Об утверждении Программы по ремонту, строительству и развитию местных автомобильных дорог Акмолинской области на 2005-2007 годы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысының жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу, салу және дамыту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі №А-4/102 қаулысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу,салу және дамыту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (Қоса берілді).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Облыстық мәслихат сессиясының 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 3С-11-3 шешімімен бекітілген Ақмола облысы бойынша жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу,салу және дамыту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
Тарау 1. 1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ Атауы: Ақмола облысы бойынша жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу, салу және дамыту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. Өңдеуге негіздеме: 2004 жылғы 19 наурыздағы Президенттің Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 28 қарашадағы №730 «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы. Өңдеуші: Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Мақсаты: Жергілікті жүйедегі автожолдардың жағдайын 2008 жылға дейін тұрақтандыру. Міндеті: Автожолдардың апатты учаскелерін жою; жол ұжымдарының жол-жөндеу базасын дамыту; облыстық және аудандық жолдардың маңызды бөліктерін қалпына келтіру және жөндеу. Жергілікті автожолдарды күтіп ұстау мен жөндеуде шаруашылық субъектілердің қатысуына ықпал жасау. Автожолдардың күтімі мен жөнделуі және тиімді қолданылуына облыстық, аудандық және қалалық бюджеттерден бөліністің қаржы көлемін ұлғайту және оларды тиімді қолдану. Жүзеге асыру мерзімі: 2005-2007 жылдар. Қаражат көздері: Бағдарлама облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерден және басқа қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде: жергілікті жүйедегі автожолдардың жағдайын тұрақтандырылады; жол ұжымдарының жол-жөндеу базасын дамиды; облыстық және аудандық жолдардың маңызды бөліктерін қалпына келтіріледі және жөнделеді.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Ақмола облысындағы жергілікті жүйедегі автомобиль жолдарының қазіргі қалпы көліктердің жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіреді және барлық маусым кездерінде облыстағы ауылды жерлерге жету мүмкіндігіне жағдай тудырмай отыр. Ақмола облысы бойынша жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу, құрылысын салу және дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған осы бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес, Ақмола облысының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискальді саясаты есебімен өңделген. Бағдарлама өңделгенде қала мен аудан әкімдерінің, облыстық ІІББ жол полициясы басқармасының, автомобиль жолдарының күтімі мен жөнделуі және жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын мекемелер мен ұжымдардың ұсыныстары қарастырылды.
Тарау 3. 3. Жергілікті жүйедегі автожолдардың қазіргі жағдайын талдау
3. Жергілікті жүйедегі автожолдардың қазіргі жағдайын талдау Ақмола облысының жалпы қолданыстағы жергілікті автомобиль жолдары қашықтығының ұзындығы 5622,1 км, соның ішінде 2588,5 км облыстық маңызды, аудандық 3033,6 километрді құрайды. Қатты жабулы 2402,2 км немесе 42,7 %. Жергілікті жүйедегі автожолдарда 75 көпір, 2135 суөткізгіш құбырлар бар. Жалпы қолданыстағы автожолдардың 2004 жылғы күзгі тексерісі бойынша 1966,5 км жолда деформациялық «иректер», ойықтар, жарықтар, суға толы шұңқырлар бар, бұл жергілікті жолдың әрбір үшінші киллометрі қайта құрастыруды, күрделі және орташа жөндеуді қажет етеді дегеніміз. Жасанды жабдықтардың күтім сапасының коэфициенті 40,7 % құрайды, яғни әрбір екінші қондырғы нақтылы жөндеуді қажет етеді. Соңғы екі жыл ішінде, жергілікті жүйедегі автомобиль жолдарының күтімі мен жөнделуіне күрделі қаржы бөліну ұлғайды. Сонымен, 2003 жылы жолдардың ағымды жөндеуі мен күтіміне облыстық бюджеттен 119,7 млн. теңге, ал 2004 жылы-194 млн теңге бөлінді, яғни 2003 жылғыдан 162,1 %-ке өсті. Бірақ, жолдардың күтіміне облыстық бюджеттен бөлінетін қаражат, анық айтқанда жетпейді. Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен қаржыландыру нормасы бойынша, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 1 километрлік күтіміне 336,1 мың теңге қажет. Облыс жолдары бойынша 2004 жылы бұл көрсеткіш барлығы 75 мың теңгені құрады, яғни бұл нормативтегіден төрт есе кем. Аудандық маңыздағы автожолдарды күтудегі жағдай бұдан да нашар. Осы мақсаттарға 2004 жылы аудандық бюджеттен және шаруашылық субъектілерден жалпы облыс бойынша 104,4 млн. теңге, немесе әрбір 1 километрге 34,4 мың теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш берілген нормативті шарттан 10 есе кем болғандықтан, жергілікті жолдардың күтімі мен жөндеу сапасы төмен болды. Әсіресе қысқы кезеңде автомобиль жолдарының сапасыз күтімі, жолаушыларды автотасымалдауда жағымсыз жағдайлар туғызып, облыс жұртшылығынан орынды шағымдар мен арыздар туғызды. 2003 жылдан бастап облыстық маңызды автомобиль жолдарының орташа жөндеуіне облыстық бюджеттен қаражат бөліне бастады. Сонымен, осы мақсаттарға 2003 жылдары 91,2 млн. теңге, 2004 жылы 130,8 млн. теңге бөлінді. Бұл «Жалтыр-Макинск»-9 км,»Атбасар-Қима»- 8 км, «Новочеркаск-Егіндікөл»-10 км,»Ақкөл-Ивановск»-28,7 км автожол учаскелерін жөндеуге мүмкіндік туғызды. 2005 жылы «Жалтыр-Макинск»-8,4 км,»Егіндікөл-Жантеке»-56 км, «Егіндікөл-Жолан»«13 км автожолдарының орташа жөндеуіне 159,3 млн. теңге бөліну жоспарланып отыр. 2004 жылы, соңғы жылдар ішінде ең алғашқы рет, ұзындығы 16 км «Жалтыр-Макинск» автожол участкесінің күрделі жөндеуіне 218,7 млн теңге бөлінді. Облыстық автожолдарды жабуы мен жасанды қондырғыларын жөндеу аралық мерзімдерінің сақталмауы, күрделі жөндеу мен қатар орташа жөндеу бойынша да, олардың қанағаттанарлықсыз жағдайының негізгі себебі болып табылып отыр. Автожолдардың техникалық паспорты бәрінде бірдей бар емес. Соңғы жеті жыл ішінде жергілікті жүйедегі автожолдардың паспортын құруға облыстық және аудандық бюджеттерден қаражат бөлінбеді. Ең соңғы рет автомобиль жолдарының төлқұжаты 1998 жылы құрастырылған. Жергілікті автомобиль жолдары АОФ РММ «Қазақавтожол»,»Көкшетау жолдары» ААҚ,»Ақмола жолдары» ААҚ және сол қатарлы облыс аудан орталықтарында құрылған меншікті жол ұжымдарында өткізілген ашық тендер арқылы қамтамасыз етілуде. Алайда аталған ұжымдардың техникамен қамтамасыз етуі қанағаттанарлықтай емес, техниканың көптеген бөліктерінің пайдалану мерзімі әлдеқашан өткен. Жиі сынып, істен шығып тұрып қалу автомобиль жолдарының күтімі мен жөндеу жұмыстарының берілген уақытында орындалуына кедергісін тигізуде.
Тарау 4. 4. Жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу, салу және дамыту жөніндегі бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
4. Жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу, салу және дамыту жөніндегі бағдарламасының мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның басты мақсаты жергілікті жүйедегі автомобиль жолдарының жағдайын 2008 жылға дейін тұрақтандыру. Сонымен қатар, жол жүру қауіпсіздігі және жергілікті автомобиль жолдарының нашарлауының жалпы тенденциясын төмендету мен Ақмола облысы жұртшылығын көлікпен тұрақты қамтамасыз ету. Осыған байланысты Бағдарламаның міндеті: автомобиль жолдарын күтіп ұстау,жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын тиімді өткізу; жергілікті жүйедегі автомобиль жолдарын паспорттандыру; бөлінген қаржыны тиімді қолдану.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі механизмдері:
Тармақша 1
1) Жергілікті жүйедегі автомобиль жолдарының күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуінің, күтімінің сапасын жақсарту бойынша шаралар қолдану.
