Қолданыстағы ред. 19.03.2005 (Редакция 24517_264857.kaz)

Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасын бекіту туралы от 19.03.2005 г. № 157 (Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасын бекіту туралы)

0

Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы №68 Қаулысына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

1

Облыстық Мәслихаттың
2005 жылғы 19 наурыздағы
ХІҮ сессиясының № 157
шешімімен БЕКІТІЛГЕН
Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылорда қаласы, 2005 жыл
МАЗМҰНЫ
Бағдарламаның төл құжаты 3-4 беттер
Кіріспе 5 бет
1.Еңбек рыногының қазіргі жағдайын талдау 5-10беттер
2.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Юбет

3

3. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі 10-15 беттер

1

1)Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын ашу 10-11 беттер

2

2)Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі 11 бет
жөніндегі шараларды қабылдау

3

3)Әлеуметтік қорғауды қажет ететін нысаналы топтарды 12-13 беттер
жұмыспен қамтуға ықпал жасау

4

4)Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту 13 бет

5

5) Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, 13 бет
жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды
ұйымдастыру

6

6)Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру 13 бет

7

7)Аймақтық жұмыспен қамту мәселесін шешуде жергілікті 13-14 беттер
атқарушы органдардың ролін көтеру

8

8) Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 14 бет
органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек
рыногы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын
жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке
жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру

9

9) Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға 14-15 беттер
ықпал жасау
4.Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 15 бет
5.Бағдарламаны іске асырудан күтілетін. нәтиже 15-18 бет
6.Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған 19-27 беттер
халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары.
ұйымдастыру;
5150 жұмыссызды, оның ішінде 2005 жылы - 1800, 2006 жылы - 1700, 2007 жылы - 1650 жұмыссызды кәсіби оқуға және қайта даярлауға жіберу;
нысаналы топтар үшін 330, оның ішінде: 2005 жылы -110, 2006 жылы - 110, 2007 жылы - 110 әлеуметтік жұмыс орындарын ашу есебінен еңбек рыногындағы қауырттылықты төмендетуге мүмкіндік береді.
2007 жылдың аяғына қарай аула аралау жолымен анықталатын жалпы жұмыссыздық денгейін 7,9 % дейін төмендету
Іске асыру мерзімі
2005-2007 жылдар
Кіріспе
Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жұмыссыздықтың өсуінің алдын алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптік өндірістің инновациялық дамуының, аграрлық саланың жоғары білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жариялы сектордағы халықтың жұмыссыздық денгейін төмендету, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс орындары санының теңгерімділігі, ұлттық еңбек рыногын қорғау жолымен өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында әзірленді.
Бағдарламада облыста соңғы жылдары қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуал, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларында көзделген жұмыссыздықты азайту жөніндегі шаралар ескеріледі.
Бағдарлама 2005-2007 жылдардағы кезеңде шешілетін міндеттердің тізбесін айқындайды, бұл міндеттерді шешу тетіктері мен одан күтілетін нәтижелерді қамтиды.
Бағдарлама экономика саласындағы жаңа жұмыс орындарының ашылуы арқылы өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге және кәсіпкерлік қызмет пен өзін-өзі жұмыспен қамтуды, жұмыс күшінің сапасын арттыруды қолдауға және рыноктағы бәсекелестік қабілеттің өсуіне, нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларға бағытталған еңбек рыногындағы белсенді саясатты жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
Бағдарламаны әзірлеу үшін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазакстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы, облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 621 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары» негіз болып табылады.

