Қолданыстағы ред. 14.07.2003 (Редакция 16858_390550.kaz)

Алматы облысы бойынша 2004-2006 ж.ж. арналған муниципалдық тұрғын үйлер құрылысы бағдарламасы туралы от 14.07.2003 г. № 35-208 (Алматы облысы бойынша 2004-2006 ж.ж. арналған муниципалдық тұрғын үйлер құрылысы бағдарламасы туралы)

0

Алматы облысы бойынша 2004-2006 ж.ж. арналған муниципалдық тұрғын үйлер құрылысы бағдарламасы туралы
Муниципалдық тұрғын үйлер құрылысы жөніндегі Алматы облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді Бағдарламасына және облыс Әкімінің хатына сәйкес Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:

1

1. Алматы облысы бойынша 2004-2006 ж.ж. арналған муниципалдық тұрғын үйлер құрылысыныц Бағдарламасы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін № 2 қосымшаға сәйкес жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты ic шаралар жоспары.

2

2. Облыстық құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, сәулет және қала құрылысы басқармасы, аумактық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы, аудандар мен калалардың әкімдері жоғарыда аталған Бағдарламаны жүзеге асыру үшін нақты шаралар әзірлесін.

3

3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасарына (А. Баталов) облыстық Мәслихаттың экономикалық реформа, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.С. Хасенов) жүктелсін.

4. КІРІСПЕ

Алматы облыстық Мәслихатының 2003 ж. «15» шілде
№ 35-208 шешіміне
№ 1 қосымша
Алматы облысы бойынша муниципалдық тұрғын үйлерді салу жөніндегі Өңірлік бағдарлама
Бағдарламаның Паспорты
Аталуы
Алматы облысы бойынша муниципалдық тұрғын үйлерді салу жөніндегі өңірлік бағдарлама
Орындаушы
Алматы облысы Әкімінің аппараты
Өндеудің негізі
Бағдарлама Алматы облысы Әкімінің тапсырысы негізінде орындалған
Өндеуші
Алматы облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасы
Жобаны жүзеге асыратын жер
Алматы облысының қалалары мен аудандары
Жобаның статусы
Өңірлік бағдарлама
Қаржыландыру
көздері
Республикалық және жергілікті бюджеттен
КІРІСПЕ
Мемлекеттің қоғамдық-саясат және экономикалық құралдарындағы өзгерістер сәулет, қалақұрылысы және құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру үшін жаңадан тіл табуды талап етеді.
Отандық, құрылыс саласы тынымды жұмыс icтey және көтерілу үшін, мемлекеттің жаңа өндірістік кешендерін салуындағы және бірінші кезекте тұрғын үй құрылысы және қоғамдық құрылысы дамуындағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау керек.
Қолданыстағы заң бойынша деңгейі төмен қоғамды қорғаулы халықтар тобын, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерін тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мәселесі қоғамдық жоспар ретінде ерекше өткір боп қалады.
Халықтың төлем қабілеті төмен болғандығы, жеке тұрғын үй құрылысының көлемін көбейтуге мүмкіндік бермейді және тұрғын үй құрылысы рыногын құруға бөгет келтіреді.
Ипотекалық, кредит алу бағдарламасының жүзеге асырылуы жалғыз бюджеттық қызметкерлерге ғана емес, табыс деңгейі орташа адамдарға, әcipece табыс деңгейі орташа дан төмен адамдарға қол жеткізбейді.
Бюджеттық қызметкерлер және тұрмысы төмен қоғамды-қорғаулы халықтар тобы үшінн ипотекалық кредит алу бағдарламасын жүзеге асыруға және тұрғын үй құрылысы мәселесін тиімді шешуге тұрғын үйлердің қымбатшылығы жол бермейді.
Нақты муниципалдық тұрғын үй құрылысы жөніндегі өңірлік Бағдарлама Қазақстан Республикасын дамытудың 2030 ж. дейінгі стратегиясын ескере отырып және Мемлекет басшысыныц тұрғын үй құрылысы мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жасалған.
ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
Муниципалды тұрғын үйлер құрылысының көлемі соңғы он жылдықта бұлжытпай төмендей берді.
Облыстың қалалары мен аудандарында жаппай муниципалды тұрғын үй құрылысы тоқталған.
Нәтіжесінде көптеген халықтың, оның бюджеттық саласындағы қызметкерледін тұрғыну үй мәселелері шешілмей қалып отыр.
Әрекеттегі негізгі ресурстарын қолдауға және қалпына келтіруге қаржы жоқтықтан күрделі жөндеу, қайта құру және жаңарту жөніндегі жұмыстары жүргізілмейді.
Тұрғын үй құрылысының қоры жалпы айтқанда ecкіріп, тозығы жеткен және құлағалы тұрған тұрғын үйлердің саны көбейіп барады.
Ипотекалық кредит алу бағдарламасы бюджеттық саласының қызметкерлеріне және табыс денгейі орташадан төмен халыққа, Республикалық немесе жергілікті бюджетінің көмегі болмай, жол жеткізбес.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
Тұрғын үй құрылысына бағытталған қаржылардың көлемін көбейту.
Тұрғын үй құрылысын дамытуға және тұрғын үй ресурсын сақтауға жағдай жасау.
Жаңа технологияларды енгізе отырып, жаңа үлгідегі тұрғын үйлер салу және қазырғы заманғы, тиімді конструкциялар мен өндеу материалдарын пайдалану.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Көп халыққа, әcipece бюджеттік саласының қызметкерлеріне тұрғын үйлерге қол жетерлігін қамтамасыз ету.
Халықтың денсаулығы және әл-ауқатының жақсаруы жаңа тұрғын үйлер құрылысының нәтижесі ретінде.
Тұрғын үйдің 1 квадрат метірінің бағасы төмендеуде.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
Бағдарламаның негізгін бюджеттық саласының қызметкерлері және тұрмысы төмен қоғамды қорғаулы халықтар тобы үшін муниципалдық тұрғын үйлерді салуын дамыту жөніндегі ic-шараларын жүзеге асыруы құрайды:
-жаңа құрылыстардың сапасын тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қажырлануын жоғарлату жөніндегі ic-шаралары;
-материалдық-техникалық және қаржы қорларын құру;
-тұрғын үйлердің нормативтік-ұстауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және тұрғын үйлерді мемлекеттік қадағалау жүйесі үшін ПИК-ге құкықтық көмек көрсету.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ КӨЗДЕРІ
Қаржыландырудың негізгі ресурстары мен көздері:
-2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттерінен қаражат 270,0, млн.теңге;
-2004-2006 жылдарға арналған жергілікте бюджеттен қаражат 314,7 млн.теңге.
БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КУТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламаларын жүзеге асырылуы нақты іс-шараларының жоспары негізінде жүзеге асырылады, қайсысының тізімі приоритеттіліктен шығады.
Бағдарламамен қарастырылған іс-шараларының жүзеге асырылуы төмендегіге жол береді:
-бірыңғай мемлекеттік тұрғын үй құрылысы саясатын жүргізудің тиімділігін жоғарлату.
-экологиялық және қалақұрылысы проблемалардың шешілуін қамтамасыз ету.
-халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын анағұрлым жақсарту.