Қолданыстағы ред. 14.04.2006 (Редакция 27529_348386.kaz)

Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 208 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 14.04.2006 г. № 104 (Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 208 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 208 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Жангелдин ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 208 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсанда тіркелген,мемлекеттік тіркеу № 9-9-24, аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2006 жылғы 20 қаңтар аралығында № 3 (7801) санындағы жарияланған қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасына төмендегідей мәтінде өзгерістер енгізілсін:
«Жастар - практикасы» - практикалық тәжірибе алу, білімін жетілдіру, дағдыларды қалыптастыру мақсатында курстық дайындықты, бастапқы, орта және жоғарғы кәсіптік білімі бар мамандық бойынша жұмыс өтілі жоқ бітірушілерді әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру;
7-тармақтағы «аудандық әкімдік» деген сөздер «жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі Комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармаққа төмендегідей мәтінде өзгерістер енгізілсін:
«Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы арқылы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жөніндегі келісімде көрсетілген еңбек ақы төлеу шарты мен мөлшеріне, жұмыс көлеміне, түріне, саны мен мамандығына сәйкес жүзеге асырылады»;
13-тармақ төмендегідей мәтінде берілсін:
«Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылғандарға еңбегіне ақы төлеу нақты орындалған жұмыстың көлеміне байланысты»;

2

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Ә. Әубәкіровке жүктелсін.

3

3. Осы қаулы Жангелдин ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.