О Региональной Программе по капитальному ремонту и материально-техническому оснащению организаций здравоохранения в Актюбинской области на 2005-2007 годы Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі 2005-2007 жылдарға Аймақтық бағдарлама туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысында денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған Аймақтық бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау департаменті, басқа да мүдделі органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Н. Қартовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақтөбе облысының әділет департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Басқа 5. Мазмұны
Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 8 ақпандағы № 133
шешімімен бекітілген
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған Аймақтық Бағдарламасы
Мазмұны
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалды-техникалық базасының жағдайын талдау.
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері
Тармақ 6
6. Негізгі ресурстар мен қаржыландыру көздер
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары
Бөлім 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған Аймақтық Бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз
Қазақстан Реснубликасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы туралы" Жарлығы
Әзірлеуші
"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау департаменті" ММ
Мақсаты
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық техникалық базасын нығайту, бірінші кезекте алғашқы медициналық санитарлық көмек (бүдан әрі - АМСК) беру мекемелеріне 2008 жылға дейін толык ресурстық база қалыптастыру
Міндеттері
Облыстың 100 денсаулык сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде қалада 31, ал ауылдық жерлерде 69. Облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық техникалық базаларын нормативке сәйкес
медициналық құрал жабдықтармен медициналық заттармең қамтамасыз етіп, нығайту
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Аймактық Бағдарламаның орындалу үшін жергілікті бюджеттен 2005 жылы 559,6 млн. теңге, ал 2006 жылы 531,0 млн. теңге және 2007 жылы 642,7 млн. теңге бөлінеді
Күтілетін нәтижелер
Халықты медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз етудің денгейін көтеру. Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базаларын жақсарту негізінде көрсетілетін кепілді медициналық көмектің көлемін АМСК денгейінде көбейту және осыған сәйкес профилактикалық, сауықтыру іс
шараларының көлемін ұлғайтып, науқастарды диспансеризациялауды тиімді сапалы өткізу, аурушандық денгейін төмендетіп, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық денгейін азайту
Орындалу мерзімі
2005 - 2007 жылдары
Бөлім 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Бұл бағдарлама денсаулық сақтау саласы мекемелерінің материалдық техникалық базаларын нығайтуға, бірінші кезекте алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелерін әрі қарай АМСК нығайтуға бағытталған.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен және Қазақтан Республикасының ауылдық жерлерді дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің 10 шілде 2003 жылғы № 1149 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік бағдарласымен сабақтас.
Бағдарламаның мақсаты - 2005 - 2007 жылдарға арналған негізгі бағыттағы шараларды орындау, 2008 жылға дейін алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету саласының дамуына баса назар аудара отырып, толық тиімді медициналық көмек көрсету жүйесінің ресурстар базасын жасақтау.
Бөлім 3. 3. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жағдайын талдау
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жағдайын талдау
Облыстың денсаулық сақтау саласының соңғы он шақты жыл ішінде, алға басып, даму жағдайлары да, қоғамда болған экономикалық қиындықтардың әсерінен негативті бағыттағы кері кету жағдайларда болды. Алға басу жағдайларын айтсақ, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселесі, жақсарды. Соның нәтижесінде бір қатар медицина объектілерін салуға, күрделі жөндеулермен емдеу мекемелерінің материалдық техникалық жабдықталуын жақсартуға, емдеу - диағностикалық процестерде жаңа медициналық технологиялар енгізуге мүмкіндік туды. Медициналық көмектің сапасын жақсарту мен оның әрбір тұрғынға қол жетімділігін қамтамасыз ету арқасында халық денсаулығының көрсеткіштері жақсарды. Денсаулық сақтау саласының өте
төмен дәрижеде қаржыландыруы бұл саланың бірден күлт әлсіреуіне әкеп соқты. Мемлекеттік меншіктегі 40 % астам, денсаулық сақтау саласының объектілері жойылды немесе жекешелендірілді. Соның кесірінен, бүгінгі күні мамандандырылған койка саны, оның ішінде балаларға арналған төсектік койка саны жетпейді. Емханалардың қабылдау күшінің азаюы - бүгінгі күңі учаскілік қызмет көрсету саласының шамадан тыс артық жұмыс істеуіне әкеп соқты. Жекешелендірілген көптеген медициналық емдеу мекемелері өздерінің, әуелгі негізгі профильдерін өзгертті, ал қайсы бірі көрсетілетін медициналық көмектің көлемін азайтты. Қортындысында, облыста фельдшерлік - акушерлік пункттер (ФАП) мен фельдшерлік пункттердің (ФП) 70 % астамы, селолық дәрігерлік амбулаториялардың 15 % және 1 селолық ауруханаларында өздерінің жеке үй - ғимараттары жоқ, олар әр түрлі мекемелерде, әкімшіліктерде, мектеп ғимараттарында орналасқан. 2002 жылға дейін облыстың денсаулық сақтау саласының бюджетінде денсаулық сақтау саласының объектілеріне күрделі жөндеулер жүргізу, құрал жабдықтар сатып алу, жүмсақ инвентар мен жиһаздар алу сияқты шығындар қаралмаған, сол себептен кәзір денсаулық сақтау саласының объектілерінің 90 % - дан астам ғимараттары мен үйлері күрделі, жөндеулерді қажет етеді.
