Қолданыстағы ред. 01.09.2004 (Редакция 24151_288961.kaz)

Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2004 жылғы маусымдағы № 7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» (тіркеу 2696) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 01.09.2004 г. № 9-2 (Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2004 жылғы маусымдағы № 7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» (тіркеу 2696) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2004 жылғы маусымдағы № 7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» (тіркеу 2696) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бап 1 тармағын басшылыққа алып аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 маусымдағы №7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» шешіміне (2004 жылдың 2 маусымында №2696 ретпен тіркелген, аудандық «Еңбек туы» газетінің 16.07.04 ж. №30 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1 қосымшадағы: «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ереженің» 2 тармағы «Жалғызбасты аналарға отбасының жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді» атты-6 тармақшасымен толықтырылсын;
5 тармағы «Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тарифтері мен мөлшерлері қолданыстағы заңнамада анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыс бойынша жүргізіледі. Есептегіш құралдары бар тұтынушылар үшін есеп айырысуға өткен тоқсанның немесе қызмет толық көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша нақтылы шығынмен анықталады.
Өтемақы шараларымен табысы аз отбасыларына ай сайын 1 газ баллон – 11 кг, электр жарығы – 100 квт, отбасының әр мүшесіне – 30 литр су және 1 тонна тезек ие көмірмен жабдықтау қамтамасыз етіледі» атты – 5 тармақшасымен толықтырылсын.
14-тармақтың 8-тармақшасы «Қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс көздері отбасының жиынтық табысына нақтылы кіріс бойынша алынсын» деп оқылсын;
Осы шешім қабылдануына байланысты 2004 жылғы 14-шілдедегі №8-8 «Қаратөбе аудандық Мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы №7-8 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережені беркіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі өз күшін жойды деп есептелсін;