Қолданыстағы ред. 28.06.2005

Ауданның әлеуметтік кешендерін 2005-2006 жылғы қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы от 28.06.2005 г. № 187 (Ауданның әлеуметтік кешендерін 2005-2006 жылғы қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы)

0

Ауданның әлеуметтік кешендерін 2005-2006 жылғы қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабына сәйкес және облыс әкімиятының 2005 жылғы 7 маусымдағы № 199 қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі қаулы етеді:

1

1. Қоса беріліп отырған 2005-2006 жылғы күзгі-қысқы кезеңде үзіліссіз жұмыс істеу үшін әлеуметтік кешендердің объектілерін дайындау жөніндегі ұйымдық-техникалық және отын дайындау жөніндегі іс шаралар бекітілсін.

2

2. Ауылдық округтер әкімдері көрсетілген іс шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

3

3. №1 қосымшаға сәйкес 2005-2006 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жүмыс істеуге әлеуметтік кешендерді уақытында дайындау, энергия мен отынды тиімді пайдалану, электр қуатымен үзіліссіз жабдықтау мақсатында мүдделі ұйымдарды қатыстыра отырып аудандық жұмыс тобы құрылсын.

4

4. Аудан ауылдық округ әкімдері:

1

1) Өз аумақтарындағы әлеуметтік сала объектілеріне тасылып әкелінген қатты және сүйық отынды кідіріссіз қабылдауын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін.

2

2) 2005 жылғы 21 шілдеден бастап апта сайын бекітілген шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты аудандық экономика және қаржы бөліміне
ұсынып отырсын.

5

5. Аудандық білім және спорт бөлімі (Қ. С. Жонысов), аудандық орталық аурухана (Е. Е. Жолдыбаев), аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Т. Т. Сапаров) өз салалары бойынша мекемелерді 2005-2006 жылғы қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау жөнінде шаралар алсын, осы мақсатқа бөлінген бюджеттік қаржылардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға алсын.

6

6. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (М. Ш. Сембі) бюджеттік ұйымдардың объектілеріне жөндеу жүмыстарын жүргізу, отын дайындау үшін мақсатты бағыттағы қаржы бөлу мүмкіндігін қарастырсын.

7

7. «Энергожүйе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аудандық өлімшесіне
(С. С. Қартбаев) электр жүйесінің және трансформаторлық қосалқы электр стансаларды жөндеуді және дайындауды ұйымдастыру ұсынылсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Абдуллинге жүктелсін.

11

Аудан әкімиятының 2005 жылғы
«28» маусымдағы № 187 қаулысына
қосымша.
Ауданның әлеуметтік кешендерін 2005-2006 жылғы қысқы жағдайда жұмыс істеуге объектілерді уақытында дайындауды ұйымдастыру және бақылау жөніндегі жұмыс тобы.
Мавр Ерғалиұлы Абдуллин - аудан әкімінің орынбасары, жұмыс тобының басшысы.
Марал Шымаұлы Сембі - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы.
Қонысбай Сәлімгерейұлы Жонысов - аудандық білім және спорт бөлімі бастығы.
Түлкібай Тынышұлы Сапаров - аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
Ербол Ерекешұлы Жолдыбаев - аудандық орталық аурухананың басдәрігері.
Серік Сағынұлы Қартбаев - «Энергожүйе» ЖШС Ойыл бөлімшесінің бастығы. (келісімімен)
Бердіғали Тайбасұлы Абдуллин - «Көкжар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры. (келісімімен)
Молдашқали Жұмағалиұлы Қазмұханов - аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.
Мәлік Ерболатұлы Қарабалин - аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы.

12

Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
«28» маусымдағы № 187 қаулысымен
бекітілген.
Аудан аумағындағы бюджеттік мекемелердің 2005-2006 жылғы қысқы кезеңде үзіліссіз жұмыс істеуі үшін әлеуметтік кешендердің объектілерін дайындау жөніндегі үйымдық-техникалық және отын дайындау жөніндегі іс-шаралары.

Іс-ша­ра­лар
Орын­да­лу
мер­зі­мі
Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
1
Аудан­дық бюд­жет есе­бі­нен ұста­ла­тын ме­ке­ме­лер мен бас­қа да тұ­ты­ну­шы­лар­дың ком­му­нал­дық бе­ре­жақ­та­ры­ның бел­гі­лен­ген мер­зім­де то­лық өте­лу­ін қам­та­ма­сыз етіп және оның ал­да­ғы уа­қыт­та уа­қы­тын­да өте­луі жө­нін­де нақ­ты ша­ра­лар алу
тұ­рақ­ты
Аудан­дық эко­но­ми­ка және қар­жы бө­лі­мі, бюд­жет­тік ме­ке­ме­лер бас­шы­ла­ры
2
Ме­ке­ме­лер­дің жы­лу қа­зан­дық­та­ры­на қа­жет­ті сұй­ық отын­ды кі­ді­ріс­сіз қа­был­да­нуы үшін отын сақ­тай­тын ыдыс­тар­ды қам­та­ма­сыз ету
2005 жыл­дың 15 қа­зан
ай­ы­на дей­ін
Ауыл­дық округ әкім­де­рі, бюд­жет­тік ме­ке­ме бас­шы­ла­ры
3
Тұр­ғын­дар­ға сұ­ра­ны­ста­ры бой­ын­ша кө­мір­ді уа­қы­тын­да жет­кі­зіп бе­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру және олар­ды отын­ның дәс­түр­лі емес түр­ле­рін дай­ын­да­у­ға
жұ­мыл­ды­ру­ды жал­ға­сты­ру
тұ­рақ­ты
Ауыл­дық округ әкім­де­рі, бюд­жет­тік ме­ке­ме бас­шы­ла­ры
4
Аудан ау­ма­ғын­да­ғы ау­ру­ха­на­лар мен мек­теп, ба­ла-бақ­ша­лар­дың жы­лу жүй­е­ле­рі­нің уа­қы­тын­да іс­ке қо­сы­луын қам­та­ма­сыз ету
2005 жыл­дың 15 қа­зан
ай­ы­на дей­ін
Аудан­дық ор­та­лық ау­ру­ха­на, аудан­дық бі­лім және спорт бө­лі­мі
5
Эл­кетр қу­а­тын бе­ру жүй­е­ле­рі мен транс­фор­ма­тор­лық қо­сал­қы стан­са­лар­дың жө­де­луі мен дай­ын­да­луын ұй­ым­да­сты­ру
2005 жыл­дың 15 қа­зан ай­ы­на дей­ін
Аудан әкі­мі ап­па­ра­ты­ның тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі бас ма­ма­ны, «Энер­го­жүйе» ЖШС Ой­ыл бө­лім­ше­сі
6
Бел­гі­лен­ген заң та­лап­та­ры бой­ын­ша аудан ау­ма­ғын­да­ғы мен­шік ны­сан­да­ры­на қа­ра­ма­стан бар­лық объ­ек­ті­лер­дің жы­лу қа­зан­дық­та­ры­ның, отын сақ­тау қой­ма­ла­ры­ның өрт қа­уіп­сіз­ді­гі ере­же­ле­ріне сәй­кестен­ді­рі­лу­ін қа­да­ға­лау және орын­да­луын ба­қы­ла­у­ға алу
тұ­рақ­ты
Аудан­дық тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы
мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі бө­лі­мі
7
Аудан ау­ма­ғын­да­ғы бюд­жет­тік ме­ке­ме­лер­дің 2005-2006 жы­л­ғы қы­сқы ке­зең­де­гі жұ­мыс жа­сау ба­ры­сы ту­ра­лы аудан әкі­ми­я­ты­на күн сай­ын ақ­па­рат бе­ріп оты­ру
Ап­та сай­ын,
2005 жыл­дың
21 шіл­де­сі­нен
ба­стап 2006
жыл­дың 15 сәу­і­ріне дей­ін
Аудан­дық эко­но­ми­ка
және қар­жы бө­лі­мі