Төлеби аудандық мәслихатының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 21/132-ІII «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №1280 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Төлеби аудандық мәслихатының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 21/132-ІII «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 17.03.2006 г. № 23/152-II (Төлеби аудандық мәслихатының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 21/132-ІII «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Төлеби аудандық мәслихатының «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы №21/132-III, аудандық әділет басқармасында 2005 жылы 28 желтоқсанда 14-13-9 нөмірмен тіркелген, 2006 жылы 07 қаңтарда аудандық «Төлеби туы» газетінің №2 (7564) санында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 қаңтардағы №22/143-III аудандық әділет басқармасында 2006 жылы 27 қаңтарда 14-13-11 санымен тіркелген шешімінің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
аталған шешімнің 5-қосымшасы осы шешімнің 4- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.