2004 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» (әрі қарай-Заң) Заңының 13,14 баптарына сәйкес, 2004 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2004 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы от 09.09.2004 г. № 19/26 (2004 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы)
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру пункті ұйымдастырылсын.
2. Мынадай құрамда комиссия бекітілсін.
Виктор Петрович Лавриков – аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы.
Өмірбек Ыбрайұлы Әбілов – аудандық әскери комиссары, төрағасының орынбасары
Айгүл Қайырқызы Әбілдина – медбике, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Олег Викторович Кнестиков – полиция полковнигі, аудандық ішкі істер басқармасының өкілі
Сейфітдин Сәкенұлы Қабжанов – ауданның бас дәрігерінің орынбасары, медициналық қызметкерлердің жұмысын басқарушы дәрігер
3. Заңның 35 бабына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Виктор Петрович Лавриков) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуының ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Заңының орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің ауруы немесе басқа орынды себептері жағдайында әскерге шақыру комиссиясының қайталама құрамы бекітілсін:
Мұрат Ойдашұлы Исабаев – аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы
Сергей Александрович Ключников – ауданның әскери комиссарының орынбасары, әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Дәулет Қабыкенұды Мәжитов – аудандық ішкі істер басқармасының өкілі, полиция лейтенанты
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер-хирург, медициналық қызметкерлердің жұмысын басқарушы дәрігер
6. Аудандық әскери комиссары, подполковник (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) кесте бойынша, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін (№ 1 қосымша).
7. Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын Аудандық медициналық бірлестігінің директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев):
1) Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатының қарауына Заңға келісті 2004 жылдың 4 қазаннан бастап, әскерге шақырылушылардың медициналық куәләндірілуін өткізу үшін керекті маман дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер санын бөлсін:
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер – хирург
Сара Сартайқызы Сембаева – дәрігер – офтальмолог
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева – дәрігер дерматолог
Сағыдат Кәбиұлы Кәкенов – дәрігер – терапевт
Зура Қайырбеққызы Жұмақаева – дәрігер – невропатолог
Тешке Ішкенқызы Ішкенова – дәрігер – психиатр
Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев – дәрігер – стоматолог
Лев Львович Базелев – дәрігер – отоларинголог
2) дәрігер-мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде келесі медициналық комиссиясының құрамы бекітілсін:
Казкен Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер – хирург
Мұрат Әлімұлы Байғожин – дәрігер – терапевт
Гүлжазира Базарбайқызы Бәкішева – дәрігер – стоматолог
3) Орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емделуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының қондырғысы және белгіленген мерзімде жүзеге асырсын;
4) Әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етілсін;
5) Медициналық комиссияны кереткі құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман-дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық сестралардың керекті санын бөлсін;
6) Әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендігі жөнінде шешім шығару үшін электрокардиограмма өткізуге қағаз, флюрографияға ренгентопленкалардың резерві болсын;
7) Аудандық ауруханада дәрігер-маман отоларингологтың жоқтығына байланысты, аудандық әскерге шақыру комиссияда жұмыс істеу үшін Ғабиден Мұстафин кентінде тұратын дәрігер-отоларинголог Лев Львович Базилев шақырылсын.
Жұмысына байланысты дәрігер Лев Львович Базилевтың заңнамамен белгіленген тәртіпте іссапарлық шығындары төленсін.
8. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізу және аудандық әскери комиссариаттың тізімдерін ұсыну барысында, емделуді мұқтаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
9. Аудандық әскери комиссар әскери шақырудан өту үшін аудандық әскери комиссариатына шақырылудан және келуден бас тартып жүрген әскерге шақырылушыларды іздестіруге және оларды жеткізу үшін бекітілген смета шығындарына сәйкес жанар-май бөлсін.
10. Аудандық қаржы бөлімі (Надежда Антоновна Есипова) Заңның 35 бабына сәйкес жедел әскери қызметке шақыруға байланысты 2004 жылдың күзінде ұйымдастырылып қарастырылған шараларын смета бойынша қаржыландырылсын.
11. Селолық округтер және кент әкімдері:
1) Заңның 28 бабына сәйкес, аудандық әскери комиссариаттың тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға олармен әскерге шақыру комиссиясын өту күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес (№ 1 қосымша) олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін;
2) Ауданның әскерге шақыру участкесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымдастырылсын;
3) Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатына әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырылушылар жеткізілуін жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудандық әскери комиссариатының жоспары бойынша өткізілсін;
4) Әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін.
12. Жеке меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру, стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.
13. 2004 жылдың 1 қазанынан 30 желтоқсанға дейін әскерге шақырылу өткізу кезеңіне техникалық жұмыс ұйымдастыруға село және кент әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша бас мамандары тартылсын.
14. Заңның 28 бабына сәйкес аудандық ішкі істер басқармасы (Мейрам Мақсұтұлы Рақымжанов):
1) Аудандық әскери комиссариатты жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырылушылар;
ауыр қылмыс жасағандығы үшін сотталғандар;
екі немесе одан көп сотталғандар туралы хабардар етсін.
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеуі мен жеткізілуін жүргізсін. Ұсталғандарды іздеу және жеткізу бойынша шығындардың төленуін осы тұлғалар есебінен жүзеге асырсын;
3) Облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру участкесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
15. Аудандық әскери комиссариат осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін ұсынылсын.
16. «2004 жылдың көктемінде азаматтарды жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» аудан әкімиятының 2004 жылғы 4 наурыздағы №5/4 қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 1451, аудандық № 15 «Сарыарқа» газетінде 2004 жылдың 10 сәуірінде жарияланған).
17. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковке жүктелсін.