1

1. Еңбек рыногының қазіргі жағдайын талдау
Соңғы жылдары облыс экономикасында халықтың жұмыспен қамтылуының артуы және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. Жұмыспен қамтуға ықпал жасау шаралары жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру, шағын несиелендіру, жұмыссыздарды қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды дамыту жолымен біртіндеп белсенді сипат алуда.
2004 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 5 мекеме өндірісін толығымен, 19 - ішінара тоқтатты. 226 адам мәжбүрлі демалыста жүр. Нарық экономикасының шарттарында бұл кәсіпорындарды қалпына келтіру мүмкін емес, ал облыс басшылығының өнеркәсіптің құрылымын өзгертуді жүзеге асыру, кіші кәсіпкерлікті дамыту және тағы басқа қабылдап жатқан шаралары әзірге жұмыспен қамту мәселесін жеңілдете алмайды.
Еңбек рыногындағы жағдай жұмыспен қамтылған халық санының артуымен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады.
Еңбек рыноғының талдауы
Статистика басқармасының деректері бойыніпа облыс экономикасында 2004 жылы 266,7 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл осының алдындағы жылғыдан 12,0 мың адамға немесе 4,7 % артық.
Жұмыспен қамтылғандар арасында 54,3% (146,9 мың адам) - жалданбалы қызметкерлер, 44,9 % (119,8 мың адам) - өзін өзі жұмыспен қамтығандар.
Жұмыссыз халықтың саны 29,3 мың адамды құрады, бұл 2003 жылға қарағанда 2,4 мың адамға немесе 8,3% - ға кем.
2004 жылы аула аралау жолымен анықталатын жалпы жұмыссыздық деңгейі 10,1% (29,9 мың адам) құрады. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. 2004 жылдың аяғына тіркелген жұмыссыздық деңгейі әлдеқайда төмен - 1,8 % болды, бірақ бұл деңгей де Қазақстан бойынша орташа жұмыссыздық деңгейінен 0,3-ке жоғары.
Тіркелген жұмыссыздар үлесінің азаю үрдісі байқалады. Олардың саны 2003 жылмен салыстырғанда 2,9 мың адамға азайды және 5,5 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуінің негізгі себептері атаулы әлеуметтік көмек алушыларды аса қажеттілік ұстанымы бойынша оңтайлату және халықты еңбекке бейімдеу, сонымен қатар жұмыссыздардың уақытша қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына, оларды жұмысқа орналастыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға байланысты болып отыр.
2004 жылы жұмыспен қамту органдарына 17,7 мың адам хабарласты, солардың ішінде әйелдер - 9,1 мың, 16-24 жас аралығындағы жастар - 4,8 мың. Бұлар негізінен мерзімі аяқталуына байланысты жеке еңбек шартын тоқтатқан азаматтар, еңбек рыногына алғаш шыққан және ұзақ уақыт жұмыс істемеген жастар. Жұмыссыздардың орташа жас шамасы 35-44 аралығындағылар. Хабарласқандардың орташа жұмыс іздеу уақыты 3 айдан кем емес мерзімді құрайды.
Жұмыспен қамту органында тіркелген жұмыссыздардың білімділік деңгейі бойынша құрамы: орта білімді жұмыссыздар- 66,2%, орта кәсіптік білімділер- 13,9%, жоғары кәсіптік білімділер- 6,1%.
Жұмыссыздардың жалпы санының көпшілігін жұмысшылар - 57,5%, қызметкерлер - 15,0%, басқа санаттағылар - 27,5% құрайды.
Тіркелген жұмыссыздардың біліктілік деңгейі бойынша ең жоғарғы үлесі (66,2%) жұмыс іздеуде күрделі қиыншылық көріп жүрген біліктілігі жоқ жұмыссыздар құрайды.
Облыс үшін халықтың жеткіліксіз еңбекке жұмылдыруы мен ұсыныстардың кәсіби- біліктілік саласы мен сапалық сәйкес келмеуі себептерінен жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне жетімсіз сұраныммен сипатталып отыр. Кәсіптік, біліктілік, жасаралық, жынысаралық аспектілердегі бос орын құрылымы жұмыссыздар құрамына сәйкес келмейді. Мысалға, облыста мұнай және газ саласына 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, ағылшын тілін білетін, жоғарғы білікті мамандарға үнемі қажеттілік болады. Сонымен қатар жұмыс берушілерден жұмысшы, құрылысшы мамандықтарына сұраныстар түседі. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың көпшілігі үшін жартылай біліксіздік, өз мамандығы бойынша жұмыс істеу дағдысын жоғалту сипатында. Олардың көпшілігі жылдар бойы жұмыс істемегендер, немесе практикалық жұмыс тәжірибесі жоқ оқу орындарын бітірушілер. Жұмыс берушілердің талаптары күшейді. Еңбек рыногында жоғарғы біліктілігімен, жаңа техника, қазіргі технологиядан тереңдетілген білімділігімен айрықшалатын мамандар ерекше сұранысқа ие. Сонымен қатар, көптеген кәсіби мектептер жұмыс берушілердің қазіргі талаптарына сәйкес мамандарды дайындауға әзір емес, тозығы жеткен, ескірген жабдықтарда жоғарғы бейімді мамандарды дайындау мүмкін емес.
Білім беру қызметтерінің нарығы жұмыс орындар сұраныстардың өзгерісіне шұғыл жауап беруге дайын болмады, бүл білікті жұмысшы мамандары тапшылығының проблемасын шешуге және жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныстың сәйкессіздігін жоюға мүмкіндік бермейді. Мысалға, өткен жылдың қорытындысымен жұмыспен қамту органдарының тізімінде тұратындар: заңгерлер- 286, мұғалімдер мен тәрбиешілер- 624, экономистер мен қаржыгерлер- 368, кітапханашылар- 45, бірақ облыстың оқу орындары осы мамандықтарды даярлауды жалғастырып келеді.
Облыста еңбек нарығы жай күйінің мониторингі үшін деректер базасы құрылып, ол облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін республикалық базаға қосылған. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ай сайынғы бос орындар банкі 120- 127
бірлікті құрайды. Бірақ кәсіптік белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен айына бір жұмыс орнынан орта есеппен 11-12 жұмыссыз үмітті.
