О программе функционирования и развития государственного языка на территории города Актобе на 2005-2006 годы Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе қаласының аумағындағы 2005-2006 жылдарға арналған тілдерді
дамыту мен қолданудың Бағдарламасы туралы
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе қаласының аумағындағы 2005-2006 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық басқармалар, мекемелер, комитеттер, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар Бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде нақты іс-шаралар жоспарларын жасасын.
Тармақ 3
3. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті бақылау және үйлестіру қала әкімінің орынбасары С. Қ. Құттыбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Бағдарламаның мазмұны
Ақтөбе қалалық
мәслихатының кезекті
он сегізінші сессиясынының
2005 жылғы 6 маусымдағы
№ 138 шешімімен
бекітілді
Ақтөбе қаласының аумағындағы 2005-2006 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың Бағдарламасы
Бағдарламаның мазмұны
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі жай-күйі
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың басым бағыттары
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бөлім 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы
Ақтөбе қаласының аумағындағы 2005-2006 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың Бағдарламасы
Әзірлеуге негіздемелер
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы
Негізгі әзірлеушілер
«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мақсаттары
Қала аумағында біртұтас тіл саясатын жүргізу. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық экономикалық, қоғамдық- саяси, әлеуметтік, мәдени салаларында өз мәнінде қолданылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үйлестіру,
қадағалау
Міндеттері
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы шілденің 11 -гі Заңының қала көлемінде орындалуына басшылық жасау. Басқару органдарында және мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің іс
жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету
Қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландырудың негізгі көзін бағдарламалар әкімшісі көздейтін қаражат шегінде жергілікті бюджет белгілейді
Күтілетін нәтижелер
Ақтөбе қаласының аумағындағы 2005-2006 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың бағдарламасын іске асыру мемлекеттік тілдің дамуына қажетті тілдік ортаны қалыптастырып, тілдің толыққанды жұмыс жасауына қолайлы жағдайға қол жеткізу арқылы Ақтөбе қаласының толық мемлекеттік тілге көшірілуі көзделеді
Бөлім 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын ел Конституциясында белгіленген мәртебесіне орай мейлінше кеңейтіп, қазақ тілінің тамырына қайтадан қан жүгіртіп, тіршілігімізге батыл енгізу қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан, мемлекеттік тіл саясаты стратегиясын іске асыру, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай туғызу - мемлекет өмірінің аса маңызды әлеуметтік қырларының бірі болып табылады.
Ақтөбе қаласының аумағындағы 2005-2006 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың Бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) екі жылға арналған Бағдарламада тіл дамуының екі жылдық келешегінің мақсаттары мен міндеттері белгіленіп, оны іске асыру жөніндегі әрекеттер іс-шаралар жоспары түрінде жасалған.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Коституциясының 7, 93 баптарын «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығын жүзеге асыруға бағытталған.
Қалалық басқармалар, мекемелер, комитеттер, басқа да мүдделі мемлекеттік органдарда іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу үшін кадрлармен және техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру қажет. Тіл мәртебесі ресми тұрғыдан жарияланғанымен, оның жер-жерде үйретілуі мен қолданылуын жүзеге асырар тетік жеткілікті дәрежеде іске қосылмай отыр. Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау қосалқы сипатта ғана. Сонымен қазақ тілін дамыту бағыты оның мемлекеттік мәртебесін іске асыру қажеттігімен айқындалады.
Бөлім 3. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Тіл саласындағы қатынастырды реттеуші нормативтік-құқықтық база мемлекеттік тілді қолдану үшін қажетті басшылыққа алар жағдай туғызды. Ақтөбе қаласының әкімиятының іс- қағаздары, қала әкімінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 367 қаулысына сәйкес, өз 2001 жылдың 1 маусымынан бастап, мемлекеттік тілде жүргізуге көшірілді.
Қалалық әкімиятта және бағынысты мекемелерде мәжілістер мен жиындар екі тілде жүргізіледі. Тиісті құжаттар мен шешім, қаулылар мемлекеттік тілде жасалады.
Әкімшілік жоғары және жергілікті атқарушы органдармен, мекемелер мен қатынас қағаздар әлі де ресми тілде жазылуының басымдылығы байқалады.
Қалалық басқармалар, мекемелер, комитеттер мен оларға қарасты мекемелердің мемлекеттік тілдегі құжаттары, іс жүргізу қағаздары қазақ тілінің стильдік ерекшеліктері мен ережелеріне сәйкес сауатты жазылмайды.
Мемлекеттік органдарда қазақ тілін еркін меңгерген мамандар саны қажетті деңгейде емес. Сондықтан, мемлекеттік қызметке қабылдау мемлекеттік тілді қажетті мөлшерде білгенде ғана жүзеге асырылуы керек. Жұмыс орындарында арнаулы курстар, оқулар ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік мекемелер өздерін ұстау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларына бұл мақсат үшін қаржы қарастыруы тиіс. Тілдік саясатты жүзеге асыру үшін қаржының бөлінбеуі, Тілдерді қолдану және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жергілікті жерлерде іске асырылуға көзделген бірқатар шаралардың орындалмауына әсер етеді.
«Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2000 жылғы 17 қыркүйектегі № 117 өкімі әлі де талапқа сай орындалмай отыр.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие беретін балабақшалар санын көбейту және олардың қазіргі заман талабына сай ғимараттарға орналастырылуы және толық жабдықталуына аса көңіл бөліну қажет. Өйткені, көп жағдайда қазақ мектептері мен балабақшаларына ескі, тозығы жеткен ғимараттардың беріле салуы, бұл оқу орындарының оқу-тәрбиелеу процесінің төмендеуіне соқтыратыны белгілі жәйт. Әрине әрбір ата-ана өз баласын жақсы жабдықталған, сәнді ғимарат оқытып, тәрбиелеуге мүдделі.
Мәдениет, ақпарат және спорт миниситрлігінің 2005 жылғы 6 қаңтардағы № 02-2/3-И хатындағы тұрғындар саны 50,0 мың адамнан асқан жағдайдағы мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің ұсынымдық құрылымы (бөлім бастығын қоса есептегенде 3 бірліктен тұрады) тұрғындар саны 350 мыңға жуық Ақтөбе қаласының аумағына аздық ететіні белгілі. Сондықтан, мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау және іс жүргізуде нақты нәтижелерге жету үшін «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» жанынан құрылған «Тілдерді дамыту бөлімінің» материалдық-техникалық базасын нығайтып, қосымша штаттық бірліктер енгізу қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде дайындалған іс-қағаздарының сауаттылығын тексеру, сараптау, талдау жұмыстарын бір орталықтан атқару мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21 бабында қарастырылған талаптарға сәйкес қала аумағындағы көрнекі ақпарат арқылы насихаттау жұмыстарын дұрыс жолға қою қажет.
Бөлім 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту мақсатына қол жеткізу мына міндеттер мен мақсаттарды шешуді талап етеді:
қала аумағында біртұтас тіл саясатын жүргізу және қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени салаларында өз мәнінде қолданылуы жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы шілденің 11 –гі Заңының қала көлемінде орындалуына жағдай жасау;
басқару органдарында және мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгеру үшін қажетті ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық жағдай жасау;
мәдени-көпшілік шараларды мемлекеттік тілде ұйымдастыру;
мемлекеттік тілді дамытуға, бағытталған жұмысқа ақпараттық-насихаттық қолдау жасау;
бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
ономастика жұмысын ғылыми, ұйымдық тұрғыдан қамтамсыз ету;
Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік орган, басқармалар, мекемелер, комитеттер, ұйымдардың іс-қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізуге көшуіне жағдай жасау.
Бөлім 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың басым бағыттары
5. Бағдарламаны іске асырудың басым бағыттары
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыты оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары болып табылады. Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыру мынадай ұстанымдарды сақтау негізінде жүзеге асырылады:
орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған жан-жақты қолдау;
мемлекеттік тілді меңгеру үшін мүмкіншіліктер жасау;
моральдық және материалдық мүдделілік жағдайын жасау;
қоғамдық пікірді белсенді түрде қалыптастыру;
Тілдерді қолдану мен дамытудың бадарламасындағы іс-шараларды Қаржылық қамтамасыз ету.
Тілдік дамудың басым бағыттары алға қойылған мақсаттар мен міндеттерден туындай отырып, келесі салаларда тізбектеледі:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік басқару мен іс жүргізу саласында мелекеттік тілді Қолдану.
Тармақ 2
2. Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Тармақ 4
4. Ономастикалық жұмыстар.
Бөлім 6. 6. Бағдарламаны қаржыландыру
6. Бағдарламаны қаржыландыру
Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаржы жыл сайын қалалық бюджеттен көзделеді.
Қалалық көлемде бағдарламаны қаржыландыру жыл сайын бағдарламаның бюджеттік әкімшісі болып табылатын «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік тілді және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасына сәйкес қаржыландырылады.
Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы жыл сайынғы ең төменгі есептік қажеттілігі 1300.0 мың теңгені құрайтын жергілікті қалалық бюджет есебінен көзделеді. Оның жыл сайынғы бөлінуіне тиіс көлемі тиісті қаржы жылына сәйкес нақтыланады.
Бөлім 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан кутілетін нәтиже
7. Бағдарламаны іске асырудан кутілетін нәтиже
Ақтөбе қаласы аумағында қолданылатын мемлекеттік тілдің дамуына қажетті тілдік орта қалыптастыру. Мемлекеттік тілдің толыққанды жұмыс жасауына қолайлы жағдайға қол жеткізу. Қажетті тілдік ахуал жасау арқылы қалалық басқармалар, мекемелер, комитеттер, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіру.
Мемлекеттік тілде жұмыс жасауды халыққа қызмет ету, есептеу, статистика, экономика, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық, банктер жүйесі салаларында жолға қою.
Қалалық басқармалар, мекемелер, комитеттер мен оларға қарасты мекемелердің мәжілістері мен басқа да жиналыстарды заң талабына сай мемлекеттік тілде өткізу және бұл тілді түсінбейтіндер үшін ілеспе аударма құрал-жабдықтарын қондыруды жүзеге асыру.
Басқа 24
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2005 жылғы маусымдағы кезекті
он сегізінші сессиясының
№ 138 шешіміне қосымша
Ақтөбе қаласында тілдерді дамыту мен қолданудың 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
№
Іс шаралардың мазмұны
Орындауға жауаптылар
Орындау
мерзімі
Көзделген
шығындар
/мың теңге/
Қаржыландыру
көздері
2005
2006
1.
Ақтөбе қаласындағы барлық мемлекеттік ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару
органдардарында іс жүргізудің, іскерлік қарым-қатынастың негізгі тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету:
1) нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді одан әрі жалғастыру;
2) мемлекеттік, қызметкерлердің мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде білуін бақылау;
3) мемлекеттік тілде әзірленген құжаттарға мониторинг жүргізу;
4) мемлекеттік тілде іс жүргізу құжаттарының қазақ тілінің стильдік ерекшеліктері мен ережелеріне сәйкес сауатты жазылуын қадағалау
Қала әкімі аппараты,
мемлекеттік ұйымдардың басшылары «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тұрақты
Талап етілмейді
2.
Ақтөбе облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында:
1) қалалық тілдерді дамыту мен қолданудың 2005 жылға арналған іс-шаралар жоспарын
бекіту.
2) Ақтөбе қаласының аумағындағы 2005-2006
жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың Бағдарламасын әзірлеп, бекіту
Ақтөбе қаласының мәслихаты, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
II - тоқсан
2005 жыл
Талап етілмейді
3.
