Қолданыстағы ред. 02.02.2004 (Редакция 18638_348374.kaz)

2004 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы от 02.02.2004 г. № 2/1 (2004 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы)

0

2004 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, және жұмыссыздарды жұмыстылықпен уақытша қамтамасыз ету мақсатында:

1

1. 2004 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Аудандық қаржы бөлімі (Надежда Антоновна Есипова) 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық жұмыстарды көзделген қаржы шегінде жалпы сомасы 8877,0 мың теңгеге қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева) ұйым басшыларымен уақытша шарт жасауды және жұмыссыздарды олардың келісімімен ұйымдарға берілген тапсырысына келісті, бағытталуын қамтамасыз етсін.

4

4. Бұқар жырау ауданы әкімиятының 2003 жылдың 22 ақпанындағы № 3/9 «2003 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп саналсын (тіркелу нөмірі 1124, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2003 жылдың 26 сәуірінде жарияланған).

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Шайза Моддабекқызы Түсіпбаеваға жүктелсін.

6. 2004 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық

Бұқар жырау ауданы әкімиятының
«2004 жылға қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру
туралы нұсқаулықты бекіту туралы»
2004 жылғы 2.02 № 2/1
қаулысымен бекітілген
2004 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы 2004 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, төлем ақы төленетін коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін белгілеуге сәйкес әзірленген.

2. 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы.

2. Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы.

2

2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға жұмыстылық қызметінде тіркеу күніне сәйкес кезек тәртібінде тіркелген жұмыссыздардың құқығы бар.

3

3. Мақсатты топқа кірісті жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басымды құқығы бар.

3. 3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі.

3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі.

4

4. Қоғамдық жұмыстар жұмыс берушілер тапсырысы бойынша ұйымдастырылады.

5

5. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға бағытталуын еңбек және халықка әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жүзеге асырады.

6

6. Жұмыс беруші мен аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің арасында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2002 жылдың 26 сәуірдегі № 91-ө «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы № 836 Қаулысын іске асыру туралы» бұйрығымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды жүргізуге арналған типтік шарты жасалады.

4. 4. Қоғамдық жұмыстар түрлері

4. Қоғамдық жұмыстар түрлері

7

7. Төмендегідей қоғамдық жұмыстар түрлері қарастырылады:
Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға мемлекеттік атаулы көмекті тағайындауына құжаттар ресімдеу және халық арасында түсінік беру жұмыстарын жүргізу.
Халыққа дәрігерлік-әлеуметтік және тұрмыстық қызмет көрсету.
Жалғыз басты мүгедектерге және егде азаматтарға әлеуметтік көмекті үйінде көрсету.
Аумақты көгалдандыру және көркейту.
Салық төлемін жинау.
Кенттер мен селолық округтарда кәмелетке толмағандармен, «қиын» жасөспірімдермен жұмыстар ұйымдастыру.
Кенттер мен селолық округтарда жастармен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша, денешынықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру.
Зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеу жұмысын жүргізуге көмек жасау.
Шаруа қожалықтарын құру үшін жер учаскелерін бөлу жөніндегі жұмысты жүргізуге көмек жасау.
Жұмыссыз азаматтармен жұмысты белсенді іздеудің бәсекелестік тәсілін оқыту жұмысы, жұмыс берушілермен іскерлік қатынаста болу шеберлігіне үйрету, жұмыссыздарға психологиялық қолдау көрсету.
Тұрғын халықты тіркеу жөніндегі жұмысқа көмек көрсету.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген адамдармен, қайта қылмыс жасау және әкімшілік құқық бұзудың алдын алу жөніндегі жұмысты жүргізуге көмек жасау

5. 5. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі.

5. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі.

