О кредитовании сельхозтоваропроизводителей области на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға
ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеу туралы
"2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды кредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 қаулысына сәйкес және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржылай қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеудің ішкі ережелері бекітілсін (қоса берілуде).
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқармасы (Ибраев Т.Т.) заңнамаға сәйкес Қарыз алушы Банктерді анықтау бойынша конкурс өткізсін. <*>
Тармақ 3
3. Облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқармасы (Ибраев Т.Т) облыстық ведомствоаралық комиссияның арнаулы құрамы бойынша облыстық мәслихаттың сессиясына ұсыныс енгізсін.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінген кредиттердің мақсатты пайдаланылуына, уақытында қайтарылуына бақылау жасау қалалар мен аудандар әкімдеріне, облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқармасына (Ибраев Т.Т.) және облыстық қаржы басқармасына (Құрманғалиев А.А.) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М.Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. "2003 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру туралы" облыстық әкімияттың 2003 жылғы 25 ақпандағы N 393, тіркеу нөмірі 1128 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. 2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын
жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеудің ішкі
Шығыс Қазақстан
облыстық әкімиятының
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 357 қаулысына қосымша
2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын
жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеудің ішкі
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР
1. ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР
Осы ережелер "2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 қаулысымен қаралған 300 (үш жүз) млн. теңге сомадағы кредиттеу тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне (Халықаралық Қайта қалпына келтіру және Даму Банкі және Азия Даму Банкі заемы қаражаттары есебінен суландыру және кәріз жүйелерін қалпына келтіруді жүргізіп жатқан шаруашылықтар мен тәжірибе шаруашылықтарын қоса алғанда) 300 миллион теңге сомадағы кредит Қарыз алушы Банк арқылы қайтарымдылық, ақылы және мерзімділік шарттары негізінде сыйақының нөлдік ставкасы бойынша бөлінеді және жанар-жағар май, тұқым (20 млн. теңге), тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым дәрілеуші, ауыл шаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылық техникаларын жалға алуға және сатып алуға жұмсалады. Қарыз алушы Банктердің сыйақы ставкаларын өтеу "Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына кредит бергені үшін екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық сыйақы төлеу" бағдарламасы бойынша облыстық бюджет қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2. 2. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
2. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
Бағдарлама әкімшісі - ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның дәйектілігі мен жүзеге асуына жауапты жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландырылатын мемлекеттік орган.
Банк операцияларының жеке түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, Түпкілікті Қарыз алушыларды кредиттеу үшін тиісті бюджеттерден бюджеттік кредит алатын Қарыз алушы Банк - екінші деңгейдегі банк және басқа да мекемелер. Қарыз алушы Банктер конкурс негізінде анықталады.
Түпкілікті Қарыз алушы - ауыл шаруашылық өнімі өндірісімен айналысатын, бюджеттен кредит алушы заңды және жеке тұлға.
Оператор - Қарыз алушы Банкке кепілдеме беретін өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорны және өзіне Түпкілікті Қарыз алушыларды жанар-жағар маймен және жалпы жағдайларда көрсетілген басқа материалдық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша міндеттеме алады. Ол конкурс бойынша анықталады және Қарыз алушы Банкке кредит ресурстарын қайтаруды қамтамасыз етеді.
Жеткізуші - жанар-жағар майды жеткізумен айналысатын, конкурста ең төменгі бағаны ұсынатын, жанар-жағар майды көрсетілген мұнай базаларына жеткізуді және оны бір ай мерзімінде сақтауды қамтамасыз ететін кәсіпорын. Сонымен бірге, Жеткізуші болып тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауыл шаруашылық техникаларына қосалқы бөлшектер, техникалар жеткізетін кәсіпорындар болуы мүмкін.
Ведомствоаралық комиссия облыстық мәслихаттың тиісті шешімімен бекітілетін барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің бюджет кредиттеріне қол жеткізулеріне, тең жағдай жасалуына және бюджеттік кредиттеумен байланысты басқа мәселелерді шешуге бақылау жасайтын орган.
Тармақ 3. 3. КРЕДИТТЕУ ТӘРТІБІ
3. КРЕДИТТЕУ ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттен алынған 300 миллион теңге сомадағы кредит Әкімшіге бөлінеді. Бағдарлама әкімшісі кредиттік шарт негізінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қайтарымдылық, ақылы, жеделдік және қамсыздандыру шарттары негізінде сыйақының нөлдік ставкасы бойынша кредиттеу үшін Қарыз Алушы Банкке кредит ресурстарын бөледі. Қарыз алушы Банк ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін ақшалай түрде де, оператор арқылы жанар-жағар май және сорттық тұқымдар беру арқылы да кредиттеу алады.
