Құжат мәтініне өту

О программе залужения малопродуктивных земель сельских населенных пунктов и рекультивации нарушенных земель области на 2005 - 2007 годы

Өзге акт · № 77/9 · қабылданған 24.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2005-2007-ekb-22673/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О программе залужения малопродуктивных земель сельских населенных пунктов и рекультивации нарушенных земель области на 2005 - 2007 годы Күшін жойған Өзге акт ·№ 77/9 ·24.12.2004
18.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О программе залужения малопродуктивных земель сельских населенных пунктов и рекультивации нарушенных земель области на 2005 - 2007 годы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 77/9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О программе залужения малопродуктивных земель сельских населенных пунктов и рекультивации нарушенных земель области на 2005 - 2007 годы
Атауы (қаз.)
Облыстың ауылдық елді мекендерінің аз өнімді жерлерін шалғындандыру мен бүлінген жерлерін қайта қалпына келтірудің 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
77/9
Қабылданған күні
24.12.2004
Көрсетілген редакция
18.12.2008 AI22673_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04P0002878
ЭКБ идентификаторы
22673
Редакция идентификаторы
AI22673_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:20

0 Облыстың ауылдық елді мекендерінің аз өнімді жерлерін шалғындандыру мен бүлінген жерлерін қайта қалпына келтірудің 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған

облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң аз өнiмдi жерлерiн шалғындандыру мен бүлiнген жерлерiн қайта қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2 2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.

3 3. Облыс жер пайдалану департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық Мәслихаттың аграрлық мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.

4 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың аграрлық мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

5 Облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң аз өнiмдi жерлерiн шалғындандыру мен бүлiнген жерлерiн қайта қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 29 қараша
№ 291/9 қаулысына
қосымша
Облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң аз өнiмдi
жерлерiн шалғындандыру мен бүлiнген жерлерiн қайта
қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған
бағдарламасы

1 1. Паспорты

Атауы
Облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң аз
өнiмдi жерлерiн шалғындандыру мен
бүлiнген жерлерiн қайта қалпына
келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiз
Қазақстан Республикасының Жер кодексi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003
жылғы 20 тамыздағы "Қазақстан
Республикасының ауылдық аумақтарын
дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған
iс-шаралар жоспары туралы" № 838 қаулысы;
Павлодар облыстық Мәслихатының 2004 жылғы
10 ақпандағы № 1/3 шешiмiмен бекiтiлген
облыстың ауылдық аумақтарын дамытудың
2004 - 2010 жылдарға арналған облыстық
бағдарламасы; Павлодар облыстық
Мәслихатының  2004 жылғы 10 ақпандағы
№ 4/3 шешiмiмен бекiтiлген Қазақстан
Республикасы Жер кодексiн iске асыру
жөнiндегi 2004 - 2005 жылдарға арналған
ұйымдық iс-шаралар жоспары
Негiзгi әзiрлеушiлер
Облыс жер пайдалану департаментi, облыс
бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi
комитетi (келiсiм бойынша)
Мақсаты
Тұрғындардың қосалқы шаруашылығына
жемазықтың жетiспеушiлiгiнен тапшылық
көрiп отырған облыстың елдi мекендерiне
жақын орналасқан ауыл шаруашылығы
айналымынан шығарылған аз өнiмдi және
тыңайған жерлердi шалғындандыру, сол
сияқты шаруашылық қызмет нәтижесiнде
пайда болған жерлердi қайта қалпына
келтiру
Мiндеттерi
Тыңайған жерлердi пiшендiк-жайылым
айналымына тарту, топырақтың құнарлылығын
және жемазық өнiмдiлiгiн арттыру,
тұрғындардың мал шаруашылығы үшiн жемазық
базасын нығайту, экологиялық жағдайды
жақсарту.
Iске асыру мерзiмдерi
2005 - 2007 жылдар
қаржыландыру көздерi
Облыстық бюджет, Қазақстан
Республикасының заңнамаларында тыйым
салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi
Күтiлетiн нәтижелер
Шалғындандыру жүргiзiлгеннен кейiн
алғашқы 3 жылда 10 ц/га және келесi 5-7
жылдарда 8 центнерге дейiн жоғарғы сапалы
шөп алынады деген күтiммен ауылшаруашылық
алаптардың қосымша аудандарын
ауылшаруашылық айналымға тарту. Уақытша
пайдаланылмайтын және бүлiнген жерлердi
құнарландыруды және қайта жаңғыртуды,
оларды ластанудан, зиянкестер және
аурулармен зақымданудан, желден бүлiну
қаупiнен сақтауды, облыстағы экологиялық
және әлеуметтiк жағдайларды жақсартуды,
ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен
табыстарын арттыруды қамтамасыз ету

2 2. Кiрiспе

Жер Қазақстан Республикасының ең негiзгi байлықтарының бiрi, халықтың ауқатты тұрмысының қайнар көзi болып табылады. Қазақстан Республикасының Жер
кодексiне
сәйкес, жерде шаруашылық қызметтi жүргiзгенде табиғат қорғау технологиясы алдын ала ескерiлуi, қоршаған ортаның табиғатына зиян келмеуi мен экологиялық жағдайдың төменге құлдырауына жол берiлмеуi тиiс. Жердi қорғау ұғымына топырақ құнарлылығын қалпына келтiру және арттыру, жел және судан бүлiнуден қорғау, ауылшаруашылық жерлерi тұздануының, ластануының, зиянкестермен және аурулармен зақымдануының, арамшөптер басуының алдын алу, тозған жерлердi қалпына келтiрудi iске асыру, олардың құнарлылығын қалпына келтiру, арттыру және ауылшаруашылық айналымына уақытында енгiзу кiредi.
Ауыл шаруашылығының өзгеруiне, өндiрiс ауқымдарының қысқарылуына байланысты, ауыл тұрғындарының негiзгi бөлiмi осы саладан шығарылып тасталды. Осындай жағдайда жеке қосалқы шаруашылықтары пiшен және мал жайылымы алаптарымен қамтамасыз етiлген мал шаруашылығы, өмiр сүрудiң ең негiзгi көзi болып табылды.
Қазiргi уақытта, статистикалық деректер бойынша, облыстағы 83,3 % сүт және 74,4% ет өндiрiсi жеке қосалқы шаруашылықтарының үлесiне тиедi. Бiрақ, бұл қорлар әлi таусылған жоқ. Әсiресе iрi кенттер мен ауылдар маңайындағы жемазық алаптары өнiмдiлiгiнiң төмен болуына байланысты жемазық жайылымдарының жетiспеуi негiзгi шектеушi фактор болып табылады. Жақын жерде орналасқан ауылдардың жемазық алаптарын жоғарылату тек олардың ұйымдастыру-шаруашылық құрылымы жобаларын (осындай жобаларды әзiрлеу қазiр жүрiп жатыр) iске асыру мен уақытша пайдаланылмайтын аз өнiмдi жерлердi шалғындандыру арқылы ғана мүмкiн болады.
Одан басқа, облыста шаруашылық қызметi кезiнде едәуiр бөлiгi иесiз қалған, көптеген бұзылған жерлер пайда болды (14 мың га астам). Бұл жерлердi қайта қалпына келтiрiп, шаруашылық айналымға енгiзу қажет.

