Жезқазған қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 21 қазандағы «Жезқазған қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы» № 22/242 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына т Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШЕІМ ЕТТІ:
Жезқазған қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 21 қазандағы "Жезқазған қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы" N 22/242 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы от 27.04.2006 г. № 29/326 (Жезқазған қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 21 қазандағы "Жезқазған қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы" N 22/242 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2005 жылғы 21 қазандағы «Жезқазған қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіті туралы» № 22/242 шешімне (Жезқазған қалалық әділет басқармасында 2005 жылдың 3 қарашасында № 8-2-9 тіркелген, «Сарыарқа» газетінің 2005 жылы 30 қарашада №96 (7186) және 2005 жылы 2 желтоқсанда №97 (7187) жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 29 тармақтың 3) тармақшасы «құрылымдырдың қасбетіне,» деген сөздерінен кейін «аялдамаларға,» деген сөзімен толықтырылсын;
2) 34 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«3) белгіленген орындарда, су қоймаларының жағалауларында автокөліктерді және басқада жалжымалы көліктерді жууға.»;
3) 67 тармақта «ортануды өндіреді.» деген сөздерінен кейін «Қағаз қораптар пакеттелген және байланған түржде қоқыс салатын орындардың жанына жиналуы тиіс.» деген сөздерімен толықтырылсын:
4) мынадай мазмұндағы 13-1 тараумен толықтырылсын:
«13-1. Жасыл желектерді күтіп – ұстау және қорғау».
76-1. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес әр азамат жасыл қордың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Көпшілік қолданатын жерлерде орналасқан жасыл желектер қол сұғылмайтын мемлекеттік қорды құрайды және заңмен қатаң қорғалады.
76-2. Қала аумағында орналасқан барлық жасыл желектер қай учаскіде жіне кімнің билігінде тұрғанына қарамастан қалалық жасыл қорды құрайды.
76-3. Жасыл желектерді күту және оларды зиянкестерден, аурудан, арам шөптерден уақытылы қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға келесі негізгі шаралар кіреді:
1) жасыл желектерді жеткілікті және уақытылы сауру;
2) топырақты уақытылы және сапалы өңдеу, тыңайту;
3) қатараралық ағаш діңінің айналасын тиянақты және уақытылы өңдеу;
4) зиянкестер санының, аурудың таралуын есепке алу және болжау негізінде қорғаныс құралдармен биологиялық және химиялық өңдеу.
76-4. Құрсыл және жөндеу жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар құрылыс салатын жерлердегі жасыл желектерді, көгалды жоюға тиіс болған жағдайда сметада оларды қалпына келтіру құнының төлемін ескеруі қажет.
76-5. Рұқсатты «Жезқазған қаласының тұрғын үй шаруашылығы, жолаушыларкөлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі береді.
77-6. Көгалдандыру аумағының алаңы бір адамға шаққанда аумағы 16 шаршы метр деп ұсынылады.
76-7. Ағаш мен бұталардың қартаюына қарай қалалық ұйымдардың келісім бойынша жаңасын отырғызу қажет.
Қосамшаға сәйкес жасыл желектерді ғимараттар мен құрылымдардан белгіленген нормативтерге сәйксе қашықтықта орналастыру қажет.
Өндірістік жұмыстар жүргізу кезінде заңды және жеке тұлғалар:
1) жасыл желекьерді зақымданудан қорғауға;
2) жолды, тротуарларды, алаңдарды және тағы басқа асфальттау кезінде қажетіне қарай көк шөп еге отырып немесе металл тор орната отырып, диаметрі 1 метрден кем емес ағаш түптерінен ұялар қалдыруға;
3) Жасыл желектер орналасқан аймақтағы жолды, тротуарларды және тағы басқа қайта құрылымдау және құрылысын жүргізу кезінде тік белгінің 5 сантимерден аса өзгеруіне жол бермеуге;
4) құрылысы жүріп жатқан объектілерге кірер жолдарды салу кезінде ағаштардың орналасуын ескеруге және жасыл желектердің тұрған қоршауларын бұзбауға міндетті.
76-8. Ағаштардың күтіп-ұсталуын бақылау жоспарлы (көктем және жүз) және кезектен тыс (қатты қар жауу, нөсер мен желден кейін) тексерістерді жүргізу арқалы жүзеге асыралады. Тексеру кезінде жөндеу, күтіп-ұстау, егу жұмыстарының көлемі мен сапасы анықталып, жасыл желектер мен абаттандырудың барлық элементтері тексеріледі.
76-9. Жасыл жекектерді ағымдық күтіп-ұстау, сақтау және өсіру келесі бекітілген аумақтың иелеріне, жерді пайдаланушыларға, заңды және жеке тұлғаларға жүктелсін:
1) тұрғын ықшам аудандарда, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде – тұрңғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй қорының иелеріне;
2) көпшілік қолданатын объектілерде (парк, сквер және тағы басқа) көпше бойында – мамандандырылған кәсіпорындарға;
3) өндірістік кәсіпорындар, зауыттар, фабрикалар мен меншіктің әр түрлі нысандағы басқа да объектілер аумағында, сондай-ақ, бекітілген аумақ пен санитарлық-қорғау аумақтарында – кәсіпорын басшыларына немесе ося объектілердің иелеріне;
4) құрылысқа бөлінген аумақтарды жұмыс бастаған күннен бастап – тапсырыс беруші немесе оның сенім хаты бойынша бас мердігер құрылыс ұйымына.
76-10. Меншіктің барлық нысандағы мекелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға:
1) рұқсатсыз ағаштар мен бұтақтар кесуге, көгалдарды және басқа да учаскідегі жасыл желектерді қазуға;
2) жасанды мұздың еру нәтижесінде болған суды көгалдарға құюға;
3) көгалдар мен жасыл желектерге пластмассалы бөтелкелер, пакеттер, басқа да ыдыстар мен қоқыстарды лақтыруға;
4) жасыл желектері бар участкелерді тротуарлар мен жолдарға қарларды лақтыруға;
5) ағаштардан смола, шырын өндіруге, басқа да механикалық зақымданған өсімдіктермен жазулар, тіліктер жасауға;
6) ағаштарға жарнама қалқанын, нөмірлі белгілер, әр түрлі көрсеткіштер, хабарландырулар, сымдар қадауға;
7) ағаштар мен бұталардың айналасындағы қоршаулар мен ернеулерді, гүлзарларды және көгалдарды бұзу;
8) ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге және зақымдауға;
9) ормандарда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ереже талаптарын бұзуға;
10) орман қорын көрсетілген тәртіпте қолдануды, ағаштарды дайындау мен шығаруды бұзуға;
11) уықытша пайдаланылған орман қорын қайтару мерзімін бұзуға;
12) есептелген кеспе ағаштардан артық мөлшердегі сүректерді әзірлеуге жол беруге;
13) қоршаған ортаны ластауға болмаса жануарлар әлеміне зиян келтіруге себеп болған және себеп болуы мүмкін өсімдіктерді қорғау құралдарын, өсіуне ықпал жасайтын заттарды, материалды таңайтқыштар мен басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзуға;
14) өсімдіктер қалың өскен орындар мен жануарлар өмір сүретін ортаны қорғау ережелерін, зоологиялық топтамаларды құру, сақтау, есепке алу және пайдалану, сонымен қатар, өзеркімен орын ауыстыру, бейімделу, қайта бейімделу және жануарларды бұдандастыру ережелерін бұзуға;
15) елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау және салу кезінде, өндірістік процестерді жүзеге асыру және көлік құралдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералды тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды пайдалану кезінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін бұзуға рұқсат етілмейді;
76-11. Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектерді кесу (оның ішінде қию, қысқарту) қажет болған жағдайда «Жезқазған қаласы тұрғы үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекесіне өтініш береді, онда кесілетін жасыл желектер саны, оны жою себебі және жасыл желектің орналасқан жері көрсетіледі.
