Абай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі 21 кезектен тыс сессиясының № 21/214 «Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының жақсаруы туралы», «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртіптері туралы» Зандарына сәйкес аудандық мәслихат шешім етті:
Абай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі 21 кезектен тыс сессиясының № 21/214 «Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы от 21.10.2005 г. № 24/237 (Абай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі 21 кезектен тыс сессиясының № 21/214 «Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 8-9-4 тіркелген, 2005 жылғы 20 тамыздағы № 34 (3577) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған, Абай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі 21 сессиясының № 21/214 «Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тараудың 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Бекітіліп берілген аумак - Қазақстан Республикасының Жер Кодексі тәртібінде анықталатын жер бөлігі»;
2) 2 тараудың 13 тармағына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
1 абзац келесі редакцияда жазылсын: «Кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, меншік түріне қарамастан қоғамдық ұйымдарға, лауазымдық қызметкерлерге және азаматтарға көркейту қағидасын сақтау және аудан аумағын тиісті тазалық пен тәртіппен қамтамасыз ету қажет. Ғимараттар мен құрылыстар түзу жағдайда ұсталсын»;
2 абзац алып тасталсын;
3) 2 тараудың 15, 18 тармақтарында, 3 тараудың 24 тармағында, 4 тараудың 28 тармағында, 9 тараудың 48 тармағында «тыйым салынады» сөзі «рұқсат етілмейді» сөзімен ауыстырылсын;
4) 2 тараудың 17 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Сауда ұйымдарының басшыларына мен дүкен, дүңгіршек қожайындарына өз аумақтарын тазалау мен жинау жұмыстарын ұйымдастыру және елді мекен әкімдерінің, қала құрылысы мен құрылыс істері жөніндегі бөлімнің және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орнының келісімімен қоқыстарды, нәрселерді буып-түйген ыдыстарды жинау үшін сауда нүктелеріне жақын орналасқан урналар мен контейнерлерді орнату қажет»;
5) 3 тараудың 20 тармағына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
«Өнеркәсіптік немесе өзге құрылысты, инженерлік жүйелерді толық жөндеуді жүзеге асыратын құрылыстық, коммуналдық және басқа ұйымдарға құнарлы топырақтың бұзылуына байланысты, көгалдандыру құрылысында пайдаланатын құнарлы қабатты алып сақтау, сонымен бірге, құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталған соң, өндіріс жұмыстары кезінде бұзылған жер бөліктері мен жасыл көшеттерді өз есебінен қалпына келтіру қажет.»;
6) 4 тараудың 26 тармағындағы «міндетті» сөзі «қажет» сөзіне ауыстырылсын;
7) 4 тараудың 31 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Көлік құралдарын жөндеумен және пайдаланумен байланысты қала, кент, ауыл аумақтарын ластауға, балалар алаңында, аулалардың жүретін бөлігінде көлік құралдарының тоқтауына рұқсат етілмейді»;
8) 5 тарау 32 тармақтың 5 тармақшасындағы «үзілді кесілді тыйым салынады» сөзі «рұқсат етілмейді» сөзімен ауыстырылсын;
9) 5 тараудың 33 тармағындағы «(асфальт, жұмыр тастар)» сөздері алынып тасталсын;
10) 6 тараудың 35, 36 тармақтары келесі редакцияда жазылсын:
«35. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, соның ішінде фасадты әрлеу Қазақстан Республикасының «Сәулет және қала құрылысы қызметтері туралы» Заңға сәйкес орындалуы тиіс».
36. Қоршаулардың, шарбақтартың, дүңгіршектердің, шатырлардың, павильондардың, дүкеншелердің, жарнама стенділерінің құрылысына мен орнатылуына, маңдайша жазуларының жасалуына, сонымен қатар бақ орындықтарын орналастырылуына белгілі заң тәртібінде, өкілетті органмен келісім жасалған соң рұқсат етіледі»;
11) 6 тараудың 39 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«39. Қызмет үйлерінің, өндірістік және басқа да мекеме ғимараттарының иелеріне мен үй иелері кооперативтеріне номерлік белгілер мен көше атауларының көрсеткіштерін дұрыстап күтіп ұстау қажет»;
12) 7 тараудың 40 тармағына төмендегідей өзгертулер енгізілсін: «қожайындар» сөзі «қожайындарына» сөзімен, «міндетті» сөзі «қажет» сөзімен ауыстырылсын;
13) 7 тараудың 44 тармағы төмендегідей редакцияда жазылсын:
«44. Көлік құралдарының қожайындарына, жеке автокөлік жүргізушілеріне көлік құралдарын күтіп ұстау қажет. Ластанған көлік құралдарының қала бойынша қозғалысына рұқсат етілмейді.
Шаруашылық субъектілерінің басшылары немесе жеке тұлғалар жолдың жүретін бөлігін немесе жалпы пайдаланатын орындар ластаған жағдайда оларды жояды (жинайды) немесе олардың пайдаланып отырған ұйымдарымен келтіріліп отырған кемістіктерді қалпына келтіреді»;
14) 9 тараудың 48 тармағындағы «тыйым салынады» сөзі «рұқсат етілмейді» сөзіне ауыстырылсын;
15) 9 тарау 48 тармақтың 3 тармақшасы «үндеулер» сөзімен толықтырылсын;
16) 9 тарау 48 тармақтың 15 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын «хабарландырулар, жарқағаздар, плакаттар, үндеулер және үй қасбеттеріндегі, суағар құбырларындағы, жарықтандыру тіректеріндегі және басқа белгіленбеген орындардағы өзге ақпараттық көзбен шолу объектілері, сондай-ақ тиісті объекті меншік иесінің рұқсатынсыз алынып тасталсын».
17) 10 тараудың 50 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«50. Аудандық ішкі істер органының учаскелік инспекторларымен инфрақұрылым нысандарын күту, көркейту тәртібін бұзушыларды әшкерелеу жүргізіледі және белгіленген тәртіп бойынша оларға қатысты материалдар тиісті органдарға ұсынылады».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономикалық және аграрлық реформалар, бюджеттік саясат және кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Т.Ф. Васильева).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Абай аудандық ішкі істер
басқармасының бастығы
Т. Оспанов
Абай білім және спорт
бөлімінің бастығы
Б. Көрпешова
Аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Л. Әубәкірова
Қарағанды облысы Абай ауданы
бойынша мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаменті филиалының бастығы
Г. Даутпаева
«Жігер 2004» коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорын директоры
В. Ким