2004 жылғы 2 сәуірдегі № 53 «Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарының негізінде және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2004 жылғы 2 сәуірдегі № 53 «Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына (Батыс Қазақстан облыстық департаментінде 2004 жылғы 29 сәуірде мемлекеттік тіркеу № 2651 болып тіркелген, Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінде 2004 жылғы 14 мамырда жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
«Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесінің» 1 тарауының 1 тармағы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) Тұрмысы төмен отбасыларына электронды электроесептегіш құралын алу үшін материалдық көмек;»
«10) Тұрмысы төмен мүгедектер мен жалғыз басты қарияларға «Қариялар күні» мен «Мүгедектер күні» күндеріне біржолғы материалдық көмек;»
2004 жылғы 2 сәуірдегі № 53 «Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 03.11.2004 г. № 155 (2004 жылғы 2 сәуірдегі № 53 «Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
0