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкімшісі:
Тармақша 1
1) егіс көлеміне сәйкес және дақылдардың басымдылығын ескере отырып қалалар және аудандар бойынша кредиттеу көлемін анықтайды;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылық құрылымдарын жанар-жағар маймен және жалпы жағдайларда көрсетілген басқа материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін Операторды конкурстық негізде анықтайды;
Тармақша 3
3) "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі (мерзімдік және жылдық) қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына сәйкес Қарыз алушы банкті анықтайды. Жанар-жағар май және материалдық ресурстарды сатып алу үшін және кейіннен ауыл шаруашылық құрылымдарын кредиттеу үшін Қарыз алушы Банкпен несиелік шарт жасайды. Несиелік шартта міндетті түрде Қарыз алушы Банктің 2004 жылдың 15 қарашасына дейінгі мерзімде Оператор мен Түпкілікті қарыз алушының есеп жағдайына қарамастан қарыз қаражаттарын облыстық бюджетке қайтару міндеттемесі айтылады. Түпкілікті қарыз алушылар оператормен екі жақты келісімге сәйкес ауыл шаруашылық өнімдерімен және ақшалай есеп айырысады. <*>
Тармақ 3
3. Оператор Қарыз алушы Банкпен жасаған шарт негізінде Жеткізушіден жанар-жағар майды және басқа материалдық ресурстарды сатып алады және аудандар мен қалалар әкімдері бекіткен тізімдер негізінде оларды ауыл шаруашылық құрылымдарына шарт бойынша береді.
Аудан және қала әкімдері кредит ресурстарының квотасын бөлу туралы облыс әкімімен шарт жасасады, әлеуетті қарыз алушылар тізіміне тұрақты қаржы жағдайы, қажетті кепілі бар және өткен жылдарда алған бюджет кредиттері бойынша уақтылы есеп айырысуды қамтамасыз еткен ауыл шаруашылық құрылымдарын енгізеді. Шарттарда Оператор жанар-жағар майды және басқа материалдық ресурстарды Түпкілікті қарыз алушыларға Жеткізушінің бағасымен (нөлдік ставкамен) береді деп көрсетіледі. Қарыз алушы Банктің сыйақы ставкасы жылдық 4 пайыздан аспауы қажет және облыстық бюджет қаражаттары есебінен өтелінеді. Кепілді түрде қажетті ауыл шаруашылық өнімін алуға мүдделі болғандықтан, Оператор кредиттік қызмет көрсету шығындарын өз мойнына алады.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы есеп айырысу күні облыс базарларында қалыптасқан орташа есеп бағасы бойынша қойылады.
Түпкілікті қарыз алушы келісілген ауыл шаруашылық өнімін тапсырмаса немесе оператордың ұсынған бағасымен келіспеген жағдайда ол Операторға ресурстардың құнын (өнімді) ақша түрінде қайтарады. Бұл жағдайда Оператор Түпкілікті қарыз алушыдан жылдық 3 пайыздан аспайтын мөлшердегі комиссиялық сыйақыны өндіріп алуға құқылы.
Егер Түпкілікті қарыз алушы Оператордан маусымның басында материалдық ресурстарды сатып алатын болса, онда ол комиссиялық сыйақыны төлемейді.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі, Қарыз алушы Банктер, қала және аудан әкімдері бюджеттік кредиттеумен байланысты туындаған барлық мәселелерді облыстық ведомствоаралық комиссиямен келіседі.
Тармақ 5
5. Кредиттік шарттар міндетті түрде облыстық қаржы басқармасында тіркеледі.
Тармақ 6
6. Қарыз қаражаттары республикалық бюджетке 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайтарылады.
Тармақ 7
7. Кредит ресурстары уақытында қайтарылмаған және мақсатсыз пайдаланылған жағдайда Бағдарлама әкімшісі кредиттік шартта көрсетілгендей Қарыз алушы Банкке санкция қояды.
Тармақ 8
8. Кредиттің мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды облыстық қаржы басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қарыз қаражаттарының облыстық бюджетке мерзімінде қайтарылуына бақылау жасауды облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқармасы және қала мен аудан әкімдері жүзеге асырады.
Облыстық ауыл шаруашылығы,
тамақ және өңдеуші өнеркәсіп
басқармасының бастығы