Аудындық мәслихат сессиясының 2005 жылғы 18 ақпанындағы № 13-6 «Аудан елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» Ережесінің 3 тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат сессиясының 2005 жылғы 18 ақпанындағы №13-6 шешімін заңға сәйкес келтіру мақсатында, аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудындық мәслихат сессиясының 2005 жылғы 18 ақпанындағы № 13-6 «Аудан елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» Ережесінің 3 тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 12.07.2007 г. № 35-3 (Аудындық мәслихат сессиясының 2005 жылғы 18 ақпанындағы № 13-6 «Аудан елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» Ережесінің 3 тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудандық мәслихат сессиясының 2005 жылғы 18 ақпанындағы № 13-6 «Аудан елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» (2005 жылдың 30 наурызында тіркелген тіркеу № 2904, аудандық «Орда жұлдызы» газетінің 25.04.2005 жылғы №18 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Аталған ереженің 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Елді мекендерде ауру тарату көзі болып есептелетін бұралқы иттермен мысықтарды аулауды және жойдыруды ауылдық округ әкімдері немесе тиісті құжаттары бар жеке тұлғалар учаскелік полиция инспекторларының бақылауымен жүргізсін.»
2. Қабылданған шешімнің орындалуын бақылау аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасына, аудандық аумақтық инспекциясына және аудандық ішкі істер бөліміне жүктелсін.