«2004 жылға арналған облыстық бюджет
туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы
20 желтоқсандағы III сессиясының
№23 шешімін іске асыру туралы
«2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 желтоқсандағы III сессиясының № 23 шешімі негізінде, сондай-ақ «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысын басшылыққа ала отырып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 желтоқсандағы III сессиясының №23 шешімін іске асыру туралы от 29.12.2003 г. № 714 («2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 желтоқсандағы III сессиясының №23 шешімін іске асыру туралы)
1. 2004 жылға арналған облыстық бюджет 1- қосымшаға сәйкес:
түсімдер - 13496120 мың теңге, оның ішінде:
1)кірістер бойынша - 1963380 мың теңге;
алынған ресми трансферттер бойынша - 11496746 мың теңге;
кредиттерді қайтару бойынша - 35994 мың теңге;
2)шығыстар - 13504620 мың теңге, оның ішінде:
шығындар бойынша - 13368620 мың теңге;
кредиттер бойынша - 136000 мың теңге;
3) жалпы қаржыландыру - 8500 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласы экімдері 2004 жылғы 15 қаңтарға дейін облыстық қаржы басқармасына белгіленген тәртіпте жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген ай сайынғы көлемін тапсырсын.
3. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:
1)2003 жылғы 26 желтоқсанға дейін 2004 жылға арналған жылдық тағайындаулар шегінде бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және оларға есептемелерін облыстық қаржы басқармасына ұсынсын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітсін және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге жеткізсін;
2)2004 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекітуге ұсынылсын;
3)бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық шарттарды міндетті түрде қайта тіркей отырып, жылдық тағайындаулар шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық шарттарын белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Аудан әкімдері 2003 жылғы 26 желтоқсанға дейін облыстык қаржы басқармасына облыстық бюджеттен аудандық бюджеттерге берілетін ресми трансферттердің ай сайынғы көлемін тапсырсын.
5. Қызылорда қаласы әкімі қалалық бюджет бекітілгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде облыстық қаржы басқармасына облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген көлемі шегінде бюджеттік алымдардың ай сайынғы көлемін тапсырсын.
6. 2004 жылғы 15 қаңтарға дейін облыстык энергетика, кұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К.Нұрекешов) ауыз сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қаралған бюджеттік қаражаттарды бөлу туралы облыс әкімияты қаулысының жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына ұсынсын.
7. 2004 жылғы 15 қаңтарға дейін облыстық табиғатты қорғау шаралары жөніндегі басқармасы (Қ.Ахметов) қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізуге қаралған бюджеттік қаражаттарды бөлу туралы облыс әкімияты қаулысының жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына ұсынсын.
8. Облыстық білім басқармасы (М.Өтемүратов) 2004 жылдың 15 қаңтарына дейін келесі мақсаттағы қаражаттардың бѳлінуі туралы қаулы жобаларын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына ұсынсын:
1) оқу зертханалық құралдарды сатып алуға;
2) облыстык бюджет құрамында ауылдық мектептердің күрделі жѳндеуі мен құрылысына.
2004 жылы орталықтандырылған тәртіппен ауылдык, жекелеген кенттік мектептерге автокөлік алуға қаражат бөлу «Ауылдық және жекелеген кенттік орта мектептерге автокѳлік құралдарын бөлу жөніндегі Ережені бекіту туралы» облыс әкімиятының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 490 қаулысына сәйкес жүргізсін.
9. 2004 жылғы 1 ақпанға дейін облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне 2004 жылы ауылдық әкімияттардың аппараттарын ұстауға мақсатты трансферттер бөлу туралы қаулы жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына ұсынсын.
10. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінген бюджеттік қаражаттардың игерілуін және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
11. Облыстық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
12. Облыстық бюджеттің даму бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары
Б. Қуандықовқа жүктелсін.