Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №2480) Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ауданда ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы №149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптарын, 2001 жыл 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 19 маусымдағы №836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №2480) Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 28.04.2004 г. № 45 (Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №2480) Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (тіркеу 3.02.2004 ж. №2480 "Ауыл айнасы газеті" 15 наурыз 2004 жыл № 11) қаулысына төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қаулының 2-қосымшасының 8-тармағы "малдарды қолдан ұрықтандыру пункттеріндегі маусымдық жұмыстарды ұйымдастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-қосымшасының 4-тармағында "жұмыстарына" деген сөзден кейін "және малдарды қолдан ұрықтандыру пункттеріндегі ұрықтандырушыға" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 3-қосымшаның 5-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әрбір жұмысшыға өнімнің сапасына қарай айына дайындалған 2000 дана саман тасқа, 700 дана пеш тасқа, 150 дана қамыс плитасына қабылдау актісіне сәйкесті үстеме ақы төленеді".
2. Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 26 наурыздағы № 37 "Казталов ауданы әкімдігінің "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.