындау (қалалар мен аудандар бойынша).

8

8. Кедейшiлiкпен күрес жөнiнде мемлекеттiк органдардың, бизнестiң, үкiметтiк емес және халықаралық ұйымдардың iс-қимылын үйлестiрудi күшейту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.

9

9. Шағын бизнестiң үдемелi және сапалы дамуын қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың жария табыстарын және қалалық және ауылдық жерлердегi кедейлер мүддесiне отандық өндiрiстiң бәсекеге қабiлетiн көтеру.

10

10. Кедейлердiң, балалардың осал топтарының, қартайған адамдардың және ұзақ жұмыссыз жүргендердiң мүддесiне денсаулық сақтау, бiлiм секторында мемлекет кепiлдеген қызметтiң тиiмдiлiгi мен қол жеткiзуiн арттыру.

2.2

2.2. Басымдықтар
Бағдарламаның бiрiншi бөлiгiнде кедейшiлiк бейiнiн талдау ең маңызды басымдықтарды айқындауға мүмкiндiк бередi:
Жұмыспен қамтудың өсуi - еңбекке басы артық халқы бар аймақта жұмыссыздықты төмендетпей табыстардың өсуi мен кедейшiлiк деңгейiнiң қысқаруы мүмкiн емес. Жұмыспен қамтудың өсуi үшiн шағын бизнестi шапшаң дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсiпкерлер мен облыста инвестициялық ахуалдың жақсаруына жауап беретiн мемлекеттiк басқару органдары қызметiн барынша кеңiрек үйлестiру, өздiгiнен жұмыспен қамтылғандарға жәрдемдесу және шаруа қожалықтарының тауарлылығы өсу үшiн жағдайлар жасау қажет.
Балалар кедейшiлiгiн төмендету (балалары бар аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтiк көмек) - облыс халқының ең кедей тобы балалар болып табылады, тамақтану мен экология проблемаларынан олардың денсаулығы күрт нашарлады. Бұл проблемаларды шешпейiнше кедейшiлiк келесi ұрпақтарда да кеңiнен пайда болады. Балалар кедейшiлiгi көпбалалықпен ғана емес, ата-аналарының жұмыспен қамтылмауына (немесе төмен табысты өздiгiнен жұмыспен қамтылуына) тығыз байланысты, сондықтан белгiленген басымдықтар өзара байланысты. Сонымен қатар, балалар кедейшiлiгi проблемалары халықтың әлеуметтiк осал топтарының ғана проблемалары болып табылмайды, облыста балалары бар отбастарының 7%-ы ғана толық емес болып табылады, ал балалар арасындағы кедейлер үлесi 38%-ға жеткен.
Сумен қамтамасыз етудi жақсарту (ауыз су мен аяқ су) - ауыл халқының жұмыспен қамтылуы мен табыстарының өсуiне, балалар денсаулығының жақсаруына тiке әсер етедi, бiрақ бұл барлық деңгейдегi үкiмет органдарының iс-қимылын үйлестiрудi, халықтың жергiлiктi бiрлестiктерiн өздiгiнен ұйымдастыруды (LОСАL СОММU№IТIЕS), халықаралық ұйымдар көмегiн қажет ететiн, барынша капиталды қажет ететiн және ұзақ шешiлетiн проблема.
Ұйымдық және қаржылай өзара iс-қимылды жақсарту - бағдарламаны iске асырудың барынша жоғары тиiмдiлiгiне қаржыны елеулi көбейтпей- ақ жетуге мүмкiндiк беретiн басқару мiндетi. Оған ведомствоаралық үйлестiру жолымен мемлекеттiк басқаруды оңтайландыру, қайырымдылық және қайтарымды негiзде бизнестi тарту, үкiмет пен бизнестiң өзара iс-қимылын жақсарту, үкiметтiк емес және халықаралық ұйымдардың бытыраңқы күш-жiгерiн үйлестiру, жергiлiктi қауымды экономикалық өмiр сүруге оқыту және өзара қолдау жүйесiн жасау сияқты шаралар кiредi.

iii

III. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi

3.1

3.1. Кедейшiлiк деңгейiн бағалау тетiктерiн жетiлдiру

1

1. Отбастарының әлеуметтiк картасын жүргiзудi ұдайы жаңалау және компьютеризациялау, оны кедейшiлiк туралы ақпараттың құжаттамалық көздерiнiң бiрiне айналдыру.

