Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 13 шілдедегі «Табиғи өрттен қорғау жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары туралы» №198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 13 шілдедегі «Табиғи өрттен қорғау жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары туралы» №198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағын басшылыққа алып аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 13 шілдедегі «Табиғи өрттен қорғау жөніндегі аудандық іс- шаралар жоспары туралы» №198 қаулысының (№7-11-09. 30.08.2005 аудандық «Екпін» газеті, 2005 жылғы 18 қазандағы №264 қаулымен толықтырулар енгізілген, тіркеу 7-11-14, 11.11.2005 аудандық «Екпін» газеті) 1 тармағымен бекітілген №1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: «бірінші жолдағы «шілде-тамыз 2005» деген сөздер «жыл сайын мамыр- шілде айларында» деп өзгертілсін; «екінші жолдағы «шілде-тамыз 2005 ж.» деген сөздер «жыл сайын мамыр айында» деп өзгертілсін»; «төртінші жолдағы «шілде-тамыз 2005 ж» деген сөздер «жыл сайын мамыр айында» деп өзгертілсін»; «бесінші жолдағы «шілде-тамыз 2005 ж. деген сөздер «өрт кезеңінде» деп өзгертілсін.