Әскер жасына дейінгі жастарды 2004 жылғы кезекті дәрігерлік тексеруден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әскер жасына дейінгі жастарды 2004 жылғы кезекті дәрігерлік тексеруден өткізу туралы от 19.09.2004 г. № 9-91 (Әскер жасына дейінгі жастарды 2004 жылғы кезекті дәрігерлік тексеруден өткізу туралы)
1. Облыстық бағыныстағы аудандар мен қалалар әкімдеріне:
1) 2004 жылдың 1 қазаны мен 30 желтоқсан аралығында 15-16 жастағы, сондай-ақ 18 жастағы бозбалаларды шақыру комиссиясының дәрігерлері жасөспірімдер кабинетінің терапевтері мен педиатрларын тікелей қатыстыра отырып, медициналық тексеруден өткізсін;
2) дәрігерлік тексеру жөніндегі аудандық комиссиялардың жеке құрамын құрсын және бекітсін;
3) Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, әскер жасына дейінгі жастарды емдеп-сауықтырудың кешенді жоспарын әзірлесін.
2. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына (А.Д.Дүйсекеевке):
1) дәрігерлік тексеруді сапалы өткізу үшін аудандық комиссияларға тәжірибелі дәрігер-мамандар, қажетті орта буынды медициналық персонал, сондай-ақ медициналық құрал-жабдықтар бөлсін;
2) дәрігерлік тексеру жөніндегі комиссиялардың мүшелерімен және жасөспірімдер қызметінің дәрігерлерімен 2004 ж. 28 қыркүйекке дейін дәрігерлік тексеру өткізудің тәртібі туралы сабақ өткізсін;
3) жасөспірімдерді флюорографиялық және лабораториялық зерттеуден, қажет болған жағдайда стационарлық емдеу мен тексеруден өткізсін, осы жағдайлар үшін мақсатты пайдалануға ауруханада төсектер бөлуді қарастырсын;
4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармаларға шақыру комиссиясы үшін облыстық туберкулез және тері-венерологиялық диспансерлерде, облыстық психикалық сауықтыру орталығы мен дәрігерлік-әлеуметтік түзетудің облыстық наркологиялық орталығында амбулаториялық емделуші аурулардың жеке карталарын (N 025у нысан), оларға қосымша бетшелер (N 025-1у нысан), сондай-ақ тізімдерін берсін;
5) жасөспірімдер арасында айқындалған аурулармен емдеу-сауықтыру жұмыстары дәрігерлік тексеру кезінде жүргізілсін, ауру жасөспірімдердің тізімін осы жасөспірімдердің мекен жайлары бойынша емханалар мен дәрігер-мамандарға берсін (лор, окулист, невропатолог, хирург).
3. Облыстық білім департаментіне (Т.Е.Естеновке) комиссияның жұмыс кестесіне сәйкес дәрігерлік тексеруден өту үшін бозбалалардың қатысуын қамтамасыз етсін.
4. Облыстың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармаларына:
1) дәрігерлік тексеру шақыру пункттерінің базасында өткізілуін қамтамасыз етсін, дәрігерлік тексеру өткізу жөніндегі комиссияның жұмысына қажетті жағдай жасасын;
2) денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірлесе отырып, бозбалалардың дәрігерлік тексеруден өтуін толық қамтуға қол жеткізсін.
5. Облыс әкімінің 2003 жылғы 9 қыркүйектегі № 9-143 шешімінің күші жойылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.