2

2. Әлеуметтiк карталар мәлiметтерiн жүйелеу, отбасы түрлерi бойынша топталған жан басына шаққандағы табыстардың жеке есептерiн толықтыру (көпбалалы балалары бар толық емес отбастары, жұмыссыз отбастары, мүгедек балалары бар отбастары және т.б.). Мәлiметтердiң мұндай жүйеленуi тоқырау кедейшiлiгiнде болған, әсiресе табыстарының барлық түрiнiң дәл есебi қиын қалаларда, барынша мұқтаж отбасы түрлерiн айқындауға мүмкiндiк бередi.
Категориялық принцип жетiспейтiн табыс есебiне қосымша ретiнде қысылшаң жағдайда нақты түрде көмек көрсету үшiн (ыстық тамақ және басқа) немесе көмек көрсетуге бюджет тапшылығы туындағанда көмек қажет ететiн жағдайларда пайдаланылуы мүмкiн.

3

3. Отбасының жұмыс iстейтiн мүшесiнiң табыс мөлшерiн анықтау үшiн салық инспекциясы мәлiметтерiн тарту.

4

4. Тұрғын үй жәрдемақысының едәуiр мөлшерiнде оларды атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш берген отбастарының жиынтық табыстарында ескеру ұсынылады.

5

5. Пилоттық бағдарлама шеңберiнде эксперимент ретiнде Армения мен Коми республикасында (РФ) мақұлданған схема бойынша отбасының еңбекке қабiлеттi жастағы жұмыс iстемейтiн мүшелерiнiң табыстарын бағалау әдiсiн пайдалану ұсынылады. Бұл әдiс бойынша еңбекке қабiлеттi жұмыс iстемейтiндер (мектепке дейiнгi жастағы балалары бар аналарды және еңбекке қабiлетсiздердi, мүгедектердi күтушi басқа адамдарды алып тастағанда), егер олар жұмыссыз ретiнде тiркелмесе, жан басына шаққандағы табысты бағалағанда атаулы әлеуметтiк көмек алуға талаптанған отбасы мүшелерi есебiнен алынып тасталады немесе жұмыс iстемейтiндердiң еңбек әлеуетi құны ең төменгi жалақы деңгейiнде ғана үстеме бағаланады.

6

6. Жеке қосалқы шаруашылықтан табыстарын өлшеу өте күрделi проблема болып табылады. Облыс үшiн пилоттық жоба шеңберiнде егiн шаруашылығы учаскелерiнен табысты үстеме бағалау әдiстерiнiң бiрiн сынап құру ұсынылады.
Бiрiншi әдiс аяқ сумен қамтамасыз етiлген учаскелерден табыстарды бағалайды. Жер учаскелерi туралы мәлiметтер әлеуметтiк төлқұжатта тұрады, аяқ сумен қамтамасыз ету дәрежесiн барлық ауылдық елдi мекендердi 3-4 категорияға бөлiп бағалауға болады. Үстеме бағалау мөлшерi участке көлемiне және елдi мекеннiң сумен қамтамасыз етiлу категориясына байланысты болады. Есептiң негiздiк бiрлiгi ретiнде қоғамдық шаруашылықтағы 1 га егiстiк жердегi егiн шаруашылығы өнiмiнiң орташа құны көрсеткiшiн пайдалануға болады. Екiншi әдiс - 6 соткадан кем емес мөлшерде пайдаланатын жер учаскелерi бар отбастарының табыстарын ҚР Статистика жөнiндегi агенттiгi есептеген жеке қосалқы шаруашылық табыстарының орташа көлемiне үстеме бағалау (қазiр жеке қосалқы шаруашылық табыстары облыстың барлық ауыл тұрғындары табысының 19%-ын құрайды, жалпы Қазақстанның ауыл халқы бойынша - 30%).

7

7. Жеке қосалқы (шаруа) шаруашылығында малы бар ауыл халқы үшiн табысты үстеме есептеу мөлшерiн мал санына байланысты жеке тұрғыдан қарау ұсынылады, өйткенi, қолданып жүрген үстеме есептеу (6 төменгi есептiк көрсеткiш) мүйiздi iрi қара малының саны аз болғанда нақты алатын табыстан жоғары. Үстеме есептеу мөлшерiн азайту, әсiресе экологиялық апаттағы солтүстiк аудандар үшiн маңызды (Арал, Қазалы).

8

8. Жалпы табыстарды бағалау барынша заңды түрде қалыптасқан болуы керек, кiмге атаулы көмек берудi шешу құқығын учаскелiк комиссиялар билiгiне салып беруге болмайды. Армения тәжiрибесi пiкiрлер қақтығысын шешу үшiн облыс деңгейiнде атаулы көмек қоры көлемiнiң азғантай бөлiгiн кейiнге қалдыру қажет екендiгiн көрсетедi. Ол қаржыны кiм нақты кедей, бiрақ, қолданылып отырған әдiс бойынша ол категорияға кiрмеген, өйткенi өте жақсы әдiстер жоқ, сол адамдарға көмек туралы мәселелердi шешетiн келiсiм комиссиясы жұмсайтын болады.

3.2

3.2. Экономикалық өсу және кедейшiлiк төмендеуi

3.2.1

3.2.1. Шағын бизнес дамуы

1

1. Жақсы көлiк қатынасы мен өткiзу мүмкiндiктерi бар қалалар мен аудан орталықтарында, iрi ауылдарда, бiрiншi кезекте, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеудi несиелендiру, бұл шағын бизнес дамуы үшiн жақсы жағдайларды және несиелердiң қайтарымын қамтамасыз етедi.

2

2. Жергiлiктi үкiмет органдары балансындағы бос тұрған және тиiмсiз пайдаланылатын үй-жайларды сүт және ет өңдеу, қауын кептiру және басқа жөнiндегi шағын өндiрiстердi ұйымдастыру үшiн беру.

3

3. Барынша перспективалық бағыттардың бiрi ретiнде жергiлiктi минералдық ресурстардан тұрғын үй құрылысы мен құрылыс материалдарын шығаруда шағын бизнестi несиелендiру.

4

4. Арал және Қазалы аудандарында балық өңдеу жөнiндегi шағын цехтарды несиелендiру, мемлекеттiк несие ресурстары мен Данияның демеушiлiк көмегiн бiрiктiру мүмкiндiктерiн дәйектеу.

5

5. Жол бойы инфрақұрылымы объектiлерiн (кемпингтер, кафе, мотелдер және т.б.) ұйымдастыруда шағын бизнестi дамыту және жалпы пайдаланудағы автожолдарды жағалай жарнама үшiн қажеттi жағдайларды жасау.

6

6. Темiржол стансаларында (Сексеуiл, Арал, Қазалы) өңделген балық өнiмдерiн сату орындарын ашуда шағын және отбасылық бизнеске жәрдемдесу (шағын несиелендiру, өнiмнiң санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан өтуi).

7

7. Үздiгiнен саудамен айналысатындарға, көбiнесе әйелдерге еңбек жағдайларын жақсарту үшiн аз ақыға (электр энергиясына, жылумен жабдықтауға төлем) қалалар мен аудан орталықтарында ғимараттардың бос алаңдарында базарда сауда жасайтындар үшiн шағын қоймалар ұйымдастыру.

8

8. Шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтар өнiмiн өндiру мен өткiзу үшiн ауылда өздiгiнен жұмыспен қамтылғандардың ерiктi бiрiгуiне жәрдемдесу, бұл өндiрушiлер табыстарын көтередi (өйткенi алыпсатарлар өнiмдi демпингтi баға бойынша алады), өндiрiс көлемiн өсiредi және тасымалдау мен өнiмдi өткiзу саласында жұмыс орындарын жасайды. Мұндай бiрiгу ет және сүт өнiмдерiн өткiзуде барынша тиiмдi.

9

9. БҰҰ Даму бағдарламасы бастаған әйелдердi шағын несиелендiру бағдарламасы өзiнiң тиiмдiлiгiн және несиелер қайтарымының өте жоғары деңгейiн дәлелдедi. Бұл бағдарламаның несиелендiру қоры көлемiн бюджет қаржысы есебiнен толықтыру ұсынылады, мысалы, қоғамдық жұмыстар бөлiмiнен, өйткенi, өздiгiнен жұмыспен қамтудың мұндай формасы бюджет төлейтiн жұмыс орындарын ашудан анағұрлым арзан, мұнымен қатар бiр жұмыс орынын ашудың үлес шығыны бойынша ол көп тиiмдi.

10

10. "Шағын несиелендiру" мемлекеттiк бағдарламасы шағын несиелердi алушылар саны мен қайтарымы жоғары қалаларда барынша табысты. Қалалар мен аудан орталықтары тұрғындарын несиелендiру басымдығын сақтағанда қала маңындағы ауылдар тұрғындарын шағын несиелендiрумен қамтуды бiртiндеп кеңейту қажет. Шалғай ауылдар үшiн бұл бағдарлама әзiрге тартымды бола алмайды, өйткенi оларда шағын бизнес дамуы үшiн экономикалық жағдайлар нашар, несие қайтарымының қаупi үлкен.

3.2.2

3.2.2. Жұмыспен қамтудың өсуi

1

1. Облыста жұмыспен қамтудың тұрақтылық ролiн атқаратын бюджет саласындағы жұмыс орындарын сақтау.

2

2. Жұмыс iздеу мен өздiгiнен жұмыспен қамтуды ынталандыру мақсатында жұмыссыздарға материалдық көмек төлеудiң төменгi деңгейiн және оның қысқа мерзiмдiлiгiн сақтау.

3

3. Облыстың еңбек рыногында аса жоғары қысым жағдайында (бiр бос орынға 500-ден астам жұмыссыз келедi), шағын бизнесте жұмыс орындарын ашу маңызды басымдық болып қалады.

4

4. Қалаларда абаттандыру жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұзақ уақыт жұмыс iстемейтiндердi еңбекке орналастыруға бағдарланған шектеулi масштабта жүргiзу ұсынылады (бұл бюджетке қымбатқа түседi), бұл оларды әлеуметтiк оңалтуға әсер ететiн болады.

5

5. Бюджет пен кәсiпкерлердiң қосымша қаржыландыруы негiзiнде құрылыс пен құрылыс материалдарын шығаруда (жоғары бiлiктiлiк қажет етпейтiн) ерлер үшiн қоғамдық жұмыстарды көбiрек тиiмдi кеңейту. Бұл принцип өндiрiстiң басқа салаларында да қолданылуға тұрады, ол еңбекке ақы төлеуге мемлекеттiк емес көздерiн тартуға мүмкiндiк бередi және жұмыс күшiнiң бiр бөлiгiн ғана төлейтiн бизнес үшiн де қолайлы.

6

6. Ауыл қауымдарында абаттандыру, құдықтар қазу және сумен жабдықтаудың жергiлiктi желiсiн жөндеу жөнiндегi ақылы қоғамдық жұмыстар мен тегiн қоғамдық еңбектi үйлестiру. Бюджет ақшасы, бiрiншi кезекте, абаттандыру жұмыстарының бiр бөлiгiн тегiн негiзде халықтың өздерi орындауға дайын жергiлiктi бiрлестiктерге бөлiнедi.

7

7. Кәсiби даярлау мен қайта даярлауда болашақта мамандықтар бойынша кадрлар қажеттiлiгiн болжамдау әзiрге қиын, сондықтан, экономикалық жағдайлардың өзгеруiне икемдi әсер ететiн немесе облыста жұмыспен қамтудың негiзгi салалары ретiнде шағын бизнес пен бюджет саласына өте қажет жұмысшы мамандықтарын беретiн оқудың ең қысқа формаларына бағдарлау қажет. Қажеттiлiктi аса дәл бағалау үшiн экономиканың заңды қалыптаспаған секторын қоса еңбек рыногының мониторингi қажет.

8

8. Кәсiби даярлық пен қайта даярлық жұмыс берушiлердiң тапсырыстары кейiнгi еңбекке орналастыру кепiлдiгiмен және келесi үш жыл iшiнде жұмыссыз ретiнде тiркеуге қабыл алмаумен бағдарлануы керек.

9

9. Кәсiпкерлiкпен өздiгiнше айналысуға ықыласты жұмыссыздарды оқыту және бiрiншi кезекте, жұмыспен қамту органдарында келесi үш жыл iшiнде тiркелуден жазбаша бас тарту шартымен оларға өз iсiн ашу үшiн шағын несие беру.

3.3

3.3. Әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру

1

1. Халықтың асырауындағылардың қазiргi деңгейi өте үлкен (ауылда халықтың 40%-дан астам табыстарын әлеуметтiк көмек құрайды), сондықтан, көлемнiң одан әрi өсуi бюджетке ауыр салмақ түсiредi. Кедейшiлiкпен күрестiң басқа формалары әзiрге жұмыс iстемейтiн бағыттарда көмектi ықшамдау және шоғырландыру қажет: әлеуметтiк осал отбастары (көпбалалы, балалары бар толық емес отбастары, мүгедектер), жұмыспен қамтудың өсуi үшiн нашар жағдайлары бар шалғайдағы елдi аумақтар халқы.

