Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в областном бюджете на 2003 год по программе 61 «Представительские затраты», и норм представительских затрат Қолданыста
Басқа 0
2003 жылға арналған облыстық бюджетте 61 «Өкілетті шығыстар» бағдарламасы бойынша көзделген Қаржыны пайдалану ережесін және өкілеттік шығыстар нормасын бекіту туралы
«Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357 Заңының 1 және 2 тармағына, «Өкілетті шығыстар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген Қаржыны пайдалану ережесін және өкілеттік шығыстар нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына және облыстық мәслихаттың «2003 жылғы арналған облыстық бюджет туралы» (2003 жылғы 16 қаңтардағы т/н 806, «Северный Казахстан» газеті, 2003 жыл 4 ақпан № 14, «Солтүстік Қазақстан» газеті 2003 жыл 8 ақпан № 16) 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 22/3 шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген 2003 жылы облыстық бюджетте өкілеттік шығыстарға көзделген Қаржыны пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Өкілетті шығыстар шығындары «Өкілетті шығыстар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген Қаржыны пайдалану ережесін және өкілеттік шығыстар нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген өкілеттік шығындар нормативіне сәйкес іске асырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы.Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оған қол койылған күннен күшіне енеді.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2003 жылғы
«9» қазандағы № 182 қаулысымен бекітілген
«2003 жылға арналған облыстық бюджетте
61 «Өкілетті шығыстар» бағдарламасы
бойынша көзделген Қаржыны пайдалану
ережесін және өкілеттік шығыстар
нормасын бекіту туралы»
2003 жылғы облыстық бюджетте Өкілетті шығыстар көзделген қаржыны пайдалану ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы ереже 2003 жылғы облыстық бюджетте 61 «Өкілеттік шығыстар» бағдарламасы бойынша көзделген қаржыны пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Өкілеттік шығыстар - облыстық бюджетте сәйкес қаржылық жылға көзделген және облыстық бағдарлама әкімшісімен шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ак облыстың ресми делегацияларынын Қазақстан республикасынан тысқары өкілдік мақсаттар үшін бөлінген қаржы.
Өкілеттік шығыстарға:
Тармақша 1
1) егер ол облыс әкімінің сәйкес өкімдерімен бекітілген болса, облысқа шақырылған тұлғалардаң аталған пунктке дейінгі көліктік шығыстары мен жатын орындарының төлемдері;
Тармақша 2
2) ресми түсініктер, кешкі қонақасы, шәй-пай, фуршеттер (жеңіл тамақтану);
Тармақша 3
3) ресми қабылдаулар кезіндегі музыкалық көркемдеулер;
Тармақша 4
4) сувинерлер, ескерткіш сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 5
5) автокөліктік қызметтер;
Тармақша 6
6) аудармашылар кызметінің төлемі;
Тармақша 7
7) салтанат залдарын жалға алу;
Тармақша 8
8) облыстық каржы департаментімен келісілген облыс әкімдігі рұқсат еткен басқа да шығындар жатады.
Тарау 2. 2. Окілеттік шығындарға бөлінген облыстық бюджет қаржысын пайдалану тәртібі
2. Окілеттік шығындарға бөлінген облыстық бюджет қаржысын пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері (ілгеріде - әкімшілер) мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде және облыстық бюджетте 2003 жылы өкілеттік шығыстарға көзделген қаржы көлеміне қарай өкілеттік шығыстардың жылдық іс-шараларын (ілгеріде - жоспар) жасайды және оны қарай үшін облыс әкімі аппаратына ұсынады. Жыл ішінде бағдарлама әкімшісімен көзделмеген Іс-шараларды және бөлінген қаржы көлемі ескеріле отырып, Жоспарға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Жоспар мен әкімшілердің арыз-шағымдары негізінде Қаржы департаментімен келісе отырып, әкімшілерге өкілеттік шығындарға қаражат бөлу өкілеттік шығындар нормасына сәйкес жүзеге асырылады. Қаржы жетіспеген жағдайда, облыс әкімі резервінен қаражат бөлінеді.
Тармақ 5
5. Окілеттік шығыстарға қаржы бөлу облыс әкімдігінің рұқсат беретін актісімен ресімделеді.
Тармақ 6
6. Облыстық әкімшілердің өкілеттік шығыстарға облыстық бюджеттен қаржы бөлу туралы арыздарын облыс әкімдігі мыналар
Тармақша 1
1) іс-шаралардың Қажеттілігі туралы негіздемесі;
Тармақша 2
2) деңгейі меи форматы бойынша делегацияның келу бағдарламасына енетін іс-шараларды дайындау және оны өткізудің жұмыс жоспары;
Тармақша 3
3) іс-шараларға қатысушылардың іс жүзіндегі санын растайтын құжаты;
Тармақша 4
4) шығыстардың әр спецификасы негізделген егжейлі қаржылау жоспары;
Тармақша 5
5) осы Ереженің 3 тармағына сай жоспардағы сәйкес іс-шаралары болған жағдайда қарайды.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 2 тармағының жалпы қағидаларын белғіленген өкілеттік шығыстар бойынша әкімшілер аталмыш қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тауар және қызмет құны мен деректемелері көрсетілген растаушы құжаттар ұсынады.
Тармақ 8
8. Обылстық қаржы департаменті заңды тәртіпте белгіленген облыс әкімдігінің рұқсат беретін актісі негізінде облыстық бюджетті қаржыландырудың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізеді: 61 «Өкілетті шығыстар» бағдарламасы бойынша жоспарлы тағайындалымдарды кемітеді және 23 «Жергілікті бюджеттік бағдарламаның сәйкес әкімшісінің өкілеттік шығыстары қаржысы есебінен іс-шаралар өткізу» кіші бағдарламасы бойынша жоспарлы тағайындалымдарды өсіреді.
Тарау 3. 3. Есептеме және бақылау
3. Есептеме және бақылау
Тармақ 9
9. Қаржы департаменті өкілеттік шығыстарға бөлінетін қаржының жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Өкілеттік шығыстарға қаржы алған облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері облыстық қаржы департаментіне тоқсан сайын көрсетілген қаржының пайдаланылуы, ал іс-шаралар өткізу үшін қаражат алған тұлғалар өткізілген іс-шаралардан кейін 15 күнтізбелік күн аралығында оны растайтын мына құжаттарды ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) өткізілген іс-шараларға іс жүзінде қатысушылар санын растайтын құжат;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 2 тармақ 8 тармақшасының жалпы қағидаларына сәйкес басқа шығыстар бойынша облыс әкімдігінің рұқсат беретін актісі;
Тармақша 3
3) сатып алынған тауарлар, жұмыс және қызметтерді сатқан ұйымдардың мөрі басылған растаушы құжаттар (түбертек, счет-фактура, үстеме шығыстар);
Тармақ 11
11. Өкілеттік шығыстарға бөлінген қаржының мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жүктеледі.