Қолданыстағы ред. 21.12.2007 (Редакция 37268_246784.kaz)

Жарма аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 ақпандағы № 17-5 шешіміне өзгерту енгізу туралы от 21.12.2007 г. № 3/6-IV (Жарма аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 ақпандағы № 17-5 шешіміне өзгерту енгізу туралы)

0

Жарма аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 ақпандағы № 17-5 шешіміне өзгерту енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 9 тармақшасы және Шығыс Қазақстан облыстық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» департаментінің 2007 жылғы 05 қарашадағы № 10-2468 ұсынысына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жарма аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 ақпандағы №17-5 шешімімен бекітілген «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы» Ереженің 5 тармағында көрсетілген коммуналдық шығыстардың шектеулі үлесінің мөлшерін 20 пайыздан 11 пайызға өзгертіліп бекітілсін.

2

2. Осы шешім бұқаралық ақпарат кұралдарында жарияланған күннен бастап, 10 күннен кейін күшіне енеді.