3 3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау

Мәселенiң қазiргi жай-күйiне жасалған

талдау облыстың әр аймақтарының жемазық жайылымдарымен қамтамасыз етiлуiнiң мынадай әр түрлi дәрежелерiн көрсетедi: дәстүрлi мал шаруашылығы бар және жер жыртылуы деңгейi төмен аудандарда (Май, Баянауыл, Лебяжi аудандары, Ақсу, Екiбастұз қалалары) - қанағаттанарлық, дәндi дақылдарды егiп өсiретiн және жер жыртылуының деңгейi жоғары (Ертiс, Железин, Качиры, Павлодар, Успен аудандары, Шарбақты ауданының солтүстiк бөлiгi) аудандарда - жоғары. Одан басқа, қысқы мезгiлге суармал пiшендiктен қажеттi жемазықты алуға және сол арқылы мал басын көтеруге мүмкiншiлiгi бар жағадағы ауылдық округтер, әдетте, жайылымдық алаптармен аз қамтамасыз етiлген және жайылымның әр гектарына түсетiн мал жаю күшi көп. ұсақ елдi мекендермен салыстырғанда, iрi елдi мекендерде жайылымға мал жаюдың күшi көп түседi.
Жалпы жағдай жыл сайын жайылымға түсетiн күштi арттыруға бағытталған. Егер ауылшаруашылық өндiрiсiнiң өзгеруiне дейiн мал басының негiзгi бөлiгi, жеке маусымдық жайылымдарға шығаратын кеншарлар мен ұжшарлардың қарамағында болса және де тек жеке меншiк секторының малдары ғана ауылдық Кеңестер жерiнде (қазiргi округтер) жайылса, ал қазiргi уақытта бұл жағдай күрт өзгерген. Жеке меншiк қарамағына қарайтын мал басы, көбiне, ауылдық округ жерiнде жайылады және де бұл мал басы үнемi өсiп отырады.
Ауылдық округтер мен ауылдық елдi мекендердегi шөптiң қалыңдығын зерттеу негiзiнде, ауылдық округ әкiмдерiнiң қарамағындағы 1 млн. 210,7 мың га. жайылымның 1 млн. 078,5 мың га. жарамды жағдайда, ал 121 мың га. жарамсыз (соғылған) жағдайда және 11,2 мың га. құлдырағаны (1- қосымша) анықталды.
Сонымен қатар, Павлодар облысында (2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) ауылшаруашылық айналымнан шығарылған 1233 мың га. жайылым бар. Бұл жерлер босалқы жерлер санатына енгiзiлген. Көбiне, бұл аз өнiмдi, құрамында қарашiрiгi төмен, сортаң және эрозияға ұшыраған, тек шалғындандырудың негiзiнде еркекешөп, арпабас, қылтан, сол сияқты көпжылдық бұршақты шөптердi (тұқым болған жағдайда) отырғызғаннан кейiн ғана ұтымды пайдалануға келедi. Осындай жерлердiң едәуiр бөлiгi елдi мекендер шекарасында да, одан тыс жерлерде де орналасқан.
Зерттеу материалдарына және атқарушы органдардың, қалалар мен аудандардың мүдделi қызметтерiнiң келiсiмдерiне сәйкес облыстың ауылдық округтерi мен елдi мекендерiнiң тiзiмi, 2005-2007 жылдары шалғындандырылатын жерлердiң аудандары және қаржыландыру көздерi анықталған (2- қосымша).
Шалғындандыру нысаналарын таңдаған кезде, жайылым көлемдерi мен олардың жағдайлары; жайылымдардың соғылу (құлдырау) дәрежесi; мал басы санына және 1 га жайылымына түсетiн ауыртпашылығы; жайылма және басқа табиғи шабындықтардың бары мен жоқтығы; жайылымдардың елдi мекендерден алыс орналасқаны ескерiледi.
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 14384 га бұзылған жерлер бар, оның құрамындағы едәуiр аумақтарды қойнаулы жер нысандары (көмiр кенiн, жалпы таралған пайдалы қазбаларды қазып алу орны), тау кендерiнiң үйiндiлерi, күл-қоқыс жинағыштары, сол сияқты тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтарын тастау үйiндiлерi, ескi және қираған құрылыстар алып жатыр. Олардың iшiнен 4923 га жердi қайта қалпына келтiру қажет.
Бүлiнген жерлердiң көбi Екiбастұз - 9529 га, Павлодар - 1966 га, Ақсу - 765 га қалаларының ауылдық аймақтарында, Баянауыл ауданында - 826 га, Успен ауданында - 352 га, ал басқа аудандарда бүлiнген жерлердiң ауданы 65 - тен 200 га дейiн.
Жалпы бүлiнген жерлердiң құрамында жерлердi өз қаражаттарынан қайта қалпына келтiруге тиiстi әр түрлi шаруашылық субъектiлердiң жер пайдалану құқығына жататын жерлер, сол сияқты облыс бюджетi есебiнен қайта қалпына келтiруге қажеттi иесiз бүлiнген (таратылған кәсiпорындардың шаруашылық қызметi кезiнде пайда болған) жерлер бар.
Қала және аудан әкiмдерi келiсiмдерi бойынша, қалалар мен аудандарының жерге орналастырушы қызметтерi ұсынған материалдарға сәйкес, (қала және аудандарда) бүлiнген жерлердiң нысаналары, олардың аумақтары мен жұмыстарды қаржыландыру көздерi анықталған.
Күштi жақтары:
облыста үлкен көлемде шалғындандыру және қайта қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзудiң көпжылдық тәжiрибесiнiң, ауқым жұмыстарды жүргiзу үшiн ғылыми, кадрлық және өндiрiстiк мүмкiншiлiктерiнiң болуы; бiрқатар шаруашылық, әлеуметтiк және экологиялық мiндеттердiң шешiлуi, жерлердi айналымға тарту мәселесiнiң басқа шешiмiнiң жоқтығы, олардан ауылшаруашылық өнiмдерiнiң қайта алу, экологиялық жағдайдың жақсаруы уақытша пайдаланылмайтын жерлердi шалғындандыру мен бүлiнген жерлердi қайта қалпына келтiру мәселесiн шешудiң негiзгi өзегi болып табылады.
Осал жақтары:
жұмысты орындау үшiн жанар-жағармай құнының жоғарлылығы, шөп тұқымдарының жетiспеушiлiгi мен түр-түрiнiң жеткiлiксiздiгi, тыңайған (уақытша пайдаланылмайтын) жерлердiң өте ластығы, қайта қалпына келтiру жұмысының күрделiгi.
Қауiп-қатерлер:
жаздың бiрiншi жартысында

қатал климат жағдайларының қолайсыздығы мен атмосферада ылғалдықтың жетiспеушiлiгi егiннiң уақытында немесе түгелдей көктемеуiне, кейбiр жағдайларда - шалғындандыру кезiнде қуаншылықтан құруына әкелiп соқтырады. Қайта қалпына келтiру кезiнде қатер тимейдi.

4 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

Бағдарламаның мақсаты тұрғындардың қосалқы шаруашылығына жемазықтың жетiспеушiлiгiнен тапшылық көрiп отырған облыстың елдi мекендерiне жақын орналасқан ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған аз өнiмдi және тыңайған жерлердi шалғындандыру, сол сияқты шаруашылық қызмет нәтижесiнде пайда болған жерлердi қайта қалпына келтiру болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi: тыңайған жерлердi пiшендiк-жайылым айналымына тарту, топырақтың құнарлылығын және жемазық өнiмдiлiгiн арттыру, тұрғындардың мал шаруашылығы үшiн жемазық базасын нығайту, экологиялық жағдайды жақсарту.

5 5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асырудың тетiктерi

Жерлердi шалғындандыру мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн:
ауылдық елдi мекендердегi жайылым жайылымдарының қазiргi жай-күйiн талдау;
ауылдық елдi мекендер мен округтердегi жайылым жайылымдарына түсетiн күштi және жемазықпен қамтамасыз етiлуiн анықтау;
шалғындыру үшiн жер учаскелерiн iрiктеп алу;
шалғындыру жұмысының жобасын әзiрлеу;
конкурс өткiзу арқылы шалғындыру жұмысын орындаушыларды таңдау;
жұмыс жобасына сәйкес аз өнiмдi жайылымдарда шалғындандыру жүргiзу;
жұмысты өткiзуге авторлық қадағалау жүргiзу;
шалғындандырылған жерлер ауылдық округтiң (актiлер бойынша) әкiмдерiне тапсырылсын.
Шалғындару жұмыстарын Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi күшiмен, сол сияқты облыс бюджетi есебiнен жүргiзу қарастырылып отыр. Шаруашылық субъектiлердiң қаржыландыру мен шалғындандыру жұмыстарын жүргiзуге мүдделiктерiн арттыру үшiн, ең алғашқы 3 жылда шаруашылық субъектiлер өз қажеттiлiктерi үшiн шөптi шауып алып, содан соң осы учаскелердi тұрғындардың малын бағу үшiн ауылдық әкiмдерге беру үшiн кент әкiмдерi, ауылдық әкiмдер мен шаруашылық субъектiлердiң арасында келiсiм шарт жасасу ұсынылып отыр. Бюджет қаражаты есебiнен жерлердi шалғындандыру жұмыстарын жүргiзу үшiн конкурстық негiзде, игерiлген жерлердi ауылдық әкiмдерге тапсыратын, мердiгерлiк ұйымдар қатысады.
Бастапқы деректер:
жоспарлау-зерттеу материалдары;
жер учаскелерiн таңдау актiлерi;
топырақ-агрохимиялық және геоботаникалық карталарымен оқып бiлу арқылы топырақ пен өсiмдiктердiң жағдайын талдау, оларды жақсарту жөнiндегi ұсыныстар;
техника, тұқым, жанар-жағармай материалдарының қажеттiлiгiн есептеу;
1 га жердi шалғындандыру құнының есебi.
Бүлiнген жерлердi қайта қалпына келтiру мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн:
бүлiнген жерлерге қосымша түгендеудi жүргiзу;
бүлiнген жерлердiң жай-күйiн талдау;
ең бiрiншi кезекте қайта қалпына келтiруге жататын бүлiнген жер учаскелерiн iрiктеп алу;
қайта қалпына келтiру жұмысының жобасын әзiрлеу және экологиялық сараптамадан өткiзу;
конкурс өткiзу арқылы қалпына келтiру жұмысын орындаушыларды таңдау (бюджеттiк қаражат көздерiнен);
жұмыс жобасына сәйкес бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiрудi орындау;
жұмысты өткiзуге авторлық қадағалау жасау;
қалпына келтiрiлген жер учаскелерiн атқарушы органдардың қарамағына (актiлер бойынша) тапсыру.
Қалпына келтiру жұмыстарын iрi өнеркәсiп өндiрiстерiнiң қаражаттарынан сияқты, агроқұрылымдардың күшiмен де, сол сияқты жергiлiктi облыс бюджетi есебiнен жүргiзу қарастырылып отыр. Бүлiнген жерлердi бюджет қаражаты есебiнен қайта қалпына келтiру жұмыстарын орындау үшiн конкурстық негiзде мердiгерлiк ұйымдар тартылатын болады.
Бастапқы деректер:
бүлiнген жерлердi түгендеудiң есебi;
жоспарлау-зерттеу материалдары;
бүлiнген жердiң әр учаскесiн талдау;
техника, тұқым, жанар-жағармай материалдарының қажеттiлiгiн есептеу;
1 га жердi шалғындандыру құнының есебi.
Жұмыс жобасында, елдi мекендерге жақын орналасқан, бұрынғы жыртылған жерлердi шалғындандыру қарастырылуы қажет. Жобаны әзiрлеу барлық қажеттi агротехникалық талаптарға сай келуi керек.
Шөптердiң өсуiн жаңғырту мен арамшөптердiң тұқымдануын болдырмау мақсатында алдын-ала егiс даласын қалған арамшөптерден тазарту, топыраққа аралық және алдын ала себу дайындығы, алдын ала себу мен кейiнгi себудi шоғырландыру, екi рет арам шөптердi отау, шөп себудiң көктемгi мезгiлдегi жұмыс жобасының базалық нұсқасы болу керек.
Сонымен бiрге, ауа райына байланысты (жобаны әзiрлеушiлердiң келiсiмiмен) шөптердi себу мезгiлдерi жазғы (шiлделiк) немесе күздiң соңына (тамыздық) ауыстырылатыны жұмыс жобасында ескерiлуi қажет. Осыған орай (егiс далаларын арамшөптерден тазарту үшiн) арамшөптердi бiр немесе қос рет шабу, жартылай бу түрi бойынша шөптi себуге дейiн, бiр немесе екi аралық жазық кескiндi топырақты өңдеуге (смета бағасының шегiне сәйкес) ауыстырылуы қажет.
Жұмыс жобасының базалық нұсқасында аса көп таралған дәндi дақылдардың бiрi, еркекшөптi себу қарастырылып отыр. Сонымен бiрге, (жобаны әзiрлеушiлердiң келiсiмi бойынша және сметалық бағалауға сәйкес) басқа да көп тараған дәндi дақылдар: арпабас, тамырсабақсыз бидайық, жоңылқа, осы дақылдардың еркекшөппен қосындысы (топырақтық-климаттық ауа райы жағдайына, тұқымдардың болуына байланысты) пайдаланылуы мүмкiн. Бұл жағдайда жамылғысыз да, жамылғылы да шөптi себуге болады.
Егер шөптi себу мезгiлдерi базалық (көктемгi) нұсқаудан ауытқыса, өскiндердi алу кезiндегi аралық қаржыландыру кестесi де өзгередi.
Шөптердiң табысты қыстауы мен сақталуының кепiлi болып табылатын шөптердiң толық түптену сатысында қысқа кетуi шалғындандыру жұмыстары аяқталуының негiзгi белгiсi болып табылады. Аймақтарды тазарту, беткейлердi отау, топырақты төсеу, немесе жермен тегiстеу, күл-қоқыс тозаңының болмауы, тау үйiндiлердiң жанбауы бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру жұмыстары аяқталуының негiзгi белгiсi болып табылады.
Шалғындандырылған және қалпына келтiрiлген жерлердi қала, кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмдерiне актiлер бойынша тапсыру барлық жұмыстардың аяқталғаны деп саналады.

6 6. Қажеттi ресурстар және бағдарламаны қаржыландыру көздерi

"ПавлодаржерғөО" еншiлес мемлекеттiк өнеркәсiбiнiң орындауымен жасалған, орташа есеп бойынша, 2005 жылы 1 га жердi шалғындандыру құны 9,52 мың теңгенi құрайды. Жыл сайынғы 6 пайызға ақшаның құнсыздануы деңгейiн ескере отырып 1 га жердi шалғындандыру шығыны (шамамен): 2006 жылы - 10,09 мың теңге, 2007 жылы - 10,69 мың теңге құрайтын болады. Есептеу орташа есеп бойынша алынған, өйткенi бұл аймаққа, топырақ түрiне, оның тығыздығына, күн көзiнiң болуына, ластанудың түрi мен дәрежесiне байланысты (3,4 - қосымшалар).
Бағдарлама бойынша барлығы 21484 га ауданда, соның iшiнде шаруашылық субъектiлердiң күшiмен (келiсiм бойынша) - 8030 га, облыс бюджетi есебiнен - 13454 га (5 - қосымша) шалғындандыруды жүргiзу қарастырылып отыр.
Жерлердi шалғындандыру үшiн келесi қаражат көздерi қарастырылған: облыс бюджетiнен - 135800 мың теңге, Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерiнен - 80509 мың теңге, (6,7 - қосымшалар).
Бюджеттен шалғындандыру жұмыстарын жүргiзу үшiн қаражат бөлуге заңды негiз бар, себебi, Жер кодексiне сәйкес, елдi мекендер жерлерi - мемлекеттiк.
Жанар-жағармай материалдары мен тұқымдарды сатып алу үшiн конкурсқа қатысушының өтiнiшi бойынша берiлген жұмыс құнының 30% мөлшерi конкурс жеңiмпаздарына аванс бөлу арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген жұмыс кезеңдерiн, шөп себудi қоса санағанда (толық көктеуi бойынша) орындау барысында тиiстi актiлер негiзiнде аралық қаржыландыру 30% көлемiнде жүзеге асырылады. Ақырғы төлем ( қалған 40%) барлық жұмыс көлемi орындалғаннан кейiн және шалғындандырылған жерлер актiлер бойынша ауылдық округ әкiмдерiне тапсырылғаннан кейiн берiледi.
Бағдарлама бойынша барлығы 4197 га, соның iшiнде жер пайдаланушылардың өз қаражаттары есебiнен (келiсiм бойынша) - 2378 га, облыс бюджетi есебiнен - 1819 га ( 2005 жыл - 1309 га, 2006 жыл - 1396 га, 2007 жыл - 1492 га, 8 - қосымша) бүлiнген жерлердi қайта қалпына келтiру қарастырылуда.
Болжамды есеп бойынша селолық аудандар мен қаланың ауылдық аймақтарында 1 га жердi қайта қалпына келтiру құны 30 мың теңгенi, өнеркәсiп аудандарында жұмыстың қиындығы мен күрделiгiне және шаңбасудың қажеттiлiгiне байланысты, қаланың өндiрiстiк аймақтарында - 65 мың теңгенi құрайды.
Бүлiнген жерлердi қайта қалпына келтiру үшiн келесi қаражат көздерi қарастырылған: облыс бюджетiнен - 63,3 млн. теңге, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қаржы көздерiнен - 150,1 млн. теңге. Жалпы бағдарламаны iске асыру үшiн 213,4 млн. теңге қажет (9,10 - қосымшалар).
Жанар-жағармай материалдары мен тұқымдарды сатып алу үшiн конкурсқа қатысушының өтiнiшi бойынша берiлген жұмыс құнының 30% мөлшерiнде конкурс жеңiмпаздарына аванс бөлу арқылы жүзеге асырылады. Тиiстi актiлер негiзiнде, техникалық және биологиялық қалпына келтiру жұмыстарының жекелеген жұмыс кезеңдерi орындалғаннан кейiн конкурсант өтiнiш түсiрген құнының, 30% көлемiнде аралық қаржыландыру жүзеге асырылады. Ақырғы төлем ( қалған 40%) барлық жұмыс көлемi орындалғаннан кейiн және қалпына қайта келтiрiлген жерлердi актiлер бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға тапсырылғаннан кейiн берiледi.

7 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде 25,7 мың га, (соның iшiнде 21,5 мың га қосалқы ауылшаруашылық жайылымдары, бүлiнген жерлердi қайта қалпына келтiру есебiнен - 4,2 мың га көлемiндегi жерлер) ауыл-шаруашылық айналымына тартылады. Шалғындандыру жұмысы жүргiзiлгеннен кейiн күтiлетiн пiшен түсiмдiлiгi табиғи аймаққа байланысты шөп шығудың екiншi-төртiншi жылдарында 5-10 ц/га құрайды. Кейiнгi жылдары (5 және одан да көп) осы жерлер тұрғындардың мал шаруашылығы үшiн жайылым жерi ретiнде қолданылады. Облыстағы экологиялық жағдайға қолайлы әсер ететiн, жердi шалғындандыру оларды құнарландыру, ластану деңгейiнiң төмендеуi мен зиянкестермен (ең алдымен, шегiртке тұқымдасымен) зақымдануы, желден және судан бүлiну қаупiн сақтауға әкеледi. Елдi мекендерге жақын орналасқан қосымша енгiзiлген пiшендiк және жайылымдық жерлер - тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарының мал шаруашылығы жемазығын тұрақтандыруға, мал басы санының көбеюiне, мал шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiнiң ұлғаюына және тұрғын-дардың кiрiсiнiң артуына мүмкiндiк туғызады.
Бүлiнген жерлердi қайта қалпына келтiру оларды құнарландыруға, елдi мекендердi көркейтуге, облыстың экологиялық және санитарлық жағдайына қолайлы әсер етедi.
Жалпы осы Бағдарламаны, сондай-ақ облыстың ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бiрнеше мақсатты экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк сипаттағы мәселелердi шешуге нақты мүмкiндiк жасайтын болады.