2

2. Келешекте атаулы әлеуметтiк көмектiң нақтыланған сомасын төлеуден кедейшiлiк шегi деңгейiне дейiнгi қосымша төлеу мөлшерiнiң есебiне өту аудандық және қалалық әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiн компьютер жабдықтарымен және арнайы бағдарламалармен жабдықтауды қажет етедi. Ауыл әкiмияттары қызметкерлерi үшiн компьютерлiк оқу жөнiнде тренингтер ұйымдастыру керек.

3

3. Аз қамтамасыз етiлген халықтың көлiк шығындарын төмендету мақсатында ауылдық округтерге атаулы әлеуметтiк көмектi жеткiзуге тендер ұйымдастыру.

4

4. Атаулы әлеуметтiк көмекке өткен кезде, табыстарының өсу перспективасы жоқ тоқыраған кедейлердi айқындауға мүмкiндiк беретiн категориялық тәсiлдер толығынан жоғалып кетпеуi керек (толық емес отбастары, мүгедек балалары бар отбастары, дамымаған жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылған көпбалалы отбастары). Бұл атаулы көмек көлемiн болашаққа болжамдау үшiн де, бұл отбастарына көмек көрсетуге айрықша бақылау жасау үшiн де қажет.

5

5. Ауылдық жерде балалары бар өздiгiнен жұмыспен қамтылған, жақында ғана өзiне меншiктi үй шаруашылығына бөлiнген және мал бағумен шұғылдануға қаражаты жоқ жас отбастары ең кедейлер. Әлеуметтiк қорғау органдары осындай отбастарының есебiн алуы және мал бағумен шұғылдануы үшiн ұзақ мерзiмдi өтеумен (3 жылдан кем емес) шағын несиелер алуға көмектесуi қажет, өйтпесе бұл отбастары тоқырау кедейшiлiгiне ұшырайды және мемлекеттiк көмектi ұдайы алушылар болып қалады.

6

6. Экологиялық дағдарыстағы облыс үшiн мүгедек балалары бар отбастарына көмектiң арнайы бағдарламасы қажет (кедейшiлiктiң ең ауыр әрi тоқырау формасы). Республикалық және облыстық бюджеттен бiрлесiп қаржыландырылатын оларды уақытша орналастыратын оңалту орталықтары керек.

7

7. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын құру бағдарламасы өте қымбат тұрады және экономикадағы қазiргi жағдайда iске асырылуы қиын. Мүгедектердi iшiнара әлеуметтiк оңалту үйде жұмыспен қамтуды дамыту жолымен мүмкiн.

8

8. Әлеуметтiк көмектiң қайырымдылық формаларын дамыту (ұмай жетiмханасы), осындай ұйымдарда жұмыс iстейтiн демеушiлер, волонтерлер аясын кеңейту. Жетiмханаларда әлеуметтiк қолайсыз отбасы балаларына бағдарлаған кезде жас балаларды мектеп жасына дейiн жетiмханада ұстау үшiн мемлекеттiк органдардың жәрдем бергенi дұрыс.

9

9. Ауылдық және қыстақтық округтердi компьютерлендiру жолымен Кедейлер контингентiн анықтау үшiн табыстарды есептеу жүйесiн ендiру.

3.4

3.4. Әлеуметтiк-демографиялық шаралар

3.4.1

3.4.1. Халықтың денсаулығы

1

1. Облыстың денсаулық сақтау жүйесi қазiргi қаржы мүмкiндiктерi шеңберiнде барынша тиiмдi құрылған: ең қазiргi деңгейдегi жаңа мекемелер iске қосылған (диагностикалық орталық және облыстық аурухана), аудандарда төменгi медицина мекемелерiнiң барлық желiсi сақталған, бұл медицина қызметтерiне қолайлы аумақтық қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Дегенмен, экологиялық дағдарыстағы облыста дәрiгерлермен қамтамасыз ету деңгейi орта республикалық көрсеткiшке жетпейдi, сондықтан, бiр дәрiгерге ең көп жүктемесi бар және медицина мамандықтарын айрықша қажет ететiн аудандарда штаттық бiрлiк санын көбейту керек.

2

2. Республика Үкiметi алдына экологиялық апат аймағындағы барлық селолық аудандар мен қалалардағы балалардың бекiтiлген тiзiмiне тегiн дәрi-дәрмек беру практикасын заңнамалық бекiту және кеңейту туралы мәселе қою. Халық табыстарының қазiргi деңгейiнде бұл дәрi-дәрмек қымбаттылығынан асқынған сатыдағы науқастарды жатып емдеуден арзанға түседi.

3

3. Әлсiреген иммунитетi және дамуында қалып қойған балалар үшiн арнайы түзету бағдарламалары. Педагогикалық және медициналық бiлiмi бар мамандар iшiнен студенттердiң, ерiктiлердiң волонтерлiк еңбегiн барынша пайдалану, қоғамдық жұмыстар түрiнде жарым-жартылай ақы төлеу, демеушiлер қаржысы мен халықаралық гранттар iздеу.

4

4. Ауыз суды алдын ала йодтау және мектептерде балалардың йоды бар дәрi-дәрмек алуын ұйымдастыру.

5

5. Туберкулезге ұдайы тексеру, ауруларға диспансерлiк қызмет көрсетудi кеңейту.

6

6. Қаны аздықпен күрес үшiн екiқабат әйелдердi темiр препараттармен қамтамасыз ету.

7

7. Вирустық гепатитпен күрес жөнiндегi шаралар - селолық аудандарда балаларды гигиена мен мiндеттi қайнаған су ережелерiне үйрету, базарларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасауды жақсарту.

3.4.2

3.4.2. Бiлiм беру

1

1. Аз қамтамасыз етiлген отбасы балаларын сауықтыру әрi жетiлдiру үшiн каникул уақытында қабылдайтын мектептер жанындағы уақытша интернаттар (жалпы бiлiм беретiн және кәсiби мектептер) желiсiн кеңейту.

2

2. Мектептерден едәуiр қашықта тұратын шопан балаларын интернаттарда ұстау ақысын iшiнара төлеудi жою. Қазiргi кезде отынның қымбаттылығынан және көлiк құралдарының тапшылығынан, қысқы уақытта қиын ауа райы жағдайларынан мұндай балаларды мектептерге тосу мүмкiн емес, сондықтан, 1-2 интернатты қайта ашу (Арал, Қазалы) осындай балалардың көбiрек сапалы бiлiм алу проблемасын шешуге және олардың кедейлер тобына түсу қаупiн азайтуға болар едi.

3

3. Экономикалық дағдарыстан шығу кезеңiнде жұмысшы және техникалық мамандықтарға қажеттiлiктiң күтiлген өсуiне байланысты кәсiби мектептерге жұмыспен қамтудың мемлекеттiк органдарынан оқушыларды ең перспективалық мамандықтарға даярлау үшiн еңбек рыногында мониторингке қаржылай қолдау мен көмек қажет.

4

4. Бюджет қаржысынан қаржыландырылатын мемлекеттiк колледждерде дайындайтын мамандықтар құрылымына талдау және едәуiр артық даярланған кадрлер (экономикалық, заңгерлiк мамандықтар) байқалған мамандықтарға тым қатаң квоталау керек.

5

5. Жалпыға бiрдей оқу қоры тек оқулықтар жиынтығымен және ыстық тағаммен қамтамасыз етумен айналысуы қажет, аз қамтамасыз етiлген балаларға қалған көмек (киiм сатып алу және басқа) қайталануды болдырмау үшiн әлеуметтiк қорғау органдары арқылы жүргiзiлгенi орынды.

3.4.3

3.4.3. Демографиялық және көшi-қон аспектi

1

1. Облыста кедейшiлiктi феминизациялау күштi байқалмайды, тендерлiк саясатта табыстарының өсуiне мүмкiндiк туғызатын әйелдердiң жұмыспен қамту, қоғамдық-саяси салаларда әлеуметтiк-экономикалық мүмкiндiктерiн кеңейту негiзгi бағыт болуы керек.

2

2. Еңбекке қабiлеттi тұрғындар артықшылығы проблемасын шешу амалының бiрi еңбекке жарамды халықты аумақтық қайта бөлу, жастардың облыстан тыс еңбек көшi-қонына жәрдемдесу болуы мүмкiн.

3

3. Ауыл жастарының қалаға жаппай көшi-қоны және жұмысы жоқ ауыл қоныс аударушылары - ең күрделi проблеманың бiрi, ол жоғары туып көбеюшiлiгi мен аяқталмаған кенттенуi бар барлық елдер үшiн тән. Жастар кедейшiлiгiмен және қоныс аударушылығымен күрестiң негiзгi формалары кәсiби оқумен қамту, шағын бизнестiң дамуы және арзан тұрғын үй несиелерi болып табылады. Облыс бюджетiнiң мүмкiндiктерi барлық осындай шараларды пайдалануға мүмкiндiк бермейдi, сондықтан тiрек шағын бизнес дамуына жасалынуы керек.

