Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 «Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 «Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 «Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 11.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2014 · қолданыстағы 51497_185649.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DG000095
- ЭКБ идентификаторы
- 51497
- Редакция идентификаторы
- 51497_185649
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:48
0 Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 «Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 23 бабының 3 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 24 маусымда тіркелген, тіркеу № 2-7-5, 2005 жылғы 9 шілдедегі № 30 (5238) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының 1 тармағындағы: «үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға (бұдан әрі – мүгедек балалар) арнап әрбір мүгедек балаға бір тоқсанға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсан сайын қосымша әлеуметтік көмек берілсін» деген сөздер «үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға (бұдан әрі – мүгедек балалар) арнап әрбір мүгедек балаға бір тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсан сайын қосымша әлеуметтік көмек берілсін, үйде оқытуға жәрдемақы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген оқу жылына, яғни 1 қыркүйектен 25 мамыр кезеңіне, 1 жылға тағайындалады. Интернаттық білім ұйымдарында және медициналық -әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңдеріне тағайындалмайды.» деген сөздерімен өзгертіліп, толықтырылсын.