Об утверждении Региональной программы профилактики йододефицитных расстройств среди населения Акмолинской области на 2004-2005 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы тұрғындары арасында йод тапшылығынан болатын ауру-сырқаулықтың алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 қазандағы № 489-ІІ «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» Заңымен, облыс әкімдігінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № А-1/382 қаулысы мен облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 1-59/97 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының тұрғындары арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Шешімнің жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құкық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 23.02 № 3С-4-4 шешеімімен БЕКІТІЛГЕН 2004-2005 жылдарға арналған Ақмола облысы тұрғындары арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі аймақтық БАҒДАРЛАМАСЫ
Тармақ 1
1. Бағдарламаның төлқұжаты ...........................................................................3
Тармақ 2
2. Кіріспе….........................................................................................................3
Тармақ 3
3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау….........................................................5
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері ....................................................6
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмі ..............7
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру ресурстары мен көздері.............................8
Тармақ 7
7. Күтілетін нәтиже............................................................................................8
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар жоспары ............................10
Тарау 1. 1. Бағдарламаның төлқұжаты
1. Бағдарламаның төлқұжаты Атауы - 2004-2005 жылдарға арналған Ақмола облысы тұрғындары арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі аймақтық бағдарламасы. Негізі - Қазақстан Республикасының 04.12.2002 жылғы «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Қазақстан Республикасының 14.10.03 жылғы 489-11 ЗРК «Йод тапшылығынан болатын аурулардың алдын алу туралы» Заңдары, ҚР Үкіметінің 21.03.2003 жылғы № 289 «2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік «Халықтың денсаулығы» бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысын бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлығы Негізгі жасаушы - Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы. Мақсаты - Тұрғындардың йодқа деген қажеттілігін толық камтамасыз ету, олардың денсаулығын жақсарту, йод тапшылығы ауруларының алдын алу, Ақмола облысы тұрғындарының денсаулығының жай-күйіне және профилактикалық-емдеу шараларының тиімді жүргізілуіне әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін жасау. Міндеттері - Ақмола облысы тұрғындары арасында йодтың жетіспеушілігінен болатын аурулардың деңгейін төмендету. Ақмола облысының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында шығарылатын тамақ өншдеріне йодтаудың жаңа әдістерін енгізу. Ақмола облысы тұрғындарының денсаулығының жай-күйіне, профилактикалық-емдеу және санитарлық- ағарту шараларын жүргізудің тиімділігіне әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін жасау. Негізгі басымдар - Йод тапшылығынан болатын адам ағзасындағы өзгерістердің, аурулардың, өлім-жітімнің, мүгедектіктің деңгейіне мониторинг ұйымдастыру, тұрғындар арасында, соның ішінде бірінші кезекте балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер арасында йод тапшылығынан болатын адам ағзасындағы өзгерістерді ерте анықтауға бағытталған шараларды іске асыру, емдеу-профилактикалық шаралардың, диспансерлік бақылаудың сапасын арттыру, облыстың тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында тамақ өнімдерін йодтаудың әдістерін енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру, йод тапшылығынан болатын адам ағзасындағы өзгерістердің алдын алу жөнінде облыс тұрғындарымен санитарлық-ағарту жүмысын күшейту. Қаржыландыру көзі - Жергілікті бюджеттің қаржылары Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже - Ақмола облысының тұрғындары арасында адам ағзасында йодтың тапшылығына байланысты аурулар деңгейін төмендету. Жүзеге асыру мерзімі - 2004-2005 жылдары
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Қоршаған ортада (топырақта, суда, жергілікті тамақ өнімдерінде) йодттың тапшылығына байланысты тұрғындардың ауру-сырқаулығының жоғары деңгейі, халық арасында мүдделі ведомстволармен және қызметтермен алдын алу шараларының төмен деңгейі, тұрғындардың гигиеналық білімдерінің төмен деңгейі, медициналық көмек көрсетудегі кемшіліктер осы бағдарламаның жасалуына негіз болып табылады. Йод тапшылығынан болатын аурулар адамның неғұрлым кең тараған жұқпалы емес аурулардың қатарына жатқызылады. Жер шарының 2 миллиардтан астам тұрғынында йодттың жетіспеу қауіпі байқалады, ал 740 миллиондай адамда қалқанша бездерінің үлеюі (эпидемиялық жемсау), 40 миллион адамда йод тапшылығының салдарынан ақыл-ойдың жетіспеушілігі орын алып келеді. Тамақтану барысында йодттың тапшылығы нақты аңғарылмайды, сондықтан, ол «жасырын аштық» деген атауға ие. Йод тапшылығы әсіресе жаңа өсіп келе жатқан баланың миына қатты әсер етеді. Йод тапшылығы аз көлемде болғанның өзінде тұрғындардың интелектуалдық қабілеті орта есеппен 10 пайызға кемиді, мұның өзі бүкіл ұлттың ой-өрісі мен экономикалық әуелетіне елеулі қатер төндіреді. Йодттың ұдайы тапшылығы Ақмола облысы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық өмір деңгейінің әлсіреуіне әкеліп соғады, өйткені, онымен еңбек өнімділігі төмендеп, тұрғындардың денсаулық жағдайы нашарлайды, облыс бюджетінен сырқаттарға, соның ішінде мүгедектер мен әсіресе, балалар жасындағы науқастарға медициналық-тұрмыстық көмек көрсетуге, халықтың осы топтарын сауықтыруға қаржы көздері өседі. Бағдарлама облыс тұрғындарының санитарлық-әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық саясатты жүзеге асырудың негізі мен нақты іс-қимыл жоспары болып табылады. Бағдарламаның негізгі құрамдас бөліктері: йод тапшылығынан болатын адам ағзасындағы өзгерістердің, аурулардың, өлім-жітімнің, мүгедектіктің деңгейіне мониторинг ұйымдастыру; Ақмола облысы тұрғындары арасында йод тапшылығына байланысты ауруларды тұрақтандыру, одан соң азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру; тұрғындар арасында, соның ішінде бірінші кезекте балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер арасында йодттан болатын өзгерістер мен ауруларды ерте анықтауға бағытталған шараларды іске асыру; емдеу профилактикалық шаралардың, диспансерлік бақылаудың сапасын арттыру; Ақмола облысының азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарында тамақ өнімдерін йодттандыру әдістерін енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру; тұрғындармен йод тапшылығынан болатын өзгерістер мен аурулардың алдын алу жөнінде санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту; барлық балалар, жасөспірімдер, студенттік, емдеу мекемелерін құрамында йоды бар тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жөнінде шаралар өткізу; йодтталған тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпіздігіне мониторинг ұйымдастыру; облыс тұрғындары арасында йод тапшылығынан болатын өзгерістер мен аурулардың деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу және емдеу шараларының тиімділігіне мониторинг ұйымдастыру.
Тарау 3. 3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау
3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау Қазақстан йод тапшылығы жөнінен қолайсыз аймақтардың қатарына жатады. 14 облыстың 11-і осы тұрғыда қолайсыз облыстар болып саналады. Бұл облыстардағы халықтың үштен екісінің осы ауруға ұшырау қауіпі бар. 80-90 жылдары қазақстандық, ресейлік және американдық ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне сәйкес Қазақстанда туа дайда болатын гипотериозбен байланысты ауру-сырқаулықтың деңгейі осы бағдарлама көптеген жылдар бойы тиімді іске асырылып келе жатқан елдерге қарағанда, 150-300 есе жоғары болып шыққан. Демек, Қазақстандағы жағдай мемлекеттің ұдайы көңіл бөлуін, тез және тиімді алдын алу және емдеу шараларының ұйымдастырылуын қажет ететін ұлттық апат ретінде қаралуы тиіс. Тұтастай бүкіл Қазақстан сияқты Ақмола облысында да йодттың топырақта, суда, жергілікті тамақ өнімдерінде жетіспеушілігі байқалады. 2000 жылғы тексеру барысында Көкшетау қаласындағы оқушылардың 43 пайызында қалқанша бездерінің үлкеюі атап көрсетілген. Облыста йод тапшылығынан болатын аурулар 2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда әрбір 100 мың түрғынға 270,3-тен 436,2-ге дейін өскен. Алайда соған қарамастан Ақмола облысында да тұтастай бүкіл Қазақстандағы сияқты тұрғындардың йод тапшылығына байланысты аурулар деңгейіне әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізілмейді. Соған байланысты облыс аудандарында штаттық нормативтерге сәйкес балалар эндокринологтарының жұмыс штаты қарастырылмаған, халықтың балалардан тұратын бөлігі тереңдетілген медициналық байқаулардан өткенде эндокринологтармен тексерілмейді, сол себепті йодттан болатын өзгерістер балаларда алғашқы кезеңде нашар анықталады. Айталық, облыстың балалар эндокринологында диспансерлік есепте бүгінде небары 32 бала ғана тұрады. Ақмола облысында тамақ өнімдеріне йод қосуды енгізу жөніндегі шаралар соңғы бірнеше жылдың көлемінде қолға алынып келеді. Облыстағы нан және нан өнімдерін шығаратын барлық кәсіпорындар мен қолда бар ведомстволық зертханалар нанды йодтың органикалық емес құрамымен йодтандырады. Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары барлық шағын наубайханаларды нан пісіру барысында йодтталған тұз бен ашытқыны ғана пайдалануға міндеттеген. Облыстың барлық балалар, жасөспірімдер, студенттік, емдеу-профилактикалық мекемелерінің басшыларына балаларды, жасөспірімдерді, студенттер мен науқастарды тамақтандырғанда йодталган тұз бен ашытқыны пайдалану жөнінде ұйғарымдар жолданған. Облыстың санэпидқызметі осы ұйғарымның орындалуын ұдайы қадағалаумен келеді. Алайда, басқа елдердің ғылыми-зерттеу және медициналық орталықтарының ресми көздерінде йод тапшылығын йодттың органикалық емес құрамын қолдану жолымен жою әдісінің қауіпсіздігіне күмән келтіріледі. Өйткені, олардың көп дозасы керісінше жағдайларға, адам ағзасы оған түсетін органикалық емес құрамды бір жүйеге келтіре алмағандықтан, қалқанша безінің сырқатына әкеп соғады. Бұл жағдай тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындарының бүгінгі таңда ведомстволық зертханаларының жоқ болуымен және өндірілетін өнімдегі йодтың мөлшеріне тұрақты бақылау жасай алмауымен одан сайын күрделеніп отыр. Ал, өздері шығаратын тамақ өнімдеріндегі органикалық емес йодтың аз-көбіне зертханалық бақылау жүргізетін кәсіпорындарда йодты анықтау әдісі жалаң сипатқа ие. Мәселен, йодты йодтың органикалық емес құрамымен кодталған ашытқыларда анықтау әдісі йодтың белгілі бір мөлшерін оның түсі, яғни, қарастырылып отырған үлгінің бояуының реңімен түсімен ғана анықтауға негізделген. Йодталған тамақ өнімдерінің жетіспеуін атап өткенде, йодтың органикалық емес құрамымен йодтаудың (тек қана тұз, ашытқы, нан) мүмкіндігі тым шектеулі екендігін және оның тұрғындардың йодтқа деген қажетін толық өтей алмайтындығын атай кеткен жөн. Қазіргі уақытта облыс кәсіпорындарында тамақ өнімдерін йодтың органикалық құрамымен - йодказеинмен йодтаудың жаңа түрлері енгізілуде. Мәселен, нан және нан өнімдері осылай йодказеинмен йодталады. Сол сияқты, йодказеинді пайдаланудың басқа да кең мүмкіндіктері назар аударуға тұрарлық (шүжық өнімдері, сыра, алкогольсіз сусындар, кондитер, нан-тоқаш, макарон, сүт, қатық және айран, май және тоң май өнімдері, тағы басқалары). Иодказеинді қолдану барысында адам ағзасына келіп түсетін йодтың органикалық құрамының өзіндік ретке келуінен йодты артық дозалауға жол берілмейді. Әрі көптеген мемлекеттердің ғалымдары жүргізген зерттеулер де дәлелдеп отырғанындай, йодказеиннен адам ағзасында кері әсерлер болмайды. Ресейде тамақ өнімдерін осы йодказеинмен байыту кең қолданысқа ие болуда.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
Тармақша 1
1) Бағдарламаның мақсаты: Бағдарламаның негізгі мақсаты тұрғындардың йодқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету, олардың денсаулығын жақсарту, йод тапшылығы ауруларының алдын алу, Ақмола облысы тұрғындарының денсаулығының жай-күйіне және профилактикалық-емдеу шараларының тиімді жүргізілуіне әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін жасау.
Тармақша 2
2) Бағдарламаның міндеттері: Ақмола облысы тұрғындары арасында йодтың жетіспеушілігінен болатын аурулардың деңгейін төмендету. Ақмола облысының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында шығарылатын тамақ өнімдеріне йодтаудың жаңа әдістерін енгізу. Ақмола облысы тұрғындарының денсаулығының жай-күйіне, профилактикалық-емдеу және санитарлық-ағарту шараларын жүргізудің тиімділігіне әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін жасау.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмі.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмі. Йод тапшылығынан болатын адам ағзасындағы өзгерістердің, аурулардың, өлім-жітімнің, мүгедектік деңгейіне мониторинг ұйымдастыру. Ақмола облысы тұрғындары арасында йод тапшылығына байланысты ауруларды тұрақтандыру, одан соң азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру: тұрғындар арасында, соның ішінде бірінші кезекте балалар, жасөспірімдер, жүкті, әйелдер арасында йод тапшылығынан болатын адам ағзасындагы өзгерістерді ерте анықтауға багытталған шараларды іске асыру; емдеу-профилактикалық шаралардың, диспансерлік бақылаудың сапасын арттыру; облыстың тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында тамақ өнімдерін йодтаудың әдістерін енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру; йод тапшылығынан болатын адам ағзасындағы өзгерістердің алдын алу жөнінде облыс тұрғындарымен санитарлық-ағарту жұмысын күшейту. облыстың барлық балалар, жасөспірімдер, студенттік, емдеу мекемелерін құрамында йоды бар тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жөнінде шаралар жүргізу. йодталған тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне мониторинг ұйымдастыру. облыс тұрғындары арасында йод тапшылыгынан болатын өзгерістер мен аурулар деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу және емдеу шараларының тиімділігіне мониторинг ұйымдастыру.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны қаржыландыру ресурстары мен көздері.
6. Бағдарламаны қаржыландыру ресурстары мен көздері. Қаржыландырудың негізгі көздері жергілікті бюджеттің қаржылары болып табылады.
Тарау 7. 7. Күтілетін нәтиже.
7. Күтілетін нәтиже. Ақмола облысының тұрғындары арасында адам ағзасында йодтың тапшылығына байланысты аурулар деңгейін төмендету: 2004-2005 жылдарға арналған Ақмола облысы тұрғындары арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі аймақтық бағдарламасын іске асыру Қазақстан Республикасының 04.12.2002 жылғы «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасының 14.10.03 жылғы 489-11 ЗРК «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.03.2003 жылғы № 289 «2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік «Халықтың денсаулығы» бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 18 мамырдағы № 3956 «Қазақстан Республикасы зазаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөңіндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлығын орындау жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаны орындау тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсартуға, Ақмола облысының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізеді. Бағдарлама тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерінде ілгері қадам басуға нақты мүмкіндіқ туғызады. Аталған бағдарламаны іске асыруға жұмсалған ақшалай қаржылар және басқа ресурстар йод тапшылығы ауруларына ұшыраған тұрғындарға әлеуметтік және медициналық көмек көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға мемлекеттің материалдық шығынын азайтуға мүмкіндік туғызады.
Тарау 8. 8. 2004-2005 жылдарға арналған Ақмола облысы тұрғындары арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары
8. 2004-2005 жылдарға арналған Ақмола облысы тұрғындары арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары № Шаралардың атауы Қорытындылау формасы Орындалуына жауаптылар Орындалу мерзімі Ұйғарылған шығын Қаржыландыру көзі 1 Йод тапшылығынан болатын адам ағзасындағы өзгерістердің, йод тапшылығына байланысты аурулардың, өлім-жітімнің, мүгедектіктің деңгейіне мониторинг ұйымдастыру. Ақмола облысының тұрғындарының ауру- сырқаулық жағдайлары туралы ай сайын беретін статистикалық есеп Облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 2004 жыл әр айдын 15-іне дейін Қаржылай шығынды талап етпейді 2 Медициналық ұйымдарда эндокринологтардың штаттарын нормативтік көрсеткіштерге жеткізу: Облыстық денсаулық сақтау басқарма сының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы - Зеренді ауданы 2004ж. 130 мың теңге Аудандық бюджет - Аршалы ауданы 2004ж. 130 мың теңге Аудандық бюджет - Ерейментау ауданы 2004ж. 130 мың теңге Аудандық бюджет - Еңбекшілдер ауданы 2004ж. 130 мың теңге Аудандық бюджет 3 Тереңдетілген медициналық байқаулардан өткізу барысында балалардың, жасөспірімдердің, жүкті әйелдердің, бала емізетін аналардың эндокринологпен 100% қаралуын қамтамасыз ету. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Денсаулық сақтау басқармасы Жылына 1 рет 4 Тәуекел топтарына: балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға қалқанша безінің үлғаюына қарсы топтық профилактикалық шаралар өткізуге қаржы іздестіріп табу. Облыстық денсаулық сақтау басқарма сының бұйрығы Облыстық қаржы басқармасы 2004ж. 2005ж. 5.5млн. теңге 5.5млн. теңге Областық бюджет 5 Облыстың балалар жасөспірімдер мекемелерін, емдеу орыңдарының азық-түлік блоктарын құрамында йоды бар тамақ өнімдерімен, сондай-ақ, йодпен байытылған өнімдермен қамтамасыз ету. Облыс тық ден саулық сақтау басқармасына есеп Облыстық білім басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімі 2004-2005 ж. Өндірісшілердің қаржылары 6 Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының басшыларына өздері шығаратын тамақ өнімдерін йодталған ақуызбен (йодказеин) байытуды ұсыну. Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының есебі Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2004-2005 ж. 7 Қазақстан Республикасының 14.10.03 жылғы № 489 «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» Заңына сәйкес йодталған тағам тұзының және басқа да йод құрамымен байытылған тамақ өнімдеріңін сапасына, өндірілуіне, сақталуына, әкелінуіне және іске асырылуына, сол сияқты, барлық мүдделі ведомстволармен өткізілетін шаралардың сапасы мен тиімділігіне мониторинг ұйымдастыру. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының есебі Акмола облысының мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы ақпарат құралдары Ұдайы Қаржылай шығынды талап етпейді 8 Йодталған тамақ өнімдерінде: «Арал тұз» йодталған тұзында, йодталған ашытқыларды қолдана отырып пісірілген нан-тоқаш өнімдерінде йодтың бар-жоғын анализден өткізу. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының есебі Акмола облысының мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Тоқсан сайын Қаржылай шығынды талап етпейді 9 Тұрғындар, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер, студенттер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту. Бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (келісім бойынша), облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Акмола облысының мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары Ұдайы Қаржылай шығынды талап етпейді 10 Санитарлық қызметпен йодпен байытылған тағам өнімдерінде йодты анықтау үшін экспресс- жиынтықтар және реактивтер сатып алу. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2004 жылдың 2-3 тоқсаны Облыстық бюджет - 2004 ж. 14,5 млн. теңге - 2005 ж. 14,5 млн. теңге