Об утверждении Региональной программы «Культурное наследие» на 2005-2007 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005-2007 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы №171 «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы» қаулысына сәйкес, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 18 қазандағы №А-9/238 қаулысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2005-2007 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Мазмұны
Облыстық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 10.12. № ЗС-9-10 шешімімен бекітілген 2005-2007 жылдарға «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасы Мазмұны
Тармақ 1
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Мәселенің қазіргі жағдайын талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру механизмі
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Шаралардың жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарлама төлқұжаты
1. Бағдарлама төлқұжаты Атауы 2005-2007 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасы. Әзірлеу үшін негіз ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 4 сәуірдегі «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары», ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 1277 Жарлығы, ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары туралы» № 171 қаулысы. Негізгі әзірлеуші Облыстық мәдениет басқармасы. Жүзеге асыру мерзімі 2005-2007 жылдар. Мақсаты Облыс деңгейінде тарихи-мәдени мұраны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Міндеттері Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау; тарихи-мәдени мұра объектілерін жөндеу,өңдеу және салу; Ақмола облысының тарихи және мәдениет ескерткіштерінің жинағын әзірлеу және басып шығару бойынша жүйелі жұмыс істеу; мәдени мұраны зерттеудің тұтас жүйесін құру; мәдени мұраны зерттеудің біртұтас жүйесін құру, оның ішінде ұлттық мәдениет, әдет-ғұрыпты, археологиялық зерттеуді қамтамасыз ету. Негізгі шараларды орындаушылар «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық» МКҚК, «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК, «Көкшетау» мәдениет Сарайы» МКҚК, «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ, «Облыстық М.Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы» ММ, «Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК, Ақмола облысы қалалары мен аудандарының әкімдіктері Қаржыландыру көзі Облыстық бюджет және «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра қоры» мемлекеттік қоры. Облыс қалалары мен аудандарының бюджеті және ҚР заңнамасы тыйым салмаған басқа қаражат. Қаржыландыру мөлшері Бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы құны 546 562 000 теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 483110 000 теңге; оның ішінде аудандық бюджеттерден 47 238 000 теңге; мемлекеттік қордан 15 664 000 теңге; ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат есебінен 550 000 теңге.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе 2005-2007 ж.ж. арналған «Мәдени мұра» аймақтық бағдарлама ҚР Президентінің «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауына, ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 903 қаулысымен бекітілген 2003-2006 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарының 6. 5. 2 тармағына, ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама туралы» № 1277 Жарлығына сәйкес әзірленген. Осы бағдарламаны әзірлеу Ақмола облысында мәдени мұра саласында қалыптасқан жағдайға белсенді, конструктивтік ықпал жасау керектігінен туындап отыр.
Тарау 3. 3. Мәселенің қазіргі жағдайын талдау
3. Мәселенің қазіргі жағдайын талдау Тәуелсіздік алғаннан бері қазақстанда, оның ішінде Ақмола облысында, экономика нарықтық жағдайға көшті, оның үстіне облыстарда әкімшілік-аймақтық өзгерістер болды. Облыспен бірге барлық облыстық ұйымдар,тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі инспекциясын қоса, таратылды. Соның салдарынан көп тарихи-мәдени мұра ескерткіштері жоғалды. 1999 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен қазіргі шекара шеңберінде Ақмола облысы құрылып, 2002 жылдың мамыр айында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық» МКҚК құрылды. Үш жыл бойы тарих және мәдениет ескерткіштері иесіз тұрды. Дегенмен облыс аумағында 2004 жылдың 1 қаңтарына 819 жылжымайтын тарихи-мәдени мұра объектілері сақталды, оның ішінде мемлекеттік қорғауда 459-ы, республикалық қорғауда-8-і, жергілікті маңызы бары 451. Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және зерттеу ҚР ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ тарихи - мәдени мұраға облыстағы музейлер мен кітапханалар қорында сақталатын жылжымайтын объектілер-раритеттер, көне және ежелгі кітаптар, киім, тұрмыс заттары, механизмдер және жабдық жатады. Жалпы,облыс музейлерінде 123307 дана сақталуда. Музей қорларында сақталған ең құнды заттар: сарбаздың қару-жарағы, ХІХ ғ. Ақмола облысы Көкшетау уезінің волостной старостасының мөрі, волостной старшинаның, құрметті соттың айырықша белгісі, ер-тоқым және т.