2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы
"2002-2010 жылдарға арналған салалық "Ауыз су" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 P020093_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында және облыс халқын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы от 28.05.2002 г. № 251 (2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы)
1. "2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) мақұлдансын.
2. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi, облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжiбеков) жыл сайын жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру кезiнде бюджеттiк сыныптамаға сәйкес Бағдарламаны iске асыру үшiн қаражат көздесiн.
3. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Қ.Шапшанов), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев), облыстық санитарлық эпидемиялық станция (Е.Қуандықов), облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К.Нұрекешов), "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың бiрiккен дирекциясы (В.Шек) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
Бағдарламаны орындауға арналған iс-шараларда су құбырларының құрылыстарын салуға және қайта орнына келтiруге өте тиiмдi, ұзаққа шыдайтын полимер трубалармен алмастыру көзделсiн.
4. Облыстық экономика басқармасы (Б.Шәменова), облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К.Нұрекешов) жыл сайын облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын қалыптастырғанда, тапсырыс берушiлермен бiрге су жүйелерiнiң құрылысы мен қайта қалпына келтiру бiрiншi кезекте екенiн ескерсiн.
5. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалар мен комитеттер, қажеттiлiгiне қарай жыл сайын 1 наурызға облыс әкiмiне "2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс берсiн.
6. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалар жыл
сайын 20 қаңтар және 20 шiлдеге облыстық энергетика, құрылыс және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына "2003-2010 жылдарға
арналған облыстық "Таза су" бағдарламасының орындалу барысы жайлы
хабарлама берсiн.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
С. Ретаевқа жүктелсiн.