Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2003 год в городе Лисаковске Қолданыста
Басқа 0
Лисаков қаласындағы 2003 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы
Аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) әлеуметтік қорғау мақсатында және
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16
сәуірдегі Заңына, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998
жылғы 17 желтоқсандағы № 321 Заңына, "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері
жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1
Заңына, "Атаулы әлеуметтік көмек алуға талап етуші тұлғалардың
(отбасылардың) жиынтық кірісін есептеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002
жылғы 10 қаңтардағы № З-ІІ бұйрығына сәйкес,
Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласындағы 2003 жылға-арналған тұрғын үй көмегін көрсету
ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу ережелері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуына бақылау жасау тұрақты комиссия төрағасы
В.В. Згурскийге және Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға
жүктелсін.
Басқа 4. Тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қалалық мәслихаты сесиясының
2002 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 249 шешімімен
Бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) еңбек,
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен төленетін
тұрғын уй жәрдемақысы ретінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық
қызметтерді пайдалануға төлеу үшін көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар Лисаков қаласының әкімшілік
аумағында үнемі тұратын аз қамтылған отбасы санаттарынан тұратын және
тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерді пайдалануға төлем
мүмкін болатын шығындар шегіндегі үлес 22 пайыздан асатын тұрғын үй иесі
немесе пайдаланушы (жалдаушы) болып табылады. Осы норма төрт және одан
да көп баласы бар отбасына да ортақ.
3. Жеке меншігінде бірден артық үйі бар немесе тұрғын үйін жалға
тапсырушы (жалға) отбасылар (азаматтарға), жағдай тууына байланысты
Майлин ауылынан, Красногор ауылынан Лисаков қаласына көшіп келген
отбасылардан (азаматтардан) басқа, тұрғын үй жәрдемақысы
тағайндалмайды.
Бұл норма ата-аналарымен немесе балаларымен тұрып, тұрғын үйді
жекешелендіруге қатысқан тұлғаларға және ерлі-зайыптылары арасында некені
бұзған жағдайда да қолданылмайды.
4. Егер отбасында еңбекке қабілеті бар адам бола тұра, жұмыс істемейтін,
оқымайтын, әскер қатарында болмаған және жұмыссыз ретінде әлеуметтік
қорғау органында тіркелмеген тұлғалар болса, отбасы тұрғын үй жәрдемақысын
алуға құқы жоқ.
Ерекше мынаны құрайды:
1) мүгедекке (негіздеме - медициналық қортындысы) күтімді жүзеге
асыратын тұлға, асыраушысынан айырылу, III топтағы мүгедек бойынша
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлға;
2) медициналық көрсеткіштер бойынша 7 жасқа дейінгі балаларды күтуді
жүзеге асыратын тұлға;
3) бір жарым жасқа дейінгі баласы бар аналар және жаңа туған қызды немесе
ұлды асырап алған, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының
енбек туралы" Заңына сәйкес баланы күту бойынша еңбекақысы сақталмайтын
демалысты ресімдеген әйел (ер кісі) немесе бір жарым "жасқ-а дейінгі балаларды
күтү бойынша олардың орнын ауыстыратын тұлға;
4) стационарлық емдеуде ұзақ уақыт болған тұлғалар;
5) босқын; шетел азаматы мәртебесі бар тұлғалар; Қазақстан
Республикасында тұратын азаматтығы жоқ және үнемі тұратын тұлғалар;
6) бір жарым жастағы баласы бар, және жұмыс істемеген, бала туғанға дейін
әлеуметтік қамсыздандыру органында есепте тұрмаған әйелдер.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алу кезінде есепке аудан мөлшері қабылданады:
Тармақша 1
1) отбасының-бір мүшесіне - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр отбасына;
Тармақша 2
2) жалғыз басты тұратын азаматтарға - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр,
бірақ бір бөлмеден кем емес; осы мөлшер жатақханада тұратын отбасыларға
(азаматтарға) қолданылады.