Тармақша 2
2) Жергілікті жүйедегі автомобиль жолдарының паспорттандырылуын өткізу.
Тармақша 3
3) Күрделі және орташа жөндеулерді көп талқандалған басылымдылығы бар автожолдарда жасау.
Тармақша 4
4) Жергілікті жүйедегі жолдардың күтімі мен жөндеу жұмыстарын жол-құрылыс ұжымдарының тендері негізімен орындау.
Тармақша 5
5) Жергілікті жүйедегі автожолдарда жоспарланған жұмыстарды уақытында қаржыландыру.
Тармақша 6
6) Аудандық және қалалық әкімдердің ай сайынғы ақпараты мен бекітілген формадағы есептерін Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жеткізу.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2005-2007 жылдар аралығында жергілікті жүйедегі автожолдардың күтіміне қаржыландыру көздерінен барлығы 2622,867 млн.теңге қажет. Қаржылау көздері бойынша: Облыстық бюджеттен 2038,290 млн.теңге,соның ішінде 2005 жылы - 373,175 млн.теңге, 2006 жылы - 730,026 млн.теңге және 2007 жылы - 935,089 млн.теңге. Жергілікті бюджеттен 303,477 млн.теңге,соның ішінде 2005 жылы - 94,075 млн.теңге,ал 2006 жылы - 102,247 млн.теңге және 2007 жылы - 107,155 млн.теңге. Шаруашылық субъектілерінен 281,100 млн.теңге, соның ішінде: 2005 жылы - 79,500 млн.теңге, 2006 жылы - 95,00 млн.теңге және 2007 жылы - 106,600 млн.теңге қаражат қажет.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже Ақмола облысы бойынша жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу,құрылысын салу және дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы шараларын жүзеге асыру мынадан тұрады:
Тармақша 1
1) Облыстың жергілікті жүйедегі жолдарын біртіндеп қалпына келтіру көзделіп отыр. Орташа жөндеуден 2005-2007 жылдар аралығында 1261,274 млн. теңгеге 276,9 км автожол, 61,5 млн.теңгеге 4 көпір, 18,357 млн. теңгеге 4 суөткізгіш құбырлар жөндеуден өткізіледі.
Тармақша 2
2) Осы мақсатқа бөлінетін қаржыны ұлғайту есебінен жергілікті жүйедегі автожолдардын күтімі мен ағымдағы жөндеуінің сапасы жақсарады. Үш жылдың ішінде облыстық бюджеттен 668,159 млн.теңге,жергілікті бюджеттен және басқа да көздерден 584,577 млн.теңге бөлу көзделіп отыр. 2008 жылға дейін 1 км автожолдың күтіміне облыстық бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі 1 километрге 90,3 мың теңгені,жергілікті және басқа да қаржы көздерінен 1 километрге 70,5 мың теңгені құрайды.
Тармақша 3
3) Жол-жөндеу және жол-құрылысы мекемелері әрі қарай дамытылады.
Тармақша 4
4) Жергілікті жүйедегі автомобиль жолдарының ең қауіпті учаскелерінің жағдайы тұрақтандырылып, барлық маусым кездерінде облыстағы ауылдық жерлерге жету қамтамасыз етіледі.
Тарау 8. 8. Жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу,салу және дамыту жөніндегі Бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары
8. Жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу,салу және дамыту жөніндегі Бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары № Аудан Автожолдар дың жағдайын жақсартуға қажетті шаралар ЖСҚ-ның бар болуы, өңделген жылы Орындалу мерзімі Жауаптылар 1 2 3 4 5 6 1 Ақкөл 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 263км -аудандық маңызды 106,5км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Күрделі жөндеу -«Ақкөл-Ивановск»2кмавтожол участігі –«Ж.Колутон-Журавлевка-Ақкөл-Ивановск-Минск»30км автожол –«Ж.Колутон-Журавлевка-Ақкөл-Ивановск-Минск» 88-ші километріндегі суөткізгішқұбыр 2006 2006 2005 2007 2007 2006 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 2 Аршалы 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 149км -аудандық маңызды 73км 200520062007 200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Күрделі жөндеу -»Ерейментау-Павловка-Новодолинка-Аршалы» автожол участігінің 71-ші километріндегі көпір -Аршалы кентіне кіре берістегі көпір бар бар 2006 2007 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 3 Астрахан 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 155км -аудандық маңызды 139км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Күрделі жөндеу -«Жалтыр-Макинск» автожол участігі 11.5км -«Жалтыр-Макинск» автожол участігі 9км бар бар 2006 2007 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 4 Атбасар 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 206км -аудандық маңызды 168км 200520062007 200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік Аудан бойынша барлығы: 5 Бұланды 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 110км -аудандық маңызды 198.7км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік -«Жалтыр-Макинск» 8,4км автожол участігі –«Жалтыр-Макинск» 17км автожол участігі бар бар 2005 2007 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 6 Егіндікөл 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 131км -аудандық маңызды 91км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Орташа жөндеу -«Новочеркаск-Егіндікөл-Жантеке»56км автожол участігі -«Егіндікөл-Бауман-Жолан» автожол участігі 13км және 32-ші километрдегі құбырлар бар бар 2005 2005 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 7 Еңбекшілдер 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 170км -аудандық маңызды 340.5км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Орташа жөндеу -«Щучье-Степняк» а/ж участігі 2006 2007 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 8 Ерейментау 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 127км -аудандық маңызды 181км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Орташа жөндеу -«Ақсу-Бестөбе-Изобильное» 30км а/ж участігі 2005 2006 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 9 Есіл 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 95км -аудандық маңызды 106.8км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік Аудан бойынша барлығы: 10 Жақсы 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 177км -аудандық маңызды 111.2км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Орташа жөндеу -«Жақсы-Қыйма-Державинск» 6км автожол участігі -«Атбасар-Қыйма» 9км а/ж участігі –«Жақсы-Қыйма-Державинск» автожол участігі 11км 2005 2005 2006 2006 2006 2007 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 11 Жарқайың 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 169км -аудандық маңызды 212.4км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Күрделі жөндеу -«Державинск-Маяк» автожолдарындағы көпірлер 2 және 22 км 2006 2007 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 12 Зеренді 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 207км -аудандық маңызды 465км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Күрделі жөндеу -Водопяновка кентіне кіре берістегі 1км тікбұрышты құбыр -«Зеренді-Қызыл Кордон-Подлесное-облыс шекарасы» а/ж 32км тікбұрышты құбыр бар бар 2007 2006 ЖК және АЖБ 3.