2004 жылдың аяғына облыс бойынша жұмыс берушілерден 145 бос жұмыс орындарына сұраныстар түскен. Есеп деректерінде «АИСТ» бағдарламасы бойынша Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында жыл бойына бірде-бір бос жұмыс орны көрсетілмегенін атап айту керек.
Кедейлікті төмендету жөніндегі, 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Жаңа жұмыс орындары. 2004 жылы облыста 4750 жаңа жұмыс орындары ашылған, 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету бағдарламасының көрсеткіші (1700) 279,4 пайызға орындалды. Соның ішінде 1414 жұмыс орындары немесе 30 % ауылдық жерлерде құрылды. Жаңа жұмыс орындары ауыл шаруашылығы саласында -339, өнеркәсіпте -1439, саудада -822, құрылыста - 262 және 1888 жұмыс орындары экономиканың басқа салаларында ашылған.
Жұмысқа орналастыру. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың көмегімен өтінішпен келгендердің әрбір екіншісі (2003 жылғы 6,6 мың адаммен салыстырғанда 7,2 мың адам) жұмысқа орналастырылды.
Қоғамдық жұмыстар. 2004 жылы қоғамдық жұмыстарға 11861 адам жіберілді (жұмыспен қамту қызметіне хабарласқандардың 67,1 %). Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға бюджеттен 177,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Жұмыспен қамту саласындағы белсенді саясаттың бүл түрі ұзақ уақыт жұмыс істемеген және мамандығы жоқ халықтың еңбек дағдысын қалыптастыруға және сауықтыру үшін тиімді.
Кәсіби даярлау және қайта даярлау. 2004 жылы жұмыссыздардың кәсіби бейімделуін жақсарту үшін жұмыспен қамту қызметімен 1961 жұмыссыздар кәсіби оқытуға жіберілді, соның 42,7 % жастар, 35,8 % ауылдық жерлердің тұрғындары құрады. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қайта даярлауға жергілікті бюджеттен 13,4 млн.теңге қаржы төленді.
Оралмандар. Жұмыспен қамтудың басымдылығы, қоғамдық жұмысқа тарту, кәсіптік оқуға жіберу және жұмыспен қамту органдарында тіркелген оралмандарды қайта даярлау шаралары жолға қойылған. 2004 жылы хабарласқан 105 оралманның 70%- нан астамы жұмысқа орналастырылған және жұмыспен қамтудың белсенді түрімен қамтылған. *
Сонымен қатар, қолданылып жатқан шараларға қарамастан Арал, Қазалы аудандарының ауылдық жерлерінде және Қызылорда қаласында жұмыссыздардың саны жоғарғы деңгейде сақталып түр.
Жастар арасындағы жұмыссыздық негізгі проблема болып отыр - 2004 жылы 24 жасқа дейінгі жастардың 22,9 % жұмыс істемегендер. Екінші проблема - жұмыссыздықтың ұзақты, тұрақты сипаты: жұмыссыздардың 45 % 9 айдан астам жұмыс істемегендер.
Жастар арасындағы жұмыссыздық проблемаларын шешу қанағаттандырғысыз болып түр, әсіресе ауылдық жерлерде. Есепті жылдың басынан бастап, облыстың жұмыспен қамту органдарына хабарласқандардың ішінен 4810 - жастар, оның 1888 адамы жұмысқа орналастырылған немесе 39,2%. Арал ауданында жұмыспен қамту органдарына 2264 жұмыссыз хабарласқан, соның ішінде 50% немесе 1110 адамы ауылдық жерлерден, 24,7% немесе 560 адам 16-24 жас аралығындағы жастар. Сырдария ауданында 1268 жұмыссыз, хабарласқандардың 52% жастар құрайды.
Еңбек нарығындағы өзекті проблемалар:
тиімсіз жұмыспен қамтудың басым болуы;
жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың біліктілік- кәсіби құрылымының сәйкессіздігі;
білікті мамандардың еңбек әлеуетін жоғалтуы;
білім беру жүйесіндегі еңбек рыногының талаптарына бейімделу жеткіліксіздігі, әсіресе біліктілігі бойынша жұмыс күшіне сұраныстың келешектегі есебі жағынан;
мамандар даярлаудың экономика қажеттіліктеріне сәйкес болмауы; халықтың жекелеген топтарын (оралмандар, әйелдер, жастар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, жазасын өтеп келгендер, мүгедектер) жұмысқа орналастыру қиындығы;
шекаралас мемлекеттерден келетін жұмыс күшінің заңсыз ағымдары болып табылады.
Болжам бойынша 2005-2007 жылдары 45,3 мың адам жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдарға өтінішпен барады, олардың шамамен жартысы жұмысқа орналастырылатын болады (1-қосымша).
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын өзгерту жағдайында импорталмастыруға бағытталған құрылымдық-технологиялық қайта құруына, өнеркәсіп саясатындағы басымдықтарды таңдауына сәйкес, өндірісті әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын құру, білікті жұмыс күшіне тапшылықтың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Жұмыс күшіне сұраныс сипатындағы және оның кәсіптік -біліктілік құрамындағы құрылымдық қайта құру кезінде өзгерістерге апарып соғады. Тиісінше, кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың көлемі мен бейіні де өзгеруі тиіс.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырумен бірге өнеркәсіпте істейтін адамдар саны да едәуір көбейеді деп күтілуде.
Агроөнеркәсіп кешенін, тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы, құрылыс бейініндегі мамандарға сұраныс артады деп күтілуде.
Мұнайгаз өнеркәсібінің даму перспективалары облыстағы көш бастаушылық жағдайына байланысты, осы саладағы кадрларды даярлау мәселесі жаңа тәсілдерді талап етеді.
Нарық инфрақұрылымы, халыққа тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету, көлік, байланыс, денсаулық сақтау, мектептегі білім беру, ғылым қызметкерлеріне тұрақты сұраныс болады деп болжанып отыр.
Қоғамды ақпараттандырудың дамып келе жатқан процесіне байланысты компьютерлік технологияны игерген білікті мамандарға және техникалық
орындаушыларға сұраныс көбейеді. Мүгедектер тарапынан жұмыс орындарына тұрақты сұраныс сақталады.

