Қала әкімдігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1486 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қала әкімдігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1486 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Қала әкімдігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1486 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1068
- Қабылданған күні
- 15.06.2006
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2009 · қолданыстағы 28744_169474.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06ZA000046
- ЭКБ идентификаторы
- 28744
- Редакция идентификаторы
- 28744_169474
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:17
0 Қала әкімдігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1486 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып және құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестендіруге және реттеуге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қала әкімдігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1486 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері туралы", (2004 жылғы 30 қарашадағы тіркеу № 2807, 2004 жылғы 16 желтоқсандағы № 51 "Жайық үні", 2004 жылғы 16 желтоқсандағы № 51 "Пульс города" газеттерінде жарияланған) қаулысымен бекітілген "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырудың Ережелері" № 1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1 бөлігіндегі 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және "Бюджеттік кодекс" Кодексі табылады".
6 бөлігіндегі 17 тармақ жойылсын.