Об утверждении Правил использования средств резерва местного исполнительного органа на 2004 год Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылғы жергілікті атқарушы органның резервтік қаражатын пайдалану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазқстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 34 бабына және Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13 бабына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы жергілікті атқарушы органның резервтік қаражатын пайдалану Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 1300 тіркелген Жақсы ауданының 2004 жылғы 26 тамызында № а-21/6 «Жергілікті атқарушы органның резервтік қаражатын пайдалану Ережесі туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткенен бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Қосымша Жақсы ауданы
Әкімдігінің 02.04 2004 ж.
№ а-3/79 қаулысымен
бекітілген.
2004 жылға жергілікті атқарушы органның резервтік қаражатын пайдалану Ережесі.
Осы Ереже 2004 жылға Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органының резервтік қаражатын бөлу тәртібін және пайдалануын белгілейді.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының “Бюджеттік жүйе туралы” Занының 13 бабына сәйкес аудан бюджеті әзірленген кезде жоспарланбаған күтпеген шығыстарды қаржыландыру үшін сәйкес жылына және ағымдағы қаржы жылында кідірссіз қаржыландыруды талап ететін аудандық бюджет шығындарының бекітілген құрамында резерв құрылады.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджет резерв құрамында Қазақстан Республикасының “Бюджеттік жүйе туралы”3аңының 13 баб 1 тармағына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленген басқа да күтпеген шығыстарды сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаражаттар көзделген.
Тармақ 3
3. Резерв мөлшері Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13 баб 3 тармағына сәйкес аудандық бюджет түсімдерінің көлемінің екі пайызынан аспауы керек.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органның резерв есебінен қаржылындырылатын басқа да күтпеген шығыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға мына іс-шаралар жатады;
Тармақша 1
1) Төтенше жағдайлардың алдын алу күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша кемітуіне, адамдардың денсаулығын және өмірін сақтауына нұқсан мен материалдық шығын көлемін азайтуға арналған шаралар кешені.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға мыналар жатады:
Ғылыми зерттеулер, жағдайды бақылау,қадағалау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны,зілзала мен апатты болжау және олардың қауыпты туралы хабарлау;
Төтенше жағдайлар саласындағы қорғану шаралары;
Халықты және мамандарды оқытып-үйрену, білімді насихаттау;
Тармақша 2
2) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою
төтенше жағдайлар пайда болған кезде адамдардың өмірін сақтап және денсаулығын қорғауға, залала мен матералдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық - қалпына келтіру жұмыстары және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.
Жергілікті атқарушы органның табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс қимылды жүзеге асыруға негіз болып табылады
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға мыналар жатады:
Құтқару және авариялық - қалпына келтіру жұмыстарының бұрын бекітілген жоспарға сәйкес төтенше жағдай аймағында орналасқан авариялық - құтқару кызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады;
Төтенше жағдай болған кезде зардап шешкендерге материалдық көмек көрсету зардап шеккендер үшін уақытша тұру және тамақтандыру пункттерін ашу және ұстау;
Авариялық - құтқару және авариялық – қалпына келтіру бөлімшелерін шұғыл техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен және керек - жарақтармен қосымша жабдықтау;
Төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету;
Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шараларды өткізу;
Материалды - техникалык қорларды, медициналық және басқа ресурстарды құру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін көлік құралдармен қамтамасыз ету;
Жергілікті бюджетті әзірлеген кезде жоспардан тыс шығыстар мен ағымдағы қаржы жылында кідірсіз қаржыландыруды талап ететін басқа да күтпеген шығыстар;
Тармақ 5
5. Осы мақсатқа қаржы жылына сәйкес аудандық бюджеттің шығыстар құрамында бекітілген, мөлшер шегінде жергілікті атқарушы органның резерв қаражатын бөлуді аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады. Қаржыландыу заңмен белгіленген тәртіппен аудан әкімшілігінің қаулысының негізінде жүзеге асырылады, онда бөлінетін қаражат мөлшері және олардың пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Резерв қаражатын мақсаты пайдалану керек және осы Ережеде көзделмеген қажеттілікке пайдалануға болмайды. Аудан әкімдігінің резервтен қаражат бөлу туралы қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды. Пайдаланылмаған қаражаттардың қалдықтары қайтаруға жатады.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органның резерв құжаттарын бөлу жөніндегі аудан әкімдіғінің қаулысын дайындаған кезде мына шарттар есепке алынады:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылы аудандық бюджетте қаржы бөлу жоқ болғаны;
Тармақша 2
2) Жергілікті атқарушы органның резерв қаражатына қажеттік ағымдағы қаржы жылында пайда болды жене сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін қоспағанда олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелермен байланысты болмаған кезде.