Орташа жөндеу -«Алексеевка-Линеевка» 10км а/ж участігі 2005 2006 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 13 Қорғалжың 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 82км -аудандық маңызды 128км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Орташа жөндеу -«Қорғалжың-Арықты-Сабынды» 50км а/ж участігі 2005 2006 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 14 Сандықтау 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 168км -аудандық маңызды 188км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік 2.Орташа жөндеу -Острогорка кентіне кіре берістегі 5км темір-бетонды құбыр бар 2007 ЖК және АЖБ Аудан бойынша барлығы: 15 Целиноград 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 110.5км -аудандық маңызды 113.5км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік Аудан бойынша барлығы: 16 Шортанды 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 142км -аудандық маңызды 78км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік Аудан бойынша барлығы: 17 Щучье 1.Жергілікті жүйедегі автожолдардың күтімі мен ағымдағы жөнделуі -облыстық маңызды 127км -аудандық маңызды 333км 200520062007200520062007 ЖК және АЖБ Аудандық әкімдік Аудан бойынша барлығы: Автожолдардың техникалықтөлқұжаттарын өңдеу 2006 2007 ЖСҚ өңдеу 2006 2007 Бағдарлама бойынша барлығы: кестенің жалғасы Аяқталу формасы Мұқтаждық және қаржыландыру көздері Аудандық бюджет (млн. теңге) Шаруашылық субъектілер (млн.теңге) Облыстық бюджет(млн. теңге) 7 8 9 10 Мемқабыл дау актісі, есеп 5.000 5.275 5.528 1.2 1.6 1.8 22.487 22.660 23.746 Мемқабыл дау актісі, есеп 14.00 50.00 8.00 15.803 4.6 140.893 Мемқабыл дау актісі, есеп 2.718 2.867 3.005 2.0 2.4 2.6 13.373 12.837 13.453 Мемқабыл дау актісі, есеп 8.0 3.5 8.59 7.0 51.163 Мемқабыл дау актісі, есеп 3.150 3.323 4.483 4.9 5.5 6.1 13.663 13.354 13.994 Мемқабыл дау актісі, есеп 162.00 118.0 10.956 16.5 321.011 Мемқабыл дау актісі, есеп 14.837 15.653 16.404 2.3 2.8 3.1 16.830 17.748 18.599 46.894 8.2 53.177 Мемқабыл дау актісі, есеп 6.500 6.857 7.187 1.5 1.8 2.0 8.987 9.777 9.931 Мемқабыл дау актісі, есеп 55.00 255.00 20.544 5.3 339.695 Мемқабыл дау актісі, есеп 5.000 5.275 5.528 1.0 1.2 1.3 10.690 11.273 11.815 Мемқабыл дау актісі, есеп 85.0 19.275 15.800 3.5 138.053 Мемқабыл дау актісі, есеп 2.200 2.321 2.432 9.7 11.6 12.8 13.889 14.647 15.349 Мемқабыл дау актісі, есеп 110.00 6.953 34.1 153.885 Мемқабыл дау актісі, есеп 0 2.0 2.096 8.5 10.2 11.2 10.375 10.942 11.466 Мемқабыл дау актісі, есеп 45.846 4.096 29.9 78.628 Мемқабыл дау актісі, есеп 10.500 11.077 11.609 16.5 19.8 23.7 7.761 8.185 8.577 33.186 60 24.523 Мемқабыл дау актісі, есеп 6.000 6.330 6.634 4.6 5.5 6.1 14.460 15.250 15.981 Мемқабыл дау актісі, есеп 40.154 60.00 77.00 18.964 16.2 222.845 Мемқабыл дау актісі, есеп 1.800 1.899 1.990 1.0 1.2 1.3 13.807 14.561 15.259 Мемқабыл дау актісі, есеп 50.0 5.689 3.5 93.627 Мемқабыл дау актісі, есеп 2.757 2.909 3.048 3.2 3.8 4.1 16.911 17.835 18.690 Мемқабыл дау актісі, есеп 3.170 3.092 Мемқабыл дау актісі, есеп 70.00 8.714 11.1 129.698 Мемқабыл дау актісі, есеп 4.1 4.9 5.4 6.699 7.065 7.403 Мемқабыл дау актісі, есеп 100.00 14.4 121.167 Мемқабыл дау актісі, есеп 6.1 7.3 8.1 13.725 14.474 15.168 Мемқабыл дау актісі, есеп 4.095 21.5 47.462 Мемқабыл дау актісі, есеп 3.7 4.4 4.8 9.027 9.520 9.977 12.9 28.524 Мемқабыл дау актісі, есеп 5.2 6.2 6.9 11.601 12.234 12.821 18.3 36.656 4.0 4.8 5.3 10.375 10.942 11.466 14.1 32.783 10.00 10.00 3.00 3.50 281.1 2038.290 Қысқартылған сөздер: ЖСҚ-жоба-сметалық құжаттама ЖКжАЖБ-жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы