О Региональной программе функционирования и развития языков в Мангистауской области на 2003-2010 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім жарияланған күнінен күшіне енеді.
Басқа 3
Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 30 шілдедегі № 27/284 шешіміне қосымша Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ Аймақтық бағдарламаның паспорты Атауы Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы Әзірлеуге Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді негіздеме қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы" 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 344 қаулысының 2-тармағына сәйкес әзірленген Негізгі Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы әзірлеушісі Мақсаттары Қазақстан халықтарының тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатты айқындайды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этникалық топтардың тілдерін дамыту. Міндеттері Бағдарлама мақсаттарын іске асыру үшін мына міндеттерді шешу көзделеді: мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін оқытуға қолдау көрсету, ана тілдерін оқытатын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық мәдени бірлестіктердің бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету; облыс аумағында іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету Қаржыландыру Жергілікті бюджет көздері Күтілетін Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске нәтижелер асыру, оның заң жүзінде бекітілген әлеуметтік функцияларын облыс аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыру; Қазақстан халықтарының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін және әрбір азаматтың ана тілінде қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға конституциялық құқығын іске асыруға жағдай жасау. Іске асыру 2003-2010 жылдар мерзімдері
Тарау 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7,93 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 550 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы" 2003 жылғы 9 сәуірдегі №№344 қаулысына сәйкес әзірленген. Бағдарламада аймақтағы тіл құрылысының мақсаттары мен міндеттері айқындалып, оларды іске асырудың басты бағыттары мен тетіктері белгіленген. Осы Бағдарламаны әзірлеу аймақта мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен қоғамның нысаналы да жүйелі қызметіне оңтайлы функционалдық-лингвистикалық кеңістік құру үшін бірыңғай стратегиясын тұжырымдау қажеттігінен туындайды.
Тарау 3. 3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту бойынша жүзеге асыру. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынастың негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс жүргізудің негізгі тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасау;
Тармақша 5
5) мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгеруі үшін қаржылық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мектеп жасына дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының тәрбиеленушілері мен оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеру саласындағы білімі мен машықтануы неғұрлым жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) облыста іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету;
Тармақша 8
8) облыста тілдерді дамыту проблемалары бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
Тармақша 9
9) облыстық терминология және ономастика комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) мәдени-көпшілік шараларды мемлекеттік тілде ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін оқуына қолдау көрсету;
Тармақша 13
13) ана тілдерін оқытатын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық мәдени бірлестіктердің бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. ТІЛДІК ДАМУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
4. ТІЛДІК ДАМУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
Тармақ 4.1
4.1. Тілдік дамудың басым бағыттары Тілдік дамудың басым бағыттары алға қойылған мақсаттар мен міндеттерден туындап, қалыптасады. Басымдықтар сатылық тәртіппен тізбектеледі: 1 - басымдық Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару және іс жүргізу салаларында дамыту. 2 - басымдық Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілді дамыту. 3 - басымдық Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында тілді дамыту. Тіл - мемлекеттік органдарда Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын одан әрі кеңейту кадрлардың тиісті тіл даярлығын талап етеді, ол уақыт өте келе біліктілік талаптары мен қызметтік міндеттеріне қарамастан мемлекеттік қызметшілердің күллі санаттары үшін міндетті болуға тиіс. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарламаға негізделген оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесін жасау қажет. Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған тәжірибесінің мемлекеттік органдар жұмысында одан әрі беки түскен үрдісі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретінде ғана қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік органдарда құжаттамаларды тікелей мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңімен көшуді орталықтан бекітілген жоспарға сәйкес нақты жүзеге асыру керек. Бұл ретте мемлекеттік тілдің тек іс қағаздарын жүргізу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актілерін әзірлеу мен қабылдау саласында да қолданылу мәселесіне назар аудару қажет. Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілді дамыту Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жүйе түрлі деңгейлерде және әртүрлі нысандарда жүзеге асырылатын өзара сабақтас және мүмкіндігінше үздіксіз процесс болуға тиіс. Балалар әлеуметтік коммуникациялардың алғашқы дағдысын құрдастарымен араласу кезінде алатынын ескере отырып, олардың бастапқы тіл даярлығында мектепке дейінгі мекемелер зор рөл атқаруға тиіс. Сондықтан олардың санын көбейту жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап айтқанда қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейтуге назар аударған жөн. Оқу орындары түлектерінің мемлекеттің әлеуметтік кеңістігіне одан әрі табысты кірігуі мақсатында оқыту тілі мен меншік нысанына қарамастан, барлық оқу орындарында жетекші пән болуға тиіс мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек. Бұған қажетті сағат саны басқа тілдердің есебінен емес, оқу процесін жалпы оңтайластыру нәтижесінде бөлінуге тиіс. Мемлекеттік тілдің бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі жағдайы одан әрі де жақсартуды талап етеді. Бұл жекелеген пәндерді оқыту сапасымен қатар, олардың санына да қатысты. Бастауыш, орта және жоғары оқу орындары ұсынатын қазақ тілінде оқытылатын мамандықтар шеңбері мүмкіндігінше шаруашылық, мәдени, қоғамдық және басқа да қызметтер саласын қамти отырып, жоспарлы түрде кеңейтілуге тиіс. Тілдерді тиімді меңгеру саласында мүмкіндіктерді кеңейту мен тереңдету үшін дәстүрлі оқу орындарындағы оқытумен қатар басқа әдістер де керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл, атап айтқанда, халықтық түрлі оқу орындарында оқу мүмкіндігі жоқ ересек тобына қатысты. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдық, материалдық және техникалық жағдай жасау туралы Конституцияның 93-бабының талабы аталған топқа да қолданылуға тиіс. Өз бетімен оқып-үйренуге арналған теле және радио хабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тілі сабақтарын өткізудің түрлі нысандары кеңінен енгізілгені дұрыс. Қазақстан халықтарының тілдерін қолдау мақсатында қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға конституциялық құқықты іске асыру жөніндегі шарларды қамтамасыз ету қажет. Ана тілін үйрететін таңдаулы жексенбілік мектептер тәжірибесін жинақтау мен тарату мақсатқа сай келеді. Жексенбілік мектептерге мүмкіндігінше одан әрі қолдау көрсету керек. Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ұлт тілдерін оқытатын мамандарды даярлау жөніндегі қызметті жалғастыру қажет. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларында тілді дамыту Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық әрі көріністі нысандарға айрықша назар аудару қажет, бұл кино, мультипликация, сазды бағдарламалар, жастар журналдары. Қоғамдық қызметтің аталған саласында мемлекеттік ынталандырудың тиімді тетіктерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілдің жұмыс істеуін қамтамасыз етудің неғұрлым күрделі учаскелерінің бірі халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Бұл аталған саладағы тілдік қызмет мемлекеттік реттеудің күрделілігімен сабақтасып жатыр. Алайда, мемлекеттік тілдің денсаулық сақтау, сауда, көлік және байланыс сияқты салаларға енуі мүмкіндігінше мемлекет ықпалымен жүзеге асыруға болатын жерлерде іске асырылуға тиіс. Бұл үшін, бірінші кезекте, мамандандырылған оқу орындарында - жоғары, орта арнаулы және кәсіптік оқу орындарында тиісті мамандарды даярлауды кеңейту қажет. Сонымен қатар, аталған талаптар кәсіби міндетін атқаруда мемлекеттік тілді меңгеру қажет болғанда міндетті түрде талап етілуі қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс, көлік ұйымдары, банктердің есеп-кассалық бөлімдері жатады.
Тармақ 4.2