4

4. Ауылдық жерде дамыған қосалқы шаруашылығы жоқ балалары бар жас отбастарына көмек қажет. Ол шектеулi уақыт iшiнде мал алуға несие түрiнде көрсетiледi.

3.5

3.5. Экологиялық факторлар әсерiн төмендету

1

1. Сырдария өзенiн реттеу және Солтүстiк Аралды сақтау жобасын, оның оң экологиялық сараптамасы болғанда, iске асырылуына жәрдемдесу.

2

2. Экологиялық жағдайды сауықтыруды, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудi басымдық бағыттардың бiрi деп есептеу.

3

3. Арал өңiрiнде шөлейттендiру процестерiн болдырмау мақсатында жайылымдарды қалпына келтiру.

4

4. Барлық елдi мекендерде ағаш отырғызу жөнiнде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және Арал қаласы аймағында жасыл қорғау белдiгiн құру.

5

5. Адам денсаулығына экологияның зиянды факторларының әсерiн зерттеу жөнiнде проблемалық лаборатория ашу. Проблемалық лабораторияны құру көптеген экологиялық аурулардың себебiн анықтауға және олардың алдын алу жолдарын зерттеуге мүмкiндiк берер едi.

7

7. "Қызылорда облысының суландыру - дренаж жүйелерiн жетiлдiру және су шаруашылығын жақсарту" жобасын iске асыру жолымен топырақ құнарлылығын қалпына келтiру.

8

8. Атмосфераға зиянды заттарды тастауға бақылауды қатаңдату.

3.6

3.6. Сумен қамтамасыз ету және инфрақұрылым дамуы

1

1. Қоғамдық жұмыстарды және ауыл халқының тегiн еңбегiн пайдаланып ауылдық жердегi шаруашылық iшiлiк каналдарды сақтау және қалпына келтiру.

2

2. Аз қамтылғандар үшiн ауыз су тұтынуға тұрмыстық есептегiштер орнату.

3

3. Аудан орталықтары мен шағын қалаларда суды хлорлау жөнiндегi шараларды қаржыландыру.

4

4. Сапалы ауыз су облыстық стратегиялық ресурс ретiнде айқындалуы қажет және адамдар денсаулығын жақсарту бойынша басымдық мiндеттерге кiруi керек.

5

5. Ауыз сумен жабдықтау шағын кәсiпкерлiк объектiсi ретiнде несиелер алуға кеңiрек мүмкiндiк болуы керек.

6

6. Биологиялық тазалау құрылысы компонентiмен "Қызылорда қаласының сумен жабдықталуы мен канализациясын жақсарту" жобасын iске асыру жөнiнде барлық шараларды қабылдау.

7

7. Облыстың топтық су құбырларын пайдалану жөнiндегi құрылымды немесе ұйымды айқындау.

8

8. Барлық сумен жабдықтау объектiлерiн паспорттандыруды жүргiзу және ауылдағы осы объектiлердiң нақты қожайындарын немесе иелерiн айқындау.

9

9. Облыстық коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн мақсатты облыстық және аудандық бағдарламалар негiзiнде жергiлiктi бюджет, бағдарламалар әкiмшiлерi- мемлекеттiк органдардың және тиiстi коммуналдық кәсiпорындардың заемдары мен басқа да қаржылары есебiнен қаржыландыру.

10

10. Ауыз суға тиiмдi тарифтердi және қажеттi жағдайда су құнына бюджет есебiнен демеуқаржы белгiлеу.

11

11. Ылғалды аз қажет ететiн ауыл шаруашылығы дақылдары, күрiшке арналған инженерлiк-жоспарланған жерлерге тимей, егiсiн ұлғайту бағытында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн әртараптандыру.

12

12. Ауылдық жерде сақталуда тұрған телефон стансаларын қалпына келтiру, ауылдарда сөйлесу пункттерiн ұйымдастыру. Ауыл абоненттерiнiң автоматты халықаралық телефон байланысы қызметтерiне кеңiрек қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.

13

13. Барлық iрi ауылдарға дейiн қатты жабуы бар жолдардың жұмысшы жағдайын салу және ұстау.