«Жезқазған қаласы тұрғы үй шаруашылығы, жолаушылыр көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өтінішті қарағаннан кейін оның көшірмесін «Қалалық қоршаған ортаны қорғау бөлімі» мен «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына жолданады, олар «Сәулет және қала құрылыс бөлімі» мен «Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» өкілдерді бірге сол жерге барып жасыл желектердің физикалық жағдайы мен жасыл желектерді кесуге рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды.
Жасыл желектерді кесуге (оның ішінде қию, қысқарту) рұқсатты «Жезқазған қаласы тұрғы үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі береді.
Заңды және тұлғалар рұқсат алған жағдайда «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынымен келісім шарт жасайды және «Жезқазған қаласы тұрғы үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне залалдың орны толтырылғанын растайтын (сәндік және қылқанды көшеттер, ағаштарды сатып алу) төлем құжаттарының (квитанция, сату – салып алу келісім шарты) көшірмесін тапсыруды. Кесілген бір ағаштың орнына 30 ағаш отырғызылады.
Заңды және жеке тұлғалар мен «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны арасында жасалған келісім шартта міндетті түрде отырғызылатын жасыл желектің түрлері мен олар отырғызылмаған жағдайда қолданылатын шаралар көрсетіледі.
Жоғарына көрсетілген құжаттар тапсырылғаннан кейін «Сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелердің келісімі бойынша «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны жасыл желектерді кесу жұмыстарын бастай алады.
«Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіорыны жасыл желектерді (оның ішінде қию, қысқарту) кескеннен кейін қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне, тұрған үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне, қоршаған ортаны қорғау бөліміне орындалуын бақылау, нормалары мен ережелерін сақтау және ақпарат тапсыру үшін жасыл желектерді кесу жөніндегі хат жолданады.»Ң
5) 77 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«77. Сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін үй жануарларымен бекітілген аумақтардан басқа қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады Сондай-ақ иттерді қарғы баусыз және мұрындықсыз алып шығуға тыйым салынады.
Осы Қағиданы бұзғандығы үшін «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көрсетілген санкциялар қолданады.»;
6) осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолдаңысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Жезқазған қаласы тұрғын үй
шаруашылығы, жолаушылар көлігі
мен автокөлік жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
меңгерушісінің орынбасары
Жанарбеков Алмаз Әлімбекұлы
27.04.2006 ж.
«Жезқазған қаласының сәулет
және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Жұматаев Бауыржан Рахимбекұлы
27.04.2006 ж.
Жезқезған қалалық Мәслихатының
2006 жылғы 27 сәуірдегі
ХХІХ сессиясының N 29/326
қосымша
Жезқазған қаласының аумағын
көркейту қағидасына
қосымша
Ағаштар мен бұталардан ғимараттар, құрылымдарға дейінгі ара-қашықтығы
Инженерлік абаттандыру объектісі, ғимарат, құрылым
Оське дейінгі ең аз қашықтық, метрмен
Ағаш діңінен
Бұталар діңінен
Ғимараттың сыртқы қабырғасынан бастап
5
1,5
Жыралардың сыртқы жиегі мен көшелердің жүрген бөлігінің шетінен бастап
2
1
Тротуарлар мен бақ жолдарының шетіне бастап
0,7
0,5
Айналма, галерея және этакадтар
4
0,5
Жарық жүйелерінің діңгектері мен тіректерінен бастап
1
0,5
Еңіс, терраса немесе тіреу қабырғаларының ішкі қырынан
3
1
Жер асты жүйелерді мен газ және кәріз құбырлары
1,5
1
Жылу жүйесі (тоннель каналының қабырғасы немесе қаналсыз төсем қабықшасы)
2
1
Су құбыры және дренаж каналдары
2
0,7
Күш кабелі мен байланыс кабелі
2
0,7