4.2. Бағдарламаны іске асыру тетіктері Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары) көзделген іс-шаралар жүйесін жыл сайын кезең-кезеңмен орындау болып табылады. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын уәкілетті орган Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру нәтижесінде болған өзгерістерді ескере отырып, әрбір келесі екі жыл сайын жасайды. Сонымен бірге, бұл тікелей орындаушылардың жауапкершілігімен Бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін арттыруға жәрдемдеседі. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру іс жүзінде неғұрлым тиімді әрі нақты мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуге тиіс. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау мынадай негізгі принциптерді сақтау негізінде мүмкін болады: орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған жан-жақты мемлекеттік қолдау; тілді меңгеру саласындағы талаптарды мемлекеттік тілді еркін және тегін оқып-үйренуге мүмкіндіктер жасаумен ұштастыру; моральдық және материалдық мүдделілік жағдайын жасау; тіл қолдануды жүзеге асыру кезінде функционалдық-лингвистикалық тепе-теңдікті сақтау; тілдерді дамыту бағдарламасындағы іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары ________________________________________________________________ Р/с/ Іс-шара / Аяқтау /Орындалуына № / / нысаны / жауаптылар _____________________________________________________________ 1 / 2 / 3 / 4 ________________________________________________________________ Мемлекеттік басқару және іс жүргізу саласында тілдерді қолдану ________________________________________________________________ 1. /Мемлекеттік органдарда іс қағаздарын /МАҚКМ есеп/Облыстық бас- /кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге / /қармалар және /көшіру кестесінің орындалуын қамтама-/ /аумақтық орган- /сыз ету / /дар басшылары / / /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілді дамыту ________________________________________________________________ 2. /Жоғары және орта кәсіптік оқу орында-/МАҚКМ есеп/Аудан, қала /рында қазақ тілінде оқытатын бөлім- / /әкімдері, ОББ, /дердің санын көбейтуге жағдай жасау / /жоғары оқу / / /орындарының / / /басшылары / / /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ 3. /Жалпы білім беретін орта, орта кәсіп-/МАҚКМ есеп/Аудан, қала /тік және жоғары кәсіптік оқу орында- / /әкімдері, ОББ, /рының өзге тілдерде оқытатын бөлімде-/ /жоғары оқу /рінде қазақ тілін оқытуға арналған / /орындарының /сағаттар санын оқу процесін оңтайлан-/ /басшылары /дыру жолымен (негізгі оқу жоспары / /(келіс.бойынша) /бойынша жалпы сағат санын көбейтпей) / / /арттыру / / ________________________________________________________________ 4. /Жалпы білім беретін, орта кәсіптік /МАҚКМ есеп/ОББ, жоғары оқу /және жоғары кәсіптік оқу орындарында / /орындарының /мемлекеттік тілді сапалы жүргізуді / /басшылары /қамтамасыз ету, білім беру мекемеле- / /(келіс.бойынша) /рін білікті мамандармен толықтыру / / ________________________________________________________________ 5. /Жетім балаларға және ата-ана қамқор- /МАҚКМ есеп/Аудан, қала /лығынсыз қалған балаларға арналған / /әкімдері, /қазақ тілінде оқытатын ұйымдар желі- / /облыстық білім /сін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау / /басқармасы ________________________________________________________________ 6. /Ана тілдерін оқытатын жексенбілік /МАҚКМ есеп/ ОАҚКБ /мектептер арқылы ұлттық-мәдени бір- / /(келіс.бойынша) /лестіктердің бірыңғай мемлекеттік тіл/ / МОҚХКА /саясатын іске асыруға қатысуын қамта-/ / /масыз ету / / ________________________________________________________________ 7. /Жалпы білім беретін мектептер база- /МАҚКМ есеп/Аудан, қала /сында оралмандарды қазақ әліпбиіне / /әкімдері, ОББ, /оқытуды ұйымдастыру / / ОКҚД / / /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ Ғылыми-лигвистикалық қамтамасыз ету ________________________________________________________________ 8. /Облыста тілдерді дамыту проблемалары /МАҚКМ есеп/ ОАҚКБ /бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу/ /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ 9. /Облыстық кітапхана мекемелерін қазақ /МАҚКМ есеп/ ОАҚКБ /және Қазақстан Республикасы халықта- / /(келіс.бойынша) /рының басқа да тілдеріндегі әдебиет- / /пен жүйелі толықтыруды қамтамасыз ету/ ________________________________________________________________ 10./Облыстық терминология және ономастика/МАҚКМ есеп/ ОАҚКБ /комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету саласында тілді дамыту ________________________________________________________________ 11./Қазақстан халықтары тілдерінің рес- /МАҚКМ есеп/ ІСД, ОАҚКБ /публикалық фестивалі шеңберінде Тіл- / /(келіс.бойынша) /дер апталығын өткізу / / ОМБ ________________________________________________________________ 12./Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық /МАҚКМ есеп/ІСД, ОМБ, ОАҚКБ /байқауын өткізу / /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ 13./"Үздік аудармашы" облыстық байқауын /МАҚКМ есеп/ІСД, ОМБ, ОАҚКБ /өткізу / /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ 14./"Қазақ тілін үйренеміз" айдарымен /МАҚКМ есеп/облыстық /оқыту сипатындағы телерадио хабарлар/ /телерадио /және қазақ тілінде жастар мен балалар/ /компания /түпнұсқалық бағдарламаларын; / /(келіс.