Ауданның әлеуметтік кешендерін 2005-2006 жылғы қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауданның әлеуметтік кешендерін 2005-2006 жылғы қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабына сәйкес және облыс әкімиятының 2005 жылғы 7 маусымдағы № 199 қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2005-2006 жылғы күзгі-қысқы кезеңде үзіліссіз жұмыс істеу үшін әлеуметтік кешендердің объектілерін дайындау жөніндегі ұйымдық-техникалық және отын дайындау жөніндегі іс шаралар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық округтер әкімдері көрсетілген іс шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. №1 қосымшаға сәйкес 2005-2006 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жүмыс істеуге әлеуметтік кешендерді уақытында дайындау, энергия мен отынды тиімді пайдалану, электр қуатымен үзіліссіз жабдықтау мақсатында мүдделі ұйымдарды қатыстыра отырып аудандық жұмыс тобы құрылсын.
Тармақ 4
4. Аудан ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) Өз аумақтарындағы әлеуметтік сала объектілеріне тасылып әкелінген қатты және сүйық отынды кідіріссіз қабылдауын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақша 2
2) 2005 жылғы 21 шілдеден бастап апта сайын бекітілген шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты аудандық экономика және қаржы бөліміне
ұсынып отырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық білім және спорт бөлімі (Қ. С. Жонысов), аудандық орталық аурухана (Е. Е. Жолдыбаев), аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Т. Т. Сапаров) өз салалары бойынша мекемелерді 2005-2006 жылғы қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау жөнінде шаралар алсын, осы мақсатқа бөлінген бюджеттік қаржылардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға алсын.
Тармақ 6
6. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (М. Ш. Сембі) бюджеттік ұйымдардың объектілеріне жөндеу жүмыстарын жүргізу, отын дайындау үшін мақсатты бағыттағы қаржы бөлу мүмкіндігін қарастырсын.
Тармақ 7
7. «Энергожүйе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аудандық өлімшесіне
(С. С. Қартбаев) электр жүйесінің және трансформаторлық қосалқы электр стансаларды жөндеуді және дайындауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Абдуллинге жүктелсін.
Басқа 11
Аудан әкімиятының 2005 жылғы
«28» маусымдағы № 187 қаулысына
қосымша.
Ауданның әлеуметтік кешендерін 2005-2006 жылғы қысқы жағдайда жұмыс істеуге объектілерді уақытында дайындауды ұйымдастыру және бақылау жөніндегі жұмыс тобы.
Мавр Ерғалиұлы Абдуллин - аудан әкімінің орынбасары, жұмыс тобының басшысы.
Марал Шымаұлы Сембі - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы.
Қонысбай Сәлімгерейұлы Жонысов - аудандық білім және спорт бөлімі бастығы.
Түлкібай Тынышұлы Сапаров - аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
Ербол Ерекешұлы Жолдыбаев - аудандық орталық аурухананың басдәрігері.
Серік Сағынұлы Қартбаев - «Энергожүйе» ЖШС Ойыл бөлімшесінің бастығы. (келісімімен)
Бердіғали Тайбасұлы Абдуллин - «Көкжар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры. (келісімімен)
Молдашқали Жұмағалиұлы Қазмұханов - аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.
Мәлік Ерболатұлы Қарабалин - аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы.
Басқа 12
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
«28» маусымдағы № 187 қаулысымен
бекітілген.
Аудан аумағындағы бюджеттік мекемелердің 2005-2006 жылғы қысқы кезеңде үзіліссіз жұмыс істеуі үшін әлеуметтік кешендердің объектілерін дайындау жөніндегі үйымдық-техникалық және отын дайындау жөніндегі іс-шаралары.
№
Іс-шаралар
Орындалу
мерзімі
Орындауға жауапты
Ескерту
1
2
3
4
5
1
Аудандық бюджет есебінен ұсталатын мекемелер мен басқа да тұтынушылардың коммуналдық бережақтарының белгіленген мерзімде толық өтелуін қамтамасыз етіп және оның алдағы уақытта уақытында өтелуі жөнінде нақты шаралар алу
тұрақты
Аудандық экономика және қаржы бөлімі, бюджеттік мекемелер басшылары
2
Мекемелердің жылу қазандықтарына қажетті сұйық отынды кідіріссіз қабылдануы үшін отын сақтайтын ыдыстарды қамтамасыз ету
2005 жылдың 15 қазан
айына дейін
Ауылдық округ әкімдері, бюджеттік мекеме басшылары
3
Тұрғындарға сұраныстары бойынша көмірді уақытында жеткізіп беруді ұйымдастыру және оларды отынның дәстүрлі емес түрлерін дайындауға
жұмылдыруды жалғастыру
тұрақты
Ауылдық округ әкімдері, бюджеттік мекеме басшылары
4
Аудан аумағындағы ауруханалар мен мектеп, бала-бақшалардың жылу жүйелерінің уақытында іске қосылуын қамтамасыз ету
2005 жылдың 15 қазан
айына дейін
Аудандық орталық аурухана, аудандық білім және спорт бөлімі
5
Элкетр қуатын беру жүйелері мен трансформаторлық қосалқы стансалардың жөделуі мен дайындалуын ұйымдастыру
2005 жылдың 15 қазан айына дейін
Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, «Энергожүйе» ЖШС Ойыл бөлімшесі
6
Белгіленген заң талаптары бойынша аудан аумағындағы меншік нысандарына қарамастан барлық объектілердің жылу қазандықтарының, отын сақтау қоймаларының өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестендірілуін қадағалау және орындалуын бақылауға алу
тұрақты
Аудандық төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бөлімі
7
Аудан аумағындағы бюджеттік мекемелердің 2005-2006 жылғы қысқы кезеңдегі жұмыс жасау барысы туралы аудан әкімиятына күн сайын ақпарат беріп отыру
Апта сайын,
2005 жылдың
21 шілдесінен
бастап 2006
жылдың 15 сәуіріне дейін
Аудандық экономика
және қаржы бөлімі