2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 130 -2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 116 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 130 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы от 12.07.2006 г. № 172 (2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 130 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Ұлан аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 130 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (тіркеу нөмірі 5-17-13, «Ұлан таңы» газетінің 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 3-4 сандарында жарияланған), өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2006 жылғы 10 ақпандағы № 146 (тіркеу нөмірі 5-17-20, «Ұлан таңы» газетінің 2006 жылғы 18 наурыздағы № 13, 25 наурыздағы № 14 сандарында жарияланған), 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 159 (тіркеу нөмірі 5-17-31, «Ұлан таңы» газетінің 2006 жылғы 13 мамырдағы № 21 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақтың 1) тармақшасында өзгертілсін:
«319398,0 мың теңге» саны «339398,0 мың теңге» санына;
«314293,0 мың теңге» саны «334293,0 мың теңге» санына;
«522667,0 мың теңге» саны «542608,0 мың теңге» санына;
1 тармақтың 2) тармақшасында өзгертілсін:
«842843,0 мың теңге» саны «882784,0 мың теңге» санына;
2) 4 тармақта өзгертілсін:
аудан әкімі аппаратының шығындары «24213,0 мың теңге» саны «26363,0 мың теңге» санына;
кент, ауыл (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппаратының шығындары «48568,0 мың теңге» саны «48987,0 мың теңге» санына;
3) 5 тармақта өзгертілсін:
«20013,0 мың теңге» саны «25594,0 мың теңге» санына:
4) 8 тармақта өзгертілсін:
«5000,0 мың теңге» саны «4700,0 мың теңге» санына;
«3000,0 мың теңге» саны «4000,0 мың теңге» санына;
5) келесі мазмұндағы 8-1 тармағымен толықтырылсын:
«8-1. Аудандық бюджеттің облыстық бюджеттен түсетін мақсатты трансферттері келесі мөлшерде ескерілсін:
Молодежный кентінің сумен жабдықтау және су қайтарғы жүйелерінің қызмет істеуіне трансферттер 3000,0 мың теңге сомасы көлемінде;
автокөлік жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін трансферттер 2200,0 чың теңге сомасы көлемінде;
орта және жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға мақсатты трансферттер 8460,0 мың теңге сомасы көлемінде».
6) № 1 қосымша осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмүндалсын.
2. Осы шешім аумақтық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлан аудандық мәслихатының
2006 жылғы 12 шілдедегі № 172
шешіміне № 1 қосымша
Жоспарлау бөлімінің бастығы
С. Нугуманов