О поддержке сельхозтоваропроизводителей на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердiң 2004 жылдың көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде қолдау туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 «2004 жылғы көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулысының 2-тармағын орындау мақсатында Қостанай облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргізуді несиелеу» бағдарламасы бойынша Қостанай облысы бюджетiнiң қаражаты есебiнен несиелеу Ережелерi 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. 2004 жылдың көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргізу үшiн жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрiлегіштер, ауылшаруашылық машиналарға босалқы бөлшектер сатып алу және ауылшаруашылық техникасын (жалдау немесе сатып алу үшiн) жеткiзушiлердi анықтау жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамы 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Аудан және қалалар қиылысындағы ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi 2004 жылдың көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн облыстық бюджет есебiнен несиелеу көлемi 3-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. 2004 жылға арналған көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік несиелеу мәселелерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын және заңнамамен бекітілген тәртіпте комиссия құрамы Қостанай облыстық мәслихатының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары Т.Т. Төлеубаевқа жүктелсiн.
Басқа 6. Қостанай облысының бюджет қаражатынан «Көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу Ережелерi
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 28 қаулысына 1-қосымша Қостанай облысының бюджет қаражатынан «Көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу Ережелерi
Тармақ 1
1. Осы Ережелер 2004 жылғы көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргізу үшiн жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрiлегіштер, ауылшаруашылық техникасын жалдау немесе сатып алу үшiн ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi несиелеу тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - Ережелер).
Тарау 1. Негiзгi түсiнiктер
Негiзгi түсiнiктер
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде келесі түсініктер қолданылады: Бағдарламаның әкiмшiсi - қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарымен анықталатын, бюджеттiк бағдарламаның негiзделуi мен iске асырылуына жауапты және тиiстi бюджет қаражатынан қаржыландыратын мемлекеттiк орган. Қарызгер-банк - екiншi деңгейдегі банк немесе банктің басқа да операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар соңғы қарызгерлердi несиелеуге несие алатын ұйым. Соңғы қарызгер - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң тәжiрибелi кәсiпорындары (тәжiрибелi шаруашылықтар, тәжiрибелi стансалар), Халықаралық Жетiлдiру және қайта құру Банкiнiң және Азия Жетiлдiру Банкiнiң қаражаты қарызының есебiнен суландыру және сусiңгiш жүйелерiн қалыпқа келтiрудi iске асыратын шаруашылықтар, iс-әрекетi ауылшаруашылық өнiмiн өндiру үшiн жердi пайдаланумен байланысты және өндiрiстiң негiзгi құралы жер болып табылатын, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлiк қызметпен айналысып жатқан заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ауылшаруашылықтауар өндiрушiлер. Несиегер - облыстық (аудандық, қалалық) әкiмият. Жеткiзушi - Соңғы қарызгерлерге өнiмдi жеткiзуiн қамтамасыз ететiн заңды немесе жеке тұлға. Өнiм - жанар-жағар май материалдары, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрiлегіштер, ауылшаруашылық машиналарға босалқы бөлшектер және ауылшаруашылық техника.
Тарау 2. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Несие жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерiмен қарастырылған сомалар шегінде облыстық (аудандық, қалалық) бюджет қаражатынан берiледi.
Тармақ 4
4. Бюджеттік несиелеудің шарттары:
Тармақша 1
1) шарт бойынша міндеттеме алған қатысушылар: «Кредитор» - Қостанай облысының әкімияты Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) 391700052737, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66); «Қарызгер-банк» - «Цеснабанк» ашық акционерлік қоғамы (ААҚ) (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі СТН 391700000096, Қостанай қаласы, Дулатов көшесі, 58);
Тармақша 2
2) бюджеттік бағдарлама атауы: 010 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін кредит беру»;
Тармақша 3
3) шарт жасаудың мақсаты: 2004 жылғы көктемгі дала және - егін жинау жұмыстарын уақытында және нәтижелі өткізу;
Тармақша 4
4) ақшалай міндеттемелердің көлемі - 1 000 000 мың теңге;
Тармақша 5
5) кредит валютасы - теңге;
Тармақша 6
6) кредит беру формасы - қысқа мерзімді кредит;
Тармақша 7
7) сыйақы мөлшерлемесі - нөлдік;
Тармақша 8
8) қарыздың негізгі сомасын өтеу мерзімі - 2004 жылдың 26 қарашасы;
Тармақша 9
9) қарыздың негізгі сомасын өтеу кестесі - келісімде қарастырылған бір мерзімде;
Тармақша 10
10) кредит алушыларға міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға рұқсат етіледі;
Тармақша 11
11) қарыздың негізгі сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөніндегі жеңілдіктер кезеңінің болуы (болмауы) қарастырылмаған;
Тармақша 12
12) кредитті қамтамасыз ету (кепіл түрі) - банктер және үшінші жақтардың кепілдіктері, мүлік кепілдігі, үшінші жақтардың кепілдігі;
Тармақша 13
13) екі жақтың шарт талаптары бұзылған жағдайда қолданатын іс-қимыл - шарт талабын бұзған жақ облыс бюджетінің кірісіне айып төлейді;
Тармақша 14
14) «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын несиелеуді орналастырғаны үшін екінші деңгейдегі банкілерге комиссиялық сыйақы төлеу» 007 бағдарламасы бойынша орналастырған кредиттің сомасынан 2 пайыз мөлшерінде комиссиялық сыйақы төленеді.
Тармақ 5
5. Соңғы-қарызгерлердi бюджеттiк несиелеу салдарынан туған операциялық шығынды қарызгер-Банкке қайтару жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмiмен қарастырылған сомалар шегiнде облыстық (аудандық, қалалық) бюджеттердің қаражаты есебінен iске асырылады.
Тармақ 6
6. Мерзiмi бойынша, қарызгер-банк несиенi қайтару тәртiбiнiң шарттары Несиегер мен қарызгер-банк арасында жасалған келiсiм-шартында анықталады.
Тармақ 7
7. Несиегерлермен жасалатын несиелiк келiсiм-шарттар Қостанай облысының қаржы департаментiнде келісім-шарт жасалғаннан кейінгі үш күндiк мерзiмде тiркелуi қажет.
Тарау 3. Несиелендіру лимитін анықтау
Несиелендіру лимитін анықтау
Тармақ 8
8. Облыстың аудандары мен қалалары бойынша облыстық (қалалық, аудандық) бюджет қаражаты есебiнен берiлетiн несиелiк қаражаттың шектiк көлемiн Несиегерлермен белгiленедi.
Тармақ 9
9. Аудандар мен қалалар әкімдерімен несие беру қаражатының көлемі шегінде ауданға, қалаға белгіленген Несиегерлермен бекітіледі және Өнімдердің түрлері қиылысындағы оларды несиелеу лимиттері мен әлуетті несие алушылардың-ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізімі бағдарлама әкімшісіне қарауға жіберіледі.
Тармақ 10
10. Аудан және қалалардың әкiмдерiмен бекiтiлген тiзiмдер негiзiнде бағдарлама әкiмшiсi әлуетті Соңғы қарызгерлердiң тiзбесiн құрып, қарызгер банкке ұсынады.
Тармақ 11
11. Жанар-жағар май алуға қарастырылған несиелiк ресурстар көлемi жалпы облыс бойынша несиелiк қаражаттың көлемiнiң 80 пайызынан кем болмауы тиiс. Көрсетілген нормативтің сақталуына бақылау жасауды бағдарлама әкімшісі жүзеге асырады.
Тарау 4. Қарыз алушыларды несиелеу тетiгi
Қарыз алушыларды несиелеу тетiгi
Тармақ 12
12. Несиегер республикалық бюджеттен түскен және (немесе) өз қаржыларын бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi арқылы Несиегер мен қарызгер-банк арасындағы Өнімді сатып алу (жалға алу) үшiн Соңғы қарызгердi нөлдiк сыйақымен несиелеу келiсiм шарты негiзiнде одан әрі несиелеу үшін қаржы бөледі.
Тармақ 13
13. Қарызгер-банк iшкi несиелеу саясатына сәйкес Соңғы қарызгердi несиелеудi тiкелей жүзеге асырады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында қарызгер-банк Соңғы қарызгерге орындалуға тиісті талаптар қоюға құқылы.