б. Облыстың мәдениет басқармасы академиктермен, тарихшы-археологтармен, этнографтармен, әртүрлі ғылыми мекемелермен әрдайым қарым-қатынаста. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен тығыз байланыс бар. Келесі жылдары жұмыс жоспарында тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты қорғау шараларын өткізген кезде ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау ісінде басымдық деп есептейміз: сәулет ескерткіштерін өңдеу және археология ескерткіштеріне қорғау жұмыстарын жүргізу; тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласында заңнаманы бұзушылыққа жол бермеу. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарихи-мәдени мұраны насихаттау. Тарихи-мәдени мұраны қорғау саласында қомақты жетістіктерге қол жеткізу үшін облыста кең құзыреті бар дербес мемлекеттік мекеме ретінде тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган құру қажет. Облыста ескерткіштерге қатысты сұрақтар бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі органдар жетекшілерінің қатысуымен аймақтық мәжілістер өткізілуде. Кітапханалар адамзат ойының құнды тұжырымдарын, жазба мәдениетін жинақтаушы, сақтаушы болып табылады. Облыс кітапханаларының қоры 4 694 500 дана, оның ішінде сирек кездесетін кітаптар саны 1500, бағасы қымбат кітаптар саны 500. Кітап қорын сақтау тәртібі мен жағдайын жасау күрделі мәселе болып тұр. Кітап қорының ескеруіне байланысты мұқабалау жабдығы қажет, көне кітаптардың аса құндыларын өңдеу керек.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері Бағдарламаның мақсаттары: тарихи-мәдени мұраны сақтау, ескерткіштерді мемлекеттік қорғау; сәулет және тарих ескерткіштерін жөндеу, Ақмола облысында ұлттық мәдениет үшін Абылай хан алаңындағы көркем сәулет кешені, Бөгембай батыр және Ілияс Есенберлин ескерткіштері секілді ерекше мағынасы бар маңызды тарихи мәдени және сәулет ескерткіштерін ғылыми зерттеу және құру; тарихи-мәдени мұраның құнды және маңызды объектілерін көрсететін фотоальбомдар, бейнефильмдер, әдебиет шығару, ғылыми білімді дәріптеу, олардың құндылығын қысқаша баяндаған археология, тарихи, монументальді өнер, жылжымайтын ескерткіштері туралы мәліметі бар «Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағын» шығару; бағдарлама аясында шығарылатын әдебиетпен кітапханаларды толықтыру, әдістемелік-библиографиялық және мультимедийлік баспалар әзірлеу және шығару болып табылады. Бағдарламаның міндеттері: тарихи-мәдени мұраны анықтау, зерттеу және насихаттау; сақтау, жандандыру және қорғауды ұйымдастыру, ескерткіштерді, олардың сақталуын қамтамасыз ететін нормаларға сәйкес ұстау, тарихи-мәдени мұраның жылжымайтын объектілерінде жөндеу-жандандыру жұмыстарын жасау; қорғауға жататын объектілер ретінде ескерткіштерді белгілейтін негізгі құжат секілді Ақмола облысының тарихи және мәдениет ескерткіштерінің Жинағын жасау; Ақмола облысында тарихи-мәдени мұраны зерттеу бойынша қызметті үйлестіру; кітапханаларды дәстүрлі және электронды ақпарат сақтаушыларымен толықтыру, кітап қорларын сақтау; телекоммуникациялық технологияны енгізу базасында тұтынушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; атақты ақындардың, композиторлардың және орындаушылардың СD-дискіде репертуарларын құру.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру механизмі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру механизмі Бағдарлама 2005-2007 жылдар арасында жүзеге асырылады және мынадай негізгі бағыттарды көздейді: «Ақмола облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағын» шығару; ғылыми білімді дәріптеу, кітапханалардың ғылыми, көркем және энциклопедия әдебиетін сатып алу. Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру механизмі жыл сайын келесі құжаттарды қалыптастыруды қарастырды: бағдарламаның бірінші кезектегі шараларын жүзеге асыру бойынша іс-әрекет жоспары, қаржыландыру мөлшері және көздері белгіленген, орындаушылары анықталған бағдарламалық шараларды әзірлеу және өткізу бойынша жұмыстар тізбегі.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көзі
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көзі Бағдарламалық шараларды қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен, «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра қорынан» және заңнамамен тыйым салынбаған басқа қаражаттан мәдениет ұйымдарына бөлінетін қаражат қарастырылады. 2005-2007 жылдары бағдарламаны жүзеге асыруға ең төмен есеп айырысу қажеттілігі 546562,0 мың теңге құрастырады, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 29052,0 мың теңге, 2006 - 139410,0 мың теңге, 2007 - 378100,0 мың теңге.
Тарау 7. 7. Күтілетін нәтиже
7. Күтілетін нәтиже Мәдениет саласында ҚР мемлекеттік саясатының стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған бағдарламалық шараларды жүзеге асыру: мәдениет ескерткіштерін жандандыруға және сақтауға, оларды жұртшылықты тәрбиелеу үшін пайдалануға; облыстық, қалалық, аудандық музейлер жәдігерлері бойынша жинақ электрондық каталог қалыптастыруға; Ақмола облысының ақындық мұрасының мультимедийлік анықтамасын жасауға; кітап раритеттерін өңдеу бойынша зертхана және шеберханамен сирек кездесетін кітап қор ашуға; өлке тарихы бойынша ақпараттық бюллетень шығаруға; музейлер және мәдениеттің басқа объектілерін өңдеуге; облыс аймағында тарих және мәдениеттің жылжымайтын ескерткіштерін толық түгендеу және төлқұжаттандыруға; мәдени мұра объектілері аймақтарын оларды тарихи-мәдени маңызы бар жерлер ретінде тиісті заңды мәртебе берумен бірге жер кадастрына енгізу үшін картографиялауға қол жеткізеді.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары № р/р Іс-шаралар Аяқтау формасы Жауаптылар (іске асыруға) 1) Тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерді құру, сақтау 1 Жазушы, Абай атындағы мемсыйлық иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ілияс Есенберлинге ескерткіш орнату Салтаннатты ашу және жергілікті маңыздағы ескерткіштер тізіліміне енгізу Атбасар ауданының әкімдігі және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық» МКҚК 2 ҚР халық әртісі, профессор, Мемсыйлық иегері Кенжебек Күмісбековке Қорғалжын с.ескерткіш орнату Салтаннатты ашу және жергілікті маңыздағы ескерткіштер тізіліміне енгізу қорғалжын ауданының әкімдігі және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық» МКҚК 3 Даулет Мықтыбаев Еңбек сіңірген қайраткер, белгілі қобызшы Дәулет Мықтыбаевқа Қорғалжын с.ескерткіш салу Салтаннатты ашу және жергілікті маңыздағы ескерткіштер тізіліміне енгізу қорғалжын ауданының әкімдігі және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық» МКҚК 4 Ерейментау қ.қолбасшы,елші Бөгембай батырға ескерткіш салу Салтаннатты ашу және жергілікті маңыздағы ескерткіштер тізіліміне енгізу. Ерейментау ауданының әкімдігі және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық» МКҚК 5 Көкшетау қ. М.Габдуллин музейінің ғимаратын жаңарту Музейдің жаңа экспозициясын салтанатты ашу «Ақмола облысының тарихи-мәдени қоры» МҚ (келісім бойынша) 6 Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратын өңдеу Обләкімдікке ақпарат және салтанатты ашу «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ 7 Көкшетау қ.әдебиет және өнер музейін күрделі жөндеу, Дзержинский көш,29 Сәулет ескерткіші,19 ғасыр Обләкімдікке ақпарат және салтанатты ашу «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ 8 Атбасар тарихи-өлкетану музейін күрделі жөндеу,19 ғас.сәулет ескерткіші Обләкімдікке ақпарат және салтанатты ашу «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ 9 Ақмола облыстық филармониясының концерт залын салу Облыстық әкімдікке ақпарат және салтанатты ашу «Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК 10 1918 жылдың маусымында Кеңес өкіметін орнату үшін күрескендердің бейітін жөндеу Көкшетау қ. оңтүстік-шығыс жағы «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра қоры» мемлекеттік қоры қамқорлық кеңесіне ақпарат Көкшетау қ. әкімдігі, «Ақмола облысының