8

8. Қоғамдық жұмыстар мынадай ұйымдарда өткізіледі:
Аудан әкімі аппараты.
Кенттер мен селолық округтар әкімдер аппараты.
Аудандық еңбеқ және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі.
Аудандық білім бөлімі.
Бұқар жырау ауданының салық комитеті.
«Бұқар жырау мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі
Жер ресурстарын басқару комитеті
Аудандық қылмыстық-атқару жүйесі бөлімі
Аудандық ішкі істер бөлімі
Бұқар жырау зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бөлімі

6. 6. Қоғамдық жұмыстар түрлері бойынша жұмыстар көлемі

6. Қоғамдық жұмыстар түрлері бойынша жұмыстар көлемі

9

9. Аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек тағайындау үшін құжаттар дайындау және халық арасында қолданысты заңнама актілері бойынша түсініктеме жүмыстарын жүргізу үшін - сомасы 874,2 мың теңге.

10

10. Халыққа дәрігерлік-әлеуметтік және тұрмыстық қызмет көрсету -сомасы – 357,6 мың теңге.

11

11. Жалғыз басты мүгедектерге, егде азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсету – 1191,0 мың теңге.

12

12. Аумақты көгалдандыру және көркейту - сомасы 2641,2 мың теңге.

13

13. Салық төлемін жинау - сомасы 1085,2 мың теңге.

14

14. Кент және селолық округтерде кәмелетке толмағандармен, «қиын» жасөспірімдермен жұмыстар ұйымдастыру - сомасы 1289,2 мың теңге.

15

15. Кенттер мен селолық округтарда жастармен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша, денешынықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру - сомасы 932,8 мың теңге.

16

16. Зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеу жұмысын жүргізуге көмек жасау - сомасы 72,2 мың теңге.

17

17. Шаруа қожалықтарын құру үшін жер учаскелерін бөлу жөніндегі жұмысын жүргізуге көмек жасау - сомасы 72,26 мың теңге.

18

18. Жұмыссыз азаматтармен жұмысты белсенді іздеудің бәсекелестік тәсілін оқыту жұмысы, жұмыс берушілермен іскерлік қатынаста болу шеберлігіне үйрету, жұмыссыздарға психологиялық қолдау көрсету - сомасы 72,2 мың теңге.

19

19. Тұрғын халықты тіркеу жөніндегі жұмысқа көмек көрсету - сомасы 158,0 мың теңге.

20

20. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген адамдармен, қайта қылмыс жасау және әкімшілік құқық бұзудың алдын алу жөніндегі жұмысты жүргізуре көмек жасау - сомасы 131,2 мың теңге.

7. 7. Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі

7. Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі

21

21. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі ұйым басшыларымен келісілген шарт бойынша қоғамдық жұмыстың орындалуымен белгіленеді, бірақ 10 айдан аспайды.

8. 8. Жұмыс уақытының ұзақтығы

8. Жұмыс уақытының ұзақтығы

22

22. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы тұлғалардың жұмыс уақытының ұзақтығы бес күндік жұмыс аптасы ішінде аптасына 30 сағат (6 сағат күніне).

9. 9. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбек төлемі

9. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбек төлемі

23

23. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының «2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген төменгі жалақы мөлшерінде жүзеге асырылады.

24

24. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың жалақысына заңнамада белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.

10. 10. Қоғамдық жұмыстардың қаржыландыру тәртібі және көздері

10. Қоғамдық жұмыстардың қаржыландыру тәртібі және көздері

25

25. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

26

26. Әр айдың 25 күні жұмыс берушілер еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне орындалған жұмыс актісі мен қоғамдық жұмыстарға қатысушы тұлғалардың жұмыс уақытының есеп табелін табыс етеді.

27

27. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі тапсырылған акті мен қоғамдық жұмысқа қатысқан адамдардың жұмыс уақытының есеп табеліне сәйкес жалақы есептейді.

28

28. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын тұлғаларға жалақыны төлеуге кұрылған мұқтаждық аудандық қаржы бөліміне ұсынылады.

11. 11. Есеп жүргізу және есеп берушілік.

11. Есеп жүргізу және есеп берушілік.

29

29. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуының есебі және есеп берушілігі аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.

12. 12. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібіне бақылау

12. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібіне бақылау

30

30. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруға бақылау жасауды, белгіленген заңнама тәртібіне сәйкес, мемлекеттік органдар жүзеге асырады.