2

2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайту.
Бағдарламаның міндеттері:
экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын ашу;
жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шараларды қабылдау;
әлеуметтік қорғауды қажет ететін нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау;
кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру;
аймақтық жұмыспен қамту мәселесін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін көтеру;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру;
білім беру ұйымдарының бітірушілерін жұмыспен қамтуға ықпал жасау.

3

3. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
Халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуін ынталандыратын шаралар өзіне келесі міндеттерді іске асыруды қосады

1

1) Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын ашу
Жаңа жұмыс орындарын ашу:
индустриялық-инновациялық даму өңірлік бағдарламасын және бірқатар салалық бағдарламаларды іске асыру. 2005-2007 жылдары барлық экономикалық іс-қимыл салаларында 20,9 мың жаңа жұмыс орындарын ашу (1-қосымша), сол сияқты ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарау жолымен инвестициялық бағдарламаларды әзірлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындары ашылатын болады;
нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
қоғамдық жұмыстарға жұмыспен уақытша қамтуды дамыту;
кәсіптік оқу орындарын аяқтағаннан кейін, жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастыруды «Жастар тәжірибесін» (жұмыс орнындағы тәжірибе және сынақ мерзімі) ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамаларын, бос жүмыс орындарын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда, азаматтардың еңбек қүқықтары бөлігінде бұзушылықтарды анықтау жөніндегі жұмыс жан д ан д ыры л ад ы.
Қызылорда облысында мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 2005-2007 жылдары құрылатын жұмыс орындарының саны

2

2) Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шараларды қабылдау
Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі болуы үшін кәсіптік даярлауды еңбек рыногындағы қажеттіліктерге сәйкес жетілдіру, еңбек рыногындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингі қажет.
Бұл ретте мыналар:
еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың және білім беру қызметтері рыногындағы мамандар даярлаудың көлемін, бейіндері мен мерзімдерін болжау;
жұмыс берушілердің таяудағы үш жылда жүмыс күшіне деген қажеттілігін айқындау және кадрлар жүйесін экономика қажеттіліктерімен сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жүзеге асыру;
жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетін арттыру; қажетті өндірістік сынақтан өткізу үшін кәсіби білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушыларына қолайлы жағдай жасау;
еңбек рыногында талап етілетін кәсіптер, мамандықтар бойынша олардың еңбек қызметіне уәждемесін арттыру, оқушылардың кәсіптік бағдарлауын дамыту көзделеді.

3

3) Әлеуметтік қорғауды қажет ететін нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау
Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру: *
оралмандарды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту, жұмысқа тұруына ықпал жасау;
әлеуметтік жұмыс орындарын құру (1-қосымша);
кәсіптік даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға әрі қоғамдық жұмыстарға жіберу кезінде басымдықты құқық;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысқа орналастыру;
кәсіптік бағдарлау, хабардар ету, консультациялар беру;
екі-үш аралас мамандықтарға оқыту жолымен бәсекелестік қабілетін арттыру, әсіресе жастарды;
оралмандарды жергілікті еңбек рыноктарында қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қоныстандыру;
нысаналы топтарды жұмыспен қамту мониторингін жүргізу;
бос жұмыс орындары туралы мәліметтер жариялау;
жұмыспен қамту және қылмыстық-орындау жүйесі органдарының өзара әрекет етуі есебінен қамтамасыз етіледі.
Жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және олардың әлеуметтік еңбекке бейімделуі мақсатында:
жастарды бірінші кезекте бос жұмыс орындарына және бос лауазымдарға жұмысқа орналастыру, жұмыссыз жастар үшін жұмыс іздеу кезеңін қысқарту;
балалар үйінде тәрбиеленушілер, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды жұмыспен қамту бойынша лайықты жұмыс ұсыну, соның ішінде алдын ала оқыту, қоғамдық жұмыстарға жіберу есебінен пәрменділік шаралар қабылдау;
оқу орындарымен байланысты нығайту, оларда жұмыспен қамту күндерін, ашық есік күндерін өткізу. Жүмысқа орналасу немесе жеке ісін ашу үшін жастарды еңбек рыногының жағдайы, қажетті мамандықтар, мамандықтар алу мүмкіндіктері жөнінде хабардар ету, жұмысшы мамандықтарын насихаттау;
шектес мамандықтарға оқыту есебінен жастардың жұмыспен қамтылмаған бөлігінің кәсіби икемділігін көтеру;
кәсіптік бағдар беру қызметтері мен психологиялық қолдау көлемін, соның ішінде жастардың мемлекеттіқ емес ұйымдармен әлеуметтік әріптестікті кеңейту есебінен ұлғайту
жұмыс іздеушілер клубында арнаулы жастар топтарын құру;
жастар кәсіпкерлігінің дамуына, соның ішінде арнаулы оқу курстарын ұйымдастыру, жеке ісін ұйымдастыру бойынша кеңестік көмек беру есебінен жәрдемдесу;
жұмыспен қамтылмаған жастарды қоғамдық, 'уақытша жұмыстың басқа түрлеріне тарту;
жастардың мемлекеттік емес ұйымдарының жобалары бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
жастарды жұмыспен қамтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, құқық бұзушылықты азайтуға бейімделген әлеуметтік жобаларды қолдау;
жастардың шаруашылық құрылымдарын құру үшін және оларға жалгерлік төлемнің көлемін азайту, әсіресе ауылдық жерлердегі жастар үшін әртүрлі қаржылық-несиелік жеңілдіктерді ұсыну; *
еңбекке бейімделу және өндіріске бекіту мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беру;
жастардың бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу;
ұйымдарда тәлімгерлік жүйесін - тәжірибелі жұмыскерлердің білімі мен еңбек дағдыларының кәсіби шеберлігін жастарға табыстауды жаңғырту болжануда, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасында жұмысқа орналастыруға келісім шарт жасау шаралары қабылданатын болады.

4

4) Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту:
жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ұйымдастыру және қызметтердің жеке меншік салаларын дамыту;
дәстүрлі ұлттық кәсіпшіліктің, үйде істейтін және кәсіпшілік өндірістерінің жаңғыруына жәрдемдесу;
жұмыссыздарға материалдық көмек беру жолымен олардың жеке ісін ұйымдастыруына жәрдемдесу;
одан әрі өзін өзі жұмыспен қамту мақсатында жұмыссызды оқуға жіберу;
кәсіпкерлікті қолдау қорлары арқылы шағын несиелер беру есебінен жүзеге асырылатын болады.

5

5)Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қайта даярлауды ұйымдастыру
Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру еңбек рыногындағы жұмыссыздардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолымен оларды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау арқылы жүргізілетін болады (1-қосымша).

6

6)Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру
2005-2007 жылдары қоғамдық жұмыстардың басым дамуына байланысты жол құрылысы мен оларды жөндеуге, елді мекендер мен өңірлердің санитарлық-эпидемиологиялық жай күйін жақсартуға, өңірлердің инфрақұрылымын (коммуналдық желілер, телефондандыру, электр тарату желілерінің құрылысы және т.б.), көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған қоғамдық жұмыстарды кеңейту мен қайта бағдарлау және әлеуметтік қызметтер көрсету көзделеді (1-қосымша).

7

7) Аймақтық жұмыспен қамту мәселесін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін көтеру
Жергілікті атқарушы органдармен:
бос орындар туралы ақпарат жинау жөніндегі жұмыстарды еңбек инпекциясымен бірігіп жандандыру;
халықты және жұмыс берушілерді еңбек рыногындағы ахуал туралы хабардар ету, буклеттер, жадынамалар, плакаттар тарату арқылы жұмыс іздеуге жәрдемдесу, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жариялау;
жұмыс іздеуде қиындық көретін азаматтарға консультациялар беру;
лайықты жұмыс таңдауға, оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерін, жұмыс іздеу клубтарының қызметін ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға жіберу жолымен жәрдемдесу;
еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілеттілікті арттыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға жіберу;
еңбек рыногындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингін жүргізу; ■
жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жаңа жұмыс орындарын ашу жолымен іске асыру, нысаналы топтарды қоса алғанда, еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың сапасын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейту және қайта бағдарлау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

8

8)Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру:
жұмыспен қамту органдарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекеттерін кеңейту, оларды «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелеріне қатысуға тарту, жұмыссыздарды кәсіби оқыту, қайта даярлау, біліктілгін арттыруға бағытталған треннингтер мен семинарларды ұйымдастыру мен өткізу процестеріне тарту;
ұйым қызметкерлерін өндірісішілік оқыту, сондай-ақ босатылуға жататын қызметкерлерді, олардың еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілеті мен кәсіптік ұтқырлығын арттырудың маңызды құралы ретінде, ілгерілеп кәсіптік оқыту жүйесін дамыту;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдар, білім беру ұйымдары мен өнеркәсіпшілер Одағы және жұмыс берушілер арасында Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы келісім жасасу арқылы білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесі бойынша өзара әрекет ету жолымен жүзеге асырылады.

9

9)Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға ықпал жасау
Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу:
жоғары оқу орнының шәкірті мен жұмыс берушінің арасында жұмысқа орналасуға шарт жасасу;
кәсіптік білім беру орындарын бітіргеннен кейін одан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен жұмыспен қамту органдары арқылы жастар практикасын (сынақ мерзімі мен тәжірибені жұмыс орнында өткізу) ұйымдастыру;
жас мамандар сынақ мерзімдерін мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі мамандықтар бойынша конкурстық іріктеу қорытындысымен өткізу.
Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі жүзеге асырылатын болады.

4

4. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттердің қаражаты 499,4 млн. теңге көлемінде (2-қосымша), оның ішінде:
2005жылы - 162,9 млн.теңге;
2006жылы - 169,5 млн.тевде;
2007жылы - 167,0 млн.теңге көзделеді.
Бағдарламаны 2006-2007 жылдары іске асыру үшін қажетті бюджеттік қаражат көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

5

5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Осы бағдарламадан туындайтын іс-шараларды орындау жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және жұмыссыздық деңгейін азайтуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыру есебінен 2005-2007 жылдары:
20286 жұмыс орнын құру (2005 ж. - 5319, 2006 ж. -6706, 2007 ж. -8261) және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарының азаюына жол бермеу;
19050 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу (2005 ж. - 6600, 2006 ж. - 6300, 2007 ж. - 6150);
20900 адам үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру (2005 ж. - 7000, 2006 ж. -7000, 2007 ж. - 6900);
5150 жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу (2005 ж. -1800, 2006 ж. -1700, 2007 ж. - 1650);
нысаналы топтар үшін 330 әлеуметтік жұмыс орындарын кұру (2005 ж. -110, 2006 ж. -110, 2007 ж. - 110);
жұмыссыздарға бизнесін ұйымдастыру үшін «Шағын кәсіпкер әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Қызылорда филиалы, «Когис шағын несиелендіру үйымы» ЖШС-і, «Арал-Инвест шағын несиелендіру ұйымы» ЖШС-і тарапынан шағын несиелер (несиелендірілуіне қарай) беру;
2008 жылдың басына аула аралау жолымен анықталатын жалпы
жұмыссыздық деңгейін 7,9 пайызға дейін азайту көзделіп отыр.
Халықты жұмыспен қамту бағдарламасының 2005-2007 жылдарға арналған көрсеткіштері
2005-2007 жылдарға халықты арналған жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру шығындары
Аудандар бойынша 2005-2007 жылдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламасы көрсеткіштерінің болжамы
Аудандар бойынша 2005-2007 жылдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың болжамды шығындары

6

6. Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындалуына жауаптылар
Іске асыру (орындау) мерзімі
Болжамды шығыстар млн.теңге
Қаржылан-дыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
Халықты жүмыспен қамту деңгейінің өсуін ынталандыратын шаралар
1. Экономика салаларыида жана жұмыс орындарын қүру
1.
Экономиканың түрлі салаларында 20970 жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету, оның ішінде:
2005 жылы - 5526 жаңа жұмыс орындары
2006 жылы - 7205 жаңа жұмыс орындары
2007 жылы - 8239 жаңа жұмыс орындары
*
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ жэне ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері, ҚоКжәнеӨД; ҚоАШД; ҚоБД; ҚоДСД; ҚоСҚҚжәнеҚД; ҚоТР жәнеТПРД; ҚоМД; ҚоЖКжэнеАЖБ; ҚоЖД жәнеТЖБ; ҚоЖҚБ; дене тәрбиесі және спорт бөлімі
Ай сайын, тоқсан сайын
Талап етілмейді
2.

