Қолданыстағы ред. 14.01.2005 (Редакция 22846_267457.kaz)

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы от 14.01.2005 г. № 13-92 (Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы)

0

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146 қаулысын іске асыру мақсатында Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Тілдерді қолдану мен дамытудың Алматы облысы бойынша 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Алматы облыстық Мәслихатының Әділет басқармасында 2003 жылғы 10 маусымда N 1191 болып тіркелген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 30 мамырдағы N 34-193  шешімінің  күші жойылды деп саналсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің кеңесшісі С.М. Мұқановқа жүктелсін.

4

Алматы облысы Мәслихатының
2004 жылғы 14 қаңтардағы
N 13-92 шешіміне қосымша
ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ
2005-2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

1. 1. ПАСПОРТ

1. ПАСПОРТ
Атауы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.
Әзірлеуге негіздеме:
"Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146 қаулысы.
Негізгі әзірлеуші
Облыстық мемлекеттік тілді дамыту бөлімі
Мақсаттары
2005-2006 жылдары Алматы облысында іс-қағаздарын жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіру үшін алғышарттар жасау және басқа да тілдерді дамыту.
Міндеттері
Алматы облысының барлық деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру. Бұл  үшін: нормативтік-құқықтық, ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару және іс жүргізу саласында тілдердің, әсіресе мемлекеттік тілдің қолданылуын жақсарту, білім беру, мәдениет және халыққа қызмет көрсету саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында тілдерді одан әрі дамыту жөніндегі шараларды іске асыру.
Қаржыландыру көздері:
Жергілікті және республикалық бюджет қаражаттары.
Іске асыру мерзімдері:
2005 - 2006 жылдар.
Күтілетін нәтижелер:
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізудің толықтай мемлекеттік тілге көшуіне және басқа да тілдердің дамуына қол жеткізу.

2. 2. КІРІСПЕ

2. КІРІСПЕ
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2 жылға есептелінген. Бағдарламада Алматы облысында тілдерді дамыту саласындағы мақсаттар мен міндеттер айқындалған, оларды іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері белгіленген.
Осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146  қаулысына  сәйкес әзірленді.
Бағдарламада облыстағы қазіргі тілдік ахуалға, әсіресе мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу мәселесіне  талдау берілген.
Бағдарламада көзделген басты мақсат - Алматы облысының барлық деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру. Бұл  үшін: нормативтік-құқықтық, ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару және іс жүргізу саласында тілдердің, әсіресе мемлекеттік тілдің, қолданылуын жақсарту, білім беру, мәдениет және халыққа қызмет көрсету саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында тілдерді одан әрі дамыту жөніндегі шараларды іске асыру көзделген.

3. 3. ОБЛЫСТАҒЫ ҚАЗІРГІ ТІЛДІК АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ

3. ОБЛЫСТАҒЫ ҚАЗІРГІ ТІЛДІК АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ
«"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"»Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығын және осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімінің 2002 жылғы 14 тамыздағы "Алматы облысының қалалары мен аудандарындағы мемлекеттік басқару органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы"»N 8-211 шешімін орындау барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тілдерді дамытуда, әсіресе мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуде біршама ілгерілеушілік байқалады.
Облыстық бағдарламада белгіленген шараларды жүзеге асыру мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының барлық буындарында мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөнінде тиісті шешімдер қабылданып, біршама жұмыстар атқарылды.
Облыста іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жұмысы облыс әкімінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 1 шешімімен облыстық мемлекеттік тілді дамыту бөлімі құрылғаннан кейін жүйелі жүргізіле бастады. Соның нәтижесінде облыстың Ақсу, Алакөл, Балқаш, Райымбек, Панфилов, Кербұлақ, Көксу, Жамбыл аудандары бүгінгі күндері іс қағаздарын жүргізуде толық мемлекеттік тілге көшіп отыр. Облыстың қалған 11 аудандары мен қалаларында іс қағаздары екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Облыс аумағындағы 256 селолық округтердің 195-де  іс қағаздары мемлекеттік тілде, 58-де іс қағаздары қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік тілде жазылған құжаттардың көлемі біршама артып, қазір ол 65,2 пайыз құрап отыр. Облыстың елді мекендеріндегі көрнекі үгіт құралдарының заңнама талаптарына сай ресімделуі де жақсарып келеді.
Терминологиялық жүйенің орнығуына ықпал етіп, оның ғылыми практикалық негізде дамуын қамтамасыз ету үшін аудан, қала әкімдіктері мен облыстық мекемелер  "Республикалық жеделдетіп оқыту орталығынан" шыққан қажетті терминологиялық сөздіктер  мен электронды оқулықтар сатып алды.
Облыста мемлекеттік тілде іс жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық жағдай жасауға жете көңіл бөлініп отыр. Қазір жалпы облыс бойынша жергілікті басқару органдарында 3225 компьютер бар, олардың 2958-іне қазақ қарпі енгізіліп, арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ тілін оқытатын 107 курстар мен үйірмелер ұйымдастырылып отыр. Оларда 1278 адам бастауыш топта, 1649 адам жалғастырушы топта дәріс алуда. Қазіргі уақытта облыстың жергілікті басқару органдарында 112 аудармашы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметкерлердің басым көпшілігі мемлекеттік тілде жұмыс істей алатын болғандықтан, аудармашылар санын арттыра берудің қажеті шамалы. Сондықтан мемлекеттік қызметке қабылданғанда мамандардан мемлекеттік тілді меңгеруді талап ету үрдісі қалыптасу үстінде. Сонымен қатар«Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкерлерді көтермелеу туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі N 117- өкіміне сәйкес мемлекеттік тілде құжат дайындаумен айналысатын қызметкерлерді көтермелеу шаралары да   жүзеге асырылып келеді.
Облыстағы ономастикалық ахуал біршама жақсарып келеді. Елді мекендердің, қалалардағы, кенттер мен  селолардағы көшелердің, әлеуметтік-мәдени объектілердің атаулары жаңа заман талаптарына сәйкес өзгертіліп, бір жүйеге келтірілуде. Ономастикаға байланысты "Жетісудың жаңарған атаулары"»жинағын шығару үшін арнайы материалдар жинақталуда. Облыстың ономастикалық кеңістігін тіл саясатының жаңа үрдісіне сай ретке келтіріп отыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын таба беретін болады.
Мемлекеттік тілдің рөлі білім беру жүйесінде де артып келеді. Облыстағы мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелердің жалпы саны - 47, оның ішінде қазақ тілінде тәрбие беретін мекемелердің саны -13.
Облыста тұратын барлық басқа ұлт диаспораларының тілдерін дамытуға да дәйекті көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта облыста 46 орыс мектебі, 12 ұйғыр мектебі бар. Диаспоралар тілінде газеттер шығып, теле-радио хабарлары беріліп тұрады. Облыс аумағында тұратын басқа ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін дамытуға жүйелі түрде жұмыс істейтін ұлттық мәдениет орталықтары көп үлес қосып келеді.
Сонымен қатар тілдерді дамыту бағытында әлі де болса атқарылмаған жұмыстар көп. Әсіресе облыстық құрылымдардың іс қағаздарының басым көпшілігі әлі де орыс тілінде жүргізіледі. Сол себепті де олар мемлекеттік тілге көшкен аудандарға нұсқау-тапсырманы орыс тілінде жолдап, мемлекеттік тілге көшкен аудандардағы банк, салық, қаржы саласындағы іс қағаздары  орыс тілінде болып отыр. Осының салдарынан облыстық мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданылуы небәрі 16,2%-ды ғана құраса, орыс тілінің қолданылуы - 83,8%-ды құрайды.
Облыс орталығында  мемлекеттік қызметкерлер үшін небәрі 54 курс қана жұмыс істейді, онда қамтылған қызметкерлердің жалпы саны - 973. Облыста барлығы 7045 мемлекеттік қызметкер бар екендігін ескерсек, бұл өте аз көрсеткіш. Осы кемшіліктерді ескере отырып, Талдықорған қаласында мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, әдістемелік-практикалық көмек көрсету үшін  арнайы оқыту орталығын ашу кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
Алдағы 2005 жылы бірқатар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының толық мемлекеттік тілге көшетіндігін ескерумен, басқа тілдерді дамытумен қатар, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын барынша кеңейту басты міндет болмақ.