Жеке тұрған үйдің, "Лисаковқалакоммунэнергбірл" ӨШБ МКК коммуналдық
Қызмет көрсетулерін пайдаланушы тұрғындарға 5 т. көзделген тұрғын үй
мөлшерімен тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Жәрдемақы тағайындау объектісі нормативтік ауданы шегіндегі тұрғын үй
жайын отбасы пайдаланатын және электронды түрде қаланың коммуналдық
кәсіпорындарымен ұсынылған нақты коммуналдық шығындары болып
табылады:
пәтерақысы (тұрғын үйді пайдалану шығындары);
жылу;
ыстық су, бір адам басына;
суық су, бір адам басына;
кәріз, бір адам басына;
лифт, бір адам басына;
электр қуаты бір адам басына кемінде 50 квт; электр плитасы бар
жатақханаларда және үйлерде кемінде 100 квт бір адам басына;
табиғи газды пайдалану кезінде бір адам басына газ және кемінде 6,7 кг бір
адам басына балон газын пайдалану кезінде.
Аталмыш ережемен белгіленген мөлшерден тыс тұрғын үйді ұстау және
коммуналдық қызмет көрсетулерді пайдалану төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй нарығының жоқтығына байланысты жалғыз басты
зейнеткерлерге жасына байланысты әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақысын
(өтілі толық емес) алушылар, II, III топтағы мүгедектерге, ең төменгі зейнетақы
және жәрдемақы алушыларға, бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне, ең
төменгі еңбекақы алатындарға, жалғыз бастыларға немесе өзінің асырауында
бір немесе одан да көп кәмелетке жасы толмаған балалар болса, тұрғын үйді
ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулерді пайдалану төлемге мүмкін
болатын шығындар шекті мөлшер артық ауданды есептемей отбасының
жиынтық табысынан қазан айынан сәуір айын қоса 22 пайыз мөлшерінде
белгіленеді. 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз ілікті зейнеткерлер
үшін жиынтық кірістен 15 % шегіне жіберілген шығындар мөлшері белгіленеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үйді ұстауға зейнеткерлерге, жасына байланысты әлеуметтік
мемлекеттік жәрдемақы алатындарға (өтілн толық емес) алушыларға, II, III
топтағы мүгедектерге, ең төменгРзейнетақы және жәрдемақы" алушыларға
және азаматтардың жоғары санаттарына ең төменгі зейнетақысына 500 теңгеге
көп төленген зейнетақы мен жәрдемақы тағайындалған тұрғы үй
жәрдемақысын алушыларға жәрдемақы арасында сәйкессіздікті жіберілмеу
мақсатында екі бөлмелі пәтерлерде артық аудандарға 0,5 ең төменгі есептік
көрсеткіші; 3 және 4 бөлмелі пәтерлерге бір ең төменгі есептік көрсеткіші
ұстемақы белгіленеді.
Тармақ 8
8. Құрметті азаматтар толығымен коммуналдық қызметтерге төлем төлеуден
босатылады.
Тармақ 9
9. Отбасының біреуі өкілетті органдардың шешімі бойынша баланың
қорғаншысы болып табылатын отбасына ата-анасының табысын есептемей
жиынтық кірісті есептеп шығарылады.
Тарау 4. 4. Отбасының жиынтық табысын аныңтау тәртібі
4. Отбасының жиынтық табысын аныңтау тәртібі
Тармақ 10
10. Осы қаулымен бекітілген отбасының жиынтық табысын есептеу туралы
ерге сәйкес отбасының жиынтық кірісі анықталады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау ушін әлеуметтік
мсыздандыру органына азаматтардың өтініш беру және осы банк
мәліметтері үшін ңалыптастыру тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау ушін әлеуметтік
мсыздандыру органына азаматтардың өтініш беру және осы банк
мәліметтері үшін ңалыптастыру тәртібі
Тармақ 11
11. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін талапкер әлеуметтік қамсыздандыру
органына мына құжаттарды ұсынуға тиіс:
тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш (аталмыш ережеге
қосымша);
жұмыс істеуші азамат өткен тоқсанға еңбекақысы туралы анықтаманы;
неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, немесе некені бұзу туралы
соттың шешімі.
