Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре декабре 2004 года

Өзге акт · № 6/12-1 · қабылданған 14.04.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2004-ekb-19879/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре декабре 2004 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/12-1 ·14.04.2004
26.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре декабре 2004 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/12-1 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре декабре 2004 года
Атауы (қаз.)
2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6/12-1
Қабылданған күні
14.04.2004
Көрсетілген редакция
26.09.2011 19879_216839.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04S0001246
ЭКБ идентификаторы
19879
Редакция идентификаторы
19879_216839
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:13

0 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13 бабына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 1363 Жарлығын жүзеге асыру мақсаттарында облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШТІ :

1

1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2004 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Петропавл қаласы мен аудандар әкімдеріне:

1 1) аудандар мен қаланың жергілікті өкілетті органдарымен бірлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін;

2 2) аудандық және қалалық шақыру комиссиясының құрамы және шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін;

3 3) шақыру комиссиясының жұмысы үшін әскери комиссариаттар үй-жаймен қамтамасыз етілсін;

4 4) шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшін азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келулері қамтамасыз етілсін, осы мақсаттар үшін құлақтандыру және әскерге шақырылғандарды іздестіру тобы бөлінсін;

5 5) қажетті санда техникалық қызметкерлер мен көлік бөлінсін;

6 6) көрсетілген іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар көрсетілген іс-шараларға бөлінген ассигнация шегінде жергілікті бюджет есебінен іске асырылсын.

4 4. Денсаулық сақтау департаментіне:

1 1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссиясының жұмысы қамтамасыз етілсін;

2 2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен, әсіресе тар саладағы мамандармен жинақталсын;

3 3) шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көзделсін.

5 5. Ішкі істер басқармасына:

1 1) шақыру комиссиясының құрамына Петропавл қаласының басшылығы және аудандық ішкі істер бөлімі құрамынан лауазымды тұлғалары енгізілсін;

2 2) азаматтарды шақыру кезеңінде әскери комиссариатпен байланысты әрекеттер ұйымдастырылсын, шақыру пункттерінде тәртіп пен тәртіптілік қамтамасыз етілсін;

3 3) шақырту кезеңінде облыстық жинау пунктінде тәулік бойы кезекшілік ететін полиция наряды бөлінсін, темір жол стансасы, жас толықтырушыларды әскерге жинау және аттандыру орындарына күшейтілген нарядтарды бөлу қамтамасыз етілсін;

4 4) азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізілсін, шақырудан жасырынып қалуға жол берілмесін.

6 6. Петропавл қаласының әкімі облыстық жинақтау пунктінде шақырылушыларды азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды сатуды ұйымдастырсын.

7 7. Мәдениет департаменті шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.

8 8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинақтау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын.

9 9. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В. Развинге жүктелсін.

23 Облыстық мәслихат пен облыс әкімінің

"2004 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында облыс
аумағындағы Қазақстан Республикасының
азаматтарын мерзімді әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру туралы"
2004 жылғы 15 сәуірдегі
N 6/12-1 бірлескен шешіміне
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
РАЗВИН
Сергей Владимирович
комиссия төрағасы, облыс әкімінің
орынбасары
АМАНГЕЛДИЕВ
Талғат Бекмұратұлы
комиссия төрағасының орынбасары,
облыстық әскери комиссар
Комиссия мүшелері:
КРИВОШЕЕВА
Зоя Ивановна
облыстық аурухананың медбибісі,
комиссия хатшысы
МАҒЗҰМОВ
Азамат Белгібайұлы
денсаулық сақтау департаменті
бастығының орынбасары
РУДЫЙ
Петр Васильевич
облыстық әскери комиссариаттың
дәрігер-терапевті, медициналық
комиссияның төрағасы
СҰЛТАНОВ
Талғат Дүйсенұлы
облыстық ішкі істер басқармасы
бастығының орынбасары

Қолданыстағы