2005 жылғы 15 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 32-131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 111-бабының 1,2 тармағына және 116-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2005 жылғы 15 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 32-131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 14.02.2006 г. № 34-139 (2005 жылғы 15 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 32-131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Қаратал аудандық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы «Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 32-131 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-20 нөмірімен тіркелген, «2005 жылғы 15 желтоксандағы «Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 32-131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-26 нөмірімен тіркелген) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 тармақтағы 1 тармақшада
«Шығындар» деген жол бойынша «791249» саны «793077» санына ауыстырылсын
6 тармақшада
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» деген жол бойынша «76781» саны «75958» санына ауыстырылсын
«Білім беру» деген жол бойынша «534556» саны «536732» санына ауыстырылсын
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» деген жол бойынша «13042» саны «13317» санына ауыстырылсын
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» деген жол бойынша «6975» саны «7175» санына ауыстырылсын
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: