Қолданыстағы ред. 05.06.2006 (Редакция 28736_349220.kaz)

2005 жылғы 20 желтоқсандағы “Жамбыл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы” 43-149 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 05.06.2006 г. № 53-184 (2005 жылғы 20 желтоқсандағы “Жамбыл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы” 43-149 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

2005 жылғы 20 желтоқсандағы “Жамбыл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы” 43-149 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының, Бюджет Кодексінің 111 бабының 1 тармағына, 116 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабындағы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жамбыл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 жлетоқсандағы «Жамбыл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 30 желтоқсанында 2-7-15 нөмерімен тіркелген, 2006 жылдың 28 қаңтарында «Атамекен» газетінің 5-6 (5267-68) нөмерінде жарияланған 43-149 шешіміне (Жамбыл аудандық мәслихаты шешімімен өзгерістер енгізілген, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 3 ақпанында 2-7-16 нөмерімен тіркелген 2006 жылғы 24 қаңтардағы «2005 жылғы 20 желтоқсандағы» Жамбыл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 43-149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 45-154 шешіміне, Жамбыл аудандық мәслихаты шешімімен өзгерістер енгізілсін, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 23 ақпанында 2-7-17 нөмерімен тіркелген 2006 жылғы 24 қаңтардағы «2005 жылғы 20 желтоқсандағы» Жамбыл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 43-149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 46-156 шешімі, Жамбыл аудандық мәслихаты шешімімен өзгерістер енгізілсін, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 28 сәуірінде 2-7-20 нөмерімен тіркелген 2006 жылғы 27 наурызындағы «2005 жылғы 20 желтоқсандағы» Жамбыл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 43-149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 49-169 шешімі, Жамбыл аудандық мәслихаты шешімімен өзгерістер енгізілсін, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 18 мамырында 2-7-21 нөмерімен тіркелген 2006 жылғы 3 мамырындағы «2005 жылғы 20 желтоқсандағы» Жамбыл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 43-149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 51-177 шешімі) мынандай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы:
«1 Кірістер» деген жол бойынша «2038535» саны «2102394» санына ауыстырылсын.
«Ресми трансферттерден түсетін түсімдер» деген жол бойынша «1363129» саны «1426988» санына ауыстырылсын.
«Ағымдағы мақсатты трансферттер» деген жол бойынша «264983» саны «264883» санына ауыстырылсын.
«Мақсатты даму трансферттері» деген жол бойынша «346863» саны «345712» санына ауыстырылсын.
«Облыстық бюджеттен түсетін субвенциялар» деген жол бойынша «751283» саны «816393» санына ауыстырылсын.
«2. Шығындар» деген жол бойынша «2093005» саны «2156864» санына ауыстырылсын.
4 тармақтағы:
«Облыстық бюджеттен түсетін субвенциялар» деген жол бойынша «751283» саны «816393» санына ауыстырылсын.
7 тармақтағы:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» деген жол бойынша «132137» саны «135437» санына ауыстырылсын.
«Білім беру» деген жол бойынша «1384388» саны «1446098» санына ауыстырылсын.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» деген жол бойынша «390175» саны «385024» санына ауыстырылсын.
«Көлік және коммуникация-5610» деген жол қосылсын.
«Басқалар» деген жол бойынша «20093» саны «18483» санына ауыстырылсын.

2

2. 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияға баяндалсын.

3

3. 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияға баяндалсын.

4

4. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін
Келісілген: