Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах закупа зерна урожая 2003 года

Қаулы · № 301 · қабылданған 27.03.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2003-ekb-14852/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах закупа зерна урожая 2003 года Күшін жойған Қаулы ·№ 301 ·27.03.2003
27.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах закупа зерна урожая 2003 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 301 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах закупа зерна урожая 2003 года
Атауы (қаз.)
2003 жылғы егiннiң астығын сатып алудың кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
301
Қабылданған күні
27.03.2003
Көрсетілген редакция
27.12.2007 AI14852_6.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030000301_
ЭКБ идентификаторы
14852
Редакция идентификаторы
AI14852_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:21

0 2003 жылғы егiннiң астығын сатып алудың кейбiр мәселелерi туралы

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27. N 1301 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1

1. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына 2003 жылғы егiннiң 2 000 000 (екі миллион) тоннаға дейiнгi көлемдегi бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын кредит ресурстарын тарту есебiнен осы қаулымен бекiтiлген Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.23. N 854
қаулысымен .

2 2. Қоса берiлiп отырған 2003 жылғы егiннiң астығын сатып алу ережесi бекiтiлсiн.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi A.C.Есiмовке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

0 2003 жылғы егiннiң астығын сатып алу ережесi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 27 наурыздағы
N 301 қаулысымен
бекiтiлген
2003 жылғы егiннiң астығын сатып алу ережесi
Осы Ереже "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әзiрлендi.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) агент - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы;

2 2) комиссия - құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және агенттiң өкiлдерi енгiзiлетiн, сатушыларды iрiктеудi жүзеге асыратын, агент құратын комиссия;

3 3) сатушы - астықты сатып алуға қатысушы жеке немесе заңды тұлға.

2 2. Сатушылардан астықты сатып алуды агент iрiктеп алған астық қабылдау кәсiпорындарында агент жүзеге асырады.

3 3. 2003 жылғы егiннiң бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын сатып алу екi кезеңде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң пруденциалдық нормативтерiн орындайтын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң кепiлдiгiмен көктемгi-жазғы кезеңде 2003 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде қаржыландыру арқылы;
күзде тiкелей сатып алу арқылы.
2003 жылғы егiннiң бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын сатып алу тауарлық биржалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

2 2. Астық сатып алуды жүргiзудiң және оны қаржыландырудың тәртiбi

4 4. Осы Ереже жарияланғаннан кейiн агент республикалық баспасөз басылымдарында сатып алудың шарттары мен астық сатып алу жүзеге асырылатын астық қабылдау кәсiпорындарының тiзiмiн жариялайды.

5 5. Өзiнiң астығын сатуға мүдделi сатушы комиссияға:

1 1) көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы сатып алу бағдарламасына қатысу үшiн:

сатып алуға ұсынылып отырған астықтың көлемi көрсетiлген өтiнiмдi;
Сатушыға банктiк кепiлдiк беру ниетi туралы екiншi деңгейдегi банктiң хатын;
жер пайдалану құқығын белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;

2 2) тiкелей шарттар бойынша күзгi сатып алуға қатысу үшiн:

астықты сату туралы жазбаша өтiнiмдi;
астық қолхатының көшiрмесiн бередi.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.12. N 28 қаулысымен .

6 6. Комиссия анықтаған сатушы агенттiң облыстық өкiлдiгiмен агент бекiткен нысан бойынша астық сатып алуға шарт жасасады.

Шартты жасасу үшiн сатушы қосымша құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң көшiрмесiн не салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетiп және сатушы бiрыңғай жер салығын төлеушi екендiгiн және қосылған құн салығын төлеушi емес екендiгiн растай отырып, салық қызметi органының анықтамасын бередi.
Бұдан басқа:
заңды тұлғалар үшін:
құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және статистикалық есеп карточкасының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
жеке тұлғалар үшiн:
астықты сатушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi берiледi.

7 7. Көктемгі-жазғы кезеңде қаржыландырылған астықты қабылдау және күзде сатып алынатын астыққа ақы төлеу үшiн сатушы мынадай құжаттарды бередi:

астық қолхаты мен оның куәлiктерi бойынша құқықтың агентке өтуiн растайтын тапсыру жазбасы (индоссаментi) бар сатып алынатын астық көлемiне астық қолхатының түпнұсқасын;
астықты сертификаттау бойынша белгiленген тәртiппен тiркелген ұйым (зертхана) берген сапа сертификатының түпнұсқасын;
салық заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген шот-фактураны.

8 8. Агент мынадай жағдайда бес банктiк күн iшiнде ақша қаражатын сатушының шотына аударуды жүзеге асырады:

көктемгi-жазғы қаржыландыру бағдарламасы бойынша - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң банктiк төлем кепiлдiгiн бергеннен кейiн;
күзгi сатып алу бағдарламасы бойынша - осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды бергеннен кейiн.

Қолданыстағы