Құжат мәтініне өту

Об образовании комиссии по контролю за реализацией Программы жилищного строительства Мамлютского района на 2005-2007 годы

Қаулы · № 185 · қабылданған 09.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2005-2007-ekb-23372/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об образовании комиссии по контролю за реализацией Программы жилищного строительства Мамлютского района на 2005-2007 годы Күшін жойған Қаулы ·№ 185 ·09.03.2005
04.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании комиссии по контролю за реализацией Программы жилищного строительства Мамлютского района на 2005-2007 годы

Күшін жойған Қаулы ·№ 185 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании комиссии по контролю за реализацией Программы жилищного строительства Мамлютского района на 2005-2007 годы
Атауы (қаз.)
2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды бакылау жөнінде комиссия құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
185
Қабылданған күні
09.03.2005
Көрсетілген редакция
04.04.2024 23372_704690.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05SJ001561
ЭКБ идентификаторы
23372
Редакция идентификаторы
23372_704690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:03

0 2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды бакылау жөнінде комиссия құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабы 1 тармағына сәйкес, «205-2007 жылдарға арналған Қазакстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде Мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы №1461 Жарлығы және «2005-2007 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде комиссия құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 31 каңтардағы №26 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданында тұрғын үй құрылысын дамытудың Бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінді комиссия (ілгеріде -Комиссия) құрылсын.

2 2. Қоса берілген Комиссия туралы ереже;

қосымшаға сәйкес Комиссия құрамы бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Н.Василенкоға жүктелсін.

Келісілді
Аудандық мәслихаттың хатшысы
А.Нұртаев

4 Мамлют ауданы әкімдігінін

2005 жылғы «9» наурыздағы
№185 каулысымен бекітілді
2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй кұрылысы багдарламасын іске асыру үшін бақылау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. 2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін бақылау жөніндегі комиссия (ілгеріде - Комиссия) аудандық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 15 қазандағы №10/2 шешімімен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын (ілгеріде-Бағдарлама) іске асырудың тұрақты мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.

2 2. Комиссия өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасы заңдарын, мемлекет Елбасшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, баска да нормативтік-құқықтық актілерді, Мамлют ауданы әкімдігінің қаулыларын, аудандык мәслихат шешімдерін, сондай-ак, осы Ережені басшылыкқа алады.

3 3. Комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен құрылады.

4 4. Комиссияның дербес құрамы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

2 2. Комиссияның міндеттері, функциялары және өкілеттігі

5 5. Комиссияның міндеттеріне мыналар жатады:

1 1) Бағдарламаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру.

2 2) Бағдарламамен айқындалған нәтижелерге кол жеткізу.

6 6. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:

1 1) Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі тиісті органдарға ұсыныстарды пысықтау және енгізу;

2 2) Бағдарламаны іске асырудың мониторингін өткізу және тиімділігін бағалау.

7 7. Комиссия өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:

1 1) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды жергілікті атқарушы органдардан сұратуға;

2 2) өз мәжілістерінде Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде селолық округтер әкімдерінің есептерін тыңдауға;

3 3) ілгеріде Бағдарламаны іске асыру туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізуге;

4 4) оның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде шешімдерді қабылдауға.

3 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

8 8. Комиссия мәжілісі қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ кемінде тоқсанына бір рет.

9 9. Комиссия мәжілісі комиссия мүшелерінің жалпы санынан ұштен екісі болғанда, құқылы. Комиссия мүшелері оның мәжілістерінде ауысуға құқысыз қатысады.

10 10. Комиссия шешімі мәжіліске қатысып отырған оның мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болғанда, төраганың дауысы шешуші болып табылады.

11 11. Комиссия мәжілісіне Комиссия мүшесі болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

12 12. Комиссия төрағасы:

1 1) Комиссия қызметін басқарады және оның мәжілістерінде төрағалық етеді;

2 2) жоғары тұрған органдарға Комиссияның істелген жұмыстары туралы ақпарат береді.

13 13. Төраға болмағанда, оның міндеттерін төраға орынбасары орындайды.

14 14. Комиссия хатшысы:

1 1) Комиссия мүшелеріне мәжілістің уақыты мен орыны туралы хабарлайды;

2 2) Комиссия мәжілістеріне материалдар дайындауды ұйымдастырады;

3 3) Комиссия мәжілісінің хаттамаларын жүргізеді;

4 4) Комиссия төрағасына оның мүшелерімен дайындалған, қабылданған шешімдердің дер кезінде және сапалы орындалуын бағалаумен бірге істелген жұмыстары туралы есептерді ұсынады;

5 5) Комиссия төрағасының тапсырысы бойынша басқа қызметтерді жүзеге асырады.

15 15. Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық бөлімдер Комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға көмек көрсетуге міндетті.

16 16. Комиссияның жұмыс органы Мамлют ауданының қала құрылысы, құрылыс, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жәш автомобильдік жолдар бөлімі болып табылады.

39 Мамлют ауданы әкімдігінің

2005 жылғы « 9 » наурыздағы
№ 185 қаулысына қосымша
2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін бақылау жөніндегі комиссияның кұрамы
Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағанбетұлы - аудан әкімі, төраға
Василенко Нина Николаевна - аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Әмірин Қайсар Өмірбайұлы - аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көл және автомобильдік жолдар бөлімінің сәулетшісі
Белоногова Неела Никодимовна - Воскресенов селолық округінің әкімі
Данияров Жұмабай Ғалижанұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы
Мұстафин Ақсай Семенович – Мамлют қаласы әкімінің орынбасары
Селин Иван Алексеевич - аудандық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)
Сембаев Асқар Сейтахметұлы - аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің бастығының орынбасары
Ушакова Татьяна Халитовна - аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің бас маманы-қүрылысшы

Қолданыстағы