Тармақ 12
12. Қалада ақпаратпен электронды айырбас жүйесін жасалуына сәйкес
әлеуметтік қамсыздандыру органына мына құжаттарды ұсынуға тиіс:
Лисаков қалалық ішкі істер бөлімінен - отбасы құрамы туралы мәліметтер;
"Жылжымайтын мүлік орталығы" Лисаков филиалынан - тұрғын үй иелерінің
тізімдері;
Лисаков қаласы бойынша салық комитетінен - кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын адамдардың тізімдері;
Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы Лисаков қалалық бөлімшесінен -
зейнетақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы мәліметтер;
Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша
өкілетті органдардан - жұмыссыз ретінде әлеуметтік қамсыздандыру
органдарында тіркелген адамдар туралы мәліметтер.
Қалалық білім бөлімінен - аз қамтылған отбасылардың оқушыларына көмек
көрсету туралы мәліметтері;
Ай сайын:
Қаланың коммуналдық қызметте-рі мен ләтер иелерінің кооперативтерінен -
төленген коммуналдық төлемдер мен пайдаланатын шығындар және лифт
пайдалану үшін шығындар туралы мәліметтер;
Тармақ 13
13. Азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішпен
әлеуметтік қамсыздандыру органына өтініш жолдайды: жұмыс істейтіндер -
тоқсан сайын; зейнеткерлер - жылына бір рет.
Себепсіз жағдайлармен тоқсан ішінде тіркелмеген адамдар (жылына -
зейнеткерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер) тұрғын үй
жәрдемақысын алуға құқықты жоғалтады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде отбасы құрамындағы өзгерту
туралы 10 күн ішінде хабар бермеген тұлғаларға тоқтатылады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау тәртібі
6. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау тәртібі
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде есепке өткен тоқсанның табысы
қабылданады.
Тармақ 15
15. Бірінші рет өтініш еткен азаматтарға өтініш еткен айдан бастап тұрғын үй
жәрдемақысы тағайындалады, басқа жерден көшіп келген 18 жастан асқан
тұлғаларға бұрынғы орнынан тұрғын үй жоқтығы туралы анықтама және тұрғын
үй сатудан түскен табыс сомасы туралы мәлімет беруге тиіс.
Тармақ 16
16. Осы тоқсанда тіркелген және өткен тоқсанға табысын көрсетпеген
жұмыссыз адамның жиынтық табысына еңбекақысының ең төменгі мөлшері
қосылады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үйді сату кезінде мәміле жасалған айдан бастап жәрдемақы
төленбейді, өткен тоқсанда тұрғын үйді сату кезінде табыстың өтініш берген
сомасына үш айға бөлінген, жасалған мәміледен табыс сомасы қосылады.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері осы Ереженің 5 т. белгіленген аудан
мөлшері шекті және осы мақсатқа Ереженің 7,8 т. қаралған аталмыш
отбасының табыстың мүмкін болатын деңгейі шекті тұрғын үйді ұстауға және
коммуналдық қызмет көрсетулерді пайдаланудың нақты төлемі арасындағы
сияқты анықталады.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй жәрдемақысы теңгемен тиынсыз төленеді.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде қабылданатын табыстар туралы
жорта күмән келтіретін ақпарат берген жағдайда, өтініш беруші күнтізбе
жылының ішінде жәрдемақы алу құқығын жоғалтады.
Тұрғын үй жәрдемақысын заңсыз алған сомасын төлеттіру заңнамамен
белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тарау 7. 7. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
7. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
Тармақ 21
21. Халықты әлеуметтік қорғау органы төленген тұрғын үй жәрдемақысының құрама ведомосын құрады, қалалық қаржы басқармасына ұсынылады.
Тармақ 22
22. Қалалық қаржы басқармасы төленген тұрғын үй -жәрдемақысының құрама
ведомосында көрсетілген сомада еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау басқармасын қаржыландырады.
Тармақ 23
23. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
жәрдемақы алушылардың жазбаша өтініші бойынша тұрғын уй
жәрдемақысының сомалары коммуналдық кәсіпорны мен пәтер иелерінің
кооперативтеріне аударылады.
Тармақ 24. 1. Ерекше шарттар.
24. Коммуналдық және пайдаланушы қызмет көрсетулердің, лифт қызметінің
жеткізушілері түскен соманы жәрдемақы алушының жеке шоттарына аударады.
1. Ерекше шарттар.
25. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша қолайсыз жағдай туған
кезде дау және талас жағдайларды қарау қала әкімімен құрылған
коммисиясының шешімін қабылдау үшін мәселе енгізіледі.
Алдағы өткен Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасының есебінде тұрған және ұсынылған уақытша қоғамдық және
әлеуметтік жұмыстардан, оқудан, қайта оқытудан және біліктілігін арттырудан
бас тартқан жұмыссыздарға ағымдағы тоқсанда тұрғын үй көмегі
тағайындалмайды.
Басқа 35. ӨТІНІШ
Тұрғын уй көмегін көсерту
ережелеріне қосымша
Еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығына
_______________________
ӨТІНІШ
Менің отбасыма 2002 жылдың ________________тоқсанына ұстау
және коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу шығындарының орнын толтыру үшін тұрғын үй жәрдемақысын төлеуіңізді сұраймын.
Өз отбасым және кріп отырған пәтерім туралы хабарлаймын:
Тармақ 1
1. Негізгі иесінің, жалдаушының тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Үй мекенжайы:
Тармақ 3
3. Телефоны: үй ____________________жұмыс____________________
Тармақ 4
4. Пәтер бөлмелі_____________ауданы__________м2________қабаты үйде ,__________ қабатта.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйдің түрі: жекешелендірілген, мемлекеттік және басқа
(негіздеме ).
Тармақ 6
6. Отбасы құрамы және табысы:
рр
Отбасының барлық мүшесінің
тегі, аты, әкесінің аты
СТН
Табыс көздері,
сомасы
1
2
3
4
5
7. Басқа тұрғын үйім бар немесе жалға тапсырамын (пәтерді, үйді) ___________________.
иә, жоқ
8. Бағалы қағаздардан дивидендтер ________________________________________________
иә, жоқ
9. Жинақтаушы кассадағы салымнан пайыздар_________________________________________.
иә, жоқ
10. Жылжымайтын мүлікті жалға тапсырудан түскен кірістер (пәтер, көлікжай, саяжай)
_____________________________________.
иә, жоқ
Тармақ 11
11. 2002 жылдың__________________ тұрғын үиді ұстау және коммуналдық
қызметтер бойынша қарыздың мөлшері___________ теңге.
Тармақ 12
12. Тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысын коммуналдық кәсіпорын және
Пәтер иелерінің кооперативінің атына менің жеке шотыма аударуыңызды
сұраймын.
Тұрғын үй жәрдемақысы бөліміне жорта күмән келтіретін мәліметтер бергені
үшін, өзіме жоғары және заңсыз жәрдемақы тағайындағаным үшін мен және
менің отбасыма Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес
жауапкершілік артылады.
Отбасының өкілі_________________________ Күні, айы, жылы_________________________
қолы
ШЕШІМ:
Мына мекенжайда тұратын _____________________________________________________________________
_________________отбасына отбасының___________________________________________ теңге жиынтық
табысына байланысты 20 (10) пайыз есебінен тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалсын.
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды қабылдамау себебі_____________________________________
Күні, айы_________жылы
Орындаушы:
_________________________________________
Т.Ә. А.
_________________________________________Лауазымы
Басқа 44. Тұрғын үй көмегін алуға талап ететін отбасылардың
(азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу
ережелері
Қалалык мәслихаты сессиысының
2002 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 249 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін алуға талап ететін отбасылардың
(азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу
ережелері
Тармақ 1
1. Отбасы мүшелерінің жиынтық кірісіне Қазақстан Республикасында және
оның шегінен тыс, алу көздеріне байланысты, тұрғын үй үшін өтініштер алдағы
тоқсанға ақшалай немесе табиғи түрде түскен кірістердің барлық түрлері жатады
оған мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер.
Кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерге мыналар кіреді:
өнімдерді сатудан түскен кіріс (жұмыстар, қызмет көрсетулер);
тауар-материалдық құндылықтарды сату кезінде құнының артық болуынан
кірістер, инфляцияға олардың құнын түзету есебінен мүліктер ;
сатылған операциялардан тыс түскен кірістер, соның ішінде:
пайыздардан (берілген несие үшін пайыздар (қарыз) немесе салымдар бойынша
(депозиттер) түскен кірістер;
дивиденттер;
мүлікті тапсырудан түскен кірістер.
Тармақша 2
2) Еңбек ақы түрінде түскен кірістер.
Жиынтық кірісте шетелде жұмыс істейтін және отбасы мүшелеріндегі.
Тұлғалардың еңбек ақысы ұлттық, сондай-ақ шетел валютасы түрінде есептеледі.
Сонымен қатар, отбасының жиынтық кірісін анықтау кезінде шетел валютасында
алынған кірістер Ұлттық банкпен белгіленген бағам бойынша ұлттық валютамен
есепітеледі.
Еңбек ақы түрінде алынған кірістерге мыналар кіреді:
еңбек ақының барлық түрлері, сондай-ақ сыйақылар, үстеме ақы және
әлеуметтік жеңілдіктер ақшалай және заттай түрде (қаржыландыру көздерінен
болса да);
еңбек ақыны төлеу кезінде есептелмейтін және кәсіпорын қаражаты есебінен
төленетін төлемдердің басқа түрлері;
бұдан басқа, жиынтық кіріс құрамына келісім-шарт бойынша қызмет атқаратын
әскери қызметтегілер үстеме ақы есебімен ақшалай және әскери қызметкерлердің
мерзімінен бұрын қызмет етудегі ақшалайды қоспағанда үстеме ақы, соның ішінде
әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жатқандар кіреді, бірақ олар отбасы
құрамында есептелмейді.
Тармақша 3
3) Мүліктік кіріс.
Жеке тұлғалардың мүліктік кірісіне мыналар кіреді:
жалға тапсырудан түскен кірістер;
бағалы қағаздармен операция жасаудан, шетел валютасынан түскен кірістер;
жылжымайтын мүліктерді, мүліктерді сатып алудан түскен кіріс;
асыл тастар мен асыл металдардан тұратын солардан және басқа заттардан,
асыл тастар мен металлдар, зергерлік бұйымдар, сондай-ақ өнер
шығармашылықтар мен көне құнды заттар;
мемлекеттік бағалы қағаздардан түскен пайыздар.
Тармақша 4
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, шәкіртақылар,
жәрдемақылар, өтемақылар:
белгіленген заңдар және өзге нормативтік құқықтық кесімдер тәртібімен
тағайындалған зейнетақылардың барлық түрі мен оларға төленетін өтемақылар,
сондай-ақ жергілікті басқару органдарының және жұмыс берушілердің
шешімдерімен;
жоғары оқу орындарындың, колледждердің, өндірістік техникалық мектептердің
студенттеріне, аспиранттарға, докторлар, басқа да оқу орындарының студенттерінеоқушыларына және тыңдаушыларға төленетін шәкіртақылар көздерден
төленетін төлемдерде болса да;
атаулы әлеуметтік көмек;
уақытша еңбек қабілетсізідігі бойынша, соның ішінде баланы күту бойынша;
екіқабат және бала туу бойынша, бала тууға арналған жәрдемақыдан басқа;
республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жұмыс
берушілерден көрсетілген бір жолғы төлемдер мен материалдық көмек;
тұрғын үй көмегі (жәрдемақының аталған түрлерін алу үшін жиынтық кірісті
төлеу кезінде есептелмейді).
Балаларға және басқа асырауындағыларға алынатын алименттер, ал отбасы
мүшелерінен төленетін алименттер оның жиынтық кірісінен есептелмейді.
Алынатын алименттер отбасының жиынтық кірісіне уақытпен, олар қанша
төлегені және есептелгені кіреді. Алимент төлеушінің еңбекақысын қайта есептеуге
байланысты алынған алименттердің қосымша сомалары қарыз болып табылмайды
және отбасының жиынтық кірісіне оларды алу уақыты бойынша есептеледі.
Жұбайлары арасында неке бұзылмаған жағдайда, бірақ көмек тағайындау үшін
өтініш беру кезеңінде әкесінен (шешесінен) алимент төлету туралы сот шешімі
шығарылған, алдағы кезеңге отбасының жиынтық кірісн анықтау кезінде әкесінің
кірістері (шешесінің) ескеріледі.
Тармақша 5
5) Заңнамамен белгіленген көлемде, еңбек міндетін орындау кезінде өндірістік
жарақаттануынан, жұмысшыға келтірілген зиянды төлеуінен, денсаулыққа зиян келуінен
еңбек қабілетін жоғалтуына байланысты жұмыс берушілермен жүзеге асырылатын
бір жолғы төлемдер мен басқа шығындар.
Жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыздық ретінде бірнші тіркелген азаматтар
үшін өткен тоқсан бойынша кірісті растайтын құжаттарды талап етеді. Осы
құжаттарды бермеген жағдайда, тұрғын үй көмегі тоқсан өткен кейін төленеді.
Отбасылардың жиынтық кірісін есептеу кезінде, есеп айырысу кезінде
құрамында өзгертулер туса, оның келуі (кеткен) айынан отбасына келген (кететін)
мүшесіне кірістер ескеріледі (ескерілмейді).
Отбасының мүшесінен біреуі болмаған жағдайда, бас бостандығынан айыруға
немесе еріксіз емдеуге жіберуге байланысты кеткен (келген) адамның жиынтық
кірісін есептеу кезінде оның кету (оның келу күнінен) күнінен дейін ескеріледі.
Егер тұлғалар толық кезеңде аталған себептермен отбасында болмаған жағдайда,
онла оның кірістері отбасының жиынтық кірісін есептеу кезінде ескерілмейді.
Егер отбасының бір мүшесі кемінде бір тоқсаннан аз жұмыс істесе, сол тоқсанға
оның еңбекақысы кіріске кіреді, осы тоқсанда оның барлық айына есептеледі, ал
орташа айлық кіріс жалпы еңбекақы және басқа кірістер тоқсанда жұмыс істеген
айларының күніне бөлу арқылы анықталады.
Тармақ 2
2. Отбасының жиынтық кірісіне қосалқы шаруашылықтан және саяжай учаскелерінен түскен кіріс ескерілмейді.
Тармақ 3
3. Отбасының жинытық табысын анықтау үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
жұмыс істейтін отбасының мүшелері жұмыс орнынан еңбекақысы туралы
аңықтамасын ұсынады;
жеке меншік кәсіпкерлерде жалдап жұмыс істейтін тұлғалар жеке меншік
кәсіпкерлерден еңбекақысы туралы анықтаманы және жеке еңбек шартының
көшірмесін немесе салық комитетінен кіріс туралы анықтаманы ұсынады;
жұмыспен қамту орталығында тіркелген тұлға жұмыссыз куәлігін ұсынады;
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға салық инспекциясынан кіріс туралы
анықтаманы ұсынады;
алимент алатын тұлғалар төленетін алименттер туралы кәсіпорын, мекеме,
ұйымдардың анықтамаларын, немесе алынған алименттер туралы пошта арқылы
келген түбіртекті ұсынады;
алимент алмайтын тұлғалар алимент алмайтыны туралы сот орындаушыдан
(приставадан) анықтама, немесе іс түссіз жоғалғанның алимент төлемейтінін тану
туралы сот шешімін ұсынады.
Алимент төлемеушіні іздеу жағдайында мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) қарызшыны іздеу жариялау туралы сот шешімі;
Тармақша 2
2) іздеу туралы ҚІІБ қаулысы;
Тармақша 3
3) Минская конвенция бойынша орындау үшін құжаттарды жіберу туралы соттан
анықтама.
Тергеу үстінде алимент бойынша қарыз адамды тапқан кезінде көрсетілген
бойынша қылмыстық іс жүргізетін тергеушіден анықтаманы ұсынады. Қарызшы тарапынан қылмыстық іс қозғалғаны, сондай-ақ қай уақыттан күзету үстінде жайлы.
Алимент төлемеушіні бас бостандығынан айыру орнынан табылған жағдайда - сот
шешімінің көшірмесі, немесе нотариалды тіркелген одан қолхат жазып алу.
Баладан бас тарту алимент төлеуден босату үшін негіздеме болып табылмайды,
сондай-ақ анасының (әкесінің) тілегі жоқтығынан отбасы жағдайына байланысты
сот тәртібімен алименттерді іздеу, яғни ата-ана мынандай жағдайда 18 жасқа келгенше алимент төлеуге міндетті.