Кәзір облыста мемлекеттік, жеке және ведомствалық 53 аурухана, 209 амбулаториялық емхана медициналық мекемелер жұмыс істейді.
2001 жылдан бастап, ауруханалық емдеу мекемелерінің өсуі байқалады.
Мысалы, 2001 жылы 33 мемлекеттік ауруханалык мекеме болса, 2004 жылы олардың саны 37 жетті. Тұрғындардың койкаменен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда - 64,2 болды (жалпы койка саны 4323).
Емдеу профилактикалық мекемелерінің материалдық техникалық базалары, әсіресе ауылдық жерлерде, әлі де болса, қанағаттандырылғысыз күйде қалып отыр. Медициналық мекемелер, негізінен санитарлық гигиеналық талаптарға сай емес, арнайы арналмаған ғимараттарда орналасқан. Бүгінгі күні селолық ауруханалар 45 %, селолық дәрігерлік амбулаториялар 45,7 %, ФАП, ФП - 38,1 % - ғана медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілуі - селолық ауруханаларда - 91,7 %, селолық дәрігерлік амбулаторияларда - 52,9 %, ФАП, ФП - 0,5 %.
Елді мекендердегі селолық дәрігерлік амбулаториялардың 42,3 %, ФАП, ФП - тың 6,1 % - да телефон байланысы бар.
Алғашқы медициналық санитарлық көмек беру мекемелеріне дұрыс көзқарас болмай, оларды қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етпей, аурулардың алдын алуда, анықтап емдеуде жаңа технологиялық әрстер енгізбей, амбулаториялық деңгейде дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуде, тегін немесе жеңілдіктермен берілетін жүйелерін жетілдірмей, жан басына шаққанда қаржыландыруды нақтылы дүрыстамай, денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелерін түпкілікті шешу мүмкін емес.
Стационарлық көмектің сапасын жақсарту үшін, жан - жақты шаралар алу, оның ішінде ауруханалық мекемелердің материалдық техникалық жағдайын күшейту қажет. Емдеу профилактикалық мекемелерінің материалдық техникалық базаларының нашарлығы, оларда аурухана ішінде кездесетін жұқпалы аурулар инфекцияларының пайда болуына соқтырады.
Бөлім 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Аймақтық Бағдарламаның мақсаты Ел Басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық ушін" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын орындау.
Аймақтық Бағдарламаны орындау кезінде бұрынғы бекітілген ауылдық жерлерді дамыту мен аймақтық инновациялық жобалардың денсаулық сақтау саласына қатысты тарауларының іс - шаралар жоспары есепке алыңады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Тармақ 1
1. Белгіленген нормативтерге сәйкес облыстың денсаулық сақтау саласын медициналық құрал - жабдықтармен, санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етуді жақсарту.
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласының объектілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын жақсарту арқылы медицина қызметкерлеріне жағдай жасау.
Тармақ 1
1. Облыстың денсаулық сақтау саласының 54 объектісіне 420,4 млн. теңге көлемінде, оның ішінде 9 объекті қалада, 45 объекті ауылдық жерлерде.
Тармақ 2
2. Ауылдық, қалалық мемлекеттік алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелерін медициналық құрал жабдықпен, медициналық қажетті заттар мен нормативке сәйкес қамтамасыз ету: 4 қалалық мекемеге 7,2 млн. теңгеге; 12 аудандық орталық ауруханалар жанындағы емханаларға - 19,3 млн. теңгеге; 78 селолық дәрігерлік амбулаторияға - 12,8 мл. теңгеге; 41 ФАП - қа 2,6 млн. теңгеге: 147 ФП - ке 9,1 млн. теңгеге.
Тармақ 3
3. Аудандық ауруханалардың құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі: 12 орталық аудандық ауруханаға - 17,3 млн. теңгеге.
Тармақ 4
4. Қалалық, облыстық ауруханалардың құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі: 8 ауруханаға 3,8 млн. теңгеге.
Тармақ 5
5. Балалар мен перзентхана мекемелерін құрал жабдықтармен қамтамасыз ету: 2 қалалық мекемеге - 18,6 млн. теңгеге.
Тармақ 6
6. Санитарлық эпидемиологиялық қызметіне (СЭҚ) - 16,0 млн. теңгеге.
Тармақ 1
1. 7. Мемлекеттік алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелерінің санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілуі норматив бойынша – 5 қалалық мекемеге - 7,5 млн. теңгеге, 12 орталық аудандық ауруханаларға,- 15,0 млн. теңгеге, облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасына - 10,0 млн. теңге.
Тармақ 1
1. Облыстың денсаулық сақтау саласының 23 объектісіне 371,6 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 10 объекті қалада, 13 объекті ауылдық жерлерде.
Тармақ 2
2. Ауылдық, қалалық жерлердегі мемлекеттік алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету мекемелерін құрал жабдықтармен, медициналық жабдықтармен, медициналық арнаулы заттармен нормативке сәйкес жабдықтау:
4 қалалық мекемеге 9,3 млн. теңгеге; 12 аудандық орталық ауруханалар
жанындағы емханаларға - 24,6 млн. теңгеге; 78 селолық дәрігерлік амбулаторияға - 16,3 мл. теңгеге; 41 ФАП - ка 3,3 млн. теңгеге: 147 ФП - ке 11,7 млн. теңгеге.
Тармақ 3
3. Аудандық ауруханалардың құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі:
12 орталық аудандық ауруханаға - 11,0 млн. теңгеге.
Тармақ 4
4. Қалалық, облыстық ауруханалардың құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі: 8 ауруханаға 16,4 млн. теңгеге.
Тармақ 5
5. Балалар мен перзентхана мекемелерін күрал жабдықтармен қамтамасыз ету: 2 қалалық мекемеге - 18,1 млн. теңгеге.
Тармақ 6
6. Санитарлық эпидемиологиялық қызметіне (СЭҚ) - 26,8 млн. теңгеге.
Тармақ 7
7. Алғашқы мемлекеттік медициналық санитарлықлық көмек көрсету мекемелерін тиісті нормативтерге сәйкес санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету: 2 аудандық орталық ауруханаға - 3,3 млн. теңге; облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасына -10,0 млн. теңге; қалалық жедел жәрдем медициналық көмек бекетін қамтамасыз етуге - 1,7 млн. теңге, 4 аудандық ауруханалардың жедел жердем және медициналық көмек беру бөлімдеріне - 6,7 млн. теңге.
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау саласының 23 объектісіне 449,8 млн. теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде ауылдық жерлерінде -11 объекті, ал қалада -12 объекті.
Тармақ 2
2. Ауылдық, қалалық жерлердегі мемлекеттік алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету мекемелерін құрал жабдықтармен, медициналық жабдықтармен, медициналық арнаулы заттармен нормативке сәйкес жабдықтау: 4 қалалық мекемеге 9,2 млн. теңгеге; 12 аудандық орталық ауруханалар жанындағы емханаларға - 21,6 млн. теңгеге; 78 селолық дәрігерлік амбулаторияға - 17,6 мл. теңгеге; 41 ФАП - қа 3,5 млн. теңгеге; 147 ФП - ке 12,5 млн. теңгеге.
Тармақ 3
3. Құрал жабдықпен қамтамасыз ету: 12 орталық аудандық ауруханаға 24,8 млн. теңге, 8 қалалық емдеу мекемесіне 60,7 млн. теңге көлемінде.
Тармақ 4
4. СЭҚ объектілерінің қамтамасыз етілуі 7,5 млн. теңгеге.
Тармақ 5
5. Жергілікті деңгейде балалардың іштен туа бітетін, тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу және перинаталдық (босанғанға дейінгі) ауруларды дер кезінде анықтау үшін: "Адам репродукциясы мен отбасын жоспарлау орталығына" - 11,7 млн. теңге.
Тармақ 6
6. Жедел медициналық көмек қызметін санитарлық автокөлікпен нормативке сәйкес қамтамасыз ету: 8 аудандық жедел медициналық көмек бөліміне 13,4 млн. теңге, облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасына -10,0 млн. теңге.
Бөлім 5. 5. Бағдарламаны іске асыру әдістері
5. Бағдарламаны іске асыру әдістері
Бағдарламаның орындалуы - оны іске асыру жөніндегі іе шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласының объектілеріне құрылыстар салуға, жөндеулер жүргізуге қаржылай - несиелік, материалдық көмектер көрсету.
Бөлім 6. 6. Қажетті қаржы көздері мен ресурстар
6. Қажетті қаржы көздері мен ресурстар
Бағдарламаның қаржыландыруы жергілікті бюджет есебінен және Қазақстан Республикасы Заңдарына қайшы келмейтін басқа да табыс көздері арқылы жүргізіледі.
Бағдарламаның орындалуы қосымша қаржыландыруды қажет етеді: 2005 жылы - 559,6 млн. теңге, 2006 жылы - 531,0 млн. теңге, 2007 жылы - 642,7 млн. теңге.