тарихи-мәдени қоры» МҚ (келісім бойынша) 11 Ерейментау қ. Бөгембай батыр атындағы музейдің ғимаратын жөндеу Облыстық әкімдікке ақпарат және салтанатты ашу «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ «Ақмола облысының тарихи-мәдени қоры» МҚ (келісім бойынша) 12 Бірінші атыз салған тракторге-еңбек даңқының монументін жөндеу Облыс әкімдігіне ақпарат Ақкөл ауданының әкімдігі 13 Ұлы отан соғысында қаза болған жауынгерлер обелискілерін аймақтар бойынша жөндеу Аршалы ауданы Астрахан ауданы Атбасар ауданы Сандықтау ауданы Щучье ауданы Степногорск қ. Облыс әкімдігіне ақпарат. Аудан және қалалар әкімдері Барлығы 2) Археологиялық зерттеулер 1 Зеренді ауданының Кеңөткел 21 және Васильковка 1 археология ескерткіштеріне қорғау жұмыстарын жүргізу үшін археологиялық экспедиция Археология институтына, обл.әкімдікке археологиялық есеп беру «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК 2 Зеренді ауданының Қошқарбай 1 археология ескерткішіне қорғау жұмыстарын жүргізу үшін археологиялық экспедиция ұйымдастыру, жасау Археология институтына, обләкімдікке археологиялық есеп беру «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК 3 Зеренді ауд.Скиф 5 қонысы археол.ескертк.қорғау жұм.үшін археолог.экспед.ұйымдастыру және өткізу Археология институтына, обләкімдікке археологиялық есеп беру Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК 4 Еңбекшілдер ауданында археологияның жаңа ескерткіштерін анықтау үшін барлау жұмыстарын ұйымдастыру, жасау Анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін төлқұжаттандыру және мемлекеттік қорғауға алу «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК 5 Щучье ауданында археологияның жаңа ескерткіштерін анықтау үшін барлау жұмыстарын ұйымдастыру, жасау Анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін төлқұжаттандыру және мемлекеттік қорғауға алу «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК 6 Жақсы ауд.аймағында археол.жаңа ескерткішт.анықтау үшін барлау жұм.ұйымдастыру және өткізу Анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін төлқұжаттандыру және мемлекеттік қорғауға алу «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК 3) Тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау бойынша біртұтас жүйе құру 1 Ақмола облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік Жинағын әзірлеу қР Мәдениет министрлігіне ақпарат, облыс әкімдігіне ақпарат «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК 2 Жылжымылы объектілерді жүйелендіру және Ақмола облысының мәдени мұрасы фотоальбомын жасау Облыс әкімдігіне ақпарат Облыс әкімінің мұрағаттар және құжаттама бөлімі, «облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ 3 Ақмола облысының айтыс ақындарының, композиторларының және орындаушыларының фонотекасын құру Компакт-дискіге жазу «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК 4 Халық ұжымдарын, халық шығармашылығы және кәсіпқой өнердің еңбек сіңірген қайраткерлерін дәріптеу бойынша баспа өнімдерін әзірлеу Облыс әкімдігіне ақпарат Облыстық мәдениет ұйымдары 4) ғылыми тарихи, мәдени және көркем әдебиет жинақтарын дайындау және басып шығару 1 Академик М.Габдуллиннің әдеби мұрасының жинағын шығару Облыс әкімдігіне ақпарат. Жинақтың тұсаукесері «М.Габдуллин музейі» ММ, «Ақмола облысының тарихи-мәдени қоры» МҚ (келісім бойынша) 2 М.