**
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру Барлығы 330, соның ішінде:
2005 жылы - 110 жұмыс орны
2006 жылы - 110 жұмыс орны
2007 жылы - 110 жұмыс орны
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
Тоқсан сайын
Барлығы 7,2 млн. тенге , соның ішінде:
2005 ж.- 2,3*
млн.теңге;
2006 ж. - 2,4
млн.теңге;
2007 ж. - 2,5 *
млн.теңге.
Аудандық жэне қалалық бюджеттер
3.
Бос жұмыс орындарын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда азаматтардың еңбек құқықтары бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау бойынша бақылауды күшейту
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Еңбек және элеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (келісім бойынша), ҚоЖҚҮжәнеӘБД аудандық жэне қалалық бөлімдері
Тоқсан сайын
Талап етілмейді
2. Жұмыс күшіне сұ
раныс пен ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шараларды қабылдау
4.
Еңбек рыногындағы және білім беру қызметтері рыногындағы мамандар даярлау көлемдерге, бейіндерге және мерзіміне сұраныс пен ұсынысты болжауды жүзеге асыру
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
ҚоБД; ҚоЭжәнеБЖД; ЖҚҮжәнеӘБД; кәсіподақ Кеңесі мен өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер Одағының қатысуымен (келісім бойынша) аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
2006-2007 жылдардың Қыркүйегі
Талап етілмейді
5.
Жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жұмыс берушілердің жұмыс күшіне таяудағы 3 жылға қажеттілігін анықтау және кадрлар даярлау жүйесін экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асыру
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
ҚоБД; ҚоЭжәнеБЖД; ЖҚҮжәнеӘБД; кәсіподақ Кеңесі мен өнеркәсіпші-лер және кәсіпкерлер Одағының қатысуымен (келісім бойынша) аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
Жыл сайын, 1 наурызға
<•
Талап етілмейді
6.
Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануын дамыту, олардың еңбек рыногында талап етілетін кәсіптер, мамандықтар бойынша еңбек қызметтеріне уәждемесін арттыру
Облыс әкімияты Қызылорда облысының ЖҚҮ жэне ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері, ҚоБД
2006 жыл, II тоқсан
Талап етілмейді
3. Әлеуметтік қорғауды қажет ететін нысаналы топтарға жұмыспен қамтуға ықпал жасау
7.
Оралмандарды жергілікті еңбек рыногында қалыптасқан жағдайды және кәсіптер (мамандықтар) мен жағдайлар бөлінісінде еңбекке қабілеттерінің санын әкелу кестесін, орналастыру аудандарын, ескере отырып, орналастыру
Облыс әкімиятына, Қызылорда облысының ЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша көші-қон комитеті (келісім бойынша)
Тоқсан сайын, 2005-2007 жылдар
Талап етілмейді
8.
Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылу мониторингі
Облыс әкімиятына, Қызылорда облысының ЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
Жыл сайын, II және ІҮ тоқсан
Талап етілмейді
9.
Бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру
Облыс әкімиятына, Қызылорда облысының ЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар жэне Қызылорда қаласының әкімдері,
ҚРӘМҚАЖКҚоБ (келісімі бойынша)
Тоқсан сайын
Талап етілмейді
10.
Жазасын өтеп жүрген адамдарды оқытуды ұйымдастыру мақсатында қылмыстық-орындау жүйесі органдарына еңбек рыногында сұраныс бар кәсіптер, мамандықтар тізбесін ұсыну
Облыс әкімиятына, Қызылорда облысының ЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері,
ҚРӘМҚАЖКҚоБ (келісімі бойынша)
Жыл сайын, 1 сәуірде
Талап етілмейді
11.
Жастардың шаруашылық құрылымдарын құру үшін және оларға жалгерлік төлемінің көлемін азайту, әсіресе ауылдық жерлердегі жастар үшін әртүрлі қаржылық-несиелік жеңілдіктерді үсыну
Облыс әкімиятына, ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласы әкімдері, ҚоАШД; ҚоКжэнеӨД
2006-2007 жылдары Қараша
Талап етілмейді
4. Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
12.
Шағын бизнес субъектілеріне пайдаланылмайтын объектілерді, жер учаскелерін, аяқталмаған құрылыс объектілерін, нысаналы топтардан адамдарды жұмысқа қабылдаудың міндетті шартымен, мүлікті жалға алуға (жалдауға) беруді қамтамасыз ету
әкімияттар-
ДЫҢ
қаулылары
Аудандар жэне Қызылорда қаласының әкімияттары, ҚоҚД; ҚоКжәнеӨД
Жыл сайын, ІҮ тоқсан
Талап етілмейді
13.
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда,
Облыс
Аудандар жэне
2005-2007
Талап етілмейді
әйелдердің өзін-өзі жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету үшін ауылда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі нысандарын, ұлттық көркемдік кәсіпшілікті дамыту
әкімиятына, Қызылорда облысының ЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Қызылорда қаласының әкімдері, ҚоАШД
жылдар, тоқсан сайын
14.
Жұмыссыз жастарға жеңілдетілген шағын несиелер берудің тетігін әзірлеу
әкімият қаулысы
ҚоКжәнеӨД
2005 жыл, ІҮ тоқсан
Талап етілмейді
15.
Өз ісін ұйымдастыру жөніндегі арнаулы оқу курстар, консультативтік көмек
Облыс әкімиятына, Қызылорда облысының ЖҚҮ жэне ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері, ҚоАШД; ҚоКжәнеӨД, Қазақстан жастарының Конгресі (келісім бойынша)
Жыл сайын, Қараша
Талап етілмейді
5. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту жэне қайта даярлауды үйымдастыру
16.
Жұмыспен қамту органдарының өтінімдері бойынша 5150 жұмыссыздарды оқуға жіберу және кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұймдастыру, соның ішінде:
2005 ж.- 1800 адам
2006 ж.- 1700адам
2007 ж.- 1650 адам
Есеп
Аудандар және Қызылорда қаласы әкімдері
Тоқсан сайын
♦ Барлығы 42,7 млн.теңге, соның ішінде:
2005 ж.-14,3
млн.теңге;
2006 ж:-14,1
млн.теңге;
2007 ж.-14,3
млн.теңге.
Аудандық және қалалық бюджеттер
17.
Жұмыссыздарды және жұмыссыз халықты кәсіби оқытудың білім беру мекемелері мен білім беру бағдарламаларының біртұтас ақпараттық банкін құру
Деректер қоры
ҚоБД
2006 жыл, I тоқсан
Талап етілмейді
18.
«Профи - 2005» конкурс - кәсіби дайындық курстарынан өткен жұмыссыз жастар арасында конкурс өткізу
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және
ӘБД-не қаулы
ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері, ҚоЖҚҮ және ӘБД, Қазақстан жастарының Конгресі (келісім бойынша)
2005 жыл, II
жартыжылдық
Талап етілмейді
6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру
19.
20900 жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру
Есеп
Аудандар жэне Қызылорда қаласының әкімдері
Ай сайын
Барлығы 453,7 млн.теңге оның ішінде
2005 ж.-147,6
млн.теңге;
2006 ж.-154,4
млн.теңге;
2007 ж.- 151,7
млн.теңге.
Аудандық және қалалық бюджеттер
20
Жол құрылысына және өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға, әсіресе ауылдық аумақтардағы көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған қоғамдық жұмысты кеңейту және қайта багдарлау.
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және
ӘБД-не ақпарат,
қаулы
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
Тоқсан сайын
Талап етілмейді
* 7. Аймақтық жұмыспен қамту мәселесін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін көтеру «
21.
Аумақтық халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жасау және іске асыру
Әкімдіктердің қаулылары
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімияттары
2005 жыл, Сәуір
22.
Өңірлік ақпараттық бос орындар базасын толықтыру
ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
Тұрақты
23.
19050 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ықпал жасау, оның ішінде
2005 жылы - 6600
2006 жылы - 6300
2007 жылы-6150
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
2005-2007 жылдар
Талап етілмейді
-
24.
Халықты және жұмыс берушілерді буклеттер, жадынамалар, плакаттар тарату жолымен еңбек нарығындағы ахуал, бос жұмыс орындары туралы хабардар ету.
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
Тоқсан сайын
Талап етілмейді
25.
Жұмыста ұзақ үзілісі бар немесе жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздарды
Облыс әкімиятына,
Аудандар және Қызылорда қаласының
II және IV тоқсан, жыл
Барлығы- 0,44 млн.теңге оның
Аудандық және қалалық
әлеуметтік-еңбекке бейімдеу жөніндегі
ҚоЖҚҮ және
Әкімдері
сайын
ішінде:
Бюджеттер
клубтық жұмысты жетілдіру.
ӘБД-не ақпарат
2005 ж.- 0,14
млн.теңге;
2006 ж.- 0,15
млн.теңге;
2007 ж.-0,15
млн.теңге.
26.
Жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-
Облыс
Аудандар
жэне
Тоқсан сайын
Барлығы- 2,55
Аудандық жэне
шараларды, соның ішінде арнайы оқу
әкімиятына,
Қызылорда
қаласының
млн.теңге, оның
Қалалық
орындарын бітірушілермен, бос орындар
ҚоЖҚҮ және
Экімдері
ішінде:
Бюджеттер
жәрмеңкесін өткізу арқылы ұйымдастыру
ӘБД-не ақпарат
2005 ж.- 0,82
млн.теңге;
2006 ж.- 0,86
млн.теңге;
2007 ж.- 0,87
млн.теңге.
27.
Еңбек нарыгындагы ахуалдың мониторингі
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ жэне ӘБД-не ақпарат
Аудандар
Қызылорда
Экімдері
• жэне қаласының
Тоқсан сайын

- Талап етілмейді
8. Жұмыспен қамту мәселері жөніндегі уәкілеттГ органның қызметін жүммсіісн қамтуды реттеу жэне еңбек рыногы мәселелерінде еңбек
делдалдығымен айналыса і ын жүммс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке
жұмыспен қамту
агенттіктерімен ықпалдастыру
28.
Жұмыспен қамту органдарының жеке
ҚоЖҚҮ және
Аудандар
жэне
Жыл сайын,
Талап етілмейді
жұмыспен қамту агенттіктерімен және
ӘБД-не
Қызылорда
қаласының
желтоқсан
үкіметтік емес ұйымдармен жұмысқа
ақпараттар,
Экімдері

орналастыру саласындағы өзара іс-
келісімдер
әрекетін кеңейту
29.
Салалық (тарифтік) келісімдерге кадрлық
Әкімдіктердің
Кэсіпкерлік
жэне
2005-2007
Талап етілмейді
әлуетті дамыту жөніндегі мынандай:
қаулылары,
Өнеркэсіп
бірлестігінің
жылдар
босаған қызметкерлердің біліктілігін
облыс
жэне кэсіподақтардың
IV тоқсан
арттыруды және қайта даярлауды
экімиятына,
(келісім
бойынша)
ескеретш, қызметкерлерді өндірісшилік
ҚоЖҚҮ жэне
Қатысуымен
аудандар
оқыту жүйесін құру жэне дамыту;
ӘБД-не
Және
Қызылорда
жүмыстан босау қатеріндегі жастарды
ақпарат
Қаласының
әкімдері,
ілгерілеп кәсіптік оқыту; қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру үшін материалдық-техникалық, оқу-эдістемелік базаны жетілдіру (құру) шараларын енгізу
ҚоКжәнеӨД
30.
«Валют Транзит Банк» АҚ-да штаттан тыс қызметкерлер ретінде жұмыс істеу үшін жұмыссыз жастарды тарту. Ақпараттық кампания, Валют Транзит Банк қызметкерлерінің жұмыссыз жастармен кездесуі
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
ҚоЖҚҮжэнеӘБД, Қазақстан жастарының Конгресі, «Валют Транзит Банк» АҚ (келісімдері бойынша)
2005 жыл, маусым
Талап етілмейді
9. Білім беру ұйымдарының түлектерін жүмыспен қамтуға ықпал жасау
31.
Мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғы капиталындағы мемлекеттік үлесі елу пайыздан артық ұйымдарда жұмыс орындарын беруге жәрдем көрсету.
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері,
ҚоЖҚҮжәнеӘБД; ҚоАШД; ҚоКжэнеӨД; ҚоЭжәнеБЖД; ҚоБД
Желтоқсан, жыл сайын
Талап етілмейді

-
32.
Өңірде білім беру ұйымдарының түлектерін жүмысқа орналастыру мақсатында жастар тәжірибесін тарату
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда * қаласының әкімдері, ҚоБД; ҚоДСД; ҚоҚД
Қаңтар, жыл сайын
Барлығы- 25,2
млн.теңге, оның ішінде:
2006 ж.- 12,6
млн.теңге;
2007 ж.- 12,6
млн.теңге.
Аудандық жэне қалалық бюджеттер
33.
Жас мамандар сынақ мерзімдерін мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі мамандықтар бойынша конкурстық іріктеу қортындысымен өткізуді ұйымдастыру
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері
Желтоқсан, жыл сайын
Талап етілмейді
34.
Жастар еңбек биржасын ұйымдастыру
Облыс әкімиятына,
Аудандар жэне Қызылорда қаласының
2006-2007 жылдар
Талап етілмейді
ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
әкімдері
35
Шетелде оқу мүмкіндіктері жөнінде жастарды хабардар ету бойынша семинарлар
Облыс әкімиятына, ҚоЖҚҮ және ӘБД-не ақпарат
ҚоБД; ҚоІСД, ҚоЖҚҮжәнеӘБД, Жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындары ре кто р л ар ы, Қазақстан жастарының Конгресі (келісімдері бойынша)
Жыл сайын, Сәуір-мамыр
Талап етілмейді
36
2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамыту аймақтық бағдарламасын іске асыруға құрылыс студенттік жасақтарын тарту
Облыс әкімиятына ақпарат
ҚоСҚҚжэнеҚД, ҚоІСД, Жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындары ректорлары (келісімдер бойынша)
Қыркүйек, жыл сайын
Талап етілмейді
1.Жергілікті бюджеттен талап етілетін қаражаттың барлығы - 499,4 млн. теңге; 2005 жылы - 162,9 млн. теңге; 2006 жылы - 169,5 млн. теңге; 2007 жылы - 175,1 млн. теңге.
2.Бағдарламаны 2006-2007 жылдары іске асыруға көзделген шығыстар тиісті қаржы жылына арналған облыстық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетілетін болады.
Жастар тәжірибесін насихаттап таратуға жергілікті бюджеттен керегі 2005-2006 жылдарға- 25,2 млн. теңге, 2005 жылы қоғамдық жұмыстардың қаржысымен ұйымдастырылады.
3.Әріптік абберевиатуралардың толық жазылуы:
ҚоЖҚҮжәнеӘБД- Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті. ҚоІСД - Қызылорда облысының ішкі саясат департаменті;
ҚоКжәнеӨД- Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті; ҚоДСД - Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті; ҚоБД - Қызылорда облысының білім департаменті; ҚоҚД - Қызылорда облысының қаржы департаменті;
ҚоЭжэнеБЖД - Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті; ҚоАШД - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаменті;
ҚоСҚҚжэнеҚД - Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті;
КоТР жэнеТПРД - Қызылорда облысының табиғи ресурстар жэне табиғат пайдалануды реттеу департаменті;
ҚоМД - Қызылорда облысының мәдениет департаменті;
КоТР жэнеТПРД - Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті; ҚоМД - Қызылорда облысының мәдениет департамсн і і; ҚоІІБ - Қызылорда облысының ішкі істер басқармасы;
ҚоЖКжэнеАЖБ - Қызылорда облысының жолаушылар көлігі жэне автомобиль жолдары басқармасы; ҚоЖДжэнеТЖБ - Қызылорда облысының жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы; ҚоЖҚБ - Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы
ҚРӘМҚАЖКҚоБ - ҚР Әділет Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы