Кентау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 111-бабының 5-тармағына, «Қазақсган Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және қала әкімдігі ұсынған 2006 жылға арналған қалалық бюджеттің нақтыланған жобасын қарай келіп, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Кентау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 28.04.2006 г. № 179 (Кентау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)
1. Кентау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №146 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (әділет басқармасында 2005 жылғы 30 желтоқсанда № 14-3-16 тіркелген, 2006 жылғы 7 қаңтарда, 14 қаңтарда, 28 қаңтарда, 4 ақпанда «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған, 2006 жылғы 9 қаңтардағы №153, 2006 жылғы 20 қаңтардағы №158, 2006 жылғы 17 ақпандағы №163, 2006 жылғы 6 наурыздағы №167, 2006 жылғы 12 сәуірдегі №176 шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) төменгідей өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім Кентау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.