Габдуллинің 90 жылдығына деректі фильм түсіру Облыс әкімдігіне ақпарат. Фильмнің тұсаукесері М.Габдуллин музейі» ММ, «Ақмола облысының тарихи-мәдени қоры» МҚ (келісім бойынша) 3 Аршалы, Егіндікөл, Ерейментау Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Шортанды аудандарын топонимиялық зерттеу Облыс әкімдігіне ақпарат «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ 4 Жаңарту бойынша зертхана мен шеберханамен бірге сирек кітаптар қорының секторын ашу Облыс әкімдігіне ақпарат «Облыстық М.Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы» ММ 5 Жарқайың ауданында, Шучье, Көкшетау қалаларында сирек кітаптар сатып алу бойынша экспедиция Облыс әкімдігіне ақпарат «Облыстық М.Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы» ММ 6 «ғасырлар әуені» ақындар жинағын шығару СD-дискіде мультимедийлік анықтама құру «Облыстық М.Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы» ММ 7 ҚР және шетел қорларындағы Ақмола облысының тарихына қатысты қолжазбалар,басылымдар, кітаптар, құжатжайлық құжаттарды іздестіру,сатып алу мақсатында ғылыми-зерттеу экспед.ұйымдастыру Аймақ тарихы бойынша жинақтар,анықтамалар,әдістемелік әзірлеулер шығару Облыс әкімінің құжатжай және құжатнама бөлімі 8 Аймақтың өсімдік пен аң-құсын зерттеудегі ғалымдардың рөлін зерттеу Академиктер Бурабайда» кітапшасын шығару (1941-1943 жылдар) Облыс әкімінің мұрағаттар  және құжаттама бөлімі, «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ 9 2005-2007 ж.ж.арналған аймақтық «Мәдени мұра»« бағдарламаны ақпараттық қамсыздандыру Облыс әкімінің пресс-конференциялары Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Барлығы кестенің жалғасы Орындайтын мерзімі (іске асыру) Болжамды шығыс (мың теңге) Қаржыландыру көзі 1) Тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерді құру, сақтау 2005 ж. 2500,0 Аудандық бюджеттер және ҚР заңнамасы тыйым салмаған қаражат 2005 ж. 500,0 Аудандық бюджеттер және ҚР заңнамасы тыйым салмаған қаражат 2006 ж. 300,0 Аудандық бюджеттер және ҚР заңнамасы тыйым салмаған қаражат 2006 ж. 35000,0 Аудандық бюджеттер және ҚР заңнамасы тыйым салмаған қаражат 2005 ж. 9980,0 МҚ қаражаты 2007 ж. 207000,0 Облыстық бюджет 2007 ж. 50000,0 Облыстық бюджет 2007 ж. 30000,0 Облыстық бюджет 2006-2007 жылдар 158400,0 Облыстық бюджет 2005 ж. 1800,0 МҚ қаражаты 2005 ж. 1440,0 МҚ қаражаты 2005 ж. 50,0 ҚР Заңнамасымен тыйым салынбаған қаражат 2005 ж. 300,0 1000,0 800,0 200,0 7003,0 135,0 Аудандық бюджеттер және ҚР заңнамасы тыйым салмаған қаражат 9438,0 2) Археологиялық зерттеулер 2005-2006 жылдар 1000,0 Облыстық бюджет 2006 ж. 800,0 Облыстық бюджет 2007 ж. 800,0 Облыстық бюджет 2005-2006 жылдар 800,0 Облыстық бюджет 2006 ж. 900,0 Облыстық бюджет 2007 ж. 900,0 Облыстық бюджет 3) Тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау бойынша біртұтас жүйе құру 2006-2007 жылдар 21000,0 Облыстық бюджет 2006 ж. 800,0 Облыстық бюджет 2006 ж. 3415,0 Облыстық бюджет 2006 ж. 1500,0 Облыстық бюджет 4) ғылыми тарихи, мәдени және көркем әдебиет жинақтарын дайындау және басып шығару 2005 ж. 1500,0 МҚ қаражаты 2005 ж. 944,0 МҚ қаражаты 2006 ж. 200.0 Облыстық бюджет 2006 ж. 700,0 Облыстық бюджет 2006 ж. 150,0 Облыстық бюджет 2006 ж 500,0 Облыстық бюджет 2007 ж. 4200,0 Облыстық бюджет 2006 ж 45,0 Облыстық бюджет 2005-2006 жылдар Қаржыландыруды қажет етпейді 546562,0