Қолданыстағы ред. 07.12.2006

Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 207 "Арнаулы салық режиміндегі кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне жиынтық салық мөлшерін және акциз ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 07.12.2006 г. № 312 (Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 207 "Арнаулы салық режиміндегі кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне жиынтық салық мөлшерін және акциз ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы
2 желтоқсандағы № 207 "Арнаулы салық
режиміндегі кәсіпкерлік қызметтің жекелеген
түрлеріне жиынтық салық мөлшерін және
акциз ставкасын белгілеу туралы" шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 наурыздағы №213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңының 28-бабына сай Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" салық Кодексінің 258-бабының 4-тармағының талаптарын жүзеге асыру үшін аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған аудандық әкімдіктің 2006 жылғы 26 қазандағы №341 қаулысына байланысты аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы №207 "Арнаулы салық режиміндегі кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне жиынтық салық мөлшерін және акциз ставкасын белгілеу туралы" шешіміне (мемлекеттік тіркеуден 2006 жылдың 4 қаңтарында №4-3-2 9нөмірімен тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2006 жылғы 21 қаңтар №4 санында жарияланған) осы шешімнің қосымшасына сай өзгерістер енгізілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Есқариев) жүктелсін.

3

Ойын бизнесі саласында қызмет көрсетуді жүзеге асырушы тұлғалар үшін бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері
Р/с
Ойын бизнесінің түрлері және салық салынатын объект(айлық есептік көрсеткіш)
Жиынтық салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш 1030 теңге)
Жылдық мөлшері, теңге
Айлық мөлшері, теңге
1
Ойын столы үшін
2200
2266000
188833
2
Бір ойыншымен ойнауға арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы үшін
50
51500
4292
3
Бір ойыншыдан артық қатысушылармен ойнауға арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы үшін (электрондық рулеткадан басқа)
80
82400
6867
4
Электрондық рулетка
100
103000
8583
5
Бір ойыншымен ойнауға арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы үшін
10
10300
858
6
Бір ойыншыдан артық қатысушылармен ойнауға арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы үшін
15
15450
1288
7
Ойын өткізуге пайдаланылатын компьютер
10
10300
858
8
Тотализатордың кассасы үшін
200
206000
17167
9
Бильярд столы үшін
30
30900
2575
10
Боулинг әрбір ойын жолы үшін
55
56650
4721
11
Лото ойыны
80
82400
6867
12
Карт
25
25750
2146
13
Букмекер кеңселерінің кассасы
100
103000
8583