Қызметкерлердің мемлекеттік тілді белгіленген көлемде меңгеруі үшін жағдай жасау:
1) ҚР Конститугциясының 7 және 93 баптарын іске асыру мақсатында қызметкерлердің
мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарының жүйесін ұйымдастыру
Мемлекеттік мекеме, ұйым және кәсіпорын басшылары
2005-2006
жылдар
Қалалық бюджет (осы мақсатқа бюджеттік
бағдарламалардың әкімші-мемлекеттік органдарының
бюджеттік
бағдарламаларында қаржы қарау арқылы)
Қалалық бюджет
2) қалада мемлекеттік тілді үйрету орталығын ашу
Ақтөбе қаласы әкімдігі
2000 жыл
3000.0
(«Мемлекеттік мекемелердің кадрларын қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін көтеру» бюджеттік бағдарламасы
бойынша)
4.
Ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және тұрғындарға қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгеруі үшін құқықтық, ұйымдық және техникалық шаралар ескеріле отырып, арнайы салалық
бағдарламалар жасау
Мемлекеттік мекеме, ұйым және кәсіпорын
басшылары
Жыл
ішінде
Талап етілмейді
5.
Мемлекеттік тілді меңгергені үшін және құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлейтін
мемлекеттік қызметкерлерді материалдық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру мақсатында:
1) бұрын дайындалған ережелерді қайта жаңғырту немесе жаңа жүйе жасау.
2) мемлекеттік тілде іс жүргізуді үздік меңгерген қызметкерлер ын галандыру
мақсатында байқаулар ұйымдастыру
Қала әкімі аппараты, мемлекеттік ұйымдардың басшылары «Ақтөбе қалалық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тұрақты
200.0
Қалалық бюджет (осы мақсатқа бюджеттік бағдарламалардың әкімші-мемлекеттік органдарының
бюджеттік бағдарламаларында қаржы қарау арқылы)
6.
Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына қарасты әскери бөлімшелерде
мемлекеттік тілдің жүйелі қолданылуын қолға алу, сарбаздық құрамның мемлекеттік тілді игеруіне міндетті талаптар белгілеу, облыстық, аудандық, қалалық комиссариаттар келісімі бойынша эскери қызметті өтеу орындарында жеке құрамның мемлекеттік тілді үйренуін ерекше бағдарлама бойынша
ұйымдастыру
Ақтөбе қаласы қорғаныс
істері жөніндегі басқарма
2005жыл.
7.
Ақтөбе қаласының барлық дербес басқармаларында, бөлімдерінде, комитеттерде, іс қағаздарын мемлекеттік тілде
жүргізуге көшіруді (арнайы кесте бойынша) кезең-кезеңмен жүзеге асыру
Мемлекеттік органдар,
мекеме басшылары
2005 жыл
ішінде
Қажет етілмейді
8.
«Қазақстан Республикасындағы»тіл туралы
Заңның орындалуын жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру
Ақтөбе қаласының мәслихаты, қала әкімінің аппараты
2005
жылдың
II- ші
тоқсаны
Қажет етілмейді
9.
Қалалық мемлекеттік органдар, мекеме ұйьгм және кәсіпорындардағы мәжіліс залдарын ілеспе аударма құралдарымен жабдықтау
Мемлекеттік органдар, мекеме басшылары
2005-2006
жылдар
Қалалық бюджет (осы мақсатқа бюджеттік бағдарламалардың әкімші-мемлекеттік органдарының
бюджеттік бағдарламаларында қаржы қарау арқылы)
10.
Қазақ тілін өркендету, қолданылу аясын кеңейту бағыты үнемі қөзғалыста дамуы
үшін филолог, лингвист ғалымдармен, алдыңғы қатарлы тәжірибелі мүғалімдермен
бірлесе жұмыс жасауды қамтамасыз ету:
1) семинар, конференция, семинар-практикум, дөңгелек үстел, отырыстар ұйымдастыру;
2) мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу, тілдік саясат мәселелері бойынша ақпараттық
анықтамалықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер,
жинақтар әзірлеп, шығару;
3) Тіл проблемалары жөнінде телесұқбат, радиохабарлар ұйымдастыру;
«Ақтөбе қалалық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ (мүдделі ұйымдармен бірге)
Тұрақты
(арнайы
жоспарлар
бойынша)
200.0
900.0
500.0
Қалалық бюджет «Мемлекеттік тілді және Қазақстанның
басқа халықтарының
тілін дамыту» бюджеттік бағдарламасы
бойынша
11.
Қалалық ономастикалық комиссияның жұмысына қатысу. Тарихи атауларды қалпына келтіру және олардың дұрыс жазылуын қадағалау
Ақтөбе қалалық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Тұрақты
Қажет етілмейді
12.
Қазақ тілінде білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің санын көбейту шараларының жоспарын жасап бекіту
«Қалалық білім және спорт бөлімі» ММ
Тамыз,
2005 жыл
13.
Тіл саясатын іске асыруға ұлттық-мәдени бірлестіктердің қатысуын қамтамасыз ету
«Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
«Қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ
Тұрақты
100.0
300.0
Қалалық бюджет «Мемлекеттік тілді және Қазақстанның
басқа халықтарының
тілін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша
14.
Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін үздік
мүғалімдердің панорамалық сабақтарының конкурсын ұйымдастыру
«Қалалық білім және спорт бөлімі» ММ
Оқу жылы
ішінде
15.
Қазақ тілін өркендетудегі жаңа тың идеялармен қарулану мақсатында мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу
орындарында тілді дамыту тақырыбын кең көлемде қамтыған дебаттар ұйымдастыру
«Қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ
2005 жылдың
2 тоқсаны
16.
Қалалық тіл фестивалін өткізу (арнайы бекітілген жоспар бойынша)
«Ақтөбе қалалық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (басқа мүдделі органдармен бірлесе отырып)
2005
жылдың
тамыз-
қыркүйек
700.0
1000.0
Қалалық бюджет «Мемлекеттік тілді және Қазақстанның басқа халықтарының
тілін дамыту»
бюджеттік
бағдарламасы
бойынша
17.
Қалада мәдени-көпшілік шараларды мемлекеттік тілде өткізу
«Ақтөбе қалалық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тұрақты
Қажет етілмейді
18.
Қаланы сәулеттендіру барысында ұлттық болмыс пен дәстүрді сақтау мақсатында:
1) салынатын ғимараттарда үлттық сипаттың сақталуына мән беру;
2) көрнекі жарнамалардың, маңдайша, билбордтардың ұлттық нақышта безендірілуін
және ондағы жазулардың сауатты болуын қадағалау;
«Ақтөбе қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары» ММ «Ақтөбегорсервис» МҚК
Үнемі
19.
Қоғамдық көліктерде аялдамалардың мемлекеттік тілде хабарлануын қамтамасыз ету
Автокөлік кәсіпорындарының басшылары
Үнемі
20.
Мемлекеттік органдардың іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің озық тәжірибелерін, ұтымды тәсілдерін оқып-үйрену үшін:
1) Ақтөбе облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспарындағы қамтылған шараларға қатысу;
2) Республика көлемінде және басқа облыстарда өтетін ғылыми-практикалық
конференцияларға, семинарларға қатысу;
Қала әкімі аппараты, мемлекеттік ұйымдардың басшылары «Ақтөбе қалалық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Үнемі
300.0
600.0
Қалалық бюджет (осы мақсатқа бюджеттік
бағдарламалардың әкімші-мемлекеттік органдарының бюджеттік бағдарламаларында қаржы қарау арқылы)
21.
Ақтөбе қаласында тілдерді дамыту мен қолданудың 2005-2006 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту
бөліміне» ақпарат беру
Қалалық мемлекеттік құрылымдардың , мекеме ұйым және кәсіпорын
басшылары
Тоқсан
сайын
есеп, 1-не
Қажет етілмейді
22.
«Тілдерді дамыту» бөлімінің материалдық- техникалық базасын нығайту:
1) Офистік мебель, компьютер, ксерокс, факс, телефон аппараты, кеңсе тауарлары;
2) Телефон қондыру және осыған сәйкес, телефон байланысының төлемдерін ұлғайту;
3) Қажетті анықтамалық әдебиеттер, оқу-әдістемелік құралдармен толықтыру;
«Ақтөбе қаласының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ
2005 жыл
1500.0
«Жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік
бағдарламасы бойынша
23.
Қосымша штат бірліктерімен қамтамасыз ету
1000.0
Барлығы
1300.0
9000.0