Рудный қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 230 "Рудный қаласының 2006 жылға арналған қалалық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабы тармақшасына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармақтың 1-тармақшасына Рудный қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 230 «Рудный қаласының 2006 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Рудный қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 230 "Рудный қаласының 2006 жылға арналған қалалық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы от 27.06.2006 г. № 506 (Рудный қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 230 "Рудный қаласының 2006 жылға арналған қалалық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы)
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемақылар» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай төлемдер белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша шаштараз қызметтеріне әлеуметтік көмек;
2) мемлекеттік мейрамдарға және жалпы қалалық іс-шараларға әлеуметтік көмек;
3) жүкте әйелдерді тамақтандыру үшін әлеуметтік көмек;
4) аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді тамақтандыру үшін, оның ішінде денсаулығын қалпына келтіру кезеңінде туберкулезбен ауыратындарды тамақтандыру үшін әлеуметтік көмек;
5) профилакторийлерде және жазғы демалыс лагерьлерде балаларды сауықтыру үшін әлеуметтік көмек;
6) оку жылы басына мектеп жасындағы балалы отбасыларға;
7) аз қамтылған азаматтарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге стационарда емделуге, медиңиналық мекемелерде тексерілуге;
8) аз қамтылған азаматтарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге қаттандыруға, жерлеуге, азық-түлік, киім, дәрі-дәрмектерді сатып;
9) аз қамтылған отбасыларға жаз маусымына саяжай учаскелерін алуға, тұқым материалдарын сатып алуға және саяжай учаскелеріне ікпен жүруге.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
3. Мыналар анықталсын:
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту алы шешім, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттардың тізбесі, әлеуметтік көмектің мөлшері құжаттарды қабылдаған күннен тап бір әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық кеңестік ведомствоаралық комиссиясымен қабылданады;
2) әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган берген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті берілген лицензиясы бар екінші деңгейдергі банктер немесе арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке есебіне ақшалай құжаттарды аудару жолымен төленеді;
3) Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген әлеуметтік төлемақылар» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.