Қолданыстағы ред. 14.04.2006 (Редакция 27530_348401.kaz)

Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 207 «2006 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы от 14.04.2006 г. № 105 (Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 207 «2006 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы)

0

Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 207 «2006 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жангелдин ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 207 «2006 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы» 2005 жылғы 14 желтоқсанында тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 9-9-20, аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2005 жылғы 20-31 желтоқсан аралығындағы № 30 (7798) санында жарияланған қаулысына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесіне (1-қосымшаға қоса) 4-тармақпен «Заман - 05» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі енгізілсін;
осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Ә. Әубәкіровке жүктелсін.

2

2. Осы қаулы Жангелдин ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.