8 8. Облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң аз өнiмдi жерлерiн шалғындандыру мен бүлiнген жерлерiн қайта қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

N
р/с
Шаралар атауы
Аяқтау
нысаны
Орындалуы
на
жауапты
лар
1
2
3
4
1. Облыстың елдi мекендердегi
жерлерiн шалғындандыру
1.
Облыстың әр елдi мекенi бойынша жерлердi шалғындандыру жөнiнде әзiрлеу жұмыстарын сатып алу,  жұмыс жобаларын әзiрлеу
Бекiтiлген жұмыс жобалары
Облыс мемлекеттiк сатып алу, жер пайдалану департаменттерi, конкурс жеңiмпазы
2.
Облыстың  әр елдi мекенi бойынша жерлердi шалғындандыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзiрлеу, конкурс өткiзу (бюджеттiк қаржыландыру көзi бойынша)
Конкурстық құжаттаманың пакетi
Облыс мемлекеттiк сатып алу, жер пайдалану департаменттерi, қалалар мен аудандар әкiмдерi
3.
Шарттарды жасасу, жұмыстарды ұйымдастыру, авторлық қадағалау, жұмыстың орындалу сапасын тексеру
Шарттар, орындалатын жұмыстардың аралық актiлерi
Облыс жер пайдалану департаментi, қалалар мен аудандардың әкiмдерi, конкурс жеңiмпазы
4.
Бюджет қаражаты есебiнен орындалатын облыстың елдi мекендерiнде жүргiзiлетiн шалғындандыру жұмыстарына аванс беру және аралық қаржыландыру
Жұмыстарға аванс беру, орындалған жұмыстардың аралық актiлерi
Облыс қаржы, жер пайдалану департаменттерi
5.
Облыстың елдi мекендерi жерлерiн шалғындандыру жұмыстарын орындау
Орындалған жұмыстардың актiлерi
Облыс жер пайдалану департаментi, конкурс жеңiмпаздары
6.
Шалғындандыру жұмыстарын кент, ауыл (село), ауылдық (ауылдық) әкiмдерге тапсыру арқылы орындалу жұмыстарын қабылдау
Орындалу жұмыстарын қабылдау және шалғындандыралған жерлердi  кент, ауыл (село), ауылдық (ауылдық) округтердiң әкiмдерiне тапсыру актiсi
Облыс жер пайдалану департаментi, облыс бойынша жер ресурстарын басқару комитетi (келiсiм бойынша), облыстың кент, ауыл (село), ауылдық  (ауылдық) округтердiң әкiмдерi, конкурс жеңiмпаздары
2. Бүлiнген жерлердi қайта қалпына келтiру
7.
Облыстың әр елдi мекенi (қалпына келтiру нысаны) бойынша жерлердi қалпына келтiру жөнiнде әзiрлеу жұмыстарын сатып алу, жұмыс жобаларын әзiрлеу
Бекiтiлген жұмыс жобалары
Облыс мемлекеттiк сатып алу, жер пайдалану департаменттерi, конкурс жеңiмпаздары
8.
Жердi қалпына келтiру жөнiнде жұмыстарға арналған конкурстық құжаттаманы әзiрлеу және конкурс өткiзу
Конкурстық құжаттаманың пакетi
Облыс қаржы және жер пайдалану департаменттерi, қалалар мен аудан әкiмдерi
9.
Шарттарды жасасу, жұмыстарды ұйымдастыру, авторлық қадағалау, жұмыстың орындалу сапасын тексеру
Шарттар, орындалу жұмыстарының аралық актiлерi
Облыс жер пайдалану департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi, конкурс жеңiмпаздары
10.
Аванс беру және бюджет есебiнен қаржыландырылатын бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жұмыстарын аралық қаржыландыру
Жұмыстарға аванс беру, орындалған жұмыстардың аралық актiлерi
Облыс қаржы және жер пайдалану департаменттерi, қалалар мен аудандар әкiмдерi
11.
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жұмыстарын орындау
Орындалған жұмыстардың  актiлерi
Облыс жер пайдалану департаментi, конкурс жеңiмпаздары
12.
Қалпына келтiру жұмыстарын облыс кентi, ауыл (село), ауылдық (ауылдық) әкiмдерiне бiрден тапсыру арқылы атқарылған жұмыстарды қабылдау
Орындалған жұмыстарды қабылдау және бүлiнген жерлердi  облыстың кент, ауыл (село), ауылдық (ауылдық) округтердiң әкiмдерiне тапсыру актiсi
Облыс жер пайдалану департаментi, облыс бойынша жер ресурстарын басқару комитетi (келiсiм бойынша), облыс кенттерiнiң, ауыл (село), ауылдық (ауылдық) округтердiң әкiмдерi, конкурс жеңiмпаздары
кестенің жалғасы
Орындалу
мерзiмдерi
Болжамды
шығыстар,
(млн

.

теңге теңге

)
Қаржыландыру
көзi
5
6
7
2005 жыл
қаңтар 2006
жыл қаңтар
2007 жыл
қаңтар
2,7
3,5
3,0
Облыстық бюджет
2005 жыл
наурыз 2006
жыл наурыз
2007 жыл
наурыз
Қаржыландыру
қажет емес
Жыл бойы
Қаржыландыру
қажет емес
Жыл сайын -
жанар-жағар
май алу
үшiн алдын
ала аванс
беру
Жыл сайын -
жаппай
өскiн
шыққан
кезде
аралық
актiлерге
сәйкес
аралық
қаржыландыру
Өтiнiш бойынша берiлген жұмыс құнының 30% мөлшерi өтiнiш бойынша берiлген жұмыс құнының 30% мөлшерi
Облыстық бюджет
Облыстық бюджет
2005 жыл
2006 жыл
2007 жыл
2005 жыл
2006 жыл
2007 жыл
37,7
48,0
40,9
32,7
22,2
25,7
Облыстық бюджет,
Қазақстан
Республикасы
заңнамаларында
тыйым
салынбаған өзге
де қаржыландыру
көздерi
Жыл сайын,
қыркүйек-
қазан
Қаржыландыру
қажет емес
2005 жыл
қаңтар 2006
жыл қаңтар
2007 жыл
қаңтар
1,1
1,4
1,8
Облыстық бюджет
2005 жыл
наурыз 2006
жыл наурыз
2007 жыл
наурыз
Қаржыландыру
қажет емес
Жыл бойы
Қаржыландыру
қажет емес
Жыл сайын -
жанар-жағар
май алу
үшiн алдын
ала аванс
беру  Жыл
сайын
- аралық
актiлерге
сәйкес
аралық
қаржыландыру
Өтiнiш
бойынша
берiлген
жұмыс
құнының
30%
мөлшерi
өтiнiш
бойынша
берiлген
жұмыс
құнының
30%
мөлшерi
Облыстық бюджет
Облыстық бюджет
2005 жыл
2006 жыл
2007 жыл
2005 жыл
2006 жыл
2007 жыл
15,6
18,7
24,6
51,5
52,2
46,4
Облыстық бюджет
Қазақстан
Республикасы
заңнамаларында
тыйым
салынбайтын
қаржыландыру
көздерi
Жыл сайын
қыркүйек-
қазан
Қаржыландыру
қажет емес

