Қолданыстағы ред. 24.03.2005 (Редакция 23733_180811.kaz)

2003 жылғы 7 тамыздағы № 732 «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы от 24.03.2005 г. № 421 (2003 жылғы 7 тамыздағы № 732 «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

2003 жылғы 7 тамыздағы №732 «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, кадрлардың өзгеруіне байланысты, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 7 тамыздағы № 732 қаулысына (05.09.2003 ж. тіркеу №2273, 25.09.2003 жылғы №23 санында «Пульс города», 25.09.2003 ж. №41 «Жайық үні» газеттерінде жарияланған), 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1274 (25.12.2003 жылғы тіркеу №2396, 15.01.2004 жылғы №3 «Пульс города», 16.01.2004 жылғы №3 «Жайық үні» газеттерінде жарияланған) және 2004 жылғы 6 ақпандағы №143 (25.02.2004 жылғы тіркеу №2526, 11.03.2004 жылғы №11 «Пульс города», 12.03.2004 жылғы №12 «Жайық үні» газеттерінде жарияланған) қаулыларымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, келесі өзгертулер енгізілсін:
1 қосымшада:
комиссия құрамына енгізілсін:
Аманжол Зейнуллаұлы Зинуллин - қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
комиссия құрамынан шығарылсын:
Сергей Николаевич Церковников.

2

2. Комиссияның өзгертілген құрамы мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.З.Зинуллинге жүктелсін.