Тармақ 14
14. Несиелеу қарызгер-банк Өнiм Жеткiзушiге аударылатын сомадан Соңғы қарызгерлер Жеткiзушiнiң арасында жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Қарызгер-банкпен Өнiм Жеткiзушiге аударылған сома Соңғы қарызгердiң қарызгер-банк алдындағы несиелеу қарызы болып табылады.
Тарау 5. Қарызгер-банктi анықтау тәртiбi
Қарызгер-банктi анықтау тәртiбi
Тармақ 15
15. Қарызгер-банк екiншi деңгейдегі банктер арасында Соңғы қарызгердi одан әрі несиелеу үшін несие алушыны анықтау үшін бағдарлама әкімшісімен өткізілген конкурс нәтижесiнде анықталады.
Тармақ 16
16. Бағдарлама әкімшісі «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын несиелеуді орналастырғаны үшін екінші деңгейдегі банктерге сыйақы төлеу» бағдарламасы бойынша қызмет көрсету келісім-шартының негізінде қарызгер банктің қызметін төлейді.
Тармақ 17
17. Қарызгер-банк бөлiнген несиелiк қаражаттың уақытында және толық көлемде қайтарылуына, сондай-ақ мақсатты пайдалануына жауап тартады.
Тарау 6. Жеткiзушiлердi анықтау тәртiбi
Жеткiзушiлердi анықтау тәртiбi
Тармақ 18
18. Өнім Жеткiзушiлердi анықтауды Қостанай облысы әкімиятының қаулысының негізінде құрылған конкурстық комиссия өткізеді. Конкурс қорытындысының ұсынбалы сипаты бар.
Тармақ 19
19. Соңғы қарызгер Өнiмдi конкурстық комиссиямен анықталған Жеткiзушiден сатып алуға құқылы. Егер Соңғы қарызгер Өнiмді басқа Жеткiзушiден сатып алса, сатып алынатын Өнiмді жеткізу шарты (бағасы, сапасы және т.б.) конкурс жеңімпазымен ұсынып отырған шарттарынан нашар болмауы тиіс.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиiстi шешiмiмен құрылатын ведомствоаралық комиссиямен жанар-жағар май материалдарын сатып алу мәселелерiн келiстiрудi Қостанай облысының әкiмияты, облыс әкiмi немесе оның орындаушысы қамтамасыз етедi.
Тармақ 21
21. Жеткiзушiлерге, олар конкурста қатысу үшiн қойылатын негiзгi талаптар қажеттi материалды-техникалық база және жеткiзу, сақтау мен өнiм жiберу үшiн инфрақұрылымы бар немесе мүмкiндiгi бар (жалдау, лизинг, сақтау) болуы болып табылады. Сондай-ақ конкурстық құжаттармен анықталған басқа талаптар ұсынуға болады.
Тармақ 22
22. Конкурс жеңiмпазын анықтаудағы негiзгi критериялары Өнiмнiң бағасы мен оны жеткiзу мерзiмi болып табылады. Конкурстық комиссия қажет болған жағдайда жеңiмпазды анықтаудың басқа критерияларын орнатуға құқығы бар.
Тарау 7. Ведомство аралық комиссияның қызметi
Ведомство аралық комиссияның қызметi
Тармақ 23
23. Несиегердің, қарызгер-банктің, бағдарлама әкімшісінің, Жеткізушілердің, Соңғы қарызгерлердің әрекеттерін үйлестіру үшін Қостанай облысының әкімиятымен ведомствоаралық комиссия құрылады.