14

14. Жылу электрэнергетиканы газбен жабдықтауға көшiру.

3.7

3.7. Аймақтық саясат

1

1. Облыс орталығын дамытуға жәрдемдесу, өйткенi нақ осында бизнес, әсiресе шағын бизнес үшiн жақсы жағдайлар мен мүмкiндiктердiң қалыптасуы шапшаңырақ (және табиғи жолмен) басталады. Мұндай теңсiздiк сөзсiз болады, өйткенi облыстың шектелген ресурстарының шоғырлануы арқасында орталық қана дамуға қабiлеттi. Оның iзiнше, бiрнеше жыл аралығында жергiлiктi аудан орталықтары да белсендi дами бастайды. Егер, қазiр бюджет ресурстарын дамымаған, нашар аудандар мен қоныстар пайдасына шұғыл қайта бөлсе, нәтижесi ыдыратып алу мен өте төменгi қайтарым болады.

2

2. Барлық аудан орталықтары едәуiр бюджеттiк жұмыспен қамтудың сақталуына және өткiзу мен жақсы инфрақұрылымды аса iрi рыноктардың артықшылығын пайдаланатын қызмет көрсету саласы мен өнiмдi өңдеуде шағын бизнестi несиелеудi кеңейтуге мұқтаж.

3

3. Ең көп жұмыссызы бар тоқыраған қалалар үшiн (Арал, Қазалы) елеулi бюджеттiк жұмыспен қамтуды сақтау мен аз қамтылғандарға атаулы көмекпен қатар тұз өндiру, балық аулау, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу, өткiншi көлiк желiсiнде сауда жасау түрiнде шағын және орта бизнестiң "өсу нүктесiн" белгiлеу талап етiледi. Бұл қалалар мен аудандар үшiн өндiрiс пен инфрақұрылымды дамыту жобаларына халықаралық ұйымдар мен демеушiлердi барынша көп тарту ең нақтысы.

4

4. Селолық аудандар әзiрге жеткiлiктi ұзақ уақыт бойы демеуқаржылы болады, бiрақ демеуқаржы мөлшерiн аудандық үкiметтердiң шағын бизнестi дамыту, қоғамдық жұмыстардың ең тиiмдi формаларын таңдау, халықтың өздiгiнен ұйымдасуына жәрдемдесу жөнiндегi белсендiлiгiмен байланыстыру қажет.

5

5. Қазiргi тоқыраған ауылдық округтерге көмек бағдарламалары екi жақтың - Үкiмет пен халықтың күш жiгерiн бiрiктiруi керек: тек қаржылай көмек бөлу жөнiндегi шараларды қамтымай, өз елдi мекенiнiң өмiр сүруiне мүдделi халықтың өз күш - жiгерiн жандандыру жөнiндегi шаралар да қамтылуы керек (абаттандыру жөнiндегi тегiн еңбек, көршiлiк өзара көмек және басқа).

3.8

3.8. Қоғамдық институттар қызметiн жақсарту

1

1. Жергiлiктi топтардың өмiр сүруi мен дамуы. Ауыл қауымының мүмкiндiктерi әзiр нашар пайдаланылуда. Жергiлiктi ауыл топтары тұрғындарының экономикалық өзара iс-қимылын жергiлiктi үкiмет пен үкiметтiк емес ұйымдардың жәрдемiмен ұйымдастыру қажет (құдықтар, өнiмдi өткiзу, мектеп жөндеуiне көмек).

2

2. Үйлестiру құрылымын (органын) айқындау. Әлеуметтiк блок министрлiктерi мен ведомстволарының көпшiлiгiнiң кедейлерге әлеуметтiк көмек көрсетудiң аздаған қорлары мен формалары бар, олардың қызметi функцияларының қайталануынан құтылу үшiн әлеуметтiк қорғау органдарында үйлестiрiлуi керек.

3

3. Барлық ауданда сатып алу - дайындау пункттерiн ұйымдастыру, көтерме - азық-түлiк рыноктарының жұмысын қайта бастау.

4

4. Аудандардың өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған аймақтық инвестициялық жобаларды әзiрлеу.

5

5. Кедейшiлiктi төмендету проблемалары жөнiнде көпшiлiк тыңдауын өткiзудi ұйымдастыру.

6

6. Облыста жұмыс iстеп тұрған бағдарламалардың бәрiн үйлестiрудi облыстық экономика басқармасы жүргiзедi.