Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 207 "Арнаулы салық режиміндегі кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне жиынтық салық мөлшерін және акциз ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 207 "Арнаулы салық режиміндегі кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне жиынтық салық мөлшерін және акциз ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 наурыздағы №213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңының 28-бабына сай Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" салық Кодексінің 258-бабының 4-тармағының талаптарын жүзеге асыру үшін аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аудандық әкімдіктің 2006 жылғы 26 қазандағы №341 қаулысына байланысты аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы №207 "Арнаулы салық режиміндегі кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне жиынтық салық мөлшерін және акциз ставкасын белгілеу туралы" шешіміне (мемлекеттік тіркеуден 2006 жылдың 4 қаңтарында №4-3-2 9нөмірімен тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2006 жылғы 21 қаңтар №4 санында жарияланған) осы шешімнің қосымшасына сай өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Есқариев) жүктелсін.
Басқа 3
Ойын бизнесі саласында қызмет көрсетуді жүзеге асырушы тұлғалар үшін бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері Р/с Ойын бизнесінің түрлері және салық салынатын объект(айлық есептік көрсеткіш) Жиынтық салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш 1030 теңге) Жылдық мөлшері, теңге Айлық мөлшері, теңге 1 Ойын столы үшін 2200 2266000 188833 2 Бір ойыншымен ойнауға арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы үшін 50 51500 4292 3 Бір ойыншыдан артық қатысушылармен ойнауға арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы үшін (электрондық рулеткадан басқа) 80 82400 6867 4 Электрондық рулетка 100 103000 8583 5 Бір ойыншымен ойнауға арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы үшін 10 10300 858 6 Бір ойыншыдан артық қатысушылармен ойнауға арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы үшін 15 15450 1288 7 Ойын өткізуге пайдаланылатын компьютер 10 10300 858 8 Тотализатордың кассасы үшін 200 206000 17167 9 Бильярд столы үшін 30 30900 2575 10 Боулинг әрбір ойын жолы үшін 55 56650 4721 11 Лото ойыны 80 82400 6867 12 Карт 25 25750 2146 13 Букмекер кеңселерінің кассасы 100 103000 8583