Тармақ 24
24. Ведомствоаралық комиссияның құзыретiне келесi мәселелер кiредi:
Тармақша 1
1) көтерме және бөлшек баға нарығында, мұнай өңдеу зауыттарындағы сату бағаларына сараптама өткiзу;
Тармақша 2
2) соңғы қарызгерлерге Жеткiзушiмен ұсынылатын жанар-жағар майдың бағаларын, нақты аумақта (ауданда, қалада) болған жағдайды ескере отырып, анықтау, оның iшiнде бағаларының күрт өзгерген жағдайда;
Тармақша 3
3) несиенi заттай нысаны түрiнде өтеген кезде ауыл шаруашылығы өнімінің (бидайдың) күнін анықтау;
Тармақша 4
4) бюджеттiк несиелеу процесiнде пайда болған қарызгер-банктің, Жеткiзушiлердiң және соңғы қарызгерлердiң осы Ереженi бұзғандарына әрекет жасау және тиiстi санкцияларды қолдану үшiн бағдарлама әкiмшiсiн осы фактiлер туралы ақпараттау;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнiң барлық нысандары үшiн несиелiк ресурстарына қол жететiндiгiне бақылау жасау;
Тармақша 6
6) бюджеттiк несиелеумен байланысты басқа да мәселелер.
Тарау 8. Қорытынды ережелер
Қорытынды ережелер
Тармақ 25
25. Бөлiнетiн несиелiк қаражаттардың мақсатына қарай пайдалануына және оларды белгiленген мерзiмде өтеуiне бақылау жасау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 60. 2004 жылғы көктемгi-егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшiн ауыл шаруашылық техникалар (сатып алу және жалға алу), ауыл шаруашылық машиналары үшін қосалқы бөлшектер, тұқым, улағыш заттар, гербицидтер, тыңайтқыштар, жанар-жағар май материалдары бойынша жеткiзушiлердi анықтайтын конкурстық комиссия құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 28 қаулысына 2-қосымша 2004 жылғы көктемгi-егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшiн ауыл шаруашылық техникалар (сатып алу және жалға алу), ауыл шаруашылық машиналары үшін қосалқы бөлшектер, тұқым, улағыш заттар, гербицидтер, тыңайтқыштар, жанар-жағар май материалдары бойынша жеткiзушiлердi анықтайтын конкурстық комиссия құрамы Ленивцев Виктор Николаевич - Қостанай облысының коммуналдық мүлiк және мемлекеттiк сатып алу департаментiнiң директоры, төраға Итпаев Марс Молдагалиевич - Қостанай облысы ауыл шаруашылығы департаментiнiң директоры, төраға орынбасары Мурзина Жайран Бүркітқызы - Қостанай облысы коммуналдық мүлiк және мемлекеттiк сатып алу департаментiнің мемлекеттік сатып алу есептілігі және мониторинг бөлімінің бас маманы, хатшы Галанин Сергей Михайлович - Қостанай облысы ауыл шаруашылығы департаменті директорының бірінші орынбасары Жетербаев Талғат Белгібайұлы - Қостанай облысы коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алуды тіркеу бөлімінің бас маманы Іскендірова Сәуле Ғалымжанқызы - Қостанай облысы коммуналдық мүлiк және мемлекеттiк сатып алу департаментiнің мемлекеттік сатып алу есептілігі және мониторинг бөлiмiнiң бастығы Қасымов Марат Әнуарбекұлы - Қостанай облысы ауыл шаруашылығы департаментінің техникалық саясат бөлімінің бастығы Кобяк Галина Дмитриевна - Қостанай облысы қаржы департаментi директорының орынбасары Мейірманов Болат Нұртанұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қостанай облыстық аумақтық басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Рыжова Татьяна Васильевна - Қостанай облысы коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алуды тіркеу бөлімінің бастығы
Басқа 61. Облыстық бюджеттің қаржы есебінен 2004 жылғы көктемгi-егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін кредиттік қаржы көлемі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 28 қаулысына 3-қосымша Облыстық бюджеттің қаржы есебінен 2004 жылғы көктемгi-егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін кредиттік қаржы көлемі № Аудан және қалалардың атауы Несиелеу көлемi, мың теңге 1 Алтынсарин 60 000 2 Әулиекөл 66 000 3 Денисов 75 000 4 Жiтiқара 49 600 5 Қамысты 75 000 6 Қарабалық 70 000 7 Қарасу 96 000 8 Қостанай 100 800 9 Меңдiқара 60 000 10 Науырзым 18 000 11 Сарыкөл 70 400 12 Таран 40 000 13 Ұзынкөл 55 000 14 Федоров 89 200 15 Арқалық қаласы 75 000 ЖИЫНТЫҒЫ 1 000 000