Қолданыстағы ред. 03.05.2006

Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 13 шілдедегі «Табиғи өрттен қорғау жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары туралы» №198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 03.05.2006 г. № 166 (Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 13 шілдедегі «Табиғи өрттен қорғау жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары туралы» №198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Аудандық әкімияттың 2005 жылғы
13 шілдедегі «Табиғи өрттен қорғау жөніндегі
аудандық іс-шаралар жоспары туралы»
№198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағын басшылыққа алып аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 13 шілдедегі «Табиғи өрттен қорғау жөніндегі аудандық іс- шаралар жоспары туралы» №198 қаулысының (№7-11-09. 30.08.2005 аудандық «Екпін» газеті, 2005 жылғы 18 қазандағы №264 қаулымен толықтырулар енгізілген, тіркеу 7-11-14, 11.11.2005 аудандық «Екпін» газеті) 1 тармағымен бекітілген №1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
«бірінші жолдағы «шілде-тамыз 2005» деген сөздер «жыл сайын мамыр- шілде айларында» деп өзгертілсін;
«екінші жолдағы «шілде-тамыз 2005 ж.» деген сөздер «жыл сайын мамыр айында» деп өзгертілсін»;
«төртінші жолдағы «шілде-тамыз 2005 ж» деген сөздер «жыл сайын мамыр айында» деп өзгертілсін»;
«бесінші жолдағы «шілде-тамыз 2005 ж. деген сөздер «өрт кезеңінде» деп өзгертілсін.