Бөлім 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: бағдарлама денсаулық сақтау жүйесіндегі қызмет жасайтын жұмысшыларға жағдай жасап, көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласын реформалаудың екінші кезеніне өтуге ресурстық база жасап, мемлекет пен азаматтың денсаулық сақтауда ынтымақтасқан жауапкершілік принципы іске асырлатыны болады. АМСК баса назар аударылып, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына жағдай жасайды.
Облыстағы АМСК мекемелерінің толық нормативке сәйкес құрал - жабдықтар мен медициналық қажетті заттармен қамтамасыз етілуі арқылы халықтың көрсетілетін медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз етілуі жақсарып, аурудың алдын алу, сауықтыру шараларының көлемін ұлғайып, науқастарды тиімді және сапалы диспансеризациялауға қол жетеді, аурушандық көрсеткіші төмендеп, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық көрсеткіштерінің денгейі төмендейді.
2007 жылы облыстың барлық алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелері, әсіресе ауылдық жерлердегі нормативке сәйқес қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Бөлім 8. 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Жоспары
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Жоспары
№
Іс-шаралар
Қортындылау түрі
Жауаптылар
Орындау мерзімі
Шығындар
Қаржыландыру көзі
1. Денсаулық сақтау саласының объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу
1
Облыстың денсаулық сақтау саласының мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2005 - 2007 жылдар
2005 ж. - 379,0
2006 ж. - 351,7
2007 ж. - 399,9
Жергілікті бюджет
2
Ақтөбе қаласындағы санитарлық эпидемиологиялық сараптамалық обл. орталығының мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2005 жыл
2005 ж. - 41,44
2006 ж. - 20,0
2007 ж. -50,0
Жергілікті бюджет
2. Денсаулык сақтау саласын материалдық техникалық жабдықтау
3
Ауылдық, қалалық мемлекеттік АМСК мекемелерін медициналық құрал жабдықтар мен медициналық заттармен нормативке сәйкес жабдықтау
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2005 - 2007 жылдар
2005 ж - 51,0
2006 ж - 65,25
2007 ж - 64,48
Жергілікті бюджет
3.1
Аудандық ауруханаларды медициналық құрал жабдықтар мен заттармен жабдықтауда төменгі нормативтік деңгейге жеткізу
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2005 - 2007 жылдар
2005 ж - 17,28
2006 ж - 11,04
2007 ж - 24,84
Жергілікті бюджет
3.2
Қалалық, облыстық ауруханаларды
медициналық құрал жабдықтар мен
заттармен жабдықтауда төменгі нормативтік
денгейге жеткізу
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2005 - 2007 жылдар
2005 ж - 3,82
2006 ж - 16,34
2007 ж - 60,79
Жергілікті бюджет
3.3
Жергілікті денгейде балалардың іштен туа бітетін, тұқым қуалайтын ауруларының алдын алуды, перинаталдық (босануға дейінгі) диагностикалық өндістерді жетілдіру
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2007 жыл
2007 ж - 11,7
Жергілікті бюджет
3.4
Балалардың және перзентханалық
мекемелерді медициналық құрал жабдықтар мен заттармен жабдықтауда төменгі нормативтік денгейге жеткізу
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2005 - 2006 жылда
2005 ж - 18,57
2006 ж - 18,16
Жергілікті бюджет
3.5
Мемлекеттік АМСК мекемелерін
нормативке сәйкес санитарлық
автокөліктермен қамтамасыз ету
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2005 жыл-2006ж.
2005 ж - 22,5 2006 ж - 3,34
Жергілікті бюджет
3.6
Облыстық мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау басқармасын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2005 - 2007 жылдар
2005 ж - 16,0
2006 ж - 26,8
2007 ж - 7,56
Жергілікті бюджет
3.7
Жедел медициналық жәрдем керсету
қызметін нормативке сәйкес санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету
Облыстық әкімиятқа,
денсаулық сақтау
министрлігіне ақпарат беру
"Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау департаменті" ММ,
Ақтөбе обл. бойынша қаржы Департаменті
2006 - 2007 жылдар
2006 ж – 8,36
2007 ж - 13,44
Жергілікті бюджет
Бағдарламаны дайындаған кездегі қолданылған мемлекеттік және басқа органдардың терминдері, сөз тіркестерінің қысқаша сездігі:
ФАП - фельдшерлік - акушерлік пункт
СДА - селолық дәрігерлік амбулатория
ҚР ДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ОДСБ - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
СЭБ - санитарлық - эпидемиологиялық бекет
ФП - фельдшерлік пункт
АМСК - алғашкы медициналық санитарлық көмек
АОА - аудандық орталық аурухана
СА - селолық аурухана
ЕПМ - емдеу - профилактикалық мекемесі