15 Елдi мекендер санатындағы бар жайылымдар, олардың жай-күйi мен малдың 1 шартты басы есебiндегi қамтамасыз етiлуi

Бағдарламаның 1-қосымшасы
Елдi мекендер санатындағы бар жайылымдар, олардың
жай-күйi мен малдың 1 шартты басы есебiндегi қамтамасыз етiлуi
N
р/
с
Қалалар мен
аудандардың
атауы
Ауылдық
округтер мен
iрi елдi
мекендер саны
2004 ж. 1
маусымдағы
мал басы (мың
шарт. бас.)
Жайылым
дардың
аумағы
барлығы
(мың га.)
1
2
3
4
5
1
Павлодар
5
11,4
13,1
2
Екiбастұз
15
22,5
177,6
3
Ақсу
15
26,4
134,6
4
Ақтоғай
13
24,4
109,9
5
Баянауыл
15
33,2
203,2
6
Железин
13
23,3
83,7
7
Ертiс
18
29,2
99,2
8
Качиры
14
25,2
68,0
9
Лебяжi
11
23,6
83,7
10
Май
12
23,5
76,7
11
Павлодар
16
24,6
53,0
12
Успен
13
15,2
57,9
13
Шарбақты
16
23,1
50,1
ЖИЫНЫ
176
305,6
1210,7
Жай-күйi
(1 шарт. мал
басына, 

га)
келетiн жарамды
жайылым
жарамды
жарамсыз
(соғылған)
тозған
6
7
8
9
9,2
3,8
0,1
0,8
172,0
5,6
7,6
111,4
23,2
4,2
96,6
13,3
4
196,7
6,5
4,6
52,6
22,7
8,4
1,9
89,6
9,6
3,1
62,1
5,9
2,4
77,2
6,5
3,2
72,3
4,4
3
42,4
10,6
1,9
53,4
4,5
3,5
43,0
4,4
2,7
1,9
1078,5
121,0
11,2
3,5

16 Шалғындандырылатын жер көлемi мен қаржыландыру көздерi көрсетiлген облыс ауылдық округтерi мен елдi мекендерiнiң тiзбесi (га)

Бағдарламаның 2-қосымшасы
Шалғындандырылатын жер көлемi мен қаржыландыру көздерi
көрсетiлген облыс ауылдық округтерi мен елдi мекендерiнiң
тiзбесi
(га)
N
р\с
Облыстың ау

ылдық округтерi мен
елдi мекендерiнiң атау

ы
Шалғындандыру
жерлерiнiң
жалпы
көлемi
1
2
3
Павлодар қаласы
1
Ленин кентi
990
2
Кенжекөл
1150
3
Мойылды ауылы
210
4
Павлодар ауылы
594
Жиыны
2944
Екiбастұз қаласы
1
Ақкөл
350
2
Екiбастұз
300
3
Қарасу
350
Жиыны
1000
Ақсу қаласы
1
Ақсу қаласы
400
2
Айнакөл
200
3
Достық
300
4
Жолқұдық
300
5
Қалқаман
360
Жиыны
1560
Ақтоғай ауданы
1
Ақтоғай
300
2
Әуелбек
300
3
Қажамжар
300
4
Караөбе
300
5
Мүткен
300
6
Приреченск
300
7
Харьков
300
Жиыны
2100
Баянауыл ауданы
1
Бiрлiк
150
2
Қаратомар
250
3
Қызылтау
100
Жиыны
500
Железин ауданы
1
Башмақты
400
2
Железин
400
3
Прииртышье
200
Жиыны
1000
Ертiс ауданы
1
Абай
600
2
Байзақов
400
3
Ертiс
350
4
Қызылжар
750
5
Ленин
350
6
Майқоңыр
350
7
Панфилов
280
Жиыны
3080
Качиры ауданы
1
Качиры
350
2
Октябрь
250
3
Песчанск
200
Жиыны
800
Лебяжi ауданы
1
Жамбыл
200
2
Лебяжi
200
3
Ямышев
200
Жиыны
600
Май ауданы
1
Ақжар
200
2
Көктүбек
300
Жиыны
500
Павлодар ауданы
1
Григорьев
300
2
Заря
300
3
Луганск
300
4
Рождественск
300
5
Жетекшi ауылы
300
6
Ольгинка ауылы
300
7
Пресное ауылы
300
8
Чернорецк
300
9
Черноярка
300
Жиыны
2700
Успен ауданы
1
Ильич
115
2
Ковалевск
115
3
Лозов
115
4
Надаров
115
5
Новопокров
115
6
Ольгинка
115
7
Павлов
115
8
Равнополь
115
9
Богатырь ауылы
115
10
Қаратай ауылы
115
11
Табылжан ауылы
115
12
Тимирязев ауылы
115
13
Успен
470
Жиыны
1850
Шарбақты ауданы
1
Ильич
350
2
Красилов
650
3
Назаров
200
4
Орлов
500
5
Татьянов
150
6
Хмельницкий
300
7
Шарбақты
700
Жиыны
2850
Барлығы облыс бойынша
21484
Облыстық бюджет есебiнен
Қала мен аудан бюджетi
және заңнамаларда тыйым
салынбаған өзге де
қаржыландыру көздерi
есебiнен
2005ж.
2006ж.
2007ж.
2005ж.
2006ж.
2007ж.
4
5
6
7
8
9
390
300
300
350
400
400
210
244
350
634
1400
910
350
300
350
350
300
350
200
200
200
300
300
360
560
500
500
300
300
300
300
300
600
600
300
150
250
100
150
250
100
400
400
200
400
400
200
300
300
400
350
400
350
350
350
280
350
400
350
630
650
700
350
250
200
350
200
250
200
200
200
200
200
200
200
300
200
300
100
100
100
300
100
100
100
100
100
100
300
100
100
100
300
100
100
100
100
100
100
300
300
300
600
600
600
115
115
115
115
115
115
115
115
115
115
115
115
350
120
350
1500
100
100
150
250
200
200
100
100
200
300
50
50
50
100
100
100
350
350
350
350
500
750
900
4244
5100
4110
3430
2200
2400

17 2005 жылға арналған (1 га есебiндегi ) аз өнiмдi жерлердi шалғындандыру үшiн жүргiзiлетiн технологиялық операциялардың орташа шығыс сметасы

Бағдарламаның 3-қосымшасы
2005 жылға арналған (1 га есебiндегi ) аз өнiмдi жерлердi
шалғындандыру үшiн жүргiзiлетiн технологиялық операциялардың
орташа шығыс сметасы
N
р\с
Жұмыс және шығыс атауы
Құны
(теңге)
1
2
3
1
Учаскенi өсiмдiктер қалдығынан тазарту
жұмыстары (шабу, дестелеу, шөмелелеп итеру,
тасып шығару)
851,2
2
Ерте көктемдiк өңдеу: тыңайған жерлердi
делегейлi тырмалармен екi iзбен сыдыра жырту
1344,9
3
ТКҚТ - 3,5 КПЭ - 3,8 тұқым себер  алдында
16-18 см тереңдiкте өңдеу
1363,9
4
Тұқым себерге дейiн сақиналы нығыздау
275,6
5
Еркекшөптi 2,5 - 3,0 см тереңдiкте өңдеу
560
6
Тұқым себуден кейiн сақиналы нығыздау
275,6
7
Көпжылдық шөптердiң тұқымдарын тұқым
сепкiшке құю, тиеу, тасымалдау
3,7
8
Көпжылдық шөптер тұқымының (еркекшөптiң)
құны
1091,9
9
Арамшөптердi үш мәртебе қайталап шабу
1189,2
ЖИЫНЫ
6956
Үстеме шығындар (19%)
1322
Үстеме шығындармен бiрге жиыны
8278
Жоспарлы қорлану (15%)
1242
БАРЛЫҒЫ 1 га шығыны
9520
Ескерту: 2006 және 2007 жылдарға 6% мөлшерiнде жыл сайынғы ақшаның құнсыздануының коэффициентi ескерiлген

18 2005 жылы (1 га есебiндегi) аз өнiмдi жерлердi шалғындандыру жөнiндегi жобалау-зерттеу жұмыстары құнының есебi

Бағдарламаның 4-қосымшасы
2005 жылы (1 га есебiндегi) аз өнiмдi жерлердi шалғындандыру
жөнiндегi жобалау-зерттеу жұмыстары құнының есебi
N
р\с
Жұмыс түрлерi
Есептеу
құны
Құны
(мың

теңге теңге)

1
2
3
4
1
Шалғындандыру учаскесiн таңдау,
материалдарды iрiктеу, келiсу
0,115
адам/күн
х1593
183,0
2
Топырақты тексеруге түзету енгiзу
0,059
адам/күн
х1483
87
3
Аз өнiмдi жерлердi шалғындандыру
жоспарын жасау. Технологияны
әзiрлеу, жұмыс көлемiн есептеу,
сметалық құнын жасау
0,185
адам/күн
х1593
295
ЖИЫНЫ
565
ҚҚСС 15%
85
БАРЛЫҒЫ
650

20 Қаржыландыру көзi бойынша 2005 - 2007 жылдарға арналған облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң аз өнiмдi жерлерiн шалғындырудың жиынтық жоспары (га)

Бағдарламаның 5-қосымшасы
Қаржыландыру көзi бойынша 2005 - 2007 жылдарға арналған
облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң аз өнiмдi жерлерiн
шалғындырудың жиынтық жоспары
(га)
N
р/
с
Қалалар
мен
аудандар
дың
атауы
Барлы
ғы
2005-
2007
жылда
ры
Соның iшiнде жылдар және қаржыландыру
көздерi бойынша
обл

ыстық бюджет
бар
лығы
соның iшiнде
2005
2006
2007
1
2
3
4
5
6
7
1
Павлодар
2944
2944
634
1400
910
2
Екiбастұз
1000
1000
350
300
350
3
Ақсу
1560
1560
560
500
500
4
Ақтоғай
2100
1500
600
600
300
5
Баянауыл
500
500
150
250
100
6
Железин
1000
1000
400
400
200
7
Ертiс
3080
1100
350
400
350
8
Качиры
800
800
350
200
250
9
Лебяжi
600
600
200
200
200
10
Май
500
500
200
300
11
Павлодар
2700
900
300
300
300
12
Успен
1850
350
350
13
Шарбақты
2850
700
350
350
14
ЖИЫНЫ
21484
13454
4244
5100
4110
Соның iшiнде жылдар және қаржыландыру көздерi бойынша
Қала мен аудан бюджетi және заңнамаларда тыйым
салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен
барлығы
соның iшiнде
2005
2006
2007
8
9
10
11
600
200
200
200
1980
630
650
700
1800
600
600
600
1500
1500
2150
500
750
900
8030
3430
2200
2400
Ескерту: 2004 жылы Успен ауданында аудан бюджетiнен 1500 га жердi шалғындандыру жоспарланған. 2004-2005 жылдары жалпы осы ауданда 3350 га жер шалғындандырылады.
Кенжекөл ауылдық округiнде, Мойылды ауылында (Павлодар ауданының жерлерi) және Ленин кентi (Ақсу қаласы жерлерi) жерлерiн шалғындандыру Павлодар қаласы жолында көрсетiлген.

21 Қала мен аудан бюджетi және заңнамаларда тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен бөлiнетiн қаржылық қаражаттар қажеттiлiгiнiң есебi

Бағдарламаның 6-қосымшасы
Қала мен аудан бюджетi және заңнамаларда тыйым салынбаған
өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен бөлiнетiн қаржылық
қаражаттар қажеттiлiгiнiң есебi
N
р/
с
Қалалар
мен
аудандардың
атауы
Барлығы
2005-2007

 ж

ылдары
2005 

ж

.
Аумағы
(га)
Сомасы
(мың теңге)
Аумағы
(га)
Сомасы
(

мың

теңге теңге)

1
2
3
4
5
6
1
Павлодар
2
Екiбастұз
3
Ақсу
4
Ақтоғай
600
6060
200
1904
5
Баянауыл
6
Железин
7
Ертiс
1980
20040
630
5998
8
Качиры
9
Лебяжi
10
Май
11
Павлодар
1800
18180
600
5712
12
Успен
1500
1480
1500
14280
13
Шарбақты
2150
21949
500
4760
14
ЖИЫНЫ:
8030
80509
3430
32654
2006 

ж

.
2007 

ж

.
Аумағы
(га)
Сомасы
(

мың теңге)
Аумағы
(га)
Сомасы
(

мың теңге)
7
8
9
10
200
2018
200
2138
650
6559
700
7483
600
6054
600
6414
750
7568
900
9621
2200
22199
2400
25656
Ескерту:1 га шалғындандыру құны "ПавлодарЖерғөө" Еншiлес мемлекеттiк өнеркәсiбiнiң есептеуiне сәйкес қабылданды: 2005 ж. - 9,52 мың теңге, 2006 ж. - 10,09 мың теңге, 2007 ж. - 10,69 мың теңге (жыл сайынға ақшаның өсу құны 6 6%)
Шалғындандыру жұмыстарының құнына жұмыс жобаларын дайындаудың 6,8% мөлшерiндегi құны кiредi.

23 Қала мен аудан бюджетi және заңнамаларда тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен бөлiнетiн қаржылық қаражаттар қажеттiлiгiнiң есебi

Бағдарламаның 7-қосымшасы
Қала мен аудан бюджетi және заңнамаларда тыйым салынбаған
өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен бөлiнетiн қаржылық
қаражаттар қажеттiлiгiнiң есебi
N
р/с
Қалалар мен
аудандардың атауы
Барлығы 2005-2007

 ж

ылдары
2005 

ж

.
Аумағы (га)
Сомасы
(мың теңге)
Аумағы (га)
1
2
3
4
5
1
Павлодар
2
Екiбастұз
3
Ақсу
4
Ақтоғай
600
6060
200
5
Баянауыл
6
Железин
7
Ертiс
1980
20040
630
8
Качиры
9
Лебяжi
10
Май
11
Павлодар
1800
18180
600
12
Успен
1500
1480
1500
13
Шарбақты
2150
21949
500
14
ЖИЫНЫ:
8030
80509
3430
2005 

ж

.
2006 

ж

.
2007 

ж

.
Сомасы
(

мың

теңге теңге)

Аумағы
(га)
Сомасы
(

мың теңге)
Аумағы (га)
Сомасы
(

мың теңге)
6
7
8
9
10
1904
200
2018
200
2138
5998
650
6559
700
7483
5712
600
6054
600
6414
14280
4760
750
7568
900
9621
32654
2200
22199
2400
25656
Ескерту: 1 га шалғындандыру құны "ПавлодарЖерғөө" Еншiлес мемлекеттiк өнеркәсiбiнiң есептеуiне сәйкес қабылданды: 2005 ж. - 9,52 мың теңге, 2006 ж. - 10,09 мың теңге, 2007 ж. - 10,69 мың теңге (жыл сайынға ақшаның өсу құны 6 6%)
Шалғындандыру жұмыстарының құнына жұмыс жобаларын дайындаудың 6,8% мөлшерiндегi құны кiредi.

25 Қаржыландыру көздерi бойынша 2005 - 2007 жылдарға арналған облыстың бүлiнген жерлерiн қайта қалпына келтiру жоспары

Бағдарламаның 8-қосымшасы
Қаржыландыру көздерi бойынша 2005 - 2007 жылдарға арналған облыстың бүлiнген жерлерiн қайта қалпына келтiру жоспары
N
р/с
Қалалар мен
аудандардың
атауы
2004 жылғы 1
қаңтардағы
барлық
бүлiнген
жерлер (га)
Соның
iшiнде
2004 жылғы
1
қаңтардағы
қайта
өңделгенi
(га)
Жердi
қалпына
келтiрудiң
2005-2007
жылдарға
арналған
жоспары
1
2
3
4
5
1
Павлодар
1966
1241
1210
2
Екiбастұз
9529
2234
1950
3
Ақсу
765
168
158
4
Ақтоғай
165
165
108
5
Баянауыл
826
314
160
6
Железин
99
90
58
7
Ертiс
167
150
108
8
Качиры
197
110
100
9
Лебяжi
65
65
42
10
Май
72
72
64
11
Павлодар
69
69
89
12
Успен
352
192
111
13
Шарбақты
112
53
39
14
ЖИЫНЫ:
14384
4923
4197
Соның iшiнде жылдар және қаржыландыру көздерi бойынша
Жер пайдаланушылардың
қаражаттары есебiнен
(келiсiм бойынша),
(мың теңге

)
Облыстық бюджет қаражаты
есебiнен 

(мың теңге)
2005
2006
2007
2005
2006
2007
5
6
7
8
9
10
7475
7475
10500
8100
8100
10500
41860
42185
30615
2080
4030
5980
870
870
2061
650
1300
2925
150
1020
1020
1050
600
600
600
900
960
1140
300
420
420
600
650
245
245
430
650
650
300
750
1050
900
150
300
300
510
300
600
250
300
300
300
600
600
570
600
270
150
1050
1110
750
150
180
300
540
51455
52245
46421
16730
20110
26445
Ескерту: селолық аудандар мен ауылдық аймақтарда 1 га бүлiнген жердi қайта қалпына келтiру шамамен 30 мың теңгенi, қалалардың өнеркәсiптiк аймақтарында - 65 мың теңгенi құрайды, бұл өнеркәсiп аудандарындағы жұмыстардың ауыртпашылығына және шаң қысымы қажеттiлiгiне байланысты.

26 Барлық қаржыландыру көздерi бойынша 2005 - 2007 жылдарға арналған облыстың бүлiнген жерлерiн қалпына келтiрудiң жинақтық жоспары

Бағдарламаның 9-қосымшасы
Барлық қаржыландыру көздерi бойынша 2005 - 2007 жылдарға
арналған облыстың бүлiнген жерлерiн қалпына келтiрудiң
жинақтық жоспары
N
р/с
Қалалар мен
аудандардың атауы
Қалпына
келтiрудiң
2005-2007
жылдарға
арналған
жоспары (га)
Барлық
қаржыланды
ру көздерi
бойынша
қаражаттар
дың
болжамды
сомасы
(мың

теңге теңге)

2005 ж.
Аумағы
(га

)
1
2
3
4
5
1
Павлодар
1210
52150
360
2
Екiбастұз
1950
126750
676
3
Ақсу
158
8676
29
4
Ақтоғай
108
3240
34
5
Баянауыл
160
4800
50
6
Железин
58
1740
14
7
Ертiс
108
2870
40
8
Качиры
100
3000
25
9
Лебяжi
42
1260
10
10
Май
64
1750
10
11
Павлодар
89
2670
20
12
Успен
111
3330
35
13
Шарбақты
39
1170
6
14
ЖИЫНЫ:
4197
213406
1309
2005 ж.
2006 ж.
2007 ж.
Сомасы
(мың

теңге теңге)

Аумағы
(га

)
Сомасы
(мың теңге

)
Аумағы
(га

)
Сомасы
(мың

теңге теңге

)
6
7
8
9
10
15575
360
15575
490
21000
43940
711
46215
563
36595
1520
39
2170
90
4986
1020
34
1020
40
1200
1500
52
1560
58
1740
420
14
420
30
900
1080
34
895
34
895
750
35
1050
40
1200
300
10
300
22
660
250
22
600
32
900
600
29
870
40
1200
1050
46
1380
30
900
180
10
300
23
690
68185
1396
72355
1492
72866

Қолданыстағы