Тармақ 8
8. Төтенше жағдайлар пайда болған кезде жергілікті атқарушы органдар таралу ауқымы мен аймағын анықтайды.
Тармақ 9
9. Төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия жергілікті атқарушы органның, резервтік қаражатты бөлу құралы заңды тұлғалардың қолдаухатын қарайды және негіздеу материалдарын ұсыну тәртібі мен, олардың тізбесі белгіленеді.
Тармақ 10
10. Таралу ауқымына қарай жергілікті төтенше жағдайды жоюға қажеттілік болған кезде аудандық қаржы бөліміне негізделген есептерді қосымшасымен шешімнің жобасын төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссия қарауға ұсынады. Қабылдаған шешімнің жобасын төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссия заңмен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органға бекітуге ұсынады.
Тармақ 11
11. Жергілікті атқарушы органның сот шешімімен міндеттемелерін өтеу жергілікті атқарушы органның резерв қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті атқарушы органдар сот шешімдері бойынша төлемдерді төлеуге міндетті, қолданыстағы заңмен белгіленген барлық сот сатыларында осы шешімді міндетті түрде шағындануға міндетті.
“Әкімшілік шығыстары” бағдарламалары бойынша оларға бөлінген ақшалармен жергілікті атқарушы органдар заңсыз қабылдаған актілері үшін, сондай-ақ әкімшілік басқару саласында өздерінің лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекетіне жауап береді.
Заңмен белгіленген тәртіппен аудандық қаржы бөлімі жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті атқарушы органдар заңсыз қабылдаған актілері үшін, сондай ақ әкімшілік басқару саласында өздерінің лауазымды тұлғаларының заңсыз іс- әрекетіне жауап береді.
Заңмен белгіленген тәртіппен аудандық каржы бөлімі жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті атқарушы органның резерв қаражаты жөніндегі аудан әкімдігінің қаулысының жобасын дайындайды.
Тармақ 12
12. Ағымдығы қаржы жылында резерв іс-шараларды кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін міндеттемелер пайда болған кезде осы қаржы жылында аудандық бюджетте көзделген қаржы болу шегінде осы Ережеге сәйкес басым тәртібінде қаражаттардың бөлуі жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Егер бюджеттің атқарылуы барысында шығындар табыстардан асса немесе бюджетке кіріс көздерінен түсетін түсімдер маңызды төмендесе, онда жергілікті атқарушы орган резерв шығындары бойынша секвестрді енгізуге құқығы бар.
Тармақ 14
14. Резервтен бөлінетін қаражаттарды алатындар аудандық қаржы бөлімі белгіленген тәртіппен және мерзімде орындалған жұмыстардың көлемі және құны, оларды пайдалану туралы есепті ұсынады.
Тармақ 15
15. Резерв қаражатын және сәйкес кезеңге оның қалдықтарын пайдалану Жөніндегі ақпаратты аудандық қаржы бөлімі ай сайын жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Тармақ 16
16. Резервтен бөлінген қаражаттарды мақсатты пайдаланбаса Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен алушы жауап береді.
Тармақ 17
17. Жергілікті атқарушы органның резерв қаражатын мақсатты пайдалануды бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.