бойынша) /Қазақстан халықтары тілдерінде теле- / / /радио хабарлар дайындау мен эфирге / / /шығаруды қамтамасыз ету / / ________________________________________________________________ 15./Мемлекеттік және басқа тілдердегі ха-/МАҚКМ есеп/Ақтау қаласының /барлар көлемінің арасалмағы сақталуы / /әкімияты /жөніндегі Қазақстан Республикасының / /(келіс.бойынша) /заңнамасы талаптарының орындалуын / / /қамтамасыз ету / / ________________________________________________________________ 16./Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері-/МАҚКМ есеп/ІСД, ОАҚКБ /не арналған семинар-кеңес өткізу / /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ 17./Тауар өндіретін облыс кәсіпорындары- /МАҚКМ есеп/ ОАҚКБ /ның меншік түріне қарамастан, тауар / /(келіс.бойынша) /жапсырмаларын, таңбаламаларын, нұс- / / /қаулықтарын мемлекеттік тілде ресім-/ / /деуін бақылауды қамтамасыз ету / / ________________________________________________________________ 18./Көлік пен байланыс, сауда, денсаулық /МАҚКМ есеп/Қала,аудандард. /сақтау және тұрмыстық қызмет көрсету/ /әкімдері, ОЭӨСБ /анықтама-ақпараттық қызмет көрсету / /ОДСБ, облыстық /салаларында мемлекеттік тілдің қолда-/ /телекоммуника- /нылуын қамтамасыз / /циялар дирек- / / /циясы ________________________________________________________________ 19./"Мемлекеттік тілдің мәртебесін көте- /МАҚКМ есеп/Обл.телерадио- /ру-азаматтық парызымыз" республикалық/ /компания /телемарафонына қатысу / /(келіс.бойынша) ________________________________________________________________ Кестенің жалғасы ___________________________________________________________ Орындалу /Көзделген шығыстар/Қаржыландыру көзі мерзімі / мың теңге / ___________________________________________________________ / 2003 / 2004 / ___________________________________________________________ 5 / 6 / 7 / ___________________________________________________________ Кесте бойынша (Маңғыс-/ - / - /Қаржыландыру тау облысы әкімінің / / /қажет етпейді 1998ж. 17 қазандағы / / / № 267 / / / ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ 4 тоқсан / 100,0 / 100,0 /Жергілікті бюджет жыл сайын / / / ___________________________________________________________ 4 тоқсан / 868,0 / 1405,0 /Жергілікті бюджет жыл сайын / / / ___________________________________________________________ 4 тоқсан / - / - /Қаржыландыру жыл сайын / / /қажет етпейді ___________________________________________________________ 4 тоқсан / 200,0 / 400,0 /Жергілікті бюджет жыл сайын / / / ___________________________________________________________ 4 тоқсан / - / - /Қаржыландыру жыл сайын / / /қажет етпейді ___________________________________________________________ 4 тоқсан / 2270,0 / 2600,0 /Жергілікті бюджет жыл сайын / / / ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ 4 тоқсан / 50,0 / 50,0 /Жергілікті бюджет жыл сайын / / / ___________________________________________________________ Ұдайы / - / - /Республикалық / / / бюджет ___________________________________________________________ Ұдайы / - / - /Қаржыландыру / / /қажет етпейді ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ 3 тоқсан / 70,0 / 70,0 /Жергілікті бюджет жыл сайын / / / ___________________________________________________________ 3 тоқсан / 45,0 / 45,0 /Жергілікті бюджет жыл сайын / / / ___________________________________________________________ 3 тоқсан / 40,0 / 40,0 /Жергілікті бюджет жыл сайын / / / ___________________________________________________________ Ұдайы /Ақпараттық қамта- /Жергілікті бюджет /масыз ету жөніндегі/ /мемлекеттік тапсы- / /рысқа кірістірілген/ ___________________________________________________________ Ұдайы / - / - /Қаржыландыру / / /қажет етпейді ___________________________________________________________ 3 тоқсан 2003 ж. / 243,0 / 100,0 /Жергілікті бюджет 2 тоқсан 2004 ж. / / / ___________________________________________________________ Ұдайы / - / - /Қаржыландыру / / /қажет етпейді ___________________________________________________________ 4 тоқсан / - / - /Қаржыландыру жыл сайын / / /қажет етпейді ___________________________________________________________ 3 тоқсан 2004 ж. / - / - /Қаржыландыру / / /қажет етпейді ___________________________________________________________ Ескерту: Қабылданған қысқартулар: МАҚКМ - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі ОББ - облыстық білім басқармасы ОАҚКБ - облыстық ақпарат қоғамдық келісім басқармасы ІСБ - ішкі саясат басқармасы МОҚХКА- Маңғыстау облысы Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы ОКҚДБ - облыстық көші-қон және демография басқармасы ОМБ - облыстық мәдениет басқармасы ОЭӨСБ - облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы ОДСБ - облыстық денсаулық сақтау басқармасы