4. 4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ

4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ
МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ
Бағдарламаның мақсаты  - тіл туралы заңнаманың барлық талаптарын сақтай отырып, тілдерді дамыту жөнінде 2005-2006 жылдары жүйелі де жоспарлы жұмыстар жүргізу, сөйтіп белгіленген бағыттарда сапалық өзгерістерге қол жеткізу.
Бағдарламамен белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
мемлекеттік басқару және іс жүргізу, заңнама саласында тілдерді қолдануды қамтамасыз ету үшін "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  орындалуы жөнінде мемлекеттік мекемелерді бекітілген кестеге сәйкес тексеру жүргізу;
білім беру және тілдерді  оқыту саласындағы тілдік дамыту үшін:
жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын бөлімшелердің және қазақ тілінде оқытылатын пәндердің санын арттыру жөнінде шаралар қабылдау (бөлімшелердің жалпы санын арттырмастан);
жалпы білім беретін орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік оқу орындарының өзге тілдерде оқытатын бөлімшелерінде қазақ тілін оқытуға арналған сағаттар санын оқу процесін оңтайландыру жолымен (негізгі оқу жоспары бойынша жалпы сағат санын көбейтпей) арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру (мектепке дейінгі мекемелердің жалпы санын арттырмай);
ана тілдерін зерделеу жөніндегі жексенбілік мектептер арқылы бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға ұлттық-мәдени орталықтарды тарту;
жалпы білім беретін мектептер базасында оралмандарға қазіргі қазақ әліпбиін үйрету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
ұлттық жексенбілік мектептердің балалары мен жасөспірімдеріне жазғы кезеңде қазақ тілін оқыту;
ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету үшін:
Алматы және Талдықорған өңірлері бойынша мемлекеттік тілді дамыту мамандарына арнап көшпелі семинарлар ұйымдастыру;
тіл саясаты бөлімдерінің бастықтарымен және мамандарымен тақырыптық семинарлар өткізу;
мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған тақырыптық конкурстар өткізу;
"Жетісудың жаңарған атаулары" ономастикалық анықтамалығын шығару;
Алматы облысының әкімшілік-аумақтық карталарын мемлекеттік тілде шығаруға жәрдемдесу;
облыс бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің және физикалық-географиялық атаулардың мемлекеттік тілдегі әліпбилік көрсеткіштерін шығару жөніндегі жұмысты жалғастыру;
кітапханаларды қазақ және Қазақстан халықтарының басқа да тілдеріндегі әдебиетпен жүйелі жинақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру;
мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету саласында тілді дамыту үшін:
эфирге "Тіл - тағдыр" атты телехабарды даярлау және шығару жөніндегі жұмысты жалғастыру;
Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің салыстырмалы қатынасын электронды бұқаралық ақпарат құралдарының сақтауы бөлігіндегі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру;
көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау мен тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру.
2005-2006 жылдарға арналған Бағдарламаның  негізгі басымдылығы  Алматы облысының жергілікті мемлекеттік басқару органдарында  іс қағаздарын жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіру үшін алғышарттар жасау болып табылады.

5. 5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ

5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН
ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
Тілдерді дамыту жөніндегі шараларды іске асыру үшін жұмыстың келесі негізгі бағыттарын таңдап алу қажет болады.

1

1) Мемлекеттік органдардағы тіл
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясының одан әрі кеңеюі кадрларды тиісінше тілдік даярлықтан өткізуді қажет етеді. Бұл талап, біліктілік талаптары мен қызметтік міндеттеріне қарамастан, мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттары үшін міндетті болуы тиіс.
Осы мақсатта облыстың аумағында мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай оқулық-әдістемелік бағдарламаға негізделген курстар ашу қажет. Бұл үшін базалық ұйым облыс орталығында құру жоспарланып отырған мемлекеттік тілді оқыту орталығы бола алады.
Мемлекеттік тілдегі мәтіндерді оларды ресми қолданылып отырған тілден аудару жолымен әзірлеу одан әрі беку үрдісіне ие болуда. Алайда ол уақытша шара ретінде қарастырылуы тиіс. Сондықтан  мемлекеттік органдарда  құжаттарды тікелей мемлекеттік тілде даярлауға кезең -кезеңмен көшіруді нақты жүзеге асыру қажет. Бұл ретте мемлекеттік тілдің тек іс қағаздарын жүргізу саласында ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілерін әзірлеу және қабылдау саласында да қолданылуына назар аудару керек болады.
Мемлекеттік тілдің құқық қорғау органдарында қолданылуы мәселесін ерекше бөліп көрсету қажет. Осы талаптарды табысты жүзеге асыру үшін ерекше бағдарлама бойынша арнайы жоспарға сәйкес қызмет атқару орындары бойынша мемлекеттік тілді үнемі оқытуды ұйымдастыру керек.

2

2) Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілдік дамыту
Өскелең ұрпаққа алғашқы тілдік тәрбие беруде мектеп жасына дейінгі ұйымдар үлкен рөл атқарады. Сондықтан қазақ тілі оқытылатын мектеп жасына дейінгі ұйымдар жүйесінің дамуы жөнінде барлық мүмкін шараларды қолданған жөн болады.
Тілдік дайындықты қамтамасыз етуді ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектептердің көп мүмкіндіктері бар. Мұнда жалпы білім беретін мектептер жүйесінде  мемлекеттік тілді оқыту сапасын жақсарту маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
Оқу мекемелері түлектерінің әлеуметтік кеңістікке одан әрі табысты кірігуі мақсатында оқу тіліне және меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік тілді оқыту оқу мекемелерінде ең жетекші пәндердің бірі болуға тиісті. Бұған қоса, осы үшін қажетті сағаттар саны басқа да тілдер есебінен емес, оқу процессін жалпы оңтайландыру нәтижесінде бөлінуі тиіс.
Мемлекеттік тілдің бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі жағдайы одан әрі жақсартуды қажет етеді. Бұл жеке пәндерді оқыту ғана емес, олардың санын арттыруға да қатысты. Бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқытылуы болжанып отырған мамандықтар ауқымы шаруашылық, мәдени, қоғамдық және өзге де қызметтің барлық салаларын мүмкіндігінше қамти отырып, жоспарлы түрде өсуі тиіс.
Тілдерді тиімді үйрену саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту және тереңдету үшін дәстүрлі оқу орындарында оқытудан басқа кейбір әдістердің де қажет екендігін іс-тәжірибе көрсетіп отыр. өз бетімен оқып үйренуге есептелінген - бұлар теле - және радиохабарлар, газеттердегі арнайы жарияланымдар - қазақ тілінің сабақтарын өткізудің түрлі нормаларын кеңінен енгізген жөн.
Алайда мұндағы басты бағыт мемлекеттік тілді өндірте оқыту жөніндегі ақысыз тілдік курстар жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысын жолға қою болуы тиіс. Мұндай курстар жұмыс орындары бойынша құрылуы керек. Курстарға қатысудың нәтижелілігіне мүдделілікті арттыру тетігін әзірлеген жөн. Курстарға қатысу нәтижелері қызметкердің негізгі кәсіби қызметінің нәтижелерімен бір деңгейде қарастырылуы тиіс. Мұндай курстар сондай-ақ түрлі деңгейлердегі әкімдіктер жанынан ашылуы және жергілікті бюджеттен қаржыландырылуы тиіс.
Қазақстан халықтарының тілдерін қолдау мақсатында тілдесу, тәрбие, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға конституциялық құқықты іске асыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету қажет.

3

3) Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау және тұрғындарға қызмет көрсету саласында тілдерді дамыту
Мәдениет саласында кино, мультипликация, телешоу, музыкалық бағдарламалар, мемлекеттік тілде шығарылатын жастар жорналдары мен тағы да басқалары сияқты неғұрлым көпшілік және көрілімді нысандарды кеңінен пайдалануға назар аудару қажет.
Мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету үшін тұрғындарға қызмет көрсету саласы неғұрлым күрделі учаске болып қалуда. Бұл осы саладағы тілдік қызметті мемлекеттік реттеудің күрделілігімен шарттасып отыр. Алайда денсаулық сақтау, сауда, көлік және байланыс сияқты салаларға мемлекеттік тілдің енуі мұндай ықпал ету мүмкіндігінше мемлекет тарапынан жүзеге асырыла алатындай жерлерде жасалуы тиіс. Мемлекеттік тілді білу бөлігінде міндетті талаптарды қою осы талаптар кәсіби міндеттерді тиісінше атқару қажеттілігімен шарттасқан салаларда ғана орын алуы керек. Оларға денсаулық сақтау, байланыс, көлік, банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдері жатқызылуы мүмкін.
Бағдарламаны іске асыру тетіктері
Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі ағымдағы іс-шаралар жүйесін жыл сайынғы кезең-кезеңмен орындау болып табылады. Бағдарламаны (қоса берілген) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру барысында алдағы кезеңде орын алған өзгерістерді ескерумен әрбір келесі екі жылға жасады. Ұзақ мерзімдік келешекті ескерумен мұндай ағымдық жоспарлау үлкен нақтылылықпен және нәтижелерге қол жеткізудегі шындылылығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге бұл тікелей орындаушылардың жауапкершілігі мен Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылуы үшін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыру келесі негіз қалаушы қағидаттарды сақтау кезінде ғана мүмкін болады:
- сандық және сапалық деңгейлердің тұрақты көтерілуін (қордалануын) қамтамасыз етуді болжамдайтын кезең-кезеңділік пен дәйектілік;
- орындау үшін қатаң бақылаумен ұштастықта жан-жақты мемлекеттік қолдау;
- мемлекеттік тілді еркін және тегін оқыту үшін мүмкіндіктерді берумен тілді үйрену саласындағы талаптардың үйлесімі;
- моральдық және материалдық мүдделілік жағдайларын жасау;
- қоғамдық пікірді белсенді қалыптастыру;
- тіл құрылысын жүзеге асыру кезінде қолданушылық-лингвистикалық тепе-теңдікті ұстап тұру;
- тілдерді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету.

6. 6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ

6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге асыру көзделеді.

7. 7. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

7. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізудің толықтай мемлекеттік тілге көшуіне және басқа да тілдердің дамуына қол жеткізіледі.
Іске асыру басқа тілдерді дамытумен қатар келешекте  мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне сай қоғамдық қатынас құралына айналуына жағдай жасайды.
Р/с

Іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Орындауға
жауаптылар
1.
2.
3.
4.
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
1.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Тілдерді қолдану мен дамытудың  2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын әзірлеу
Алматы облысы
әкімдігі
қаулысының
жобасы
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасы
Мемлекеттік басқару және іс жүргізу, заңнама саласында тілдерді қолдану
2.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы жөніндегі мемлекеттік мекемелерді бекітілген кестеге сәйкес тексеру жүргізу
МАСМ-ға ақпарат
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасына
ақпарат
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасы,
қалалар мен
аудандардың
әкімдері
Білім беру және тілдерді оқыту
саласындағы тілдік дамыту
3.
Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын бөлімшелердің және қазақ тілінде оқытылатын пәндердің санын арттыру жөнінде шаралар қабылдау (бөлімшелердің жалпы санын арттырмастан)
МАСМ-ға ақпарат
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасына
ақпарат
Облыстық білім
департаменті,
қалалар мен
аудандардың
әкімдері,
ЖОМ мен АОМ
4.
Жалпы білім беретін орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік оқу орындарының өзге тілдерде оқытатын бөлімшелерінде қазақ тілін оқытуға арналған сағаттар санын оқу процесін оңтайландыру жолымен (негізгі оқу жоспары бойынша жалпы сағат санын көбейтпей) арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
МАСМ-ға ақпарат
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасына
ақпарат
Облыстық білім
департаменті,
қалалар мен
аудандардың
әкімдері,
ЖОМ мен АОМ
5.
Қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру (мектепке дейінгі мекемелердің жалпы санын арттырмай).
МАСМ-ға ақпарат
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасына
ақпарат
Облыстық білім
департаменті,
қалалар мен
аудандардың
әкімдері
6.
Ана тілдерін зерделеу жөніндегі жексенбілік мектептер арқылы бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға ұлттық-мәдени орталықтарды тарту
Бұйрық
Қазақстан
халықтары Кіші
Ассамблеясының
атқарушы
хатшылығы
7.
Жалпы білім беретін мектептер базасында оралмандарға қазіргі қазақ әліпбиін үйрету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
Бұйрық
Облыстық білім
департаменті,
Облыстық
көші-қон және
демография
басқармасы
8.
Ұлттық жексенбілік мектептердің балалары мен жасөспірімдеріне жазғы кезеңде қазақ тілін оқыта отырып, олардың жазғы сауықтыру демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
Бұйрық
Облыстық білім
департаменті
Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету
9.
Төмендегі іс-шараларды өткізу:
1) Алматы өңірі бойынша мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар үшін көшпелі семинары;
2) Тіл саясаты бөлімдерінің бастықтары мен мамандары үшін "Тіл саясаты: бүгін және ертең" облыстық семинары;
3) "Аударманың сапасы мен дәлдігі" облыстық  семинары;
4) "Үздік аудармашы" облыстық конкурсы;
5) Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы VІІІ облыстық конкурсы;
6) "Мемлекеттік тіл - менің тілім"
облыстық конкурсы;
7) Облыс ақындарының "Тіл -тағдыр" мүшәйрасы;
8) Қазақстан халықтары тілдерінің облыстық фестивалі;
9) "Жаңарған Жетісу атаулары" ономастикалық анықтамалығын шығару;
10) Жыл қорытындысы бойынша "Үздік әкімдік", "Үздік мекеме", "Үздік кәсіпорын", "Үздік қоғамдық ұйым" облыстық конкурсы;
1) Талдықорған өңірі бойынша мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар үшін көшпелі семинары;
2) Тіл саясаты бөлімдерінің бастықтары мен мамандары үшін "Тіл саясаты: бүгін және ертең" облыстық семинары;
3) "Аударманың сапасы мен дәлдігі" облыстық  семинары;
4) "Үздік аудармашы"  облыстық конкурсы;
5) Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ІХ облыстық конкурсы;
6) "Мемлекеттік тіл - менің тілім" облыстық конкурсы;
7) Облыс ақындарының "Тіл - тағдыр" мүшәйрасы;
8) Қазақстан халықтары тілдерінің облыстық фестивалі;
9) "Тіл-тағдыр"
жинағын шығару;
10) Жыл қорытындысы бойынша "Үздік әкімдік", "Үздік мекеме", "Үздік кәсіпорын", "Үздік қоғамдық ұйым" облыстық конкурсы;
Бұйрық
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасы,
қалалар мен
аудандардың
әкімдері
10.
Алматы облысының әкімшілік-аумақтық карталарын мемлекеттік тілде шығаруға жәрдемдесу
МАСМ-ға ақпарат
Жер қатынастары
басқармасы,
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасы
11.
Облыстар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің және физикалық-географиялық атаулардың мемлекеттік тілдегі әліпбилік көрсеткіш-терін шығару жөніндегі жұмысты жалғастыру
МАСМ-ға ақпарат
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасына
ақпарат
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасы,
қалалар мен
аудандардың
әкімдері
12
Кітапханаларды қазақ және Қазақстан халықтарының басқа да тілдеріндегі әдебиетпен жүйелі жинақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру
Бұйрық
Облыстық
мәдениет
басқармасы
Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету саласында тілді дамыту
13.
Эфирге "Тіл - тағдыр" атты телехабарды даярлау және шығару жөніндегі жұмысты жалғастыру
Бұйрық
"Жетісу" ТРК,
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасы
14.
Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің салыстырмалы қатынасын электронды бұқаралық ақпарат құралдарының сақтауы бөлігіндегі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру
Бұйрық
Ішкі
саясат департа-
менті
15.
Көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау мен тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру
МАСМ-ға ақпарат
Облыстық
тілдерді дамыту
басқармасына
ақпарат
Қалалар мен
аудандардың
әкімдері,
мүдделі
департаменттер
мен мекемелер
кеңестің жалғасы
Р/с

Іс-шаралар
Орындау
мерзімі
Болжанған
шығыстар,
мың тг.
Қаржылан
дыру
көзі
1.
2.
5.
6.
7.
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
1.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Тілдерді қолдану мен дамытудың    2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын әзірлеу
2006 жылғы
IV тоқсан
-
-
Мемлекеттік басқару және іс жүргізу, заңнама саласында тілдерді қолдану
2.
"Қазақстан Республикасын-дағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы жөніндегі мемлекеттік мекемелерді бекітілген кестеге сәйкес тексеру жүргізу
2005 жылғы
20 маусым
және
2005 жылғы
20
желтоқсан
-
-
Білім беру және тілдерді оқыту
саласындағы тілдік дамыту
3.
Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын бөлімшелердің және қазақ тілінде оқытылатын пәндердің санын арттыру жөнінде шаралар қабылдау (бөлімшелердің жалпы санын арттырмастан)
2005 жылғы
IV тоқсан,
2006 жылғы
IV тоқсан
-
-
4.
Жалпы білім беретін орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік оқу орындарының өзге тілдерде оқытатын бөлімшелерінде қазақ тілін оқытуға арналған сағаттар санын оқу процесін оңтайландыру жолымен (негізгі оқу жоспары бойынша жалпы сағат санын көбейтпей) арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
2005 жылғы
IV тоқсан,
2006 жылғы
IV тоқсан
-
-
5.
Қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру (мектепке дейінгі мекемелердің жалпы санын арттырмай).
2005 жылғы
IV тоқсан,
2006 жылғы
IV тоқсан
-
-
6.
Ана тілдерін зерделеу жөніндегі жексенбілік мектептер арқылы бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға ұлттық-мәдени орталықтарды тарту
2005 жылғы
IV тоқсан,
2006 жылғы
IV тоқсан
-
-
7.
Жалпы білім беретін мектептер базасында оралмандарға қазіргі қазақ әліпбиін үйрету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
2005 жылғы
IV тоқсан,
2006 жылғы
IV тоқсан
-
-
8.
Ұлттық жексенбілік мектептердің балалары мен жасөспірімдеріне жазғы кезеңде қазақ тілін оқыта отырып, олардың жазғы сауықтыру демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
2005 жылғы
IV тоқсан,
2006 жылғы
IV тоқсан
-
-
Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету
9.
Төмендегі іс-шараларды өткізу:
1) Алматы өңірі бойынша  мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар үшін көшпелі семинары;
2) Тіл саясаты бөлімдерінің бастықтары мен мамандары үшін "Тіл саясаты: бүгін және ертең" облыстық семинары;
3) "Аударманың сапасы мен дәлдігі" облыстық семинары;
4) "Үздік аудармашы" облыстық конкурсы;
5) Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы VІІІ облыстық конкурсы;
6) "Мемлекеттік тіл - менің  тілім" облыстық конкурсы;
7) Облыс ақындарының "Тіл -тағдыр" мүшәйрасы;
8) Қазақстан халықтары тілдерінің облыстық фестивалі;
9) "Жаңарған Жетісу атаулары" ономастикалық анықтамалығын шығару;
10) Жыл қорытындысы бойынша "Үздік әкімдік", "Үздік мекеме", "Үздік кәсіпорын", "Үздік қоғамдық ұйым" облыстық конкурсы;
1) Талдықорған өңірі бойынша  мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар үшін көшпелі семинары;
2) Тіл саясаты бөлімдерінің бастықтары мен мамандары үшін "Тіл саясаты: бүгін және ертең" облыстық семинары;
3) "Аударманың сапасы мен дәлдігі"» облыстық  семинары;
4) "Үздік аудармашы"  облыстық конкурсы;
5) Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы  ІХ облыстық конкурсы;
6) Мемлекеттік "тіл - менің тілім"  облыстық конкурсы;
7) Облыс ақындарының "Тіл - тағдыр"  мүшәйрасы;
8) Қазақстан халықтары тілдерінің облыстық фестивалі;
9) "Тіл-тағдыр" жинағын шығару;
10) Жыл қорытындысы бойынша "Үздік әкімдік", "Үздік мекеме", "Үздік кәсіпорын", "Үздік қоғамдық ұйым" облыстық конкурсы;
2005 жылғы
ІІ-IV тоқсан
дар
2006 жылғы
ІІ-IV тоқсан
дар
160
110
200
310
365
400
300
500
530
400
160
110
200
310
365
400
300
500
500
400
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
Жергілікті
бюджет
10.
Алматы облысының әкімшілік-аумақтық карталарын мемлекеттік тілде шығаруға жәрдемдесу
2005 жылғы
III тоқсан
2006 жылғы
III тоқсан
-
-
11.
Облыстар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің және физикалық-географиялық атаулардың мемлекеттік тілдегі әліпбилік көрсеткіш-терін шығару жөніндегі жұмысты жалғастыру
2005 жылғы
III тоқсан
2006 жылғы
III тоқсан
-
-
12
Кітапханаларды қазақ және Қазақстан халықтарының басқа да тілдеріндегі әдебиетпен жүйелі жинақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру
2005 жылғы
IV тоқсан,
2006 жылғы I
V тоқсан
-
-
Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет
көрсету саласында тілді дамыту
13.
Эфирге "Тіл - тағдыр" атты телехабарды даярлау және    шығару жөніндегі жұмысты жалғастыру
тұрақты
-
-
14.
Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің салыстырмалы қатынасын электронды бұқаралық ақпарат құралдарының сақтауы бөлігіндегі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру
тұрақты
-
-
15.
Көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау мен тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру
тұрақты
-
-