«Аманкелді аудандық мәслихатының регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жерглікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
«Аманкелді аудандық мәслихатының регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 02.03.2007 г. № 229 («Аманкелді аудандық мәслихатының регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 шешіміне өзгерістер енгізу туралы)
1. Аманкелді аудандық мәслихатының 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 «Аманкелді аудандық мәслихатының регламенті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3150, «Аманкелді арайы» газеті 8 қазан 2004 жыл, № 28), 2005 жылғы 15 шілдедегі «Аманкелді аудандық мәслихатының регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 шеініміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 109 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-14, «Аманкелді арайы» газеті 2 қыркүйек 2005 жыл, № 39), 2006 жылғы 17 наурыздағы «Аманкелді аудандық мәслихатының регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 171 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-32, «Аманкелді арайы» газеті 21 сәуір 2006 жыл, № 16) өзгерістер енгізілсін:
1) Регламенттің 55-тармағындағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәслихат аудандық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу үшін өз құзіреті мерзімінің шеңберінде, мемлекеттік қаржылық бақылау органына жататын тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің саны мәслихатпен анықталады. Тексеру комиссиясының төрағасы (бұдан әрі мәтін бойынша төраға) депутаттар ішінен мәслихатпен сайланады»;
2) 31) тармақша мынадай редакдияда жазылсын:
«Мәслихаттың шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін, жауапты орындаушылар мен бақылау мерзімі көрсетілген, мәслихат хатшысының өкімі шығарылады
Бақылау іс-шаралары жөніндегі өкім қатал есептегі бланктерде рәсімделеді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің аумақтық органында тіркелуге тиіс.
Бақылау іс-шаралары жөніндегі өкім тексеретін мекеменің басшысына тексеру жүргізетін